Бірнеше нҮсҚаулар

Геодезиялық өлшемдер практикасында жүйелік қателіктердің әсерін азайту мақсатында көбінесе мына әсертерді колданады:

1) Жүйелік қателіктің пайда болу заңын анықтап, оны өлшем нәтижелеріне түзетпелер еңгізу арқылы жояды;

2) Сәйкесінше өлшем жүргізу әсертемесін таңдап алады, бұл жағдайда жүйелік қателіктер бір бағытта қызмет етіп, таңбалары әртүрлі болуы мүмкін;

3) Өлшемдер нәтижелерін өңдеудің белгілі бір әдістемесін қолданады.

Жүйелік қателіктердің әсерін азайту үшін ұсынылатын әсертердің біріншісін түсінікті болу үшін мына мысалдарды келтіреміз:

а) өлшеуіш сызықтық құралды эталондау және өлшеу жұмыстары кезінде оның ұзындығы мен температура үшін түзетпе еңгізу;

б) бүрыш өлшеу үшін есеп алатын құралды зерттеу және сол аркылы алынған есептерге сэйкесінше түзетпелер еңгізу;

жүйелік қателіктер әсерін азайтудың екінші әдісіне мынау мысал:

а) теодолитпен горизонталь бағыттарды өлшеген кезде лимбінің қарама қарсы штрихтары бойынша есеп алу, мұнда алидада эксцентриситеті әсерін азайтады;

180°

б) лимбті жұмыс жүргізгенде әрбір қадам арасында----------- градусқа бұру,

п

мұндағы n - жұмыс қадамдарының саны; бұл кезде лимб штрихтарының жүйелік қателігі әсері төмендейді;

в) жоғары дәлдікті горизонталь бағытты өлшемдер кезінде өлшемдер жүргізуді шамамен күндізгі уақыт пен кешкі уақыт аралығына тең етіп бөледі, яғни бұл жағдайда әртүрлі атмосфералық жағдайфларда жұмыс жасалып, бүйірлік рефракция әсері азайтылады;

г) тригонометриялық нивелирлеу кезінде тура және кері бағыттағы нүктелердің биіктік өсімшесін анықтау; нәтижесінде вертикаль рефракция коэффициенті әсерінен және вертикаль бүрыштарды өлшеуде жіберілген жүйелік қателіктердің әсері азаяды;

Жүйелік қателіктердің әсерін азайтудың 3-әсеріне де мысал келтірейік.

Шығыңқы теодолит жүрісіндегі бүрыштар мен координаталарды жеке жеке анықтауда жасалатын есептеу реттілігің өзі жүйелік қателіктердің әсерін азайтуға әкеледі. Бүрыштық үйлеспеушілікті алдын ала бүрылыс бүрыштарына тең етіп бөлу жүрістің көлденең қозғалысына жүйелік қателіктер әсерін әлсіретеді; жұмыстың екінші сатысындағы жақтар ұзындығына бойлық қозғалысты пропорционал етіп теңестіру сызықтық өлшемдердің нүкте жағдайына әсер ететін жүйелік қателіктерін азайтады.

Жүйелік қателіктерді элсіретудің тағы бір әдісін қарастырайық.

Егер анықталатын шаманы алынған өлшемдер нәтижелерінің функциясы ретінде алатын болса, онда кей кезде өлшемдердің жүйелік қателіктерін функция мэнінің өзгеруне байланысты анықтауға болады. Париж обсерваториясының бойлығын меридиандағы әртүрлі жүлдыздардың зениттік қашықтықтарын көп мэрте қайталай өлшеу арқылы анықтаған. бойлығын формулаеы арқылы анықтаған, мұндағы - каталогтан белгілі болатын жүлдыздың еңкеюі. Әртүрлі жүлдыздарды бақылау аркылы бойлық мэндері белгілі болған (5-кесте).

Бойлықтың әртүрлі жүлдыздар аркылы алынған мәндері ішкі сэйкестілік бойынша анықталған есептелінген зениттік қашықтықпен z және еңкею дәлдігімен алынған мәндермен сәйкес келмей түрған. Бұл мэндерге қарай

отырып есептелген бойлық мэндерінің шашыраңқылығы әлдеқайда аз болатынын көруге болатын еді.

Нәтижелерді карай отырып бойлық мәндері жүлдыздардың зениттік қашықтығына тура тәуелді екені байқалған: z үлкен мэндеріне үлкен мэндері сэйкес келіп отырған. Осыны түсінікті етіп көрсету үшін кестеде анық көрсетілді.

мәндерінің z шамасына тәуелділігі зениттік қашықтықты өлшеу жұмыстары зениттік кашықтың функциясы болатын жүйелік қателіктермен жүргізілетінін дәлелдейді. Арнайы зерттеулер нәтижесінде зениттік қашықтыққа түзетпені о7 анықтаудