Медициналық ақпараттық жүйелердің территориялық деңгейі
Медициналық ақпарттық жүйелердің территориялық деңгейі -кәсіби медициналық қызметтердің , емханалардың, жедел жәрдемнің территориялық деңгейде басқаруға арналған программалық жиынтық.
Территориялық деңгейдегі ақпаратық жүйелер:
1) Денсаулық сақтау ұйымының ақпараттыұ жүйелері
2) Медициналық қызметтегі жұмысшыларға медико-техникалық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық жүйе
3) Аймақтық деңгейдегі біріңғай ақпаратық денсаулық сақтау кеңістігін қамтамасыз ететін компьютерлік телекоммуникациялық медициналық торап.
Қазіргі замандағы Қазақстан Республикасының саясаты денсаулық сақтау жүйесінің талабына сәйкес жаңа технологияларды, бүгінгі күнгі емдеу әдістемелері мен медициналық қызмет көрсетуді халықаралық стандартқа жүйелі түрде көшіру болып табылады. Мемлекет осы бүкіл жұмыстарды жүзеге асыру үшін барлық қажетті базалық шарттарды құрды.
Ақпараттық процестер барлық медицина мен денсаулық сақтау салаларында дамыған.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің барлық салаларының функциялау нақтылығы оларды тиімді басқару мен медицинадағы ақпараттық ағымдардың жинақталуына байланысты. Осы ақпараттық ағымдармен жұмыс істеу үшін медициналық ақпараттық жүйелер тағайындалған.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында №543 бұйрық бойынша медициналық ақпараттық ағымдарды тиімді қолдану мен жинақтау үшін 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап «ААЖ поликлиника», «ААЖ стационар», «066 формасы» мен «Dn stat» медициналық автоматты ақпараттық жүйелері (ААЖ) енгізілді.
«ААЖ- стационар» бағдарламалық кешені стационарда және стационар сияқты мекемелерде емделген науқастар туралы жедел ақпарат алу мен мониторинг процестерін автоматтандыруға арналған. «ААЖ» бағдарламалық кешені екі бөлімнен: стационардың медициналық статистикасы мен қабылдау бөлімінің статистикасынан тұрады.
Бағдарламалық модуль мәселені шешуде ақпарат жиынын болжайтын жүйелік көзқарас пен кешенді принципта құрылған, ол аудандық ұйымдардан бастап денсаулық сақтау басқару органдарына дейінгі барлық негізгі жүйелердегі субъектің ақпараттық, өзара ғрекеттестік координатасын бақылайды және жоспарлайды.
Бағдарламалық модуль мәселені шешуде жүйелік кешенді принципта құрылған, ақпараттың жинақталуын болжайды сараптамасы барлық негізгі денсаулық сақтау жүйесінің деңгейлерінде аудандық ұйымдардан бастап денсаулық сақтау басқару мекемелеріне дейін жоспарланған.
«ААЖ- стационар» бағдарламасының міндеті:
- Емделген науқастың төл құжаты бойынша 066/у статистикалық картаға мғліметті енгізу және өндеу
- Анықтамаларды редактрлеу және қарап шығу
- Ішкі аудит үшін есептік құжаттар мен тіркелген статистикалық ақпарат құру
- Стационарда емделген науқастардың жалпы базасын құру.
«Стационардың медициналық статистикасы» бағдарламалық кешені стационарда емделген науқастың стационарлық картасын (ф.66/у -99) автоматты түрде енгізуге, өндеуге, медициналық ұйымдардың есептік – тіркелу құжаттарын алуға және сақтауға арналған.
«Стационардың медициналық статистика» бағдарламаларының міндеттері:
- Төл құжат бойынша ақпаратты енгізу және өндеу (емделген науқастың статистикалық картасы).
- Стационар бойынша ай сайындық, жылдық, кварталдық есептік формаларын құру.
