Клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны

Оқу жылындағы ЖТД бағытында дайындау үшін 6 курс интерндерінің Қорытынды бақылауға арналған медициналық симуляцияның сценариі

(2 этап – клиникалық дағдыларды бағалау)

Клиникалық жағдай: «Жедел коронарлық синдроммен асқынған гипертониялық криз, госпитализацияға дейінгі кезеңде шұғыл көмек көрсету» (ұзақтығы 15 мин)

Жағдай:Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Сізге 65 жасар ер адамның үйіне шақыру келді.

Ақырғы нәтиже (outcomes):

Ø Жүрек-қан тамыр жүйесінің патологиясы бар науқасты сұрастыру және физикалық тексеру.

Ø Гипертониялық криздің және ЖКС-ның клиникалық диагностикасы.

Ø ЭКГ жасау және талдау

Ø Гипертониялық криз, ЖКС кезінде шұғыл көмек көрсету

Ø Артериялық гипертензиясы, ОКС бар науқасты жүргізу тактикасы.

«Жедел коронарлық синдроммен асқынған гипертониялық криз, госпитализацияға дейінгі кезеңде шұғыл көмек көрсету» клиникалық жағдайы бойынша

бағалау парағы (check-list)

Қадамдарды бағалау критерийлері Балмен бағалау
Дұрыс орындады Дұрыс орындамады Орындамады
Шағымдары мен анамнезін жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? 1,0 0,5
Науқас жағдайының ауырлығын бағалау 1,0 0,5
Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – жалпы қарап-тексеру   2,0 0,5
Жүрек-қан тамыр жүйесін физикалық тексеру 2,0 1,0
Зерттеу жоспарын тағайындау   1,0 0,5
Салыстырмалы диагностика 1,0 0,5
ЭКГ түсірді 1,0 0,5
ЭКГ талдады 2,0 1,0
Болжама диагноз 1,0 0,5
Кризді және ауыруы сезімін басу тактикасы 2,0 0,5
АҚҚ бақылау 1,0 0,5
Одан әрі емдеу тактикасын анықтау   2,0 1,0
Кеңестері 1,0 0,5
Науқаспен және оның туыстарымен оңтайлы қарым-қатынас орнатуы және қорқынышын сейілтуі 1,0 0,5
Шұғыл көмек көрсету кезінде өзін ұстауы – өзіне толық сенімді, өзін дұрыс ұстайды   1,0 0,5
ҚОРЫТЫНДЫ БАЛЛ
                 

Максимальді балл - 20

Актерға (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:

Шағымдары: басының қатты ауыруы, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, ентігу, жалпы әлсіздік.

Сұрақтың мәні Актер үшін сұрақ құрастыру Актердің жауабы
Ауыру сезімінің сипатын, локализациясын анықтау Бас ауыруының сипаты қандай: өткір ме, тұрақты ма? Қай аймақта: Ауыру сезімі қай жерде: басыңыз түгел ауырады ма? Не желкеңіз бе? Желке аймағында өткір ауыру сезімі
  Жүрегіңіздегі ауыру сезімінің сипаты қандай: қысады ма? Шаншиды ма? Күйдіреді ме? Қысады (жұдырығымен төсін көрсетеді)
Ауыру сезімінің ұзақтығы Басыңыздағы ауыру сезімі қанша уақытқа созылады? Жүрек аймағындағы ауыру сезімі ше? Басым 4 сағаттан бері, жүрегім 1 сағаттан бері?
Аурыу сезімінің себебі Ауыру сезімі неге байланысты пайда болады? Эмоционалды стреске
Жүректегі ауыру сезімінің берілуі Жүрегіңіздегі ауыру сезімі басқа жеріңізге беріледі ме? Сол қолыма
Ауыру сезімі немен басылады? Ауыру сезімін басу үшін бірдеңе қабылдадыңыз ба? Нитроглицериннің 2 таблеткасын тілімнің астына салып көрдім, бірақ көмектеспеді
Ентігу пайда болу шарты Ентігу қашан пайда болады? Үйімнің ішінде жүрген кезде

Анамнезінде: Артериалды гипертониямен 10 жылдан бері, ЖИА-мен 5 жылдан бері ауырады, «Д» есепте тұрады. АҚҚ максимум 180\100 мм сын. бағ. Кардикет, диротон, кардиомагнил ішіп тұрады. ҚКО-та жыл сайын стационарлы ем алады. 30 жылдан бері күніне 10 темекі тартады. Осы жағдайының нашарлауы 4 сағаттан бері, жоғарыда айтылған шағымдар пайда болған соң үйіне дәрігерді шақырған.

Объективті: бойы 176 см, салмағы 84 кг. Науқас мәжбүрлі қалыпта – жартылай отыр, қолымен жүрек аймағын ұстап отыр.

Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Дене бітімі гиперстеникалық. Тері жабындыларының түсі қалыпты, акроцианоз. Перифериялық ісінулер жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТЖ минутына 22 рет. Жүрек үндері тұйық, ырғағы дұрыс, ЖЖЖ минутына 88 рет. АҚҚ 220\120 мм сын. бағ.

клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны - student2.ru

ЭКГ. Барлық кеуде әкетулерде ST сегментінің депрессиссы (V1–V6).

