А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі

Сайт- vmede.org

· Тіс сауытының бұрыш белгісі көбінесе алдыңғы топтағы тістерге тән: тіс сауытының алдыңғы беті тістеу қырымен тік немесе сүйірлеу бұрыш, ал бүйір беті доғал бұрыш жасай қосылады (Б-cурет) .

· Түбір белгісі барлық тістерге тән: алдыңғы тістердің түбірлері олардың тік осінен көбіне бүйір бағытта, ал кіші және үлкен азу тістердің түбірлері артқа қарай иілген (В-сурет).

Тұрақты тістер

А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru

Күрек тістер (резцы – dentes incisivi). Жоғарғы жақ орталық күрек тістерінің пішіндері жиегі тегіс күрекке немесе қашауға (долото) ұқсас және осы топтағы тістердің ең ірісі болып табылады. Ерін және таңдай жақ беттері бір-бірімен қиылысып, тар тістеу қырын құрайды. Жаңа шыққан тұрақты тістердің тістеу қырлары өткір және онда 3 бұдырмақ орналасқан (3-сурет).

3-сурет. Жоғарғы жақтың ортаңғы күрек тіс. 1- вестибулярлы беті. 2-таңдай беті. 3-медиальді беті. 4-дистальді беті. 5-окклюзиялық беті. Сайт-vmede.org    
 
Жүре келе тағамды тістеп үзу әсерінен олар біртіндеп қажалып, жойылады. Ерін жақ беттері азғана дөңестеу және онда сауыттың орта бөлігінен басталып тістеу қырында аяқталатын көп байқала бермейтін аса терең емес екі-үш сай орналасады. Таңдай беті ойық және үшбұрышқа ұқсас. Үшбұрыштың бүйір қабырғалары білікке ұқсас, таңдайға қарай көтеріңкі орналасады және тістің мойын бөлігінде бірігіп барып төмпешік құрайды. Ол төмпешік «тіс төмпешігі» (зубной бугорок) деп аталады. Әр адамның тістерінде бұл төмпешіктердің көлемі де әр түрлі. Егер төмпешік ірілеу және биік болса, біліктер қосылған аймақта терең ойық немесе шұңқыр (ямка) пайда болады.

Түбірі конус пішіндес, ерін жақ беті таңдай бетінен кеңдеу, көлденең кесіндісі үшбұрышқа ұқсайды. Алдыңғы және бүйір беттерінде аса терең емес сайлар орналасқан. Тіс сауытының дөңестік және бұрыш белгілері жақсы дамыған. Түбір белгісі аса тұрақты емес, (бірде оң, бірде теріс), тіс түбірі көбіне артқы және бүйір бағытта иіледі.

4-сурет. Жоғарғы жақ бүйір күрек тіс. 1-вестибулярлы беті. 2-таңдай беті. 3-медиальді беті.4-дистальді беті. 5-окклюзияялық беті. 6-орталық және бүйір күрек тістердің сауыт мөлшері бойынша айырмашылығы. Сайт-vmede.org
А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru Бүйір күрек тістер (4-сурет) орталық күрек тістерден кішілеу, ерін беті дөңес, сауытының алдыңғы бұрышы доғалданған тік бұрышқа ұқсас, ал бүйір бұрышы анық доғал бұрышқа тең. Таңдай жақ беті ойық және үшбұрышқа ұқсас, оның екі бүйір қабырғасы білікке ұқсап қалыңдаған және тістің мойын бөлігінде бірігіп, биіктеу төмпешік құрайды. Төмпешіктің ылдиында терең шұңқыр орналасқан, оны «тұйық тесік» (слепое отверстие –fоvea caеcum) деп атайды. Түбірі екі жағынан (алдыңғы және бүйір жағынан) қысыңқы келеді және беттерінде аса терең емес сайлар кездеседі, көлденең кесіндісінде сопақ пішінді. Тістердің «сауыт дөңестігі мен бұрыш белгілері» жақсы, ал түбір белгіcі нашар дамыған.

