Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдаңыз

+Кіші қазан саясаты 1925-1933 жылдар арасында Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметіне Голощекин келуімен социализмнің бұрмалануы күшейе түсті, Аймақтық көсемшілдік идеясын ұстанды, Қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан Кіші Қазан төңкерісін жасау қажет деген идеясын насихаттады, Бұл бағыт елде елеулі қарсылыққа ұшырады, Сол жағдайда Голощекин Сталинге хат жолдап, елдегі жағдайды жасап берді, Сталин жауап ретінде Голощекинге сіз жасаған жоспарыңыз бірден-бір дұрыс саясат деп ойлаймын деген жауап алды, Бұл Голощекин үшін өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік туды, Кіші Қазан идеясының негізгі бағыты 2 топқа бөлінді, 1 Елдегі өнеркәсіп саласын ұсақ және орташа деңгейге бағыттап, дамыту, 2 Елді шикізат аймағына айналдыру, Ірі саяси кайраткер және экономист Смағұл Сәдуақасов Кіші Қазан бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды 1 Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату, 2 Қазақстанды ірі өнеркәсіп еліне айналдыру, Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты, - Түйеден социализмге өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды, Қазақтар отар болып келді және солай болып қалады - деп күйінішпен жазады Садуақасов, Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді, Қазақтармен өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындау мүмкін емес, Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру кезіндегі ұсыныстары ескерілмеді, Голощекин, Құрамысов бұларды - Сәдуақасов пен Мыңбаев және сыбайластары жергілікті ұлтшылдық көрініс деп бағалады, Кейбір экономистердің өндіргіш күштердің даму деңгейне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы шақыруларын ұлы державалық шовинизм көрінісі деп есептедіҚазақстанға Ф. И. Голощекиннің өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, "халық жауы" деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды дегенжаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.Сөйтіп, тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы аса ауыр шығынға ұшырады. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы, халықтың басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монғолияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды. Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер менбұрмалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты. 1933 жылдың басында Ф. И. Голощекин орнынан алынып, Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды. Осы жылдың көктемінен бастап енді жіберілген кателіктерді және республикада қалыптасқан ауыр жағдайды түзету басталды. Әсіресе, күштеп ұжымдастыру мен қазақ көшпелі шаруашылықтарын еріксіз отырықшыландыру мәселелеріне айырықша назар аударылды. Іске асырылған шаралардың нәтижесінде тек 1934 жылы мал саны 16,4 пайызға өсті. Бірақ, мұндай алғашқы қол жеткен табыстар орасан бұліншілікке ұшыраған республика өмірінің қоғамдық және экономикалық негіздерін қалпына келтіре алмады. Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтар қайтып оралмады, өлкеде қырылған малдың орны толмады. 1941 жылдың басында олардың барлық саны 16 млн. басқа ғана жетті. Ал қазақэтносының бұрынғы санын калпына келтіру тек Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары болған күшті демографиялык өсудін арқасында, яғни 40 жылдан кейін ғана іске асты.