Медициналық биофизика және информатика кафедрасы

Ф КГМУ 4/3-03/02

ПП КГМУ 4/02

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Медициналық биофизика және информатика кафедрасы

СИЛЛАБУС

ООД 012 МВ 1112 “МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА”

Мамандығы 5B130100– “ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА”

Курс I

Семестр 1

Оқу сағатының көлемі 108 сағат

Қарағанды 2012 ж.

Силлабус «Медициналық биофизика» пәнінің 5B130100 «Жалпы медицина» мамандығына жұмыс бағдарламасы негізі бойынша құрастырылып бекітілген «__»____________

Силлабус кафедра отырысында талқыланды.

«___» ___ 20___ж. Хаттама №

Кафедра меңгерушісі _________________________ Койчубеков Б.К.

Оқытушылар жайлы мәлімет.

Сосновская Людмила Викторовна - б.ғ.к , доцент. Ғылыми қызығушылығы: Психологиялық және физиологиялық бейімделу мәселелері. Жетістіктері: Білім берудегі инновациялық технологиялар.

«Қазіргі спектрофотометр және хроматографияда жұмыс істеудің негізгі принциптері және әдістері».

Пашев Виктор Иванович - аға оқытушы. Ғылыми қызығушылығы: Регуляторлы жүйелердің өзара әсерлері. Жетістіктері: ПБЖФ КГМА «Медициналық білім берудегі инновациялық технологиялар». БЖФ «Биофизика».

Букеев Сатыбалды Букеевич - аға оқытушы. Ғылыми қызығушылығы: Өсімдіктану биофизикасы, фотосинтез құбылысы. Жетістіктері: ПБЖФ КГМА «Медициналық білім берудегі инновациялық технологиялар». БЖФ «Биофизика».

Бражанова Анар Корабаевна – оқытушы. Ғылыми қызығушылығы: Оқу бағдарламасынан түсетін жүктемелеріне оқушылардың бейімделу мәселелері. Жетістіктері: ПБЖФ КГМА «Медициналық білім берудегі инновациялық технологиялар». БЖФ «Биофизика».

Айткенова Айлаззат Айткеновна - биология магистрі. Ғылыми қызығушылығы: Студенттердің білім алу формаларына, бағыттарына сәйкес жүрек – қан тамырлары жүйесінің қызметтік күйін, бейімделуін кейбір гемодинамикалық көрсеткіштері. Жетістіктері: БЖФ Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ «Қазіргі спектрофотометр және хроматографияда жұмыс істеудің негізгі принциптері және әдістері» БЖФ «Биофизика».

Балмагамбетова Газиза Галиевна - оқытушы, Ғылыми қызығушылығы:Дем шығару ауа конденсаты инвазивті емес әдіс ретінде өкпе сурфактанты жүйесін бағалау. Жетістіктері: ПБЖФ «Ассистент (оқытушы)».

Байланыс ақпараты: Кафедра мына мекен-жайда орналасқан: Қараганды қаласы, Гоголь көшесі, 40, 4 корпус, 247,248, 249 бөлме.

Пән саясаты.

Пәннің әр тақырыбына студенттің ағымдық бағаларын сабақта 100-балдық шкаласымен оқытушы оқу журналына қояды. Ағымдық бағаны қоюда аталған тақырыпты меңгеруге қатысты қарастырылған барлық оқу жұмыстарының түрлері (аудиториялық және аудиториядан тыс) ескерілуі керек. Пәндер бойынша СОӨЖ өткізу түрі кафедра отырысында бекітіліп, талқыланады, пәндер силлабусына көрсетіледі. СОӨЖ бойынша студенттердің оқу жетістіктерін тәжірибелік сабақтағы ағмдық бағасында есептеленеді. Межелік бақылау СӨЖ тапсыру кестесі және СӨЖ тақырыптық жоспарларына сәйкес өткізіледі. Семестр соңында барлық студенттер СӨЖ тапсырмаларын тапсыру керек. «+» немесе «-» белгісі түрінде қойылады.

Оқу жұмыс бағдарламалардағы пәндер тақырыбын меңгеру деңгейін бақылау пән бойынша межелік және қорытынды бақылауды өткізуде жүзеге асырылады. Бұл үшін СОӨЖ және СӨЖ тақырыптары бойынша сұрақтар межелік және қорытынды бақылауға – кредиттік технология бойынша ара қатынаста: СӨЖ 1/3+СОӨЖ 1/3; дәстүрлі технологияда СӨЖ 1/3.

