Озғыш ұлпалардың физиологиясы.
Қозу- Ұлпаның тітіркендіргіш әсеріне арнайы және бейарнамалы реакциямен жауап беретін физиологиялық процесс. Қозғыш ұлпа дегеніміз қозуға қабілетті ұлпаларды атайды. Қозғыш ұлпалардың 3 түрі бар:1. Жүйкелік - жүйкелік серпіністерді тасымалдау қызметін атқарады.2. Бұлшықеттік– тітіркендіргіш ұлпаның жиырылуы мен босаңсуы.3. Бездік– сөл бөлу қызмет атқарады.
Қозғыш ұлпалардың қасиеттері: Қозғыштық– осы үш ұлпаның қозуға қабілеті.Өткізгіштік– ұлпаның серпіністерді тасымалдауы. Мысалы: Жүйке.Жиырылғыштық– ұлпаның тітіркендіргіш әсерінен жиырылуы және босаңсуы.Тітіркендіргіштік– тітіркендіргіш әсеріне ұлпаның жауап беру қасиеті.Лабильділік немесе қызметтік қимыл– ұлпаның қызметтік тұрақсыздығы.
Мембраналық және әрекет потенциалы.Мембраналық немесе тыныштық потенциалы – тыныштықтағы жасуша мембранасының ішкі және сыртқы потенциалдар айырмасы. Натрий-калий насосына байланысты.
Әрекет потенциалы (ӘП) – ұлпа қозған кездегі жасуша мембранасының ішкі және сыртқы потенциалдар айырмасының уақытша өзгеруі. ӘП 5 кезеңі бар: жергілікті жауап, деполяризация, реполяризация, іздік деполяризация, іздік гиперполяризация.
Ұлпа қозғыштығының 4 кезеңі бар: абсолюттік рефрактерлік, салыстырмалы рефрактерлік, субнормальді, супернормальды кезең.
жіктелуі.Тітіркендіргіштер– ұлпа немесе мүшеге жасалынатын арнайы әсер.
Табиғаты бойынша тітіркендіргіштер 4 топқа бөлінеді: 1. Физикалық– механикалық, электрлік, жарықтық, дыбыстық.Химиялық – азық, химиялық препараттар.Физико-химиялық– коллоидты ортаның, осмостық қысымның, электролиттік құрам, температураның өзгерісі.Биологиялық– жәндіктерді шағуы.
Физиологиялық тұрғыдан тітіркендіргіштер екі топқа бөлінеді:
1. Адекватты– ағзаның эволюция барысында тітіркендіргіш әсеріне бейімделген немесе дағдыланған тітіркендіргіштер. Мысалы: көзге келіп түскен жарық, құлаққа берілетін дыбыс. 2.Адекватсыз- ағзаның эволюция барысында тітіркендіргіш әсеріне бейімделмеген немесе дағдыланбаған тітіркендіргіштер. Мысалы: кенеттен көзге келіп түскен соққы немесе құлаққа берілетін қатты шу.
Қозғыш ұлпалардың биоэлектрлік құбылыстар. Қозғыш ұлпалардың биоэлектрлік құбылысын 18 ғ. соңында Гальвани дәлелдеген. Осы уақытқа дейін Гальванидің 2 тәжірибесі: металды және металсыз тәжірибелері белгілі болды.
Гальванидің шәкірті Маттеучи көлбақаның артқы аяқтарынан екі жүйке-бұлшықеттік препарат жасайды. Екінші препараттың жүйкесін 1-ші препараттағы бұлшықетке салады да, электр тогымен тітіркендіреді. Осы кезде екі препараттың бұлшықеттері жиырылғандығын анықтайды.
Қозғыш ұлпалардағы биоэлектрлік құбылыстың бар екендігін кейіннен дәлелдеген Келликер болды. Ол бір бақаның жүрегін оқшаулап алса, екінші бақаның артқы аяқтарынан жүйке-бұлшықеттік препарат жасайды. Жүрекке тікелей жүйке-бұлшықеттік препараттың жүйкесін салғанда, бұлшықеттің жиырылғандығын байқайды. Бұлшықеттің жиырылу себебі, жүректің автоматия қасиетімен байланысты.
Қозғыш ұлпалардың тітіркендіру заңдары. Табалдырық – қозуды тудыра алатын тітіркендіргіштің ең төменгі күші. Егер тітіркендіргіш күші қозу табалдырығынан төмен болса, табалдырықасты деп, ал табалдырықтан асса ол табалдырықтан жоғары күш деп атайды.
