ТаҚырабы: бауырдыҢ анатомиясы жӘне топографиясы. балалардаҒы ерекшеліктері.

таҚырабы: бауырдыҢ анатомиясы жӘне топографиясы. балалардаҒы ерекшеліктері. - student2.ru БАУЫР, hepar (қабынуы-гепатит) – көлемді безді ағза болып табылады (массасы 1500 г- ға жуық). Бауырдың қызметі әр алуан. Ол еңалдымен шығару түтігі арқылы он екі елі ішекке келетін өт түзетін үлкен ас қорыту безі болып табылады. Оған бөгеу, тазарту қызметі тән: қанмен бауырға келетін белок алмасуының улы өнімдері бауырда нейтралданады; оның үстіне бауыр капиллярының эндотелиі мен жұлдызды ретикулоэндотелиоциттердің фагоцитоздық қасиеттері бар, бұл ішекте сіңірілетін заттарды залалсыздандыру үшін маңызды. Бауыр зат алмасудың барлық түріне қатысады; ішектің шырышты қабығы сіңіріп алатын көмірсулар бауырда гликогенге айналады (гликоген депосы). Бауырдың гормоналдық қызметі бар деп есептеледі. Эмбриондық кезенде оған қан түзу қызметі тән, өйткені ол эритроциттер түзеді. Сөйтіп, бауыр бірмезгілде асқорыту, қанайналым және гормоналды алмасуды қоса зат алмасудың барлық түрлеріөтетін ағзасы болып табылады.

таҚырабы: бауырдыҢ анатомиясы жӘне топографиясы. балалардаҒы ерекшеліктері. - student2.ru Бауыр топографиясы.Бауыр алдыңғы іш қабырғасының құрсақүсті аймағында проекцияланады. Дененің алдыңғы-бүйір бетіне проекцияланған бауырдың жоғарғы және төменгі шекаралары бір-бірімен екі нүкте: оң және сол жағынан түйіседі. Бауырдың жоғарғы шекарасы оң жағынан Х қабырғааралықта ортаңғы қолтық сызығында басталады. Ол осы жерден бауыр жанасып жатқан көкет проекциясына сәйкес тіке жоғары және медиалды көтеріліп, оң ортаңғы бұғана сызығы бойында IV қабырғааралықта орналасады.Ол осы жердентөс жоғары негізі processus xiphoideus қиып өтеді және V қабырғааралығында - linea sternalis sinistra және linea mamillaris sinistra арасында орналасады. Төменгі шекарасы жоғарғы шекара сияқты X қабырғааралығындабасталып, одан қиғаш және медиалды өтіп, оң жағынан X қабырға және IXшеміршектерін қиып өтеді. Одан құрсақүсті аймағымен қиғаштай солға және жоғары жүріп, қабырға доғасын VII сол жақ қабырға шеміршегі деңгейіне қиып өте, V қабырғааралығында жоғарғы шекарамен қосылады.

таҚырабы: бауырдыҢ анатомиясы жӘне топографиясы. балалардаҒы ерекшеліктері. - student2.ru таҚырабы: бауырдыҢ анатомиясы жӘне топографиясы. балалардаҒы ерекшеліктері. - student2.ru Бауыр байламдары- бауыр байламдары ішастардан түзілген, ішастар көкеттің төменгі бетінен бауырға, оның көкеттік бетіне өтіп, сол жерде бауырдың тәждік байламын, lig. coronarium hepatis, түзеді. Бұл байламның жиектері үшбұрышты байламдар, ligg. triangulare dextrum et sinistrum, деп белгіленеді. Бауырдың висцералды бетінен таяу ағзаларға байламдар шығады: оң жақ бүйрекке- ligg. hepatorenale, асқазанның кіші иініне- lig. hepatogastricum және он екі елі ішекке-lig. hepatoduodenale.