«Жедел коронарлық синдроммен асқынған гипертониялық криз, госпитализацияға дейінгі кезеңде шұғыл көмек көрсету»

клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны

Қадамдарды бағалау критерийлері Жауап эталоны
Шағымдары мен анамнезін жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? Ауыру сезімінің сипатын, локализациясын, ұзақтығын, немен шақырылатынын, немен басылатынын анықтау Анемнез morbi et vitea
Науқас жағдайының ауырлығын бағалау Жалпы жағдайы, жүректегі ауыру сезімінің ұзақтығы, ауыру сезімі нитроглицеринмен басылмайды
Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – жалпы қарап-тексеру Тері жабындыларының түсі, цианоз, суық тер, мәжбүрлі дене қалпы, ентігу, аяқтарында ісінулер бар ма
Жүрек-қан тамыр жүйесін физикалық тексеру Перкуссия және аускультация
Зерттеу жоспарын тағайындау Шұғыл түрде ЭКГ түсіру
Салыстырмалы диагностика Симптоматикалық гипертензиямен, қабаттанған аневризмамен салыстыру
ЭКГ түсірді Шалқасынан жатқызып
ЭКГ талдады Барлық кеуде әкетулерде ST сегментінің депрессиссы (V1–V6).
Болжама диагноз Артериалды гипертензия ІІІ, ҚҚТ 4. Жедел коронарлы синдроммен асқынған гипертониялық криз, СЖЖ ІІА. ФК 3.
Кризді және ауыруы сезімін басу тактикасы - науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызды, таза ауа келуін қамтамасыз етті - ацетилсалицил қышқылы 0,5 таблеткасы тіл астына - пропранолол 25 мг т/і - промедол 10 мг т/і - эналаприлат 1,25 мг т/і ағызып, 5 минут (АҚҚ, ЖЖЖ бақылау) - нитроглицерин 10 мг 100 мл физ. ерітіндіде т/і, минутына 20-30 тамшы, ЖЖЖ бақылай отырып
АҚҚ бақылау Жағдайының жақсаруы – АҚҚ 20 мм сын. бағ. Төмендеді (бастапқы мәнінің 20% артық емес)
Одан әрі емдеу тактикасын анықтау Шұғыл түрде госпитализациялау
Кеңестері Шұғыл түрде коронарография жасауды ұсыну (немесе план бойынша тұрғылықты орнын ескере отырып)
Науқаспен және оның туыстарымен оңтайлы қарым-қатынас орнатуы және қорқынышын сейілтуі
Шұғыл көмек көрсету кезінде өзін ұстауы – өзіне толық сенімді, өзін дұрыс ұстайды

Симуляцияның жабдықталуы:

1. Тапсырма жазылған парақ, волонтерге арналған сценарий, қадамдарды бағалау критерилері.

2. ЭКГ

3. Тонометр, фонендоскоп, аппарат ЭКГ

Жағдай:Оқу бөлмесі– пәтер

1. Кушетка – 1

2. аспаптарға арналған үстел - 1

3. препараттары бар медициналық бикс (эналаприлат, промедол, пропранолол, нитроглицерин ампулалары, нитроглицерин, ацетилсалицил қышқылы таблеткалары, гепарин 5,0- 25000 ЕД флаконы, 0,9% хлорид натрий ерітіндісі, латекс қолғаптар, мақта шариктер және дәке салфеткалар, 5, 10, 20 мл шприцтер, т/і инфузияға арналған жүйелер, «көбелек» тәрізді катетер).

Құрастырушының аты-жөні: Еренчина Э.Р.

Рецензенттің аты-жөні: доц. Енсегенова З.Ж.

Қайта өңделді: АМСК кафедрасының доц.Карибаева Д.О. (2015)

Рецензенттің аты - жөні (2015):

Бедельбаева Г.Г., ҚазҰМУ ДБИ терапия кафедрасының меңгерушісі

Семей қ., ММУ жалпы тәжірибелік дәрігер интернатурасының кафедрасаның меңгерушісі м.ғ.д., профессор Еспенбетова М.Ж.

ББК отырысындағы хаттамасының нөмірі мен бекітілген күні - №5 29.01.2015ж.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Общая врачебная практика: национальное руководство. Т1 / под ред.акад. РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М.Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013. – 976 с

2. Протоколы диагностики и лечения МЗ РК https://diseases.medelement.com/

3. «Глобальная стратегия лечения и профилактики бронхиальной астмы (пересмотр 2011 г.)»

4. Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 26 декабря 2012 года № 885 «Об утверждении протоколов (стандартов) диспансеризации больных с хроническими формами заболеваний»

5. Классификация заболеваний внутренних органов с примерами формулировок клинических диагнозов. 2—е изд. – Руководство для практических врачей и студентов медицинских вузов – Алматы, 2012. – 158 с.

6. Общая врачебная практика : диагностическое значение лабораторных исследований: учебн.пособие. \ Вялов С.С. – 5-е изд. – М.: МЕД-пресс-информ, 2013. – 176 с.

7. Общая врачебная практика : неотложная медицинская помощь: учебн.пособие. \ Вялов С.С. – 5-е изд. – М.: МЕД-пресс-информ, 2013. – 112 с.

Амбулаторная медицина. Б.Мовшович. 2010

Наши рекомендации