Тақырып. нӘруыз жӘне май алмасуларыныҢ бҰзылыстары. ашыҒу

Сабақтың мақсаты:

· Нәруыз және май алмасуы бұзылыстарының біртектес түрлерін меңгеру

· Әдебиеттер және internet көздерімен жұмыс істеу дағды қалыптастыру

· Материалды қысқаша мазмұндап, тақырыпты дайындағанда ең маңыздысын анықтауды қалыптастыру

· Тақырыпты қысқаша баяндауды және эссе жазу барысында маңыздысын айқындауды үйрену дағды қалыптастыру.

  • Ғылыми конференцияларға қатысу дағды қалыптастыру

· Май және нәруыз алмасуының бұзылысына байланысты есептерді патофизиологиялық талдау жасауға дағды қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:

· нәруыз алмасуы бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін зерттеу

· май алмасуы бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін зерттеу

· семірудің көптеген аурулардың қауіп-қатер жайты екендігін көрсету

· ашығудың этиологиясын, патогенезін, организм үшін маңызын зерттеу

· Әдебиеттер және internet көздерімен жұмыс істеудә үйрену

· эссе құрастырып үйрену

· Конференцияларға қатысу дағдысын игеру

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Нәруыз түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары, себептері, патогенезі, салдарлары. Оң және теріс азоттық тепе-теңдік.

2. Аминқышқылдары алмасуының бұзылыстары. Қанның аминқышқылдық құрамының бұзылыстары; гипераминоацидемия.

3. Нәруыз алмасуының соңғы кезеңдерінің бұзылыстары, зәрнәсілдің түзілуі. Гиперазотемия, анықтамасы, патогенезі бойынша түрлері.

4. Қан плазмасы нәруыздық құрамының бұзылыстары: гипер-, гипо-, және диспротеинемиялар; парапротеинемия. Қан плазмасы нәруыздарының тасымалдық қызметінің бұзылыстары.

5. Подаграның этиологиясы мен патогенезі. Балаларда пуринді негіздер алмасуы бұзылыстарының ерекшеліктері.

6. Майлардың тағаммен түсуінің, асқазан-ішек жолдарында қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары, себептері, салдарлары.

7. Гиперлипидемиялар, түрлері, даму тетіктері. Холестерин мен фосфолипидтер алмасуының бұзылыстары. Гиперхолестеринемия

8. Майлардың аралық алмасуының бұзылыстары. Кетоз туралы түсінік, патогенездік факторлары.

9. Семіру, түрлері, патогенезі. Арықтау және кахексия, себептері, даму тетіктері.

10. Балаларда май алмасуының тұқым қуатын бұзылыстары.

11. Ашығу, түрлері, себептері, ашығу кезеңдері. Ашығудың әркезеңдерінде физиологиялық жүйелер қызметтері мен зат алмасулары өзгерістері.

12. Нәруыздық-калориялық жеткіліксіздік, себептері, патогенезі, организм үшін маңызы.

13. Емдік ашығудың патофизиологиялық негіздері

14. Вегетариандықтың патофизиологиялық негіздері

Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

· №№ 1-8 сұрақтар бойынша пікірталас

· №№ 9-14 сұрақтар бойынша студенттер дайындаған эсселер бойынша конференция

· Семіру мен ашығу мәселелері бойынша тыңдалған хабарламаларды талқылап, пікірлеу.

Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, есептердің жауаптарын тексеру, тесттілеу.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ

Тапсырма. Есепті шешу

1есеп.15 жастағы жасөспірім Н., жүктеме түскенде күшейетін жүрек аймағындағы мезгіл-мезгіл ауру сезіміне шағымданады. Ангиографиялық зерттеу нәтижесінде тәждік артерия саңылауының тарылуы анықталды. Қарап тексергенде: саусақтарында бұлшықет сіңірлері бойымен тығыз, сарғыш, аса үлкен емес төмпешік анықталады (сіңірлік ксантома). Қан сарысуында ТТЛП мөлшері артқан. Қосымша арнайы лимфоциттерге тексеру жүргізгенде ТТЛП рецепторларының азайғандығы анықталды.

Сұрақтар:

1. Науқаста гиперлипопротеинемияның қай түрі бар?

2. Атеросклероз және миокард инфарктінің даму қаупі бар ма? Егер бар болса, онда себебі не?

3. Табылған патологияда тұқымқуалаушылықтың маңызы бар ма?

№2 тапсырма. Конференцияда баяндау

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 139 – 166, 227-237

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 172-181

3. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. – С. 139 – 156.

4. Патологическая физиология п/р Н.Н. Зайко, Ю.В.Быця. – М.: «Медпресс – информ», 2004. – С. 269 – 288, 311- 324.

5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А. Адо, В.И. Пыцкого, Г.В. Порядина, Ю.А. Владимирова. – М.: «Триада-Х», 2000. – С. 210-224.

6. Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова. – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 174 – 188, 214 – 221

Қосымша

7. Патологическая физиология п/р В.В Новицкого и Е.Д. Гольдберга. – Томск: «Изд-во Том. Ун-та», 2001. - С. 293 - 314.