таҚырабы: бауырдыҢ анатомиясы жӘне топографиясы. балалардаҒы ерекшеліктері. - student2.ru таҚырабы: бауырдыҢ анатомиясы жӘне топографиясы. балалардаҒы ерекшеліктері. - student2.ru Бауыр тікелей көкеттің астында іш қуысының жоғарғы бөлігінің оң жағында орналасқан, сондықтан оның кішкене бөлігі ғана ересек адамда ортаңғы сызықтан сол жаққа қарай өтеді. Бауырда екі бет пен екі жиекті ажыратады. Жоғарғы көкеттік бет, facies diaphragmatica, төменгі висцералды беті, facies visceralis, ажыратады. Жоғарғы және төменгі беттерді үшкір төменгі жиек, margo inferiorбөліп тұрады. Бауырда екі үлесті ажыратады: бауырдың оң үлес, lobus hepatіs dexter, және кішілеу бауырдың сол үлес, lobus hepatіs sinister, бұлар көкеттік бетте бір-бірінен бауырдың орақтәрізді байламымен, lig. falciforme hepatis, бөлінген. Бұл байламның бос жиегінде –бауырдың жұмыр байламы, lig. teres hepatis, жайғасқан, ол кіндіктен бастап созылып, бітіп кеткен кіндік венасы болып табылады. Жұмыр байлам бауырдың төменгі жиегі арқылы иіліп өтіп, тілік түзіп, бауырдың висцералды бетіндегі сол жақ бойлық жүлгегежайғасады, бұл жүлге бауырдың осы бетіндегі оның оң жақ және сол жақ үлестерінің шекарасы болып табылады. Жұмыр байлам осы жүлгенің алдыңғы бөлімін- жұмыр байлам саңылауы, fissurа lig. teretisалып жатады; жүлгенің артқы бөлімінде ұрықтық кезенде жұмыс істеген, бітелген веналық түтік; жүлгенің бұл бөлімі веналық байламның саңылауы, fissurа lig. venosi, деп аталады.

Бауырдың оң жақ үлесі висцералды бетінде екі жүлге арқылы екінші үлестерге бөлінеді. Олардың біреуі сол жақ бойлық жүлгеге параллелді өтеді де, өтқуық, vesica fellea, орналасатын алдыңғы бөлімде- өтқуық шұңқыры, fossa vesicae felleae деп аталады; жүлгенің артқы бөлімінде төменгі қуыс вена, v.cava inferior, жатады да, бұл бөлім- төменгі қуыс вена жүлгесі, sulcus venae cavae деп аталады. Fissurae ligamentі teretis пен fossa vesicae felleae-нің артқы шеттерін қосатын көлденең жүлге бауыр қақпалары, porta hepatis, деп аталады. б деп аталатын біршама енсіз бауыр тіні қылтасымен бөлінген. Олар арқылы a.hepatica және v.portae, нервтер бірге кіріп, лимфа тамырлары мен жалпы бауыр түтігі, ductus hepaticus communis, шығады. Бауырдың оң үлесінің артқы жағынан-бауыр қақпасымен, бүйілерінен-оң жағынан өтқуық шұңқырыжәне сол жағынан жұмыр байлам саңылаумен шектелген бөлігі шаршы үлес, lobus quadratus, деп аталады. Сол жағынан fissurа ligament venosi және оң жағынан sulcus venae cavae шектелген, бауыр қақпасынан артқа қарай құйрықты үлес, lobus caudatus, орналасады.

