Хәлі нашар аурудың (әйел) жыныс мүшелерін жуу
Мақсаты: Жыныс мүшелерін тазалықта ұстау,зәр шығару жолдарының жұқаларын алдын алу,пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау.
Көрсеткіші:Ауыр жағдайдағы пациент
Жабдықтау:Құмыра немесе Эсмарх кружкасындағы жылы
(t-37,-38) ертінді,перманганат калий ерітіндісі 1:5000, фурацилин ерітіндісі немесе су, корнцанг, залалсыздандырылған дәке, клеенка, судно, резеңке қолғап, дез ерітіндісі бар ыдыс, ҚАК.
Іс-әрекет алгоритмы:
1. Пациентке процедура барысын түсіндіру, келісімін алу.
2. Пациентті пердемен қоршау.
3. Пациенттің жамбасының астына кленка, жөргек салу. Судно беру.
4. Пациентті арқасымен жатқызып, тізесін бүгіп, екі жаққа ашу.
5. Құмыраны немесе Эсмарх кружкасын жылы сумен дайындау.
6. Қолды гигиеналық деңгейде жуу, алжапқыш,резеңке қолғап кию.
7. Пациенттің оң жағына тұрып, құмыраны немесе Эсмарх кружкасын ұстау. Ал сол жақ қолмен дәкесі бар корцангты алып, жылы суды сыртқы жыныс органдарына құйып, дәкемен жоғарыдан төмен өңдеу.
Сыртқы жыныс органдарын келесі ізділікпен:
*жыныс мүшесінің маңайын
*қасаға шет аралығы
*үлкен жыныс ернін
*кіші жыныс ернін
*тік ішек айналымын жоғары төмен дәкемен сүртіп,әр қимылдан кейін дәкені ауыстырып отыру.
8. Құрғақ дәкемен сыртқы жыныс органдарын сүртіп кептіру.
9.Шап қыртыстарын және тік ішек аймағын вазелин майымен жағу, қызарудың алдын алу.
10. Судно мен клеенканы алып тастау. Қолғапты шешу.
11. Қолданған дәкелерді, қолғапты ҚАК- ге салу. Корцангты дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа салу.
12. Пациенттің көрпесін жауып, ыңғайлы жағдай жасау.
13. Қолды жуып кептіру.
Ер адамдардың жыныс мүшелерін жуу
Мақсаты: жыныс органдарын таза ұстау. Зәр шығару жолдарының инфекцияларынын алдын алуы.
Көрсеткіші: Ауыр жағдайдағы пациент
Жабдықтау: Залалсыздандырылған лоток, Құмыра немесе Эсмарх кружкасындағы жылы (t-37,-38) ертінді,перманганат калий ертіндісі 1:5000, фурацилин ертіндісі немесе су, корцанг, залалсыздандырылған дәке, кленка, судно, резеңке қолғап, дез ерітіндісі бар ыдыс, ҚАК.
Іс-әрекет алгоритмы:
1. Пациентпен сенімділік қарым қатынас жасау.
2. Қолды гигеналық деңгейде жуу, резеңке қолғап кию.
3. Кленка,жөргек салу. Аяқ ортасына судно қою.
4. Пациент тізесін бүгіп аяғын ашу.
5. Пациенттің оң жағына тұру.
6. Дәкені жылы суға салып сығу.
7. Бір қолмен жыныс мүшесін алу
8. Жыныс мүшесінің басын айнымалы қозғалыспен зәр шығару каналынан қасасағаға дейін, дәкені ауыстыра отырып сүрту.
9. Шетке ығыстырылған мүшені қалпына келтіру.
10. Тік ішек аймағын өңдеп шайып, жыныс мүшесін жуып құрғату.
11. Залалсыздандыру үшін судно,кленка, пеленка, алып тасатау. Дәке қолғапты ҚАК салу.
12. Пациентті төсекке ыңғайлап жатқызу, көрпесін жабу.
13. Қол жуу, құрғату.
14. Пердені алып тастау.
Суднаны беру
Мақсаты: Пациенттің зәр мен нәжісінің өтуін қамтамасыз ету.
Көрсеткіштері: Қатаң төсек және төсек режиміндегі пациенттердің ішек және қуық жолдарын босату үшін қолданылады.
Жабдықтау: Залалсыздандырылған судно, клеенка, жөргек, резеңке қолғап, су, дәретхана қағазы, дезинфекциялық.ертіндісі бар ыдыс, ҚАК.
Іс – әрекет алгоритмі:
1. Пациентке жұмыс барысы мен мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
2. Судноға аздап су қалдырып, оны жылы сумен шаю.
3. Пациентті пердемен айналадағы адамдардан қоршау. Көрпесін алып тастау немесе беліне дейін көтеріп қою. Пациенттің астына кленка және оның үстіне жөргек салу.
4. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеп, резенке қолғапты киіңіз.
5. Пациентті бір жақ қырына жатқызып, тізесін сәл бүгіп, жыныс мүшесінің арасын ашыңыз.
6. Сол қолды сегіз көзге қарай салып пациентке жамбасын көтеруге көмектесіңіз
7. Шат аралығы судноның тесігіне дәл келетіндей етіп судноны жамбастың астына салыңыз және клеенка мен жөргекті белге қарай жылжытыңыз.
8. Пациентке көрпе немесе жайма жауып оны жалғыз қалдырыңыз.
9. Пациент дәретке отырғаннан кейін оны сәл бұрып оң қолмен судноны алып тастаңыз.
10. Тік ішек аймағын дәретхана қағазымен сүртіп қағазды судноға тыстаңыз. Қажет болған жағдайда жыныс оргондарын жуып құрғатыңыз.
11. Судноны, клеенканы, жөргекті және пердені алып тастаңыз. Қажет болған жағдайда ауыстырыңыз.
12. Пациентті ыңғайлы жатқызып , көрпесін жабыңыз.
13. Судноны бетін жөргекпен немесе келеенкамен жауып дәретханаға алып кетіңіз
14. Суднодағы қалдықтарды унитазға төгіп, ыстық сумен шайыңыз.
15. Судноны дез.ертіндісі бар ыдысқа салып, резеңке қолғапты ҚАК- ге тастаңыз.
16. Қолды жуып, құрғатыңыз.