Қазақстан тарихының тағылымдары үшін,брынғы КСРО-да жүргізіліп келген ұлт саясатын зерттеп, ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Егербүгін таңда кеңестік заман біржолата өткенге айналды, біз оны жеткілікті дәрежеде жақсы білеміз деп ойласақ — қатты қателесер едік. Біздің тарихи түсініктеріміз, әсіресе жаппай сан деңгейіндегі түсініктеріміз объективті емес, үзік-үзік екенін, көптеген тұрпайы социологиялық сүзгілерден өткізілгенін мойындауымыз керек.. Міне осыдан барып тұжырымдаудағы ұшқарылықтар—«ақтаңдақтарға» тек қана қара бояу жағудан бастап, таяудағы өткенді мінсіз етіп көрсетуге дейін орын алды. Осының екеуі де жаңарып жатқан қоғам үшін бірдей қауіпті, өйткені адамдардың наразылығын туғызғаннан басқа ештеңе де бермей, олардың парасатты шешімдер қабылдауына бөгет жасап, неше түрлі саяси жалдаптықтың негізіне айналады. Оның үстіне демократиялық институттарды енгізудің өзі жағдайды өздігінен түзеп, ұлтаралық қатынастар проблемаларын шешеді деп есептеу қате болар еді.Бұрынғы жүйенің басты тарихи ағаттығы неде? оның себебі,тоталитарлық мемлекеттің аясына, оның үстіне пролетарлықинтернационализм туы астына бүтіндей халықтардың күшпен көшірілуінде жатыр. Ал іс жүзінде бұл ұлттық сана-сезімнің серіппесін ширықтыруға әкеп соқты. Қоғам капиталистік немесе социалистік даму жолын таңдап алса да,ұлттық сана-сезімді қорғау институттарын нығай-тып, дамытпайынша мемлекеттік құрылыстың сөзсіз күй-рейтінін тарих тағы бір көрсетіп берді.Қазақстанның көп этносшылығы факторы ұлт проблематикасына ұдайы назар аударып отыруды талап етеді, өйткені елде тыныштық пен ұлтаралық татулықты сақтау осыған тәуелді. Республикада ұлттардың өзгеше талап-тілектерін зерттеу, нәсіліне, ұлтына қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік беретін, азаматтарды алалудың кез-келген пошымына тиым салатын конституциялық нормаларды қамтамасыз ету жөнінде тұрақты жұмыс жүргізіледі.Осы заманғы ұлт саясатын жүргізе отырып, мемлекет Қазақстан халқының этностық құрамын және оның жасақталу процесін ескеріп отырады, ол процесстіпті де мамыражай болмағаны және белгілі.Сараптылар берген баға бойынша революцияға дейінгі кезендегі шаруалар отарлауы көзінде Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан 1 миллион 150 мың адам көшіріліп әкелді. Ұжымдастыру көзінде КСРО-ның кіндік аудандарынан Қазақстанға кулак деп танылған 250 мың шаруа жер аударылды.Соғыс алдындағы жылдарда елдің түкпір-түкпіріне, негізінен европалық бөлігінен өнеркәсіптік құрылыс салуға деп 1 миллион 200мың адам көшірілді. Екінші жағынан алғанда, сталиндік қылмысты коллективтендірудің сұмдық салдарынан бір жарым миллионға таяу қазақтар қаза тапты. 1930-32жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО-дан шет елдерге мүлдем көшіп кетті. Қазақстан халықтары үшін жаппай жазалау саясатының қасіретті сипатын көрсететін екі деректі келтірейік. 1930 жылы республикада 5 миллион 873 мың адам тұратын — бұл осында көшірілгендердің жалпы санымен бірдей дерлік. Ал1933 жылға қарай халықтың саны 2 миллион 493 мың адам ғана болды.Халықтарды күштеп көшірудің салдарынан республика халқы 1 миллион 500 мың адамға көбейді. Соғыс көзінде Қазақстанға 350 мың адам көшірілді. Тыңға 1,5 миллион адам келді, ал жабық әскери объектілер мұның үстіне 150 мың адамды қабылдады. Осының бәрі басқа ведомстволардың жұмыс күшін «ұйымдастырып жинауын» және біздің республикаға өз бетімен көшіп келгендерді есептемегеннің өзінде.Соның нәтижесінде ғасырдың басынан бері ғана Қазақстанға 5 миллион 600мың адам көшіріліп қондырылды, соның ішінде жер аударылғандар мен көшірілгендерді есептемегенде, 3,5 миллион адам соңғы 40—50 жылдың ішінде келді.Сонымен бір мезгілде сталиндік қылмысты ұжымдастырудың сұмдық салдарынан 2,5 миллиондай қазақ опат болды. 1930-1932 жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО шегінен біржола көшіп кетті. Жазалаушы саясаттың Қазақстан халықтары үшін алапат сипаты болғанын көрсететін екі цифрді келтіруге болады: 1930 жылы республикада 5 млн. 873 мың адам тұратын. Сол жылдары Қазақстанға соншама адам көшірілді. Бірақ 1933 жылға қарай онда халық саны небары 2млн.493 мың адам болды.