таҚырабы: бауырдыҢ анатомиясы жӘне топографиясы. балалардаҒы ерекшеліктері. - student2.ru таҚырабы: бауырдыҢ анатомиясы жӘне топографиясы. балалардаҒы ерекшеліктері. - student2.ru Бауырдың сірлі қабығының астында жұқа фиброзды қабық, tunica fibrosa (глиссонова капсула),жатады.Ол бауыр қақпасы аймағында тамырлармен бірге бауырға еніп, бауыр үлесшелерін, lobuli hepatis, қоршайтын жұқа дәнекер тінді қабатшаларға созылады. Бауыр жасушалары үлесшеде табақшалар түрінде топтасады, олар үлесшенің біліктік бөлімінен шетке қарай радиалды орналасады. Үлесшелер ішіндегі бауыр капиллярлары қабырғасында эндотелиоциттерден басқа фагоцитарлық қасиеттері бар жұлдызша жасушалар болады. Үлесшелер қақпа венасының тармақтары болып табылатын улесшеаралық веналармен, v.interlobularis және үлесшеаралық артериялармен, а. іnterlobularis (a.hepatica propria-дан), қоршалған. Бауыр үлесшелерін құрайтын бауыр жасушалары арасымен, олардың екі жасушасының жанасқан беттері аралығында өт түтікшелері, ductuli biliferi, өтеді. Олар бауыр үлесшелерінен шығып үлесшеаралық түтікшелерге, ductuli interlobulares, құяды. Әр бауыр үлесінен шығарушы түтік шығады. Оңжәне сол жақтардағы түтіктердің қосылуынан өтті, bilis, әкететін және бауыр қақпасынан шығатын жалпы бауыр түтігі ductus hepaticus communis, түзіледі.

таҚырабы: бауырдыҢ анатомиясы жӘне топографиясы. балалардаҒы ерекшеліктері. - student2.ru таҚырабы: бауырдыҢ анатомиясы жӘне топографиясы. балалардаҒы ерекшеліктері. - student2.ru Бауырдың қанмен қамтамасыздануының ерекшелігі ол артериялық қанмен қоса веналық қанды да алатындығында. Қақпасы арқылы бауыр затына a.hepatica propria және v.portae енеді. V.portae іш қуысының тақ ағзаларынан әкелген қанмен бауыр қақпасына еніп, үлесшелері арасында орналасқан тармақтарға vv.interlobulares бөлінеді. Бұлармен үлесшелераралық артериялар, aa.interlobulares (a.hepatica propria) және үлесшелераралық түтікшелер, ductuli interlobulares, қосарлана жүреді. Бауыр үлесшелерінің затында артериялармен веналардан капилляр торлары түзіліп, олардан барлық қан орталық веналарға- vv.centrales жиналады. Vv.centrales бауыр үлесшелерінен шығып, жинаушы веналарға құйып, ал олар біртіндеп өзара қосылып, vv.hepaticae-ні түзеді. Vv.hepaticae 3-4 тармақтар түрінде бауырдың артқы бетінен шығып, v.cava inferior-ға құяды. Сөйтіп, бауырда екі веналар жүйесі болады: 1. қақпалық, v.portae тамырларынан түзілген, ол арқылы қан бауыр қақпасы арқылы бауырға ағып келеді және 2. кавалды, қанды бауырдан v.cava inferior-ға әкелетін vv.hepaticae тармақтар құйылыстарының жиынтығы болып табылады (чудесная венозная сеть, rete mirabile venosum).

Бауырдың сегментті құрылысы. Бауыр сегменті- бауыр үштігі(печеночная триада) деп аталатын анатомиялық құрылымға жанасып жатқан оның паренхимасының пирамидалы бөлігі. Үштікті құрайтындар: 2-ретті қақпа венасының тармағы, оған қосарланатын меншікті бауыр артериясының тармағы және бауыр түтігінің сәйкесті тармағы. Бауырда sulcus venae cavae-ден солға, сағат тілі жүрісіне қарсы мынадай сегменттерді ажыратады (классификация по Куино): СI – сол жақ үлестің құйрықты таҚырабы: бауырдыҢ анатомиясы жӘне топографиясы. балалардаҒы ерекшеліктері. - student2.ru сегментті, СII – сол жақ үлестің артқы сегменті, СIII- сол жақ үлестің алдыңғы сегменті, СIV - сол жақ үлестің шаршы сегменті, СV – оң жақ үлестің ортаңғы жоғарғы-алғы сегменті, СVI - оң жақ үлестің латералды төменгі-алдыңғы сегменті, СVII - оң жақ үлестің жоғарғы-артқы сегменті, таҚырабы: бауырдыҢ анатомиясы жӘне топографиясы. балалардаҒы ерекшеліктері. - student2.ru СVIII - оң жақ үлестің ортаңғы жоғарғы-артқы сегменті.