А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru

5-Сурет Астыңғы жақ күрек тіс. 1) ерін жақ беті.2) тіл жақ беті.3-4) жанасу беттері. 5) окклюзиялық беті. Сайт-vmede.org
Төменгі жақ күрек тістер: тіс қатарында көлемі жағынан жоғарғы күрек тістерден кішілеу. Сауыттары тік бағытта созылған, ерін жақ беттері аз ғана дөңес, таңдай беттері тік бағытта ойыс, жоғарғы тістердегідей бүйір біліктері болмағандықтан «тіс төмпешігі» жоқ. Бүйір күрек тістердің сауыттары орталық күрек тістердікіне қарағанда көлемдірек және мойын бөлігінен тістеу қырына қарай кеңейіп отырады. Түбірлері жіңішке, екі жағынан (алдыңғы және бүйір бағытта) қысылған, беттерінде сайлары бар. Түбірдің бүйір бетіндегі сайы тереңірек. Тістерде сауыт бұрышы белгілері нашар дамыған.

Жоғарғы және төменгі жақ күрек тістердің қуыстары ерін, тіл және екі бүйір қабырғалар арқылы құрылған, пішіні үшбұрышқа, төбесі саңлауға ұқсас. Жоғарғы орталық күрек тістер қуысының төбесінде үш дөңесі бар (тістеу қырындағы төмпешіктерге сай), онда ұлпа мүйізшелері орналасқан. Сауыт қуысының ең кең бөлігі тістердің мойын бөлігінде байқалады және ол біртіндеп тарылып барып түбір өзегіне ауысады. Жоғарғы орталық күрек тістердің өзектері өте кең, бүйір тістердікі тарлау, себебі екі жағынан қысылған, бірақ жақсы өтеді және кеңейтуге қолайлы. Кейбір жағдайларда өзектер түбір ұшында бір тесікпен бітпейтін қосымша тармақтарға бөлінуі мүмкін. Төменгі күрек тістердің өзектері тар (түбірлері екі жағынан қысыңқы болғандықтан) және төменгі бөлігінде екіге тармақтанып барып түбір ұшына жақын қайта бірігеді.

А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru

6- cурет. Жоғарғы жақ сүйір тіс. 1) ұрт жақ беті. 2) таңдай жақ беті. 3-4) жанасу беттері. 5) тістеу төмпешігі. Сайт-vmede.org  
Сүйір тістер (клыки – dentes canini) (6-сурет), жоғарғы сүйір тістердің пішіні конусқа ұқсас, алдыңғы топтағы тістердің ішінде ең жақсы дамыған тістер. Тістеу қырлары күрек тістердікіндей тегіс емес бір-бірімен бұрыш жасап бірігетін екі түзуден тұрады және оның алдыңғы бөлігі қысқалау. Олардың қиылысқан жерінде жақсы дамыған тістеу төмпешігі бар. Ерін жақ беті дөңес, жіңішкелеу білікпен екіге (екі фасеткаға) бөлінеді. Алдыңғы фасеткасы кішілеу, ал бүйір фасеткасының көлемі үлкен. Тіл жақ беті дөңес және тік білікпен екіге бөлінген. Біліктің екі жағында да ойықтар, кейде шұңқырлар орналасқан. Мойын аймағында білік үлкейіп жақсы дамыған «тіс төмпешігіне» айналады. Жанасу беттері үшбұрышқа ұқсас. Үшбұрыштың тістеу қырымен біріккен шың аймағы дөңес. Түбірі де жақсы дамыған конусқа ұқсас, екі жағынан қысылған, беттерінде сайлары бар, бүйір беті дөңестеу. Түбір ұшы иілген. Сауыттың «бұрыш және дөңестік белгілері» жақсы дамыған

А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru

7-сурет Төменгі жақ сүйір тіс.1) ерін жақ беті. 2) тіл жақ беті 3-4) жанасу беттері. 5-тістеу төмпешігі. Сайт-vmede.org
Төменгі жақ сүйір тістер. Пішіндері жағынан жоғарғы аттас тістерге ұқсас, бірақ тіс қатарында көлемдері кішілеу. Ерін жақ беті дөңес болғанмен тік білік нашар дамыған, сондықтан сауыттың ұрт беті анық екіге бөлінбеген. Тіл жақ беті ойыс, «тіс төмпешігі» анық көрінеді. Сауыттың ерін және бүйір беттерінің биіктігі тіл және алдыңғы беттерінің биіктігінен ұзындау. Түбірі жақсы дамыған, екі жағынан қысыңқы, беттеріндегі сайлары анық. Тіс қуыстары кең, ұршық пішіндес, төбесі дөңес, біртіндеп тарылып барып кең әрі жақсы өтетін өзекке ауысады. Төменгі сүйір тісте кейде екі өзек (ерін және тіл жақ өзектері) болады.