Тітіркендіргіш қозуды тудыру үшін:
1. Жеткілікті түрде күшті (күшке байланысты заң).
2. Жеткілікті түрде ұзақ (уақытқа байланысты заң).
3. Жеткілікті түрде жылдам (айырмашылыққа байланысты заң) болуы тиіс.
Бұл қозғыш ұлпаның үш тітіркендіру заңы болып табылады.
Күшке байланысты заң. Тітіркендіргіштің күшінің қозу табалдырығына тәуелділігі. “Түгелдей немесе түк емес” Боудич заңымен айқындалады.
Осы заңға сәйкес, табалдырық асты күштер ұлпада қозуды тудырмайды, ал табалдырықты немесе табалдырықтан жоғарғы күштер ұлпада қозудың тууын жылдамдатады.
Сонымен, тітіркендіргіш белгілі бір шамаға дейін қаншалықты күшті болса, соншалықты ұлпа, жасуша, ағзаның жауапты реакциясы жоғары болады.
Уақытқа байланысты заң. Уақытқа немесе тітіркендіргіштің табалдырық күшінің уақыт әсеріне байланыстылығы. Қозуды тудыратын тітіркендіргіш, ұлпада қозуды тудыру үшін, ұлпаға берер уақыт, яғни жеткілікті түрде ұзақ әсер етуі қажет. Мұны Гоорвег-Вейс – Лапик зерттеген.
Реобаза– қозуды тудыратын ток немесе кернеуліктің ең төменгі күші.Пайдалы уақыт– қозуды тудыру үшін тітіркендіргіш ұлпаға берілген күшпен әсер еткенде кететін уақыт.Хронаксия– екі реобазаға тең тітіркендіргіштің пайдалы уақыты.
Айырмашылық заңы. Тітіркендіргіш қозуды тудыру үшін, жеткілікті түрде жылдам әсер етуі қажет. Егер де ұлпада тітіркендіргіштің әсер ету күшін бірден өсірсек, онда оған кететін уақыт аз, ал біртіндеп өсірсек, онда бұл әсер ету күшке ұлпа бейімделеді де, бұл аккомадация деп аталады.Аккомадация- тітіркендіргіш күшінің біртіндеп өсуіне қозғыш ұлпалардың бейімделуі. Егер де тітіркендіргіш күшін бірден өсірсек, оған кететін уақыт аз болады да, ұлпаның жауапты реакциясы жылдам туады. Ал жүйкені жай ғана қолмен басса, жауапты реакция болмайды.
Сонымен, тітіркендіргіш қаншалықты ұзақ әсер етсе, соншалықты жауапты реакция күшті болады.
2. Бұлшық ет талшықтарының физиологиясы. Қан тамырлар жүйесінің жұмысы, жүректің қызмет атқаруы, асқорыту жолының жұмысы, кеңістікте дененің қозғалысы мен қимыл-тұрпаттың бір деңгейде болуы адам мен омыртқалы жануарларда бұлшықеттің екі типімен іске асырылады, көлденең жолақты (қаңқа бұлшықетті, жүрек бұлшықетті) және тегіс. Олар бір-бірінен жасушалық және ұлпалық құрылыммен, жүйкелендірілуімен, қызметтену механизмі дәрежесімен ерекшеленеді.
Бұлшықет қызметі:
1. Адам денесінің кеңістікте қалпын сақтауды қамтамасыз етеді.
2. Кеңістікте дененің орын ауыстыруын, жүріп тұруын қамтамасыз етеді.
3. Қимылды іске асырады.
4. Жылу көзі ретінде жылуды реттеу қызметін атқарады. Бұлшықеттің қызмет ету барысында өте көп мөлшерде жылу бөлінеді.
құрылысы: Адам мен омыртқалы жануарларда екі түрлі бұлшықет болады:
1. Көлденең жолақты (қаңқа, жүрек бұлшықет)
2. Тегіс- бірыңғай салалы.
Бұлшықет мүше ретінде белгілі қызмет атқарады, 72-80%су, 16-20%тығыз заттан тұрады. Бұлшықет талшығы көп ядролы жиырылғыш жасуша. Ұзындығы бірнеше мм-ден бірнеше см-ге дейін созылады, d = 10-100 мкм.