20.Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшірудің зардаптарын талдыңыз.
Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа сталиндік күштеп көшіру саясаты қазақ этносының тіршілік ету жүйесін мықтап бұзды.Кеңес үкіметі көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын жаппай отырықшылыққа көшіріп, бұрын болмаған әлеуметтік тәжірибеге жол берді. Мұның бірден-бір себебі астық мәселесін күрделендірген гипердинамикалық индустриалды даму жоспары болды. Өндірісте істейтін миллиондаған жұмысшылар мен қызметкерлерді тамақпен қамтамасыз ету міндеті тұрды. Ал Қазақстанда астықты аудандарды ұлғайту мәселесі егін егуге қолайлы жерлерді жайылымға пайдаланып отырған көшпелі шаруашылықпен қарама-қайшы келді. Міне, осы кезде көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын жаппай отырықшылыққа көшіру жүзеге асырылды және ол ұжымдастырумен қатар жүрді. Отырықшылыққа көшетін қазақтарды үймен қамтамасыз ету мәселесі өте қажет және бірінші тұрған міндет деп санамады. Керісінше олардың өз киіз үйлерін пайдалануға болады деп есептеді. Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай отырықшыландыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру мен отырықшыландыру кезінде дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі есепке алынбай, түгел қауымдастырылған мал шығынға ұшырады. Сонымен қатар, малдың көп бөлігі үкіметтің ет салығын орындауға жұмсалды. О. Исаев Қазақстан өлкелік комитетінің YІ Пленумында 1929 жылы Қазақстанда 40 млн. бас мал болғанын, содан 1933 жылы 4 млн. ғана мал қалғанын мойындауға мәжбүр болды. Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді. Күшпен ұжымдастырылған және материалдық жағынан өте әлсіз шаруашылықтар күйзеліске ұшырап, нәтижесінде 1932-33 жылдары халық аштыққа ұшырады. Аштықтан өлген адамдарды жинап, көмуге мүмкіндік болмаған. Аштықтың салдарынан адам етін жеу фактілері де өте көп болған. Аштыққа ұшыраған қазақтар босқын болып, елден шет аймақтарға үдере көшті. Қазақстаннан шет аймақтарға кеткен қазақ босқындарының ауыр да жанкешті тұрмысы туралы да деректер жеткілікті. Зерттеушілер 1930-1932 жылдары шетелге кеткен қазақтар санын, қайтып келгендерді шығарып тастағанда 1,3 млн. адамға жеткізеді. Қазақтардың аштықтан қырылуы және шет аймақтарға үдере көшуі нәтижесінде халық саны күрт азайды, яғни демографиялық апатқа әкелді. Мысалы, 1937 жылдың басында халық шаруашылығы есебінің бастығы М. Саматовтың Л. Мирзоянға берген мәліметі бойынша 1930 жылдың 1 маусымы мен 1933 жылдың 1 маусымы аралығында халық саны 2 есеге кеміген. Қазақ халқының ауыр жағдайын Қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамының баяндама хаттарынан және Ресейдің басшы мемлекет қайраткері ретінде жергілікті жерлерден Мәскеуге келіп түсіп жатқан басқа да мәліметтерден хабардар болған Т. Рысқұлов, көп кешікпей-ақ Сталинге хат жазады. Аштыққа байланысты жоғарғы партия мен үкімет басшыларына жазылған хаттар қатарын О. Исаевтің және “Бесеудің хаты” толықтырады. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың осындай зардаптары сталиндік басшылықты біраз сескендірді. 1932 ж. 17 қыркүйекте “Ауыл шаруашылығы туралы” қаулы қабылданып, Қазақстан мал шаруашылығындағы “кемшіліктерді түзеу” бағыты белгіленеді. Алайда қаулы өлкелік комитеттің жүргізген саясатын айыптамады, тіпті, ол қаулыда аштық туралы бір сөз жоқ. Қаулы егіншілік аудандарында жеке меншікте 2-3 бас сиыр, 10-20 бас қой, ал мал шаруашылығы аудандарында 100 бас қой, 8-10 бас ірі қара, 3-5 түйе, 8-10 жылқыға дейін ұстауға рұқсат берді. Қазақстанда 624 ферма таратылды. Жойылған товарлы фермалардан 216370 бас мал колхозшылардың өзіндік шаруашылықтарына пайдалануға берілді. Колхоздар мен совхоздардан 680 мың бас мал шаруалардың жеке меншігіне сатылды. Екінші бесжылдық жоспарды орындау кезінде, яғни 1933-37 жылдары Кеңес үкіметі ауыл шаруашылығында ұжымдастыруды аяқтау, ауыл шаруашылығын қайта құру, колхоздарды ұйымдық-шаруашылық жағынан нығайту міндеттерін белгіледі. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін большевиктік партия республика ауыл шаруашылығын саяси нығайту қажет деп, колхоздар жанынан саяси бөлімдер құрды. 1935 жылы үкімет колхоздарға жерді мәңгі пайдалануға берді. Осы жылы ТОЗ-дардан ауылшаруашылық артельдеріне көшіру басталды да, 1937 жылы бұл процесс толық аяқталды. 1939 жылы 8 шілдеде БК(б)П Орталық комитеті “Колхоздарда қоғамдық малды дамыту шаралары туралы” қаулы қабылдайды. Сонымен, Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру жолында жүргізген шаралары тиімді нәтиже бермеді. Керісінше, бұл реформалар шаруалардың еңбекке деген ынтасын жойды. Соған қарамай большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен алға қарай дамыту мақсатында ылғи әртүрлі жаңа шаралар жүргізіп отырды.

30. Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлерін талдап көрсетіңізКеңестік қоғамда билік мүддесінің қалтықсыз жүзеге асуын қадағалаған цензура органы Главлиттің нұсқауларының дерек ретінде берер мағұлматтары өте көп. Себебі, баспа ісіне қадағалау жүргізген Главлит (Әдебиет пен баспа ісі жөніндегі Жоғарғы Басқарма – авт.) атты мекеме – өзі құрылған алғашқы күннен бастап, қатаң тәртіпке бағына отырып, партияның шешімдеріне орай, арнайы бұйрықтармен, циркулярлармен, өкімдермен, нұсқауларды тікелей басшылаққа алып жұмыс жасаған мемлекеттік мекеме болған. Алайда бұл мекеме тек баспа ісін ғана емес, сонымен қатар қоғамдық сананы қалыптастыруда әсер ететін мәдениет ошақтары: театр, кино, музыка мен қатар телерадио мен почта саласында да қатаң идеологиялық қадағалау жүргізген.Цензорлар өз қызметтерінде – мемлекеттік құпия болып саналатын мәліметтер тізімі белгіленген «А» және «Б», «В» сынды литерлермен, арнайы циркулярлармен, сонымен қатар мемлекеттік және әскери құпияны сақтауға бағытталған арнайы тізімдермен, сондай-ақ, екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде, елде орын алған соғыс жағдайына байланысты осы тізімдерге қосымша енгізілген толықтырулар негізінде – саяси-идеологиялық қадағалауды жүзеге асырып отырған. Бұл құжаттар негізінен партия шешімдеріне орай Главлиттің арнайы нұсқаулары негізінде жүргізілген.