«Қабылдау бөлімдегі стационардың медициналық статистикасы» бағдарламалық кешені стационарда емделген науқастың стационарлық картасын (ф.66/у -99) , стационарлық науқастың медициналық картасын (№ 003/у формасы) автоматты түрде енгізуге, өндеуге, медициналық ұйымдардың есептік – тіркелу құжаттарын алуға және сақтауға арналған.
«Қабылдау бөлімдегі стационардың медициналық статистикасы» бағдарламасының міндеттері:
- Төл құжат бойынша ақпаратты енгізу және өндеу (емделген науқастың статистикалық картасы және стационарлық науқастың медициналық картасы), емделген науқастардың мәліметтер базасын құру.
- Қабылданған және емделген науқастардың күн сайындық пен айлық есептерін құру.
- Кез келген мерзім бойынша қабылдау бөлімінің есептік формаларын құру.
Осы бағдарламалық кешен Visual Foxpro 5.0 жазылған және Windows 95 және одан бертінгі нұсқалары орнатылған IBM PC типті дербес компьютерлерде жұмыс істейді.
Елбасының халыққа жолдауы, «Қазақстан – 2030 стратегиясы», Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалау Мемлекеттік Бағдарламасы мен Елбасының ақпараттандыру бағдарламасына сүйене отырып информатика сабақтарында осы бағдарламалармен білім алушыларды оқытуды жөн көрдік. Себебі медициналық мамандарды дайындауда білім алушылардың біліктілік сапасын жоғарылатуға, мәселені шешуге, өз ісінің шебері болуға, клиникалық тұрғыдан ой – санасын дамыту мен пғннің клиникалық тұрғыда бағытталуы қажет.
Білім алушыларға осы бағдарламаларды тез меңгеруге, тиімді және көрікті болу үшін CamStudio бағдарламасында жасалған видео – фильм ұсындық.
CamStudio –да жасалған бағдарламасының жаңашылдығы білім алушылардың клиникалық ой-санасын мен іскерлік қабілетін дамыту, жаңа медициналық технологиялармен жұмыс істеуді үйрету, клиникалық бағыттағы оқу – зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін арналған.
Бұл жұмыстардың міндеті білім алушыларды біріккен элементтердің бөлігін іздеуге және оларды жинақтауға, теориялық қорытындысын шығаруға үйрету, сонымен қатар жоғары курста оқитын хирургия, ішкі аурулар, акушерства, мейірбике ісі, терапия, педиатрия клиникалық пғндердегі арнайы медициналық терминдермен жұмыс істеу кішігірім мғліметтер қоры бола алады.
Қорытынды:
Қазіргі таңда медицинаның күрт дамуына байланысты кездесетін шешімі қиын мәселелер саныда арта түсуде. Әрине бұл жолда компьютерлік ақпарат және компьютерлік техника осы мәселелерді шешуді жеңілдету үстінде. Компьютерлік технологиялардың дамуы түрлерінің көптігі қызметтік дәрежелерінің жоғарылауы медицинада сенімділікті арттырадды. Дәрігерлерге , медициналық қызметшілерге жеңісті нәтижеге жету үшін медициналық компьютерлік ақпараттық жүйені ұтымды және кеңінен қолдану керек. Медициналық ақпарттық жүйелердің территориялық деңгейі -кәсіби медициналық қызметтердің , емханалардың, жедел жәрдемнің территориялық деңгейде басқаруға арналған программалық жиынтығы болып табылды. Базалық деңгейдегі ақпараттық жүйе. Оның түрлері, мүмкіншіліктері, жетістіктері, кемшіліктері туралы сөз қозғалды. Базалық деңгейдегі ақпараттық жүйелер медицинаның барлық саласында кеңінен қолданылу жолында. Бұл тек дәрігерлерге ауруды анықтап қана қоймай диагнозын емдеу шараларын да жоспарлауға зор мүмкіншілік тудырып отыр. Осының арқасында дәрігерлердің біліктілігін арттырып жұмысын жеңілдетуде.