Омыртқа денесінің асқынбаған зақымдануы
Омыртқа жотасының зақымдануы.
Омыртқа жотасының зақымдануы тірек- қимыл жүйесіндегі жарақаттардың ішінде 17 % құрайды.
Анатомо-физиологиялық ерекшеліктері.Омыртқа жотасыныңмойын, кеуде, бел бөлімдерін және сегізкөз бен құйымшақты ажыратады.Омыртқаның жоғарғы мойын бөлімі өзінің анатомиялық құрылымының ерекшелігіне байланысты краниовертебральды ауысу деп саналады.Омыртқа бағаны өзінің дамуы мен өсуі барысында вертикальды жүктемеге қарсы тұра алатын серіппелі жүйеге айналған мойындық және бел лордозымен және кеуде сегізкөз- құйымшақ кифозымен ерекшеленеді.
Рис.1. Омыртқаның анатом-физиологиялық бөлімдер мен иілімдері.
Омыртқа денеден, доғасынан, екі аяқшасынан, сүйір, екі көлденең, төрт буындық өсінділерден тұрады.Омыртқа бағанының әр бөлімінде омыртқалардың құрылымының өз ерекшеліктері болады.Мысалы, бірінші мойын омыртқасы денесінің орнына латеральды салмақпен байланысқан екі доғадан тұрады.Барлық мойын омыртқаларында көлденең өсінділерінде омыртқа артериялары өтетін тесіктері болады.Доғалар, денелері мен аяқшалары арсында омыртқалық қуыс бар, және осы жерден омыртқа өзегі дамиды.Омыртқалардың денелері арасында пульпозды ядро мен фиброзды сақинадан тұратын омыртқа аралық дисктер бар. Байланыстырушы аппарат алдынғы, артқы бойлық, сүйірүсті, сүйіраралық, сары байламдар мен омыртқа аралық буын карсуласынан тұрады.омыртқа аралық дисктері бар екі омыртқа мен байланыстырушы аппарат омыртқалық сегментті құрайды..
Омыртқаның анатомиялық құрылымында 3 тірек комплекстерін : артқы, ортанңғы, алдынғы ажыратады. Алдыңғы тірек комплексі алдыңғы бойлық байламнан, омыртқаның алдынғы 2/3 бөлігінен және омыртқааралық дисктен тұрады. Ортанғысы омыртқаның артқы 1/3 бөлігінен артқы бойлық байламнан тұрады. Артқы комплекс доғалардан, сүйір, буын өсінділерінен, сүйірүсті, сүйіраралық , сары байламдардан тұрады.
Омыртқа өзегінде жұлын мен ат қылының түбіршелері орналасқан. Жұлын қатты, торлы, жұмсақ қабықшамен қапталған және омыртқа өзегіне клетчатка және түбіршелер арқылы бекітілген. Жұмсақ және торлы қабықшалар арасында субарахноидальды кеңістік бар, және онда 120– 140 мл жұлын сұйықтығы болады. . Жұлынның мойын (С 1-7), кеуде ( Th 1-12 ), бел ( L 1-5 ), сегізкөз ( S 1-5 ) және құйымшақ (Со 1-3) бөлімдерін ажыратады.
Жіктелуі.
I. Асқынуына байланысты (жұлын және оның түбіршелерінң зақымдалуы ).
- Асқынған
- Асқынбаған
- Жарақат механизмінің сипатына қарай
- Бүккіш
- Жазғыш
- Вертикальды (атылған )
- Флексионды –ротациялы
II. Компрессиялық сынық
Компрессия дәрежелері -
- I д – компрессия омыртқа денесінің биіктігінің 1/3 не дейін
- II . д- компрессия 1/3 ден 1/2ге дейін
- IIIд - компрессия 1/2 жоғары
III. Атылған сынықтар
IV. Орналасуына байланысты мойын бөлімі (рис.2,а) –
· С1 омыртқасының доғасының сынығы –Джеферсон сынығы
· С2 омыртқасының доғасының сынығы –хэнгман сынығы («асылған » сынық - рис.2,б);
· С2 омыртқасының тісінің сынығы (рис.2,в) –
ü 1 тип –тістің жиекті сынығы
ü 2 тип – тістің негізінің сынығы
ü 3 тип – тістің негізінің және денесінің сынығы.
- Кеуде бөлімі
- Бел бөлімі
- Сегізкөз
- Құйымшақ
V. Орналасуына байланысты
– денесінің сынығы.
– денесінің жиекті сынығы
– сүйір өсіндісінің сынығы
– көлденең өсіндісінің сынығы
– доғалардың сынығы
– омыртқа аралық дисктердің зақвмдануы
– спондилолистез.