8. Литвицкий П.Ф. Патофизиология.- т.1, М.: «ГЭОТАР-МЕД», 2003. - С. 301 – 326.

9. Клиническая биохимия. Маршалл В. Дж./ Пер. с англ. – М. СПб.: «Издательство Бином» - «Невский Диалект», 2000, с. 24 – 47, с. 212 – 260, с. 301 – 307.

10. Гринстейн Б., Гринстейн А. Наглядная биохимия. Пер. с англ. – М.: «ГЭОТАР МЕДИЦИНА», 2000. – 119 с.

11. Патофизиология в рисунках, таблицах и схемах п/р В.А. Фролова, Г.А. Дроздовской, Д.П. Билибина. – М.: «Медицинское информационное агенство», 2003. – 392 с.

12. Патологическая физиология п/р А.И. Воложина, т.1, М.: «Медицина», 1995. - С. 286 – 294; С. 313 - 325.

13. Долгих В.Т. Патофизиология обмена веществ. Н. Новгород: «НГМА», 2002. – 152 с.

14. Аблаев Н.Р. Биохимия в схемах и рисунках. Второе издание – Алматы: Издательский дом «Наука и жизнь», 2005. – С. 4 –67; 138 – 180.

15. Жангелова М.Б., Плешкова С.М. Клинические лабораторные исследования (референс диапазоны).Учебное пособие для студентов, интернов и ординаторов. Алматы, 2005.–26с.

16. Брэгг П.С. Чудо голодания.- Екатеринбург, 1991

17. Николаев Ю.С. Голодание ради здоровья.- М.Россия. -1988

18. Бенджамен Г. Популярный справочник естественного лечения «Вегетарианство – здоровье физическое и духовное. М. Педагогика, пресса, 1994

19. БМЭ, т.4 с.158-160, т. 6, с.875-879, т.17 с. 215-221.

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ ОРЫНДАУ

1. Жасушада нәруыз түзілуінің төмендеуі байланысты болуы мүмкін (4)

A) тектік мутацияларға

B) алмастырылмайтын амин қышқылдарының тапшылығына

C) полисомалар мөлшерінің азаюына

D) транскрипция және трансляция үрдістерінің бұзылуына

E) өсу жайтының артықтығына

2. Нәруыз ыдырауы күшейеді (4)

A) қызба кезінде

B) анаболизмдік стероидтарды қабылдағанда

C) гипоксия кезінде

D) қатерлі өспелерде

E) ауыр жарақаттанғанда

3. Сәйкестікке келтіріңіз:

1) оң азоттық тепе-теңдік (3)

2) теріс азоттық тепе-теңдік (3)

A) организм өсуі

B) жүктілік

C) ашығу

D) өспелік кахексия

E) нәруыз түзілуі оның ыдырау үрдісінен басым болады

F) нәруыз ыдырауы оның түзілу үрдісінен басым болады

4. Теріс азоттық тепе-теңдіктің салдарына жатады (5)

A) организм төзімділігінің төмендеуі

B) организм төзімділігінің жоғарылауы

C) балаларда өсудің тоқталуы

D) сыртқы ортаның зақымдаушы әсеріне организм бейімделуінің бұзылуы

E) ішкі ағзалардың дистрофиясы

F) гипопротеинемия

5. Сәйкестікті тап:

1)нағыз гиперпротеинемия (2)

2) салыстырмалы гиперпротеинемия (3)

A) антиденелер түзілуінің жоғарылауы

B) миеломдық ауру

C) сусыздану

D) қан қоюлануы

E) толастамайтын құсу

6. Гипопротеинемияның себептері (4)

A) ұзақ уақыт сумен толық ашығу

B) бауыр аурулары

C) нефроздық синдром

D) ауқымды күйік

E) қанның қоюлануы

7. Гипопротеинемия қабаттасады (4)

A) қанның онкотикалық қысымының төмендеуімен

B) қанда гормондардың бос бөліктерінің мөлшері төмендеуімен

C) плазма нәруыздарының тасымалдау қызметінің бұзылуымен

D) қанда гормондардың бос бөліктерінің мөлшері жоғарылауымен

E) ісінулер дамуымен

8Диспротеинемия – бұл (1)

A) қанда нәруыздар мөлшерінің көбеюі

B) қанда нәруыздар мөлшерінің азаюы

C) қанның нәруыздық бөлшектерінің арақатынасының өзгеруі

D) қанда ауытқыған нәруыздардың пайда болуы

E) қанның кейбір нәруыздық бөлшегінің болмауы

9. Парапротеидерге жатады (2)

A) сапасы өзгерген гамма-глобулиндер

B) альбуминдер

C) альфа-глобулиндер

D) пропердин

E) криоглобулиндер

10. Бөгелулік гиперазотемияның патогенезі байланысты (1)

A) мочевина түзілуінің жоғарылауына

B) организмге нәруыздардың артық түсуіне

C) организмде нәруыздар ыдырауының ұлғаюына

D) организмде нәруыздар түзілуінің жоғарылауына

E) бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне

11. Өндірілулік гиперазотемияның патогенезі байланысты (2)