Талшық беткейі түссіз қабық сарколеммамен қапталған. Саркоплазмада жиырылғыш жіпше миофибрилдер орналасқан. Митохондрияда тотығушы және тағы басқалар бірнеше ферменттік процестер жүргізеді. Саркоплазмада бұлшықет ақуыздары орналасқан. Жиырылу аппараттың қызметтінің бірлігі-саркомер.
Бұлшықет ақуыздарының түрлері:1. Суда еритін саркоплазмалық ақуыздар миоглобин, миоген, миоальбумин. 2. 80%миофибрильді ақуыздар миозин, актин, актомиозин, тропомиозин. 3. Стромалық ақуыздар коллаген және эластин.
Бұлшықеттің қажуы. Қажу – жұмыс істеу барысында басталып, дем алудан кейін жойылатын, ағза құрылымдарының жұмысы қабатының уақытша төмендеуі.
Барлық бұлшықетке тән физиологиялық қасиеттер:
1. Қозғыштық - тітіркендіргіштің әсеріне әрекет потенциалы мен иондық өткізгішті өзгертумен жауап береді;
2. Өткізгіштік- бұлшықет талшығының тұла бойымен және терең әрекет потенциалын өткізу қаблеттілігі;
3. Жиырылғыштық- қозу кезінде қысқарып немесе босаңсу және кернеулікті дамыту қабілеттілігі.
4. Серпімділік- бұлшықет созылғанда кернеулікті дамыту қабілеттілігі.
Бұлшықет жиырылуының тәртібі мен түрлері. Бұлшықеттінің жиырылуының тәртібі үшке бөлінеді: 1. Бұлшықеттің изотониялық (изос- тұрақты, тонус-кернеулік) жиырылу тәртібі. 2. Бұлшықеттің изометриялық жиырылу тәртібі. 3.Ауксотониялық жиырылу тәртібі деп аталады.
Бұлшықет жиырылуының 3 түрі бар:
1. Бұлшықетті немесе оның жүйкелендіретін қозғалысжүйкесін бір ғана әсермен тітіркендіруді бұлшықеттің жеке жиырылуы деп атайды. Онда негізгі 3 фазаны айыруға болады: жасырын, жиырылу және босаңсу кезеңдері.
2. Жинақталу– бұлшықетке бірнеше тітіркендіргіштермен әсер еткенде пайда болған жиырылулардың қосылуы. Оның 2 түрі бар: толық және толық емес жинақталу.
3. Тетанус– бұлшықеттің сіресіп, қатып қалуы. Оның 2 түрі бар: тісті және жайпақ тетанус.
Жүйке талшықтарының физиологиясы.Жүйке талшықтары (ЖТ) жүйке жасушасының өсінділері болып табылады. ЖТ 2 топқа бөлінеді:
1. Миелинді немесе етті – соматикалық және вегетативтік жүйке жүйесінің талшықтары. Етті ЖТ сыртынан миелин және Шванн қабықтарымен қапталған, өстік цилиндрден тұрады. Әрбір 1-2,5 мкм аралықта миелин қабығы үзіледі де, ол Ранвье үзілісі деп аталады. Қозу миелинді ЖТ-да секірмелі түрде өтеді.
2. Миелинсіз немесе етсіз – симпатикалық жүйке жүйесінің талшықтары. Миелиндіден айырмашылығы тек Шванн қабығымен қапталады. Ранвье үзілісі болмайды. Қозу етсіз ЖТ-да үздіксіз түрде өтеді.
Физиологиялық тұрғыдан ЖТ 3 түрі бар. А-, В- және С-типтес.
4. Синапс физиологиясы.Синапс – жүйке мен жүйкені немесе жүйке және бұлшықетті өзара байланыстыратын жүйкелік серпіністі тасымалдайтын арнайы ұласу.
Синапс құрылысы үш бөлімнен тұрады: Пресинапстық мембрана, синапстық саңылау, постсинапстық мембрана.
Синапстың түрлері: Орналасуына байланысты үш түрі: ОЖЖ синапстары, ВЖЖ синапстары, шеткі синапстар бар.
Ұласуына байланысты екі түрі болады: нейро-нейроналдық, мионевралдық.