8-сурет Үстіңгі жақ кіші азу тістер. 1. Бірінші кіші азу тіс. 2.Екінші кіші азу тіс. Сайт-vmede.org
А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru Үстіңгі жақ кіші азу тістер немесе қос төмпешікті тістер (малые коренные зубы, премоляры – dentes premolares, dentes bicuspidati). Бірінші жоғарғы кіші азу тістің пішіні аздап төртбұрышқа, таңдай жақ беті ұрт бетіне қарағанда кішілеу, сауытының ұрт-таңдай бағытындағы диаметрі ұзындау (8-сурет). Ұрт жақ беті дөңестеу, аздап сүйір тістің ерін бетіне ұқсас келеді, сауытының дөңестік белгісі жақсы дамыған, бірақ кейде керісінше болуы мүмкін, артқы бөлігі дөң естеу, алдыңғы бөлігі жазықтау. Ұрт беті жанасу беттеріне доғал бұрыш жасай ауысады. Жанасу беттері төртбұрыш пішінді, дөңес болып келеді, артқы беті алдыңғы бетіне қарағанда аздап дөңестеу және таңдай бетіне біртіндеп ешқандай бұрыш жасамай ауысады. Шайнау бетінде екі төмпешігі (ұрт және таңдай) бар, ұрт төмпешігі үлкендеу, бірақ биіктіктері бірдей. Екі төмпешіктің арасын алдан артқа созылған жүлге (фиccура) бөліп жатады және оның екі ұшы көлденең сайлармен аяқталады. Мұның өзі шайнау бетінің алдыңғы және артқы жақ жиектерінің білікпен шектелуін қамтамасыз етеді. Түбірі мойын бөлігіне жақын алдан артқа қарай қысылған және екі жақ бетінде де терең сайлары бар. Тісте екі түбір бар: түбірдің екіге бөлінуі біраз жағдайда мойын бөлігіне жақын, кейде түбірдің орта бөлігінде немесе түбір ұшына жақын байқалады. Тістің оң және сол жаққа тәндік барлық белгілері жақсы дамыған.

Жоғарғы екінші кіші азу тіс пішіні жағынан бірінші кіші азу тіске ұқсас, тіс қатарында көлемі аздап кішілеу. Ұрт беті дөңестеу, шамалы байқалатын тік орналасқан білігі бар. Жанасу беттері дөңес, артқы бетінің дөңестігі өте айқын. Ұрт және таңдай беттері бірінші кіші азу тіспен салыстырғанда кішілеу. Шайнау бетінде тепе-тең орналасқан екі төмпешігі бар. Түбірі конусқа ұқсас және біреу, алдыңғы және артқы бағытта қысыңқы, сирек жағдайда түбірі екіге айырылған. Жоғарғы кіші азу тістердің сауыт қуыстары жіңішке құмсағатқа ұқсас, ортадағы тарылған бөілігі құмсағаттікінен кеңдеу және алдыңғы және артқы бағытта қысыңқы. Төбесінде шайнау төмпешіктеріне сай екі шығыңқы (шайнау бетіне қарай) аймағы бар (оларда ұлпа мүйізшелері орналасады), сауыт қуысының ең кең бөлігі тістің мойын тұсына сай келеді. Қуыс қабырғаларының аттары тіс беттерінің аттарымен аталады. Жоғарғы бірінші кіші азу тістің сауыт қуысында табан (дно) болады және ол ерге ұқсас келеді, оның ұрт және таңдай жақ жиегінде екі түбір өзектерінің (ұрт және таңдай өзектерінің) саңылауға ұқсас кіреберісі (устья) орналасқан. Жас адамдарда екі өзектеріде жақсы өтеді, жас ұлғайған сайын екіншілік дентиннің құрылуына байланысты біртіндеп тарылып өтпейтін бола береді. Жоғарғы екінші кіші азу тісте сирек жағдайда екі түбір болады және сауыт қуысының табаны болады, ал көбінесе табансыз сауыт қуысы біртіндеп тарылып үрмеге ұқсас өзек аузына айналып түбір өзегіне жалғасады. Сауыт қуысының таңдай-ұрт бағыттағы өлшемі алды-арт бағытындағы мөлшерінен үлкен болады. Түбір өзегі 35% жағдайда екеу болуы мүмкін, бұл кезде олардың ауыздары қуыстың таңдай және ұрт қабырғаларына жақын орналасады.

