Судноны және зәр қабылдағышты зарарсыздандыру ерітіндісіне толық батыру әдісі
Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, санитарлы эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау.
Дайындаңыз: арнайы киімді пайдаланған судноны, зәр қабылдағышты, астына салатын кленканы, ҚР рұқсат етілген зарарсыздандыру затын, зарарсыздандыруға арналған қақпағы бар ыдысты (ыдыс пен қақпакқа таңба салынған), қолды өңдеуге арналған сабынды, тері антисептигін.
Ескертетін жағдай: судно және зәр қабылдағыш тура қолданып болған соң зарарсыздандырылады.
Іc-әрекет алгоритмі:
1.Қорғаныш арнайы киімді киіңіз (халат, суға төзімді алжапқышты, дем пердесін).
2. Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазартуды жүргізіңз, қолғапты киіңіз.
3. Зарарсыздандыру үшін қақпағы тығыз жанасып жататын және таңба салынған ыдысты дайындаңыз, оның дұрыс таңбаланғанына көзіңізді жеткізіңіз: атын, ерітіндінің қоюлығын, қолдану мақсатын оқыңыз.
4. Қажетті қоюлықтағы зарарсыздандыру ерітіндісін ыдысқа құйыңыз.
5. Ыдыстың таңба салатын кленкасына даярлаған ерітіндінің атын, қоюлығын, күйін, даярлау уақытын, даярлаған адамның аты-жөнін көрсетіңіз (Зарарсыздандыру ерітіндісін даярлау бойынша жұмыс сапасын бағалау және бұйрықты регламентті талаптарды орындауын бақылау үшін).
6. Судноның, зәр кабылдагыштың ішіндегі затты унитазға төгіңіз, ыстык сумен шайқаңыз.
7. Судноны, зәр қабылдағышты қолданып және тазартып болған соң бірден зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, ерітінді заттан 5-10 см жоғары көтерілуі қажет (заттардың белмен тұп-тура жанасуын қамтамасыз ету үшін).
8. Алжапқышты, қолғапты шешіңіз, зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
9. Күтім заттарын тиісті зарарсыздандыру ерітіндісін қолдану бойынша нұсқауға сәйкесті ұстаңыз.
10. Таза қолғапты, алжапқышты киіңіз.
11. Судноны және зәр қабылдағышты ағынды ыстық судың астында шайқаңыз.
12. Арнайы таңбаланған стеллажда кептіріңіз, құрғақ түрінде сақтаңыз.
13. Арнайы киімді шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: Халі ауыр наукастың таза судноны үнемі кереует астындағы орындықта болады.
Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін
ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж
Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова
№ хаттама « » 2014ж
Стандарт
Көзді күту.
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауруларының алдын-алу, халі ауыр науқас көзіне таңертеңгі тазалықты жүргізу, дәрілік ерітіндіні тамызу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайдағы кезінде шығындылардың (бөліністердің) болуы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: дәке тампондарын, лотокты, пинцетті (іскекті), ундинканы, көз стакандарын, 1:2000 фурациллин ерітіндісін, вазелин майын, мензуркаларды, физиологиялық ерітіндісі, тамызғыштарды, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2. Көздерін қарап, олардың жағдайын бағалаңыз.
3. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.
4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.
5. Бір мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын, екіншісініе фурацилин ерітіндісін кұйыңыз.
6. Дәке тампонын пинцеттің көмегімен вазелин майына ылғалдатып, оны мензурканың қабырғасына аздап қана сығып қысыңыз.
7. Оң қолға тампонды ұстап, көздің бір қабағын сыртқы бұрышынан, ішкі бұрышына қарай бағытпен сүртіңіз (іріңді қабыршақтың қабағын жұмсаруын қамтамасыз етеді).
8. Дәке тампонын фурацилин ерітіндісіне ылғалдатып, осы бағытпен сүртуді қайталаңыз.
9. Іріңді қабыршақтар толық кеткенше сүртуді 4-5 рет әр-түрлі тампондармен қайталаңыз.
10. Көз бұрыштарында іріңді бөлінулер болған кезде: сол қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен қабақтарын екі жаққа айырып ашып, көздің дәнекер қабығы қуысын физиологиялық ерітіндімен жуып шығыңыз, ал оң қолмен көздің дәнекер қабығынының қабына тамызғыштың немесе ундинканың көмегімен шайып шығыңыз, сосын құрғақ тампонмен қабақты осы бағытта сүртіңіз.