Рис.2. Омыртқаның мойын бөлімінің Рентгеногграммасы
а- схема, б – хэнгман сынығы ( «асылған »), в - С2 омыртқа тісінің сынығы
Асқынған және асқынбаған сынықтарды ажыратамыз. Асқынбаған сынықтар кезінде жұлын мен оның түбіршелерінің зақымдалмай , тек омыртқалард мен байланыстырушы аппараттың зақымдануы болады. Ал асқынған сынықтар кезінде неврологиялық бұзылыстар болады.
Тұрақты зақымдану бір тірек құрылымын ғана зақымдайды. Оларға денесінің жиекті сынығы, тұйықтаушы пластина сынығы, омыртқа денесінің сына тәрізді компрессиясы жатады. (рис. 3, а,б).
Тұрақсыз зақымдану екі немесе одан да көп тірек құрылымының зақымдануымен ерекшеленеді. Бұл өте ауыр жарақаттар, осы кезде жұлын мен оның түбіршелерінің зақымдануы және омыртқалардың ығысуы мен басылуы болады. Тұрақсызға сынықтар және сынықты шығулар, омыртқаның сына тәрізді деформациясы, флексионды –ротациялы сынықтар жатады.
«Атылған сынықтар » омыртқаның бүгу, жазу қимылын жасамаған кездегі осьтік жүктемеде пайда болады. Мұндай сынықтар тұрақты және тұрақчсыз да болады. (рис. 3, д).
Рис. 3.омыртқа сынығы : а — 1/3 денесінің компрессиясы ; б —жиекті, тұрақты); в — с компрессия < 1/3 ; г — сынықты шығу (тұрақсыз ); д — «атылған ».
УКП AO / ASIF Халықаралық жіктелуі бойынша омыртқа сынықтарын
А типі – омыртқа денесінің компрессиялы сынығы, Втипі – алдыңғы артқы комплекстердің зақымдануы, С типі –ротациялы алдыңғы артқы комплекстердің зақымдануы . Омыртқаның мойын бөлімінің анатомиялық құрылымының ерекшелігіне байланысты өзіндік жіктелуі бар, ал төменгі сегмент зақымдануы тұрақсыз және с типті. рис. 4).
Рис. 4. УКП бойынша омыртқа сынығының типтері : а — компрессиялы (тип А); б — гиперфлексионды (тип В); в — гиперэкстензионды (тип В); г — ротациялы (тип С).
Жарақат Механизмі . Омыртқа денесінің зақымдануы жиі тікелей емес жарақат кезінде, осьтік жүктеме кезінде (биіктіктен аяғына, бөксесіне құлау.падение с высоты на ноги или на ягодицы), тез, мөлшерден тыс бүгілу , омыртқаның жазылуы кезінде. Автокөлік кенет тоқтағанда мойын бөлімі алдымен бүгілуі, кейін жазылуы. (рис. 4).
Рис . 4. Омыртқа сынығының жарақат МеханизмІ: а —мойын бөлімі ; б —бел бөлімі
Омыртқа денесінің асқынбаған зақымдануы.
Диагностикасы.Жарақаттан кейінгі ерте кездегі шағымдары зақымдану орнында ауырсыну. Ауырсыну интенсивтілігі науқастың жалпы жағдайына, жұмсақ тіндердің зақымдануына және сүйектің зақымдану ауырлығына байланысты болады. Биіктен құлаған кезде омыртқалардың сынығы табан және тізе- сирақ буындарының сынығымен бірге болады, және аяқтағы ауырсыну өте қатты болады, сондықтан омыртқа зақымдануын анықтау қиынға түседі. Сондықтан ең бірінші анамнезді толық жинап, зақымдану механизмін түсініп, клиникалық тексеруді дұрыс жүргізу керек.
Науқас денесіндегі қанталау мен сырықтар жарақат механизмі мен күшуін анықтауға ынғайлы болады. Мойын бөлімінің сынығы мен сынықты шығуы кезінде науқастар мәжбүрлі жағдайда болады. Арқаны қарағанда физиологиялық иілімдерге көніл аудару керек. Шынайы бүкірлік кейде кездеседі, бел лордозының жазылуы мен кифоздың айқындылығы жиі кездеседі. Сколиоздық деформация да кездесуі мүмкін. Бұлшықеттері жақсы дамыған науқастарда « божжы симптомы » –зақымданған омыртқалардың сүйір өсіндісінің екі жанынан кеуде ұзын бұлшықетінің тартылуы байқалады Пальпациялағанда сүйір өсінділер зақымданған аймақта ауырсынады. Науқасты қарағанда, оған аз қозғалу керек, яғни егер науқас носилкада жатқан болса, пальпацияны қолда науқас астынан өткізіп жасау керек
Ауырсынумен қатар сынған омыртқаның сүйір өсіндісі артқа шығып тұрады немесе түсіп кетеді, және сүйір аралық кеңістік алшақтайды.