Эволюциялық даму барысында организм ұлпалары терең жіктеліп, жеке мүшелер белгілі бір қызмет атқаруға машықтанады. Осының нәтижесінде биологияның негізгі талабының бірі — организм мен сыртқы ортаның біртұтастығын сақтау заңдылығы қамтамасыз етіледі. Сыртқы орта жағдайлары үздіксіз өзгеріп отыратындықтан бұл заңдылықты сақтау үшін организм қоршаған орта жағдайына бейімделуге мәжбүр болады. Мұндай бейімделу үрдістері тірі құрылымдардың физиологиялық қасиеттері мен әрекеттерінің өзгеруі нәтижесінде жүзеге асады. Ал, аталған өзгерістер негізінде қозу мен тежелу үрдістерінің ара қатынасы жатады. Осыдан филогенездік даму барысында тірі құрылымдардың қоршаған орта жағдайына бейімделуінің нәтижесі ретінде ерекше қозғыш ұлпалар — нерв, ет және без ұлпалары пайда болған.
Қозғыш ұлпалар үш түрлі физиологиялық күйде — физиологиялық тыныштық, қозу және тежелу, болуы мүмкін. Қозғыш ұлпалар бір күйден екінші күйге баяу өрбіген сандық өзгерістер әсерінен өте шапшаң, секірмелі түрде көшеді,
Физиологиялық тыныштық деп жеке ұлпалар мен мүшелердің өздеріне тән әрекетін байқатпаған күйін айтады. Мысалы, бұлшық ет жиырылмаса, без сөл бөлмесе т.с.с, оларды тыныштық күйде деп есептейді.
Тежелу — тірі құрылымдар әрекетінің толастауымен, бәсеңдеуімен сипатталатын ерекше биологиялық күй. Тежелу үрдісі де тірі ұлпаның тітіркендіргіштерге белсенді реакциясы нәтижесінде туындайды. Тежелу сыртқы белгілері жағынан физиологиялық тыныштыққа ұқсас. Бұл екі күй де ұлпалар мен мүшелер әрекетінің тиылуымен сипатталады. Бірақ тыныштық күй мен тежелудің арасында зор ішкі айырмашылық бар: тежелу кезінде ұлпалар мен мүшелердің қозғыштығы, лабилъділігі күрт төмендейді, теріс шыңды потенциал тіркеледі. Тежелу қозу үрдісімен бірлесе отырып тірі құрылымдардың сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді.
Кез келген тірі құрылымға тітіркенгіштік, қозғыштық, функционалды жылжымалық (лабильділік) қасиеттері тән.
Тітіркенгіштік деп тірі құрылымдардың тітіркендіруге өзіндік сипаты жоқ жалпылама реакциялармен — зат және энергия алмасу үрдісінің өзгеруімен — беретін жауабын айтады. Бұл реакцияларға шектелген сипат тән болады, олар тірі құрылымның белгілі бір жерінде шоғырланады, оның басқа учаскелеріне таралмайды. Тітіркенгіштік: — жануарлар жасушаларына да, өсімдіктер жасушаларына да ортақ қасиет. Оның әсерімен жасушалары мен ұлпалардың өсу және көбею үрдістері атқарылады, тірі құрылымдардың қоршаған орта жағдайына баяу морфологиялық бейімделуі жүреді.
Қозғыштык, деп тірі құрылымдардың — ет және нерв ұлпаларының тітіркендіруге таралатын әрекет потенциалымен — тітіркеніспен (импульспен), арнаулы өзіндік реакциялармен жауап беруін айтады. Қозғыштық тек жануарлар ұлпасына ғана тән қасиет. Бұл қасиет ерекше белсенді күй — қозу үрдісінің туындауына себепші болады.
Қозу үрдісі шектеулі немесе таралмайтын және таралатын бо-лып бөлінеді. Шектелген қозу түрін Н.Е.Введенский ашқан. Қозудың бұл түрі тітіркендіргіш күші табалдырықтан төмен болған жағдайда туындайды. Мүндай кезде ұлпаның қозған учаскесінде әлсіз теріс электр заряды пайда болады да, ол жан-жағына декрементті түрде (өше) жайылады. Сондықтан, бұл потенциал ұлпа бойымен таралмай, бірнеше милиметрден соң өшіп қалады. Тітіркендіргіш күші табалдырықтан жоғары болған жағдайда әрекет тогы пайда болып, қозу толқыны декрементсіз (өшпей) ұлпа бойымен жеке тітіркеніс түрінде таралады.