11. Екінші көзді де осындай әдіспен тазалаңыз.
12. Қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
13. Қолданылған қолғапты, тампондарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті (іскекті), мензуркаларды, тамызғыштарды немесе ундинканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: көзді тазалаған кезде бірдей бір болмайды. Бір көзден екінші көзге инфекция жұғуы мүмкін.
Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін
ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж
Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова
№ хаттама « » 2014ж
Стандарт
Мұрын қуысын күту.
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, мұрынмен дем алудың бұзылуын алдын ала ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, мұрын қуысындағы қатып қалған қабыршықтардың және шырышты бөліністердің болуы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған, мақта турундаларын, мензурканы, пинцетті, вазелин немесе өсімдік майын, науаны, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандырғыш ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.
3. Науқастың басын сәл аздап артқа қарай шалқайтып, Фаулер қалпын беріңіз.
4. Сол қолдың 4-саусағын науқастың маңдайына қойып, ал бас бармақпен мұрынның ұшын көтеріп, мұрын қуысындағы сілемейлі бөлінулердің, кеуіп қалған қабыршықтардың барлығын қараңыз.
5. Сілемейлі бөлінулерді алып тастау үшін мақта турундаларын жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолдарына енгізіңіз.
6. Мұрын жолдарындағы құрғақ қабыршықтарды жұмсарту үшін, мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.
7. Турунданы пинцетпен алып, вазелин майымен ылғалда, мензурканың шетіне аздап қысып, сығыңыз.
8. Оң қолыңызға турунданы алып, жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолына енгізіңіз және оны 2-3 минутқа сол жерде қалдырыңыз (қатып қалған қабыршықтар болған кезде).
9. Мұрын жолдарынан турунданы айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл мұрын жолындағы қатып қалған қабыршықтардың шығуын қамтамасыз етеді.
10. Екінші мұрын жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.
11. Қолғапты шешіңіз.
12. Қолданылған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцет, мензурканы зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
13. Қолынызды жуып, кептіріңіз.
Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін
ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж
Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова
№ хаттама « » 2014ж
Стандарт
Лақты күту.
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, құлақ ауруларының алдын-алу, құлығының жиналып қалу себебінен есту қабілетінің төмендеуін ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, есту жолында кұлықтың жиналып қалуы.
Қарсы көрсетілімдері: құлақ қалқанындағы және сыртқы есту жолындағы қабыну процестері.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: науаны, тамызғышты, пинцетті, мензурканы, мақта турундаларын, сүрткілерді, қолғаптарды, 3%-тік сутегі асқын тотығы ерітіндісін, сабынды суды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
1с-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғаптарды киіңіз.
3. Ішінде сабынды суы бар ыдысты дайындаңыз.
4. Науқастың басын тазаланатын құлақка қарама-қарсы жағына қисайтыңыз, науаны астына қойыңыз.
5. Сүрткіні жылы сабынды ертіндіні ылғалдап алып, құлақ қалқанын сүртіңіз; сосын оны құрғақ сүрткімен құрғатыңыз (кірді кетіру үшін).
6. Алдын-ала су моншасында (t-36-37°C) жылытылған 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін залалсыздандырылған мензуркаға құйыңыз.
7. Оң қолыңызға мақта турундасын алып, 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісіне сулаңыз, ал сыртқы есту жолын түзету мақсатымен сол қолыңызбен құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартыңыз, құлаққа 2-3 тамшы тамызыңыз.
8. Құрғақ турунданы жеңіл айналмалы қимылдармен сыртқы есту жолына 1см тереңдіктен асырмай енгізіп, оны 2-3 минутқа қалдырыңыз.
9. Турунданы сыртқы есту жолынан айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл есту жолында бөліністер мен құлықтың шығуын қамтамасыз етеді.
10. Екінші есту жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.
11. Қолғаптарды шешіңіз.
12. Қолданылған қолғапты, турундаларды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцет, мензурканы ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: құлақты тазалаған кезде мақтаны қатты затқа орауға болмайды, есту жолы жарақаттануы мүмкін.
Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін
ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж
Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова
№ хаттама « » 2014ж
Стандарт