9-Сурет. Төменгі жақ кіші азу тістер. 1) ерін жақ беті.2) тіл жақ беті. 3-4) жанасу беті. 5) шайнау беті. Сайт-vmede.org
А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru Төменгі бірінші кіші азу тістер. Олардың көлемі жоғарғы кіші азу тістерге қарағанда кішілеу, сауыттарының шайнау беттері домалақ пішінді, екі төмпешік орналасқан, ұрт төмпешігі тіл төмпешігінен үлкен және биік. Олардың арасында тіл төмпешігіне жақын орналасқан жіңішке сай бар, бір-бірімен алдыңғы және артқы беттерінде кіреуке білігі арқылы қосылады. Кейде ұрт төмпешігінің ортасынан тіл төмпешігіне қарай кіреуке біліг өтеді де оның жан-жағында екі шұңқыр немесе ойық орналасады. Ұрт беті дөңестеу және кеңдеу, сауыттың «дөңестік белгісі» жақсы дамыған. Жанасу беттері де дөңес, біртіндеп тіл бетіне ауысады. Түбірі сопақ пішінді, алдыңғы және артқы беттерінде шамалы сайлары да болуы мүмкін. Кейде тіс сауыты түбіріне доғал бұрыш жасай аздап тіл жаққа қарай иілуі де мүмкін. Тістің «түбір белгісі» жақсы дамыған.

Төменгі екінші кіші азу тіс. Көлемі тіс қатарында бірінші кіші азу тістен үлкендеу. Шайнау бетінде бірдей дамыған екі төмпешігі бар; бір-бірімен кіреуке біліктері арқылы қосылған, араларында терең сай орналасқан. Көбіне одан тілге қарай қосымша сай басталып, тіл төмпешігін екіге бөледі. Сондықтан оның шайнау беті үш төмпешікті бетке ұқсап қалады. Ұрт беті бірінші кіші азу тістікіндей, ал жанасу беттері онікінен кеңдеу және дөңес, біртіндеп тіл бетіне ауысады. Тіл беті де бірінші кіші азу тістікінен үлкендеу. Түбірі конус пішіндес және жақсы дамыған.

Төменгі кіші азу тістердің сауыт қуыстары домалақ немесе сопақ пішіндес, алдан артқа қарай қысылған, біртіндеп тарылып барып түбір өзегіне ауысады. Өзектің аузы үрмеге (воронкаға) ұқсас. Түбір өзектері жақсы өтеді, екінші кіші азу тістің өзегі түбір ұшында екіге ажырауы мүмкін.

А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru Үлкен азу тістер немесе көп төмпешікті тістер (большие коренные зубы, многобугорковые зубы – dentеs molares, s. dentеs multicuspidati). Жоғарғы бірінші үлкен азу тістің көлемі үлкен, шайнау беті ромбыға ұқсас, төрт төмпешігі бар, бірі-бірінен сайлар арқылы бөлінген (10-сурет). Сайдың біреуі сауыттың алдыңғы бөлігінен басталып, шайнау бетін басып өтіп, ұрт бетіне ауысып, тістің мойын бөлігіне дейін созылады. Ол арқылы алдыңғы ұрт төмпешігі бөлінеді. Екінші сай сауыттың артқы бетінен басталып, шайнау бетінен өтіп, таңдай бетіне ауысып, сауыттың экваторы деңгейінде аса терең емес ойықпен бітеді және ол арқылы артқы тіл төмпешігіне бөлінеді. Үшінші сай шайнау бетінің ортасында алдыңғы екі сайды қосып, «н» әрпін жасай орналасады және ол арқылы алдыңғы таңдай, артқы ұрт төмпешіктері бөлінеді. Ұрт төмпешіктері конусқа ұқсас, тіл төмпешіктері доғалдау. Алдыңғы төмпешіктері артқыларына қарағанда ірілеу. Ұрт жақ беті дөңес, сай арқылы екіге бөлінген, сауыттың «дөңестік белгісі» жақсы дамыған. Артқы беті алдыңғыға қарағанда дөңес және кеңдеу. Таңдай жақ бетінің дөңестігі өте жақсы білінеді және терең саймен екіге бөлінген. Көпшілік жағдайда алдыңғы таңдай төмпешігінде қосымша немесе аномалиялық Карабелли төмпешігі (аномалийный бугорок Карабелли – tuberculum Corabelli) орналасқан. Оның көлемі кейде көлемді, кейде шағындау болады және шайнау бетінен төмен орналасады. Тісте үш түбір бар: таңдай түбірі жақсы дамыған конусқа ұқсайды, екі ұрт түбірі – алдыңғы және артқы (соңғысы нашар дамыған), екеуі де де алдан артқа қарай қысылған. Түбірлері көбіне бір-бірінен алшақтай орналасқан (имеет тенденцию к расхождению) және «түбір белгілері» жақсы дамыған.

Жоғарғы екінші үлкен азу тістің сауытының пішіні әртүрлі болып келеді және 4 түрлі ерекшелікпен кездеседі:

· сауыттың пішіні бірінші азу тістің сауытына ұқсас келеді, бірақ тіс қатарындағы көлемі кішілеу және қосымша төмпешігі болмайды;

· сауыты таңдайдан ұртқа қарай созыла орналасқан ромбыға ұқсас, алдыңғы таңдай және артқы ұрт төмпешіктері бір-біріне жақындау орналасқан, арасындағы сайлар аса терең емес;

· шайнау бетінде үш төмпешігі бар, олар таңдайдан ұртқа қарай бір бағытта тіс сауытын соза орналасқан және бір-бірінен аса терең емес сайлармен бөлінген;

· тіс сауыты үшбұрышты, шайнау бетінде үш төмпешігі бар – бір таңдай және екі ұрт төмпешіктеріне бөлінеді. Тіс сауыттарының бірінші және төртінші пішіндегілері жиі кездеседі. Тісте кішілеу үш түбір бар (бірінші үлкен азу тіске ұқсас), бірақ ұрт түбірлері бір біріне жақын орналасады. Кейде екі ұрт түбірлерінің, сирек жағдайларда үш түбірдің де бірігіп кетуі орын алады.

Жоғарғы үшінші үлкен азу тістің пішіні және көлемі де әртүрлі болады. Кейде бірінші немесе екінші азу тіске ұқсас, кейде конус пішіндес болып келеді. Шайнау бетінде 3 немесе 4, кейде 5-6 төмпешіктер орналасады. Түбірлерінің пішіндері мен сандары да әртүрлі болады. Тіс қуыстары көбінесе төртбұрышты, ал екінші азу тісте үшбұрышты болуы да мүмкін. Сауыт қуыстары таңдайдан ұртқа қарай созылған, алдыңғы және артқы бағытта аздап қысылған, төбесі тістердің мойын деңгейінде орналасқан және төмпешіктер санына сай ұлпа мүйізшелері орналасатын шығыңқы аймақтары бар. Үш өзек аузы теңқабырғалы емес үшбұрыш жасай орналасады. Таңдай жақтағы сүйір бұрышқа үрмеге ұқсас таңдай өзегінің аузы, екінші сүйір бұрышта саңылауға ұқсас алдыңғы ұрт өзегінің аузы, ал доғал бұрышта артқы ұрт өзегінің аузы орналасады. Екінші үлкен азу тістің түбір өзектері аузы тең қабырғалы үшбұрыш жасай, кейде бір түзудің бойында, кейде екі ұрт өзектері бір-біріне өте жақын орналасуы да мүмкін. Таңдай өзектері кең және жақсы өтеді, ұрт өзектері өте тар, ал артқы ұрт өзегі кейде екіге тармақталуы мүмкін. Сауыт қуыстары көбінесе тістің алдыңғы жақ бетіне жақын орналасқан.

11-сурет. Төменгі жақ үлкен азу тістер. Сайт-vmede.org
А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru А. Дөңестік белгі Б. Бұрыштық белгі В. Түбір белгісі - student2.ru Төменгі бірінші үлкен азу тіс – осы топтағы тістердің ішіндегі ең ірісі (11-сурет). Сауыты алдан артқа қарай созылған төртбұрышқа ұқсас болады. Шайнау бетінде екі сай бар: біріншісі ұзын, алдан артқа қарай созылған және тек шайнау бетінде орналасқан; екіншісі көлденең, ұрт бетінен басталып, шайнау бетін кесіп өтіп, тіл жақ бетіне ауысады. Шайнау бетінің артқы бөлігінде көлденең сайдан басталатын қосымша шағын сай бар. Олардың осылай орналасуы шайнау бетінде 5 төмпешіктің (3 ұрт және 2 тіл төмпешіктері) қалыптасуын қамтамасыз еткен. Үшінші артқы ұрт төмпешігі сауыттың артқы бетіне ауыса орналасқан және ең кіші төмпешік. Ұрт жақ беті дөңес, екі саймен бөлінген, сауыттың «дөңестік белгісі» жақсы дамыған. Жанасу беттері төртбұрышты, артқы беті алдыңғы бетіне қарағанда тарлау және дөңестеу. Тіл жақ беті де дөңестеу, ұрт бетінің көлемінен кішілеу. Тіс сауыты аздап тілге қарай иілген. Тістің екі түбірі бар (алдыңғы және артқы), олар алдан артқа қарай қысылған, ұрт-тіл бағытындағы өлшемі ұзын. Түбірлердің беттерінде аса терең емес сайлары бар. Тістің сауыт және «түбір белгілері» жақсы дамыған.