Ағымдық үлгерімнің рейтингін есептеу пәннің толық бағдарламасын яғни СӨЖ бен СОӨЖ тапсырмаларын орындаған және барлық межелік бақылауларды тапсырған, ОКО пәндердің бағдарламасымен анықталған барлық тәжірбелік дағдыларды меңгерген студенттер үшін ғана жүргізіледі. Пән бағдарламасының толық көлемін орындамаған жағдайда студент қорытынды бақылауды тапсыруға жіберілмей пәнді қайта оқиды.

Барлық босатылған зертханалық, тәжірибелік сабақтарсәйкес межелік бақылау өткізілген сәтке дейін өтеле алады:

A. Себепсіз жағдайда - өтеу кестесінде сәйкес тестілеу бөлімінде тапсырылады;

B. Себепті – студенттермен жеке жұмыс және белгіленген кеңес кестесіне сәйкес, ауызша, кезекші оқытушыға сабақ берілетін тілде (қазақ, орыс, ағылшын) тапсырылады;

C. ОКО босатылған сабақтарды өтеу, ОКО студенттерге кеңес беру және жеке жұмыс кестесіне сәйкес іске асырылады;

D. Зертханалық жұмыстар, қорытынды сабақтар кафедрада өтеледі және босату себебіне қарамастан кезекші оқытушыға тапсырылады.

Себепті және себепсіз сабаққа босатулар тек бір рет қана өтіледі. Қанағаттанарлықсызт баға алған жағдайда (0-49) сабақ өтілмеген болып есептеледі. Тәжірибелік сабақтарды, зертханалық жұмыстарды көрсетілген мерзімде өтелмеген жағдайда өтеу қайталанбайды.

100 балдық шкаласына сәйкес әр сабақты себепсіз босату үшін ағымдық сабақтың орташа бағасынан 2 балл алынады.

Сессияның басталуына 2 апта қалған уақытта кафедралар деканаттарға студенттер туралы пәндер бойынша қарыздары бар нақтыланған мәліметтер береді. Семестрдің соңғы күнінде барлық кафедралар тіркеу бөліміне жіберу рейтингісі бар ведомостті ұсынуға және барлық студенттерді жіберу рейтингісі туралы ақпаратты кафедра стендінде ілуге міндетті.

Семестрдің соңғы аптасының мерзімінде ауыру жағдайында студент деканатқа ауыруы туралы анықтаманы семестрдің соңғы күнінен бір күн бұрынғы мерзімге дейінгі уақытта тапсыруы керек, анықтаманың негізінде деканат сессияны жеке тапсыруына рұқсат береді. Анықтаманы тапсырмаған жағдайда сабақты босату өтелмеген болып табылады.

Кіріспе

Физика, химия және биология - үш ғылымның мәуелі негізінде қосылуы нәтижесінде тіршілік процестері негізін түсінуге мүмкіншілік беруші биофизика биологиялық пәндер ішіндегі ең бастысы болып табылады.

Биофизика заңдарын білу диагностика және емдеудің жаңа әдістерін жасау мүмкіншілігін береді. Қазіргі кезде көптеген биофизикалық әдістер түрлі ауруларды айыра білуде, дәрілік препараттардың әсері механизмін анықтау үшін, емдеу кезінде бақылау үшін кеңінен қолданылады. Осы әдістердің теориялық негізін білу клиникалық – диагностикалық деректерді объективті түсіндіру және емдеу шараларын дұрыс сезіну үшін қажет. Дәрігердің диагностикалық және емдеу тәсілі, көбіне, құралдар көмегімен алынатын деректерге тәуелді. Зерттеуші, құралдың жұмыс жасау физикалық негізін білгенде ғана, медициналық-биологиялық зерттеулерде түрлі техникалық құралдарды барынша тиімді қолдануы мүмкін. Сонымен бірге бағдарлама қазіргі медициналық техниканы қолдану мәселелері бойынша, студенттерде ғылыми білімдер мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Пәннің мақсаты: Медицинадағы ғылыми методологияны және ғылыми дүниетанымды қалыптастыру, медицина – биологиялық пен клиникалық-лабораториялы және функционалды зерттеу әдістерін теориялы негіз ретінде санап, қазіргі заман құрал-жабдықтарды молекулярлы диагностика зерттеулерінде қолдану.

Наши рекомендации