Функционалды жылжымалық, немесе лабильділік, деп ұлпада дара қозу тітіркенісінің пайда болып және басылып (аяқталып) үлгеру шапшандығын айтады. Қозу толқынының ұзақтығы толық (абсолютгі) рефрактерліктің созылу мерзіміне тәуелді болады жөне ол ұлпадағы физиологиялық және биохимиялық үрдістердің шапшандығын, қарқындылығын бейнелейді. Сондықтан, жеке қозу толқынын тудыратын үрдістер неғүрлым шапшаң жүрсе, соғүрлым лабильділік жо ғары болады, демек ұлпада белгілі мерзім ішінде туындап және өшіп үлгеретін қозу толқынының саны көп болады. Лабильділік 1 с ішінде тітіркендіруге жауап ретіне пайда болып үлгеретін қозу толқынының санымен өлшенеді.
Лабильдік тірі құрылымның физиологиялық күйіне байланысты құблып отырады. Әрекет үстінде лабильділіктің бастапқы деңгейімен салыстырғанда жоғарылай немесе төмендей өзгеруін А.А.Ухтомский ырғақ игеру деп атаған. Ырғақ игеру организмнің жеке мүшелері қызметінің арасындағы үйлесімдіктің негізі болып табылады. Ұлпа әрекеті үшін тиімді тітіркендіру ырғағын оптималъды ыргақ деп атайды. Ұлпаны мұндай ырғақпен тітіркендіргенде әрбір жаңа тітіркеніс рефрактерліктің экзальтация (лепілдеу) кезеңіңде туындайды да, мықты жауап реакция тудырады.
Тітіркендіргіш жиілілігі оптимальды ырғақтан асып кетсе, тірі құрылымның жауап реакциясы нашарлайды. Тітіркендірудің мұндай ырғағын пессимумдік ығақ деп атайды. Пессимум — тітіркендіру жиілігі лабильділік шегінен асып кеткенде байқалады. Мұндай жағдайда бірінші тітіркендіргіш әсерімен ұлпа қозады да, келесі тітіркендіргіш әсері оның толық рефрактерлік күйге өткен кезімен сәйкес келеді. Сондықтан, келесі тітіркендіргіштерге жауап қайтарылмай, рефрактерлік күй тереңдей түседі. Осыдан жиі ырғақты тітіркендіргіштер ұлпаның лабильділігін төмендете түседі де, қозу үрдісі емес, керісінше, тежелуді тудырады.
Оптимум және пессимум құбылыстары барлық ұлпаларға тән жалпы биологиялық қасиет. Бапты (оптимальды) тітіркендіру ұлпалар реакциясына жағымды ықпал жасаса, күші, жиілілігі, әсер мерзімі шекпен артып кеткен тітіркендіргіштер жеткіліксіз (пессимальды) реакциялар тудырады.
Ет талшықтарына қозғыш ұлпалар қасиеттерінің барлығы тән. Дегенмен, қаңқа еттерінің қозғыштығы жүйке талшықтарымен салыстырғанда, төмен келеді. Оның себебі ет талшықтарында тыныштық потенциалы жүйке талшықтарымен салыстырғанда, жоғары (тиісінше, 90 мВ және — 70 мВ). Демек, әрекет потенциалы туындау үшін ет талшықтары жүйкемен салыстырғанда көп деңгейге үйексіздену керек. Бүлшық етте қозу толқыны дараланып өткізіледі, бір талшықтан қатар жатқан талшыққа берілмейді. Ет талшықтары қозуды тітіркенген жерден қос бағытта өткізеді. Қозудың таралу жылдамдығы бұлшық ет табиғатына қарай өзгеріп отырады. Ақ ет талшықтарында қозу секундына 12-15 м шапшандықпен өткізілсе, қызыл ет талшықтарында 3-4 м жылдамдықпен тарайды.
Қозғыш ұлпаларда байқалатын жалпы қасиеттермен қатар эволюциялық даму үстінде ет талшықтарының өзіне ғана тән қасиеттер қайда болған.