Главлит бекіткен мұндай нұсқау алғаш рет «Өте құпия» белгісімен – 1925 жылы жарияланған «КСРО-ның саяси-экономикалық мүддесін сақтау мақсатында және әскери құпия болып табылатын ақпараттардың тізімі» болып табылады. Алғашқы текст 16 беттен, 96-баптан тұрған. Аталған тізімнен бөлек тиым салынған тақырыптар атауы көрсетілген циркулярлар шығарылып отырған. Ал КСРО-ның «өмір сүруінің» соңғы жылдарында цензорлар жұмыс істеген құжаттардың саны 213 бапқа жетіп, олардың әрбіреуі 5-6, тіптен, 12 бапты құраған 1926 жылдың 24 сәуірінде Халық комиссарлар кеңесі «Мазмұны жағынан мемлекеттік құпия болып саналатын ақпарттарды арнайы қорғау тізіміне сай, бүкіл ақпараттарды үш топқа бөліп қарастырған: әскери сипаттағы, экономикалық сипаттағы және басқа сипаттағы. Және құпиялықтың үш санаты белгіленген: «өте құпия», «құпия», «жариялауға тыйым салынған». Ал 1926 жылдың маусымында Біріккен Мемлекеттік Саяси басқарма жанындағы арнайы бөлім «Өте құпия, құпия және жариялауға тыйым салынған мәселелер жөніндегі тізімді» басып шығарған. Бұл тізімнің мазмұны Халық Комиссарлар Кеңесінің 24-сәуірдегі тізімін жете толықтырып, құпия ақпараттарды: әскери сипатта, қаржы-экономикалық сипатта, саяси (оның ішінде партиялық та) және жалпы сипатта , – деп 4-ке бөліп қарастырады. Сондай-ақ әскери, экономикалық және т.б. сипаттағы ақпараттар түрі қоғамда орын алып отырған өзгерістерге орай арнайы мемлекеттік құпия болып табылатын тізімдер қатарына қосылып немесе алынып отырған . Сонымен бірге, «КСР мүддесіне орай саяси және экономикалық (ішкі және сыртқы) және мемлекеттік құпияларды сақтау жөніндегі тізімдерді» уақыт талабына сай жаңартып, толықтырып отыруда: Главлит, Ішкі істер халық комиссариаты, Жұмысшы-шаруа қызыл әскерінің Бас Штабы, Мемлекеттік жоспарлау мекемелерінің өкілдерінен құрылған комиссия жүргізіп, оны КСРО ХКК бекітетін болған . Алайда 30-жылдардың ортасына дейін, жоғарыда аталған тізімді жасау ісі тікелей Главлиттің міндеті болған . Сонымен қатар цензор қарауынан өткен кез-келген баспа өнімі, тіптен, Главлит басшыларының нұсқаулары, бұйрықтары, т.б. құжаттарына да, олардың маңызын көрсететін арнайы мөр белгілері қойылып отырған Негізінен кеңестік кезеңде «өте құпия», «құпия» деген құпиялық белгілерімен қатар, «қызметтік қолданысқа арналған» деген тағы бір құпиялық белгісі болған. Бұл белгімен шығарылған барлық баспа өнімдерінің құпиялығы «жариялауға тыйым салынған» деген белгімен тең болған еді. Мұндай баспа өнімдері арнайы құпия мәліметтерді басатын баспаханаларда басылып, олар цензура мекемелерінің қадағалауынан босатылған Осындай арнайы белгілермен белгіленген бұйрықтар мен нұсқаулар Орталық Главлиттен Қазглавлитке, ал Қазглавиттен аймақтық Обллиттер мен Райлиттерге жіберіліп, нәтижесінде «ЛИТО-лар» алдын-ала және кейіннен жүзеге асырылатын қадағалау арқылы мемлекеттік идеологияға «кері әсер» ететін ой-пікірлерден қоғамды «тазарту ісін» атқарғанынан байқаймыз.

Наши рекомендации