Бел омыртқалары сынғанда ауырсыну іште, алдынғы ішастар қабырғасының бұлшықеттері қатаяды. Бұл ішастарартылық гематоманың барын көрсетеді. Сәулелі өрім мен шекаралық симпатикалық бағанның гематомамен тітіркенуі кезінде псевдоабдоминальды синдром пайда болады, , клиникасында «острый живот »,сондықтан да диагностикалық лапароскопия мен лапаротомия жасала ды.
Омыртқа денесінің сынығы мен көлденең өсінділер сынығын және жұмсақ тіндердің зақымдануларының салыстырмалы диагностикасында арқасына жатақан науқастың екі аяғын жоғары көтеріп, сүйір өсінділеріне пальпация жасайды, бұл (Силин симптомы).Байламдардың созылуы мен көлденең өсінділер сынығында ауырсыну аз, ал омыртқа денесі, доғасы, сүйір өсіндісі сынығында ауырсыну күшееді.Бұл симптом омыртқа сынығының кеш диагностикасында ерекше мәні бар.
Омыртқаға Осьтік жүктеме түскенде , яғни аяқ басын ақырын ұрғылағанда, немесе басын ақырын басқанда зақымданған жерде ауырсыну болады.Мүны жатқан кезде ғана тексере аламыз.
Радиологиялық зерттеулер.Тексеруді көрсеткіш екі проекциялы ретгенннен бастайды, алдыңғы артқы және бүйір, рентгенограмманың ортасында клинасмен анықталған зақымданған ошақ орналасады. Алдынғы артқы проекцияда көлденең өсінділер зақымдануы, омыртқалардың бүйірлык шығулары, ал қалған сынықтар бүйір проекцияда жақсы көрінеді. Әдеттегі сынықтардардың орнын білу кезінде рентгенологиялық тексеру барысында барлық кеуде бел ауысуын (бел омыртқаларының сынығына күдіктенгенде ) және мойын- кеуде ауысуында төменгі мойын омыртқаларының сынығын анықтағанда, науқас қолы төменге қарай, иық және иықүсті буының төмен түсіру арқылы рентген суретін жасаймыз. Рентгенограмманы бағалаған соң, керек жағдайда томограммыа , қиғаш проекциялы рентгенограмма, жасауға болады, Омыртқаның шығуы болатын болса, жоғары орналасқан омыртқа шыққан деп есептеледі. (рис.5 а,б)
Омыртқа денесінің сынығының рентгендік көрінісі ретінде бүйір проекциядағы сына тәрізді деформация болып табылады. (рис. 5,в).
Рис. 5. омыртқа зақымлдануы кезінде рентегн зерттеуі.
а –С3 омыртқасының алдыға қарай шығуы, б – С5омыртқасының малдыға шығуы , в - компрессионный перелом II L2 омыртқа денесінің II дәрежелі компрессиялы сынығы
Компьютерлі томография (КТ) сынық сипатын, омыртқа өзегіндегі ығысқан сынық фрагментін, рентген арқылы көрінбейтін екінші мойын омыртқасының тісінің сынығын, краниовертебральды ауысудың сынығын көрсетеді. КТ арқылы зақымдану тұрақтылығын, бітісу уақытын анықтаймыз, емдік мақсатта қолданамыз. (рис.6).
Рис.6. Компьютерлі томография – компрессиялы сынық L1
Магнит-резонансты томография (МРТ) омыртқа өзегіндегі жұлын мен түбіршелер және сынған омыртқа фрагменттер қатынасын анықтауға көмектеседі. Бұл әдіс оперативті емге көрсеткішті анықтап, ауру ағымын болжау үшін қажет. Омыртқаның біріншілік асқынбаған сынығы кейін сүйек мүйісіне және екіншілік миело- радикулопатияға асқынады. (рис. 7).
Рис. 7. MPT жұлын басылып қалуы мен кеуде омыртқасының сынықты шығуы
Ауруханаға дейінгі .Науқасқа біріншілік көмеккөрсету кезінде,мынаны еске алу керек егерде омыртқа зақымданған болса, оған қозғау қимылдары әсіресе бүгу кезінде омыртқалар орнынан ығысуы немесе жұлын зақымдануы болады. Мұндай науқастар арнайы носилкада, щитпен, қолтықасты конструкцияда, ортопедиялық матрацпен тасымалдану керек. Мойын бөлімі арнайы ортезбен бекітілу керек. (рис. 8).
Рис . 8. мойын омыртқасының сынығы кезінде науқасты тасымалдау.