Терінің қатерлі ісіктері

Терінің қатерлі ісіктері Қазақстан бойынша (1991 жылғы мәлімет) әрбір 100 мың адамға шаққанда — 8,3%, оның ішінде ерлерде—8%, әйелдерде—11,6%.Тері рагі көбінесе 50-70 жас аралығында жиі дамиды. Бүкіл ісіктердің ішінде 3-ші орында тұр.

Тері 70%-ке дейін базальды-клеткалы ракпен зақымданады, 25-30% жалпақ клеткалы ракпен, терінің құрылымдарының (тер бездері, түк қапшықтары) рагі 1—5%.

Базальды-клеткалы рак— жергілікті деструктивті, баяу өсетін тері ісігі. Метастаз бермей көбінесе 50 жастан асқан әйеддердің арасында жиі кездеседі. Жиі пайда болатын жерлері ауыздың айналасы, мұрын мен самай терісі. Оның клиникалық көрінісі әр қилы — экзофитті де эндофитті де өседі. Қай түрі болса да ісіктің консистенциясы тығыз, жұмсақ, айналасында инфильтраты бар, ісіктің ортасындағы деструктивті ошақ қатты қабыршақпен жабылған. Қабыршақтың астында өлеттенген, шеттері иректі шұңқыр көрінеді. Аймақтың лимфа бездері үлкеймеген. Нақтама қою онша қиынға түспейді, сонда да болса гистологиялық зерттеуге жарадан шыныға жағынды, қырынды немесе биопсия алған орынды. М. М. Соловьевтың (1983) айтуынша, егер ісік 1 см-ден кіші әрі ұйыспасы-инфильтрациясы онша терең болмаса, оны бірден кесіп алып тастаған жөн.

Емі.Хирургиялық — сау тіндердің көлемінде ісікті алып тастау немесе жақын фокусты рентген және электр сәулелерімен емдеу. Екеуін кезектесіп қолдануға болады. Суықпен деструкциялау және электрмен күйдіру өте сирек пайдаланылады.

Жалпақ клеткалы рак— экзофитті түрінде беті мүйізді қабатпен жабылған, бұдыр, түбі жалпақ әрі қатты, теріден жоғары шығып тұратын ісік. Беткей капиллярлар тітіркенуінің әсерінен ісік, түсті капуста тәрізді болып көрінеді. Науқасты жергілікті ауру сезім, түбіндегі ұйыспа-инфильтрат пен ісіктің тез өсуі мазалайды. Аталған көріністер көп жағдайда I-II сатысына сай келеді. Себебі IIIсатысында экзофитті бөлігі өлеттеніп, одан әрі жаралы инфильтрациялық өсуінің клиникалық көріністері басталады. Эндофитті өсу түрінде ісік 80%-ке дейін жаралы инфильтративті, ал жаралы және инфильтративті түйінді түрі сирек кездеседі. Клиникалық көрінісінде инфильтрат тығыз, әрі ауырмайды, жараның шеттері көтеріліп, іш жағы қазылған шұңқыр тәрізді, кейде беті қабыршақпен жабылған. Жоғарыда аталғандармен қатар жараның түбінде ірің, қанталаған капиллярлар, өлеттенген тіндер, сұр өңез болуы мүмкін. Кеш сатысында тығыз ауырмайтын лимфа бездерін басып көруге болады. Нақтама қою базальды-клеткалы рактікімен бірдей, қоса кететін нәрсе, цитологиялық зерттеу үшін аумақтық метастаздарға хирургиялық пункция жасау. Емдеу әдістерін тағайындау барысында ТNМ жүйесіне арқа сүйеу керек.

Емі.Ең көп тараған әдіс жақын фокусты, жалпы мөлшері 60-65 Грей рентген және электр емдері. Бұл ем аурудың I—IIсатысында негізгі ем ретінде қолданылса, III—IV сатысында хирургиялық еммен қатар жүргізіледі. Кез келген сатысында сәуле емін қолдана отырып 85% ауруларды толық айықтыруға болады, ал I сатысында 100% ауруларды жазуға мүмкіншілік бар. Хирургиялық шаралар-ісікті кесіп алу, электркоагуляция немесе электроэксцизия және суықпен деструкциялау, III—IV сатысында мойын клеткаларын фасциялы-футлярлық кесу отасының кейбір түрлері қолданылады. I—IIсатысында 0,5% колхамин майын 20-30 күн дәрет пен қан көрсеткіштерін бақылай отырып жергілікті қолдануға немесе дәл осы тәртіппен 30% проснидин майын қолдануға болады. Майларды тек беткей әрі көлемі кішігірім ісіктерге ғана қолдануға болады. Жүйелі химиялық емдер ауру асқынып, сәуле емі мен хирургиялық шаралар жасауға мүмкіндік жоқ жағдайда жүргізіледі

(А. Н. Полеводникова 1995 ж.) Монохимиялық ем: 1. Биомицин, 2. Простидин. Полихимиялық ем: Пладидиам, Метатрексат, Биомицин.

Меланомалар

Терінің қатерлі ісіктері - student2.ru Меланома жаратылысы жағынан нейрогенді сирек кездесетін ісік. Бүкіл қатерлі ісіктердің ішінде 1-3%. Көбінесе 30-50 жас аралығындағы әйелдер ауырады. 67,8% жағдайда меланома қалдың орнынан дамиды (Н.И. Переводчикова—1993 ж.) Қазақстанның әр 100мың адамына 1991-8,0%, ал Алматыда 10,7%. 25-40% меланомалар бет пен мойын терісінде орналасады.

67-сурет. Меланома

Ұртта, самайда, құлақта жиі кездеседі. Меланомалар өте жоғары қатерлігімен және ерте метастаздануымен ерекшеленеді.Меланома қатерлі ісігінің тағы бір қасиеті ісіктен, басқа ісіктер сияқты, кесіп микроскопқа қарау үшін (биопсия) тін алуға болмайды. Дәрігер-онкологтарда қатерлі меланома ісігін еш уақытта, ешқашан да шұқымаған жөн деген жазылмаған заң бар. Өйткені білместік қимыл-дары өміріне қауіп туғызуы мүмкін. Қатерлі меланома ісігін анықтау үшін тек қана әйнекке жағылған (әйнекті ісікке ақырын жапсырып алынған) жұғындыны микроскоппен қарау керек (цитология).

А. И. Савицкийдің пікірі бойынша қатерлі меланоманы төрт клиникалық сатыға бөлудің қажеті жоқ, себебі, меланоманың даму процессінің қай сатыда екенін байқау мүмкін емес, сондықтан да оны алғашқы және жайылған түріне бөлген жөн.

Сонымен бірге А. И. Савицкийдің айтуынша қатерлі меланомадан биопсия алуға болмайды.

Тері меланомасының даму болжамы көптеген жағдайларға-факторларға тығыз байланысты (науқастың жынысы, жасы, ұлты, алғашқы ошақтың орналасқан жері және т. б.) Көбінесе европалық халықтардың арасында көп кездеседі. Меланома өте күрделі ісік. Кейде ол пигментті дақ немесе түйін секілді, кейде жалпақ негіздегі папилломатозды өсінді түрінде кездеседі. Түсі қарадан көгілдір немесе сұр, ал кей жағдайда түссіз де болып кездеседі. Ісік жаралануы да мүмкін (67-сурет).

Болжау барысында меланомды клеткалардың дермаға енуі маңызды орын алады (Кларк жүйесі бойынша 5 деңгей).

I — Меланомды клеткалар базальды пердеден аспайды.

II— Базальды перде мен емізікті қабатқа жетеді.

ІІІ— Емізікті қабат пен торлы қабатқа дейін толады.

IV— Дерманың торлы қабатындағы коллаген талшықтарына енеді.

V — меланома теріасты май қабатына өтеді. Бреслау бойынша меланоманың ену деңгейі ойша екі топқа бөлінеді:

I — Ісіктің қалыңдығы 0,76 мм-ден кем болмаған кезде қолайлы жағдай деп есептеледі.

II—0,76 мм-ден артық болса метастаз мүмкіншілігі бар кез деп саналады.

Меланоманың қалыңдығы 2 мм-ден кем болғанда науқастың аман қалуы 80%-тей.

Емі.Қатерлі меланома ісігін емдеудің бүгінгі таңда екі жолы бар. Біріншісі хирургиялық жолмен ісікті алып тастау. Екіншісі -аралас әдіс. Мұндай жағдайда, әуелі ісікті рентген немесе гамма сәулесімен өлтіріп, содан кейін хирургиялық жолмен қалған қалдықты түп нұсқасымен, ісіктің айналасынан 2-3 см қашықтықтағы терісімен қоса сылып алып тастайды. Әлбетте, хирургиялық оталарды электр пышақпен жасау қажет, өйткені кейбір шашыраған меланома клеткалары электр пышағымен бірге күйіп кетеді.

Алғашқы I—III деңгейдегі тері меланомасын емдеудің негізгі әдісі хирургиялық. Меланоманы сау тіндерден алып тастау. Жайылмалы түрінде дәрімен емделеді. Өкпедегі, бауырдағы, сүйек және ми ішіндегі метастаздарға қарағанда тері мен мойынның лимфа бездеріндегі метастаздар химиялық емге сезімтал. Меланоманың диссиминальдық түрінде еқ тиімді дәрі декарбазин болып табылады.

Нитрозомочевинаның өнімдерін екінші шектегі препарат ретінде пайдаланады. Әсері жоғары жаңа препараттардың ішінде платинаның өнімдері цистплатин немесе платидиам, параплатин, карбоплатин, платинді айтуға болады.

Полихимиялық емнің әсері де улылығы да монохимиялық емге қарасанда 25-35%-тей жоғары. Операциядан кейін ауру одан әрі асқынып кетпес үшін қолайсыз IV-V және IIIдеңгейдегі қалыңдығы 2 мм-ден жоғары меланомаларда адекватты ем қатар қолданылады.

Монохимиялық ем: 1. Декарбазин, 2. Араноза, 3. Декарбин.

Полихимиялық ем: 1-ші тәсіл. Декарбазин, винбластинмен, цистпластинмен қосып жасалады. 2-ші тәсіл. Нитрозометилмочевина дактиномицинмен, винкристинмен қосылып жасалады.

Иммуномодуляторлар мен иммунологиялық емнің алатын орны енді зерттелу үстінде. Х2 интерферон метастаз жұмсақ тіндерде болған кезде 25-27% тиімді. Емнің әсері бір дәрінің немесе бір схеманы қолдануында емес, метастаздың орналасуына байланысты. Лимфа бездері мен терідегі кішігірім метастаздарда ғана 100%сорылу әсеріне қол жетеді. Кей жағдайда интерлейкин-2 цитостатикалық препараттармён қосылып беріледі. Меланоманың диссиминациялық түрінде тамоксифенді ұзақ уақыт химиялық еммен қатар немесе онсыз пайдалануға болады.

Еріннің ісіктері

Қазақстанда ерін рагімен ауырған адамдардың саны әр 100 мың адамға шаққанда: ерлерде -5,8%, әйелдерде 1,6% (40-60 жастың арасында). Ауылшаруашылығындағы, зиянды өндіріс аймақтарындағы тұрғындардың ауруға шалдығу жиілігі жоғары. Н.П.Наталковтың мәліметтері бойынша ТМД елдерінің ішінде Украина мен Ресейдің көрсеткіштері жоғары. Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан обл.) тұрғындар солтүстік облыстардағы тұрғындарға қарағанда аз ауырады. Қазақстандағы жергілікті тұрғындарға қарағанда сырттан келген европалық терісі ақ тұрғындарда ерін рагі 15 есе көп кездеседі.

Терінің қатерлі ісіктері - student2.ru

Ісік әдетте төменгі ерінде болады, жоғарғы еріннің алғашқы жарақаттануы 10 есе сирек. Көлемі 0,5-1,0 см ісіктің клиникалық суреттері өзінің өсу түріне байланысты айқындалады.

Экзофитті ісіктің түрі инфильтративті негізі бар капиллярлық немесе саңырауқұлақ тәрізді болады. Жарақаттанудың әсерінен ол тез жараланып қанауы мүмкін (68-сурет).

 

Эндофитті өсу кезінде, инфильтративті ісік еріннің ортасында түйін тәрізді жасырын өседі. Ауыру сезімі, еріннің бүтіндігінщ бузылуы, лимфа бездеріндегі метастаздар кештеу шығады.Ісіктің жаралы-инфильтративті өсу түрі ерінде пішіні сопақ, шеттері білік тәрізді көтерілген жарамен ерекшеленеді. Жараның түбі қабыршақпен немесе сұр өңезбен жабылған. Қабыршақтың астынан тез қанайтын майда дән секілді тінді көруге болады. Тек ісіктің жаралы инфильтративті өсуінде ғана басқа белгілерінен бұрын ауыру сезім мен эрозиялық қанау басталады. Ісіктің саусақпен басып тексерудің орны жоғары.

Соңғы диагноз патологиялық ошақтан алынған материалды цитологиялық және гистологиялық зерттеулер арқылы қойылады. Еріндегі орналасқан көлемі 1 см-ге жететін ошақтан биопсия алу кезінде ісікті көлденең тілік арқылы сылып алып тастаған дұрыс. Гистологиялық зерттеуге кесіп алынған материалдың аз ғана бөлігін сау тінмен бірге алады.

Емі. Ерін рагінің I-II сатысында криодеструкция емі тағайындалады. Осы сатыларында жақын фокусты рентгенем, қысқа фокусты ем немесе радиоактивті элементті еріннің ішіне имплантациялау. Жергілікті сәуле мөлшерінің жиынтығы 60-70 Гр. Кей жағдайда тек хирургиялық емді қолданады. Ісіктің III-IV сатысында алғашқы ісіктің ошағын алумен қатар, одан кейінгі қалған ақауға алғашқы пластикалық операция жасауға дайындайды. Ал ісіктің III-IV сатысында операция алдында сәулемен емдейді. Сәуленің жалпы жиынтығы 30-40 Гр. Соңғы жылдары төменгі еріннің рагін емдеуде жылдам электрондарды пайдалану өзін ақтады (Г.К. Жұмағазиева 198 8). Ерін рагін емдеу, оның сирек кездесуіне байланысты және жайылуы мен метастаз беруі төмен болғандықтан жақсы нәтижелерге жетіп отыр.

Наши рекомендации