Қаңқа еттері серпінді құрылым. Серпінділік қасиеті белсенді және енжар жиырылғыш құрамалардың (компоненттердің) болуына байланысты. Осы құрамалар ет талшықтарында созылғыштық, оралымдық, икемділік қасиеттерін де қалыптастырады. Созылғыштық деп әртүрлі әсер ықпалымен ет талшықтарының ұзаруын айтады. Созылғыштық қасиет ет талшықтарыңың табиғатына, ет шоғырларының құрылым ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, қызыл ет талшықтары ақ талшықтардан созылғыш келеді. Талшықтары қатарласа (параллель) орналасқан еттер таранды (қауырсын тәрізді) талшықты етгермен салыстырғанда көбірек созылады. Тыныштық күйдегі бүлшық етті созғанда серпінділік қасиетіне байланысты ширығу құбылысы байқалады. Ет талшығын созған сайын, ол арта түседі. Оқшауланған еттерде серпінді кернеу байқалмайды.
Оралымдық деп ет талшықтарының кергіш күш әсеріне ширығумен жауап беретін қасиетін айтады. Сондықтан белгілі бір күш әсерімен қалпы бүзылған бұлшық ет сол күш әсері тиылғаннан соң бастапқы күйіне оралады. Еттің оралымдығын оған жүк іліп анықтайды. Оралымдық қасиеттің арқасында жүкті алып тастағаннан соң ет бастапқы қалпына келеді. Көп жағдайда оралымдық қасиеттің жақсы жетілмеуіне байланысты ұзақ уақыт созылған ет бастапқы қалпына толық оралмайды. Айта кетер жайт, қаңқа етінің ақ талшығы қызыл талшықтардан оралымды келеді. Икемділік — бұлшық еттің еріксіз, күшпен берілген пішінін сақтау қасиеті. Еттің икемділік қасиеті саркоплазмаға байланысты. Ал, сарколемма мен миофибриллаларға әрі оралымдық әрі икемділік қасиеттер тэн. Сыртқы деформациялаушы әрекет неғүрлым күшті әрі үзақ болса, соғұрлым икемділік күштірек байқалады. Бұлшық еттің қызыл талшықтарының икемділігі ақ талшықтармен салыстырғанда, жоғары болады.
Тонус деп бұлшық ет талшықтарының қуатты аз шығындай отырып, түрақты табиғи ширығу жағдайында, әлсіз кернеулі күйде болуын айтады. Тыныштық кезінде бүлшық ет тонусын мотонейрондар импульсі қамтамасыз етеді. Бүлшық ет тонусы енжар жэне белсенді болып бөлінеді. Бұлшық еттің енжар (пассивті) тонусын оның икемділік қасиеті, ал белсенді (активті) тонусын баяу нейрофункционалдық бірлестіктің асихронды әрекеті қамтамасыз етеді. Бұлшық ет тонусын қалыптастыруда проприорецепторлар мен орталық жүйке жүйесі де қатысады. Ет тонусы сырттай серпінділік түрінде бейнеленеді. Ол бүлшық еттің енжар жиырылатын қүрылымы — қызыл талшықтардың эрекетіне байланысты. Еттің қызыл талшықтарының қызмет ерекшеліктері олардың баяу жиырылып, баяу босаңсуында. Олар жиырылған кезде актин мен миозин жіпшелері арасында мықты молекула аралық байланыс пайда болады да, ет талшықтарының коллоидтық құрылымы өзгереді. Қызыл ет талшықтарының тонусы сирек туындайтын жүйке импульстерінің әсерімен сақталады. Сирек импульстер эсерімен ет талшықтары бір мезгілде қозбай, біртіндеп, кезектесе қозады. Сондықтан өте сирек тітіркендірудің өзі бүл талшықтарды ұзақ жиырылу жағдайында үстайды. Бұл импульстер жұлынның мотонейрондарынан келеді. Өз кезегінде мотонейрондар қызметі орталық жүйке жүйесінің жоғары бөліктерінде орналасқан орталықтар мен ет талшықтарының созылуы нәтижесінде қозатын бүйірлі торшалардан келетін импульстер арқылы өзгеріп отырады.
Бұлшық ет тонусы кеңістікте денені белгілі бір кейіпте ұстауда, қимыл аппаратының қызметін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ет тонусын сақтау үшін онша көп энергия шығындалмайды, зат алмасу процесі айтарлықтай өзгермейді, сондықтан тонус жағдайындағы ет көп қажымайды.
Ет талшықтарының телімді қасиеттерінің бірі — жиырылғыштық. Жиырылғыштық деп ет талшықтарының тітіркендіргіш әсерімен өзінің үзындығы мен ширығу (кернеу) деңгейін өзгертетін қасиетін айтады. Еттің жиырылғыштық қабілетін миография әдісімен зерттейді.