Ойық жараларды емдеу жолдары

Ойық жараларды емдеу үдерістің дәрежесіне байланысты болады. Емді 1-ші дәрежеде бастаған аса маңызды, үдеріс күшейген сайын емнің тиімділігі де азаяды.

1-ші және 2-ші дәрежедегі ойық жараларды консервативті емдеуге болады. Бұл үшін жараны антисептикалық өңдеу жүргізіп және май жақпалар қолданамыз, мұндай әдіс терінің эпителизациясын күшейтеді.

1-ші дәрежедегі ойық жарада зақымдалған жерді балаларға арналған иісмай немесе шырғанақты жағып, ультракүлгін сәулелерімен емдік сеанс өткіземіз. Теріде мацерация пайда болса бриллиант көгімен өңдейміз, жиектеріне солкосерил майын жағамыз. Солкосерилмен окклюзивті таңғышты қолдану (дене бөлігін ауа және сумен байланысының алдын алу үшін қолданылатын герметикалы оқшаулау) терінің қажетті ылғалдануына, үйкелісті, ауырсыну сезімін азайтуға және терінің эпителизациясына әсер етеді. Жақпа май майлыққа 2-3 мм қалыңдықта жағылады және жараны өңдегеннен кейін жауып тұрады. Теріні уқалауға болмайды. Жараны жазылу тиімділігі бар аэрозольдер: олазоль, пантенол және т.б. Аэрозольдерді көпіршікті жараға біркелкі жағып күнде немесе күнара қолданады.

2-ші дәрежедегі ойық жара пайда болған жағдайда, жараны күніне бірнеше рет дезинфицирлеуші ертіндімен өңдеп, солкосерилмен, левомиколмен немесе стратомедпен биоокклюзивті таңғыш қойған пайдалы және жараны жазылуына тиімділік көрсететін аэрозольдерді, содан кейін солкосерилмен жүйелі терапия қолданған дұрыс. Жақсы емдік тиімділікті ферменттермен, гидроколлоидты және гидрогелді аппликация қою көрсетеді, бұл әдіс жараны тиімді тазалап, қабынуға қарсы және жараны жазөғыш әсер береді. Теріде көпіршік пайда болғанда бриллиант көгі ертіндісімен өңдейді, содан кейін құрғақ дәкелі таңғыш қояды.

3-ші және 4–ші дәрежеде басты емнің түрі – бұл хирургиялық ем. Іріңді жараны санациялау үшін антисептиканың барлық түрлерін қолданады: механикалық, физикалық, биологиялық, химиялық.

Механикалық антисептика некроздалған тіндерді кесіп алып тастау, іріңді қуыстарды ашу. Егер жараның санациясын жүргізбесе, онда тіндердің шіріген өнімдері және микроб токсиндері интоксикацияны күшейтеді.

Биологиялық антисептика май жақпаларды және аэрозольдерді қолдануды көздейді, ол некроз тінін шектеуге, еруіне және тартуына, жараның тазалануына әсер етеді. Грануляцияның және эпителизация үдерісінің жетілуін күшейтетін жақпа майлар (солкосерил, левомиколь, стратомед және т.б.), аэрозольдер (олазоль, пантенол және т.б.) ферменттермен аппликациялар (трипсин, химотрипсин), сонымен қатар гидроколлоидты және гидрогельді таңғыштар (Purinol гель, Comfeel плюс, Biatain байлам және т.б.)

3-ші және 4–ші дәрежедегі ойық жаралардың көлемі үлкен ауқымды, сондықтан науқас ағзасында біршама сұйықтық жоғалту байқалады. Науқас ағзасында дегидратацияны дамытпай, қажетті сұйықтықтарды энтеральді және парентеральді енгізген дұрыс. Жарадан көп мөлшерде экссудативті бөлініс бөлінсе арнайы абсорбирлейтін сорғыш таңғыштарды қолданған жөн, олар өз алдына жараны құрғатуға және сұйықтықты соруға әрекет жасайды.

Физикалық антисептика айналымды жақсартатын іс-шаралардан тұрады: гироскопиялық таңғыш материалдарды, дренажды қолдану, жараны ультракүлгін сәулелермен және лазермен өңдеу.

Химиялық антисептика – теріні және жара маңайын өңдеуге арналған антисептиктерді қолдану. Антисептик ретінде 70% этил спиртін, йодтың спирттік ертіндісін (1%-5%), 3% сутегінің асқан тотығы, диоксидиннің 0,5% ертіндісін, хлоргексидинді, микроцидті және т.б. қолдану.