Сегменттер бауыр қақпасының айналасында радиустар бойынша топтасып, бауырдың секторлар деп аталатын ірілеу дербес бөліктеріне кіреді. Осындай 5 секторды ажыратады: 1. Сол жақ латералды сектор СII сегментке сәйкес келеді (моносегментарлы сектор) (левый латеральный сектор); 2. Сол жақтағы орталық жанындағы СIII- СIV сегментерден құралған (левый парамедианный сектор); 3. Оң жақтағы орталық жанындағы сектор СV және СVIII сегменттерден құралады (правый парамедианный сектор). 4. Оң латералды секторға СVI және СVII сегменттер кіреді (правый латеральный сектор). 5. Сол жақ дорсальды сектор СI сегментке сәйкес келеді (моносегментарлы сектор) (левый дорсальный сектор).

ӨТҚУЫҚ (ЖЕЛЧНЫЙ ПУЗЫРЬ), vesica fellea s. biliaris – алмұрт пішіндес. Оның кең шеті - өтқуық түбі, fundus vesicaе fellea, деп аталады. Оған қарама-қарсы тар шеті - өтқуық мойны, collum vesicae felleae, деп аталады; ортаңғы бөлігі - өтқуық денесін, corpus vesicae, түзеді. Мойын, ұзындығы 3,5см қуық түтігіне, ductus cysticus, жалғасады. Ductus cysticus пен ductus hepaticus communis қосылуынан ортақ өт түтігі, ductus choledochus, түзіледі. Ол lig. hepatoduodenale-нің екі жапырақшасының арасында жатады, оның артқы жағында қақпа венасы, сол жағында жалпы бауыр артериясы орналасады; одан кейін ол duodenum-ның жоғарғы бөлігінің артында төмен жүріп, pars descendens duodeni-дің медиалды қабырғасын тесіпөтіп, ұйқыбез түтігімен бірге papilla duodeni major (Фатеров сосочек) тесік арқылы ашылады. Duodenum–ге ductus choledochus-тің құяр жеріндегі, түтік қабырғасының бұлшықеттері қабаты күшейіп, өттің ішек қуысына ағуын реттейтін, жалпы өт түтігінің қысқышын, m. sphincter ductus choledochi (сфинктер Одди), түзеді. Ductus choledochus-тың ұзындығы 8-12 см. Өтқуық тек төменгі бетінде ғана ішастармен жабылған; оның түбі оң жақ m.rectus abdominіs пен қабырғалардың төменгі беті арасындағы бұрышта алдыңғы іш қабырғасына жатады. Сірлі қабықшаның астында жатқан бұлшықет қабаты фиброзды тін косласы бар еріксіз бұлшықет талшықтарынан тұрады. Шырышты қабықша қатпарлар түзеді және онда көптеген шырышты бездер бар. Мойын мен ductus cysticus-те спиралды орналасқан иірімді қатпар, plica spiralis болады.

таҚырабы: бауырдыҢ анатомиясы жӘне топографиясы. балалардаҒы ерекшеліктері. - student2.ru Өт бауырда тәулік бойы түзіліп, ал ішекке керегіне қарай келіп тұратындықтан, өттісақтайтыныдыс қажет болады. Осындай ыдыс өтқуық болып табылады. Бауырдатүзілетін өт одан жалпы бауыр түтігі, ductus hepaticus communis, арқылы шығады. Керек болғанжағдайда ол ductus choledochus арқылы бірден он екі елі ішекке келеді. Егер ондай қажеттілік болмаса, онда ductus choledochus пен оның қысқышы жиырылғанқуй де болады да, өтті ішекке жібермейді, сол себепті өт ductus cysticus-ке бағытталып өтқуыққа ағады, бұл үрдісті иірімді қатпар, plica spiralis, құрылыс ерекшелігі қамтамасыз етеді.

Наши рекомендации