Төменгі екінші үлкен азу тіс бірінші үлкен азу тіске қарағанда кішілеу (тіс қатарында)және пішіні кубқа ұқсас. Шайнау бетінде төрт төмпешігі бар, олар қосу белгісіне (+) ұқсас сайлар арқылы бөлінген. Көпшілік жағдайда шайнау бетіндегі көлденең сай тістің ұрт жақ бетіне ауысып, оны екіге бөліп, сауыттың экватор деңгейінде әртүрлі тереңдікте ойықпен аяқталады. Тістің екі түбірі бар (қатар орналасқан алдыңғы және артқы түбірлер), сирек жағдайда олар бірігіп барып бір түбірге айналып кетеді. Төменгі екінші азу тіс бір түбірлі болатын жағдайлар да кездеседі. Тістің «сауыт және түбір белгілері» жақсы дамыған.

Төменгі үшінші үлкен азу тістің пішіні әр түрлі болады (-сурет). Бір жағдайда бірінші үлкен азу тіске, кейде екінші азу тіске ұқсас, шайнау беттерінде төмпешіктер саны 4-7 болуы мүмкін. Түбірлері көбіне екеу және арт жаққа қатты иілген, кейде олар бірігіп бір түбір құрауы мүмкін. Сирек жағдайда онша жақсы дамымаған бірнеше түбір болуы мүмкін. Тіс қуыстары көбінесе тістердің пішінін қайталайды, бір жағдайда сауыт қуысы төртбұрышқа немесе табаны тістің алдыңғы бетіне қараған трапецияға, ал екінші үлкен азу тістікі текшеге ([i]re,0) ұқсас болады. Тістер қуыстарының төбесі тістердің мойын деңгейінде орналасады және төмпешіктерінің санына сай ұлпа мүйізшелері орналасатын шығыңқы томпақ жерлері бар. Өзектері үшеу (бір артқы, екі алдыңғы өзектер) және олардың ауыздары тең қабырғалы үшбұрыш жасай орналасады. Үшбұрыштың табан қабырғасында алдыңғы өзектердің, ал шыңында артқы өзектің аузы орналасады. Өзек ауыздары көбінесе тар саңылауға ұқсайды және керек кезінде жақсы кеңейтуді қажет етеді.

Артқы өзектері кең, жақсы өтеді, ал алдыңғы өзектері тарлау және нашар өтеді. Кейде артқы түбірінде екі өзек болуы мүмкін, олар орта бөлігінде бірігіп, түбір ұшында бір тесікпен, ал кейде жеке-жеке тесіктермен аяқталуы мүмкін.

Екінші үлкен азу тістің көлемі кішірек және сауыт қуысы текшеге ұқсаған кезде өзек ауыздары тең қабырғалы үшбұрыш жасай, бір-біріне өте жақын орналасады. Ал түбірі біреу болған жағдайда сауыт қуысы табансыз болады және тарыла отырып, түбір өзегіне ауысады.

Жоғарғы және төменгі үлкен азу тістердің сауыт қуыстарының табандары көбінесе ойықтау келеді және онда бас сүйектерін қосатын тігіске (шов – sutura) ұқсас жіңішке сайлар орналасқан. Жоғарғы үлкен азу тістердің сауыт пішіндеріне қарай бір сай екі ұрт өзегінің аузын қоса орналасқан, оның орта бөлігінен бастап бір сай таңдай өзегінің сағасына қарай созылған. Төменгі үлкен азу тістерде бұл сайлар алдыңғы екі өзектің (тіл және ұрт) сағаларын қоса орналасқан, оның ортасынан бір сай артқы өзек (дистальный канал) сағасына қарай созылған. Бұл сайлар жеке-жеке дамыған түбірлерді немесе түбір бөліктерін біріктіретін тігіс болып табылады.

Наши рекомендации