Бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жою

Жарамсыз күйге келген, жалған, жарамдылық мерзімі өткен және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника өткізуге әрі медициналық қолдануға жарамсыз деп есептеледі және заңнамада белгіленген тәртіппен жойылуға тиіс.

Бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелу тәртібі

1. Дәрілік заттарды. медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы әкелу Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге
рұқсат етілмейді.
3. Мынадай жағдайларда:
1) егер олар мемлекеттік тіркеуге;
дәрілік субстанцияны қоспағанда, жиырма орамнан аспайтын көлемдегі дәрілік заттар көрмелерін өткізуге;
сирек және (немесе) аса ауыр ауруларды жеке емдеуге;
төтенше жағдайлардың салдарын жоюға;
денсаулық сақтау ұйымдарын Қазақстан Республикасында тіркелген, функционалдық өлшемдері бойынша ұқсас үлгісі жоқ медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен жарақтандыруға арналса, мемлекеттік органның рұқсаты бойынша;
2) егер олар:
емделуіне қажетті санымен, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жеке тұлғаның дербес пайдалануына;
Қазақстан Республикасының аумағына келетін көлік құралының бастапқы көмек дәрі қобдишасы құрамында жолаушыларды емдеуге арналса, мемлекеттік органның рұқсатынсыз Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол беріледі.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жекелеген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды ізгілік көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады.
5. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәркіленуі және жойылуы тиіс.
6. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді:
1) дәрілік заттарды. медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге лицензиясы бар өндіруші ұйымдар;
2) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы көтерме саудада сатуға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар;
3) осы Кодекске сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әзірлеу және мемлекеттік тіркеу үшін ғылыми-зерттеу ұйымдары, зертханалар;
4) мемлекеттік тіркеу кезінде сараптамалық жұмыстар жүргізу, клиникалық зерттеулер және (немесе) сынаулар жүргізу үшін және Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы өндірушілердің көрмелеріне қатысу үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы өндіруші шетелдік ұйымдар, олардың өкілетті өкілдіктері (филиалдары) немесе олардың сенімді жеке және заңды тұлғалары;
5) медициналық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыра алады.
7. Дәрілік заттарды. медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі көрсетіле отырып, әкелінген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың әрқайсысының мемлекеттік тіркелуі туралы мемлекеттік орган растаған мәліметтер Қазақстан Республикасының кеден органдарына ұсынылуға тиіс.

Наши рекомендации