Жарадан көп мөлшерде экссудативті бөлініс бөлінсе арнайы абсорбирлейтін сорғыш таңғыштарды қолданған жөн, олар өз алдына жараны құрғатуға және сұйықтықты соруға әрекет жасайды.

Ойық жараны тазалаған соң, грануляция тіндерінің жетілуі, барлық шараларды жүргізу және жарадағы микрофлораның болуын бақылау, хирургиялық емді қолдануға (оперативті) - жергілікті тіндерден пластика, тері-фасциальді немесе тері-бұлшықетті жамаулармен пластика жасау қолданылады.

Операциядан кейін пайда болған асқынуларға тері астына сұйықтықтың жиналуы, қан кетулер, жараның іріңдеуі, жіптердің жабылмауы, тері жамауының некрозы және жылан көздердің пайда болуы жатады.

Ойық жаралардың алдын-алу

Ойық жараладың пайда болуының қаупін сандық бағалайтын бірнеше шкалалар бар. Нортон бағалау шкаласы — бес өлшемнен тұратын баллды санайтын жүйе: физикалық жағдай, психикалық жағдай, белсенділік, қозғалғыштық және ұстамсыздық (сур. 65).

Нортон шкаласы бойынша: балл қаншалықты аз болса, соншалықты қауіп жоғары. 14 немесе одан төмен баллды суммада науқас қауіп аймағына енеді, ал 12 балдан төмен болса жоғарғы қауіп аймағына енеді. Бұл мейірбике бақылау картасымен қосылғанда шкала қолданысқа өте ыңғайлы, себебі күнделікті есептелген балл саны тіркеледі және соған байланысты ойық жараның алдын алатын мейірбикелік шаралар қолданылады.

Нортон шкаласы

А Б В Д Е
Физикалық жағдайы Ойлау мүмкіншілігі Белсенділігі Қимыл-қозғалысы Ұстай алмау
жақсы анық көмексіз өзі жүреді толық жоқ
қанағат апатия біреудің көмегімен жүреді шамалы шектелген кейде
нашар есеңгіреген мүгедек орындығында тым шектелген зәрді ұстамауы жиі байқалады
өте нашар ойлау қабілеті жоқ жатады толық қимылсыз зәр және нәжісті ұстамауы жиі кездеседі

Сурет 65.

Нортон шкаласы

ЕСМ-дің бөлімдерінде ойық жараның алдын алу мақсатында универсальді Waterlow бағалау шкаласы бойынша қолданылады. Оның қойған мақсаты «естелік жазба» сұрақтары бойынша ойық жараның алдын алу болып табылады. Аталған карта ойық жараға әкелетін факторларды анықтап, ойықтың даму қаупін бағалауды және алдын алуды және емдеуді қамтамасыз етеді (сур. 66).

ВАТЕРЛОУ ШКАЛАСЫ

Дене бітімі/бой мен салмақ қатынасы Тері түрі Жынысы/жасы Ерекше қауіптер
орташа дені сау ер тіндердің қоректенуі жеткіліксіз
орташадан жоғары терісі жұқарған әйел терминальді кахеския
семіздік құрғақ 14-49 жүрек жеткіліксіздігі
кахексия ісінген 50-64 шеткері тамыр аурулары
    суық тер (температруа)   65-75 анемия
    бозғылт 75-80 темекі тарту
    зақымдалған, аурсынумен 81+  

Сурет 66.

Ватерлоу шкаласы

Waterlow шкаласы бойынша: балл қаншалықты жоғары болса соншалықты қауіп жоғары. Қортынды нәтижемен балдар қосылып, қауіп дәрежесі анықталады:

1-9 балл - қауіп жоқ

10-14 балл – қауіп бар

15-19 балл - жоғарғы қауіп дәрежесі

20 балдан жоғары - өте жоғарғы қауіп дәрежесі

Алғашқы қарау кезінде қауіп дәрежесі аз болғанына қарамастан ойық жараның дамуының қаупін анықтап бағалау жүйелі түрде жүргізілуі керек. Егер науқас қауіп тобына жатса, міндетті түрде шұғыл алдын-алу іс-шараларын бастау қажет.

Экзогенді ойықтың пайда болуының алдын алу үшін, гипс таңғышының, емдік шинада, жабысқақ пластырь қолдану кезіндегі терінің дөрекі және ұзақ басылуын жоямыз. Жарада тұрған дренаж түтіктері, катетерлер және басқада құралдарды үнемі ауыстырып немесе қалпын өзгертіп отыру маңызды.

Эндогенді ойықтың пайда болуының алдын алу үшін келесі нұсқаулар беріледі:

· Нортон немесе Ватерлоу шкалаларын пайдалана отырып науқас жағдайын үнемі бағалау

· Науқас қалпын әрбір 1,5-2 сағат сайын өзгерту (түнгі уақыттада): Фаулер және Симс қалыптары, оң және сол жақ бүйірімен, ішіне (егер қарсы көрсеткіш болмаса) жатқызу. Қалып түрлері науқастың жағдайына және ауруына сәйкес ауыстырылады. Егер науқас төсегінде өз бетінше ауысқан болса, онда оны мадақтап, көмектесуіміз қажет.

· Науқасты төсекте дұрыс ауыстыру – төсектен көтеріп дене қалпын өзгерту.

· Арнайы құрылғыларды қолдану: қолға және аяққа білікше (білікше орнына жастық қолдануға болады), табан астына тірегіштер қолдану.Ойық жараның пайда болуы мүмкін жерлері төсекке тимес үшін тыспен қапталған немесе жаймамен жабылған резенкелі дөңгелекті қолданады.

· Ойық жараға қарсы арналған гофрирленген беткейі бар матрацты кереуеттерді қолдану. Матрастың автоматты компрессорлы ұяшықтары әрбір 15 минут сайын ауамен толтырылады, нәтижесінде науқастың тінінің басылу дәрежесі өзгереді. Науқас денесінің тіндеріне қысым арқылы уқалау жүргізу қалыпты қан микроциркуляциясын қамтамасыз етеді, бұл тері және тері асты май шелінің оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз етілуін күшейтеді.

· Төсекте биомеханика ережелеріне сәйкес науқастың ыңғайлы жатуын бақылау

· Төсек жағдайын қадағалау (тамақ қалдықтарын сілку, төсек жаймасында қатпарлардың болмауын, тегістігін жасау).

· Науқастың киімінің жағдайын тексеру (лас киімді уақытылы ауыстыру; науқас денесіне бағытталған дөрекі тігісті, ішкі түймелері бар киімдерді қолданбау).

· Тері жағдайын күнделікті тексеру.

· Терінің әлсіз жерлерін сабынды жылы сумен немесе дезинфицирлеуші ертінділермен күніне 2 рет өңдеу жүргізу (қажет жағдайда бірнеше рет).

· Терінің құрғақтығында ылғалдайтын иісмайларды қолдану, әсіресе болашақ ойық пайда болатын жерлерді. Күшті тер бөлініс кезінде - құрғататын сепкіш қолдану.

· Науқастың тағамдық рационын бақылау (қолданатын тағамның сапалық және сандық қасиеттерін). Рационында қажетті ақуызды, минералды тұзды және дәруменді сапасын бақылау. Қажет жағдайда диетаға өзгеріс енгізу.

· Сұйықтық қабылдау режимін бақылау – тәулігіне қолданатын сұйықтық санына қарсы көрсеткіш болмаса 1,5 л аз болмауы керек. Сұйықтық саны азайса зәр концентрациясының жоғарлауына әкеледі, бұл зәр шығару жолдарының инфекциясын даму қаупін жоғарлатады.

· Зәр тоқтамаған жағдайда үлкендерге арналған памперстерді қолдануға болады, оны уақытылы ауыстырып отырған жөн (4 сағат сайын). Ер адамдарға сыртқы зәр қабылдағыштарды қолдануға болады. Памперсті ауыстырғанда (жаялықты) міндетті түрде сабынды жылы сумен ластанған жерледі гигиеналық өңдеу жүргізіп, құрғатамыз.

· Бірінші қызаруы немесе терінің бозаруы пайда болған сәттен бастап лимон шырынымен, 10% камфор ертіндісімен немесе ылғалды сүлгімен сүртеміз және квару шамымен сәулелендіру емін жасаймыз.

· Айқын көрінген ойық жараны шұғыл түрде калий перманганат ертіндісімен, Вишневский майымен, синтомицин эмульсиясымен немесе перуан майы қосылған самырсын бальзамымен емдейміз.

Алдын алу шаралары емдік шараларға қарағанда тиімді. Егер уақытылы шараларды дұрыс қолданса 95% жағдайда ойықтың алдын алуға болады.

Наши рекомендации