A) бүйрек қызметінің бұзылуына

B) нәруыздар ыдырауының күшеюіне

C) нәруыздар түзілуінің жоғарылауына

D) бауыр қызметінің бұзылуына

12.Подаграның патогенезінде маңызы бар (4)

b) бүйректе ацидогенез төмендеуінің

c) несеп қышқылы түзілуі жоғарылауының

d) несеп қышқылы шығарылуы азаюының

e) несеп қышқылы алмасуы ферменттерінің тектік ақауының

f) ұзаққа созылған гиперурикемияның

13. Тағам мәзірінде липидтер тапшылығы әкеледі (2)

A) суда еритін витаминдердің гиповитаминозына

B) алмастырылмайтын көп қанықпаған май қышқылдарының тапшылығына

C) простагландиндер мен лейкотриендер түзілуінің бұзылуына

D) кетозға

E) семіруге

14. Ауқаттық гиперлипидемияның патогенезі байланысты (1)

A) қордан майдың көп шығуына

B) тағаммен майдың көп түсуіне

C) майдың қаннан тінге өтуінің тоқталуына

D) гипоальбуминемияға

Е) қанда липопротеидлипазаның төмен белсенділігіне

15. Тасымалдық гиперлипидемияның патогенезінде маңыздысы (1)

A) организмге майдың тағаммен артық түсуі

B) гипоальбуминемия

C) қанда гепарин мөлшерінің азаюы

D) қордан майдың көп шығуы

E) майдың ішекте сіңірілуінің бұзылуы

16. Бөгелулік гиперлипидемия дамуының тетігінде маңызы бар (2)

A) қан липопротеидлипазасының төмен белсенділігінің

B) альбуминдер мен гепарин тапшылығының

C) майдың тағаммен артық түсуінің

D) қордан майдың көп шығуының

E) холецистокинин мен секретиннің тапшылығы

17. Гиперхиломикронемия белсенділігінің төмендеуіне байланысты болуы мүмкін (1)

A) липопротеиндік липазаның

B) ЛХАТ-тың (лецитин – холестеринацилтрансферазаның)

C) А2 фосфолипазының

D) ГМГ-КоА-редуктазаның (гидроксил-глютарил-КоА -ның)

18. Бауырдың майлық сіңбеленуіне септеседі (4)

A) бауырда триацилглицериндер түзілуінің жоғарылауы

B) бауырға липидтердің тасымалдаушы түрлері түсуінің жоғарылауы

C) бауырда липопротеидтер түзілуінің төмендеуі

D) бауырда май қышқылдары тотығуының төмендеуі

E) бауырда фосфолипидтер түзілуінің жоғарылауы

19. Гиперкетонемия пайда болуына септеседі (3)

A) липолиздің белсенділенуі

B) тіндерде кетондық денелер пайдаланылуының төмендеуі

C) Кребс оралымында тотығудың төмендеуі

D) липогенездің белсенділенуі

E) организмдегі оң азоттық тепе-теңдік

20. Кетоздың салдарлары (4)

A) метаболизмдік ацидоз

B) аутоуыттану

C) тіндік тыныстың әлсіреуі

D) газдық ацидоз

E) гипергликемия

F) кома

№ 11 тақырып.ГИПОКСИЯ

Сабақтың мақсаты:

· Гипоксияның әртүрінің этиологиясы мен патогенезін меңгеру

· Теориялық материалдың білімін гипоксия дамуымен байланысты үлілеу және клиникалық

жағдайларды патофизиологиялық сараптағанда қолдану

· Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру

  • Гипоксияны үлгілеу барысында жануарлармен жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыны қалыптастыру

· Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану

Оқыту міндеттері:

· гипоксияның жіктелуін, эндогенді және экзогенді гипоксияның этиологиясы мен патогенезін зерттеу, организмнің гипоксияға жедел және ұзақ мерзімді бейімделуінің тетіктерін зерттеу

· Тақырыпты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрену және пікірсайыс жүргізу дағдыларын меңгеру

· Теориялық білімді ситуациялық есептерді шығарғанда қолдана білу

· экзогенді және гемдік гипоксияның үлгісінде, оның көріністерін зерттеу

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі (экзогенді нормо және гипобариялық, тыныстық, қанайналымдық, гемдік, тіндік, субстраттық, зорығулық, аралас).

2. Гипоксияның жекелеген түрлерінің этиологиясы және патогенезі.

3. Гипоксия кезінде зат алмасу және физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.

4. Гипоксия кезіндегі теңгерулік әсерленістер (жедел және ұзақ мерзімдік).

5. Ұрық және жаңа туылғандардың жіті және созылмалы гипоксиясы.

6. Гипоксиялық жағдайлардың алдын алу және емдеудің патофизиологиялық негіздері

Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Пікірталас, аз топтарды жұмыс жасау – тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау, ситуациялық есептер шығару.

Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, ситуациялық есептердің, үлгілеу жағдайларының қорытындысын, кетелердің толтырылуын тексеру

Наши рекомендации