Онкоцитологияға жағынды алу

ОСКЕ станциясы

Қадамдар Балдар
Пациентті дайындайды.  
Қолдарын өңдеп дайындайды.  
Қынапқа Куско айнасын енгізеді.
Жатыр мойнын дайындайды.
Материалды алады.
Материалды бекітеді.
Қолғаптарды шешеді.  
Жолдама жазады.  
  Қорытынды балл саны.      

Максималды балл - 12

Станцияға берілген уақыт – 5 мин

Станцияның рейтингісі:

«Өте жақсы» __11___- __12___ балл

«Жақсы» ­­­­­­­­­­­­­­­ __9___- __10___ балл

«Қанағаттанарлық» __7___- __8___ балл

«Қанағаттанарлықсыз» ­­­­­­­­­­­­­__7___баллдан төмен

Емтихан алушының қолы _________________ Күні____________

онкоцитологияға жағынды алу - student2.ru

Интернатура бойынша жалпы дәрігерлік тәжрибе кафедрасы

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Трахеостомия

ОСКЕ станциясы

Қадамдар Балдар
1. Науқасты дұрыс жатқызды  
2. Қолдарын дұрыс өңдеді  
3. Қажетті құрал-жабдықтарды таңдады
4. Операциялық алаңды өңдеді
5. Тілу орнын таңдады  
6. Жергілікті жансыздандыруды орындады
7. Трахеостомияны бастады
Екінші және үшінші фасциялардың жапырақшаларын тілді
9. Төртінші фасцияның жапырақшасын тілді
10. Кеңірдектен қалқанша безінің мойыншығын төртінші фасциямен бірге бөлді
11. Мұқият гемостаз жасады
12. Көмейді бекітті
13. Кеңірдектің 2-3 жоғарғы шеміршектерін тілді
14. Кеңірдектің жарасына кеңейткішті енгізді
15. Кеңірдек саңылауына канюляны енгізді
16. Кеңейткішті шығарды
17. Канюляның қалқаншасын фронтальді жазықтыққа ауыстырды
18. Тері жарасын тікті
19. Операциялық жараны қаннан құрғатты
20. Канюляны бекітті
  Қорытынды балл саны

Максималды балл - 37

Станцияға берілген уақыт – 5 мин

Станцияның рейтингісі:

«Өте жақсы» __33___- __37___ балл

«Жақсы» ­­­­­­­­­­­­­­­ __28___- __32___ балл

«Қанағаттанарлық» __22___- __27___ балл

«Қанағаттанарлықсыз» ­­­­­­­­­­­­­__22____баллдан төмен

Емтихан алушының қолы_________________ Күні____________

ОРЫНДАУ АЛГОРИТМІ

Трахеостомия

Қадамдар Орындау критерийлері
1. Науқасты дұрыс жатқызды Науқасты арқасына жатқызып, басын артқа шалқайтып, тік жатқызып, иық астына валик салу
2. Қолдарды дұрыс өңдеді Қолдарды мұқият антисептикалық ерітіндімен өңдеп, стерильді қолғаптар кию
3. Қажетті құрал- жабдықтарды таңдады Тамырлық қысқыштарды, скальпельді, трахеостомиялық түтікті, жара ашқышты, Кохер зондын, Буяльскийдің күрекшесін, стерильді салфеткаларды, 1% спиртті йод ерітіндісін, шприцтерді, 0,5% новокаин ерітіндісін, жібек жіптерді, инелерді, біртісті ілмекті таңдап алу
4. Операциялық алаңды өңдеді Пинцетпен стерильді салфетканы алу, 1% йодонат ерітіндісімен сулау (повидон, летодин) және операциялық алаңды үш рет және 70% спиртпен бір рет өңдеу.
5. Тілу орнын таңдады Сақина тәрізді шеміршекті пальпациялау
6. Жергілікті жансыздандыруды орындады 0,5% новокаин ерітіндісін 20 мл шприцке толтырып, тілген орынға тері астына енгізіп жансыздандыру
7. Трахеостомияны бастады теріні тері асты май қабатыменжәне беткейлік фасциямен бірге тіліп, мойынның орта сызығымен сақиналы шеміршектен төстің яремды ойығына дейін 5-6 см тереңдікте кесу
8. Екінші және үшінші фасциялардың жапырақшаларын тілді Скальпельді қолда өткір жағымен төмен қаратып, төменнен жоғары қарай фасцияның екінші және үшінші жапырақшаларын тілу
9. Төртінші фасцияның жапырақшасын тілді Скальпельді өткір жағымен төмен қарай ұстауды жалғастыра отырып, қалқанша безінің мойыншығын сақиналы шеміршекке бекітетін төртінші фасцияның жапырақшасын көлденең бағытта тілу
    10. Кеңірдектен қалқанша безінің мойыншығын төртінші фасциямен бірге бөлді Қалқанша безінің мойыншығын тұйық құралдың көмегімен (Кохер зонды) кеңірдектен төртінші фасциямен бірге бөлу және трахеяның жоғарғы сақинасын жалаңаштау арқылы оны төмен қарай жылжыту
11. Мұқият гемостаз жасады Қансыраған ұсақ тамырларды жұмсақ тамырлық қысқыштармен ұстау және жібек жіптермен тігу
12. Көмейді бекітті Сақина тәрізді шеміршектің доғасын бір тісті ілмекпен тесу және көмей мен кеңірдекті жоғары қарай тарту
13. Кеңірдектің 2-3 жоғарғы шеміршектерін тілді Қолға скальпельді өткір жағымен жоғары қаратып алып, сұқ саусақпен кеңірдекке 1см енуін шектеп,трахеяның жоғарғы 2-3 шеміршектерін тілу (трахеяның ашылуы уақытша апноэмен және жөтелмен бірге жүреді)
14. Кеңірдектің жарасына кеңейткішті еңгізді Жөтел тоқтағаннан кейін, жараның қырларын кеңейтіп, кеңірдек кеңейткішін енгізу
15. Кеңірдек саңылауына канюляны еңгізді Канюляныңқалқаншасын сагиттальді жазықтықта орналастырып кеңірдек саңылауына енгізу
16. Кеңейткішті шығарды Кеңірдек жарасынан кеңейткішті алып тастау
17. Канюляның қалқаншасын фронтальді жазықтыққа ауыстырды Канюляны төмен жылжытумен қатар оның қалқаншасын фронтальді жазықтыққа ауыстыру
18. Тері жарасын тікті Трахеостомиялық түтікшеге дейін теріге қабат бойынша бірнеше тігістерді салу
19. Операциялық жараны қаннан құрғатты Канюляның астына үлкен емес салфетканы салу
Канюляны бекітті Канюляны науқастың мойнына екі марля лентасымен бекіту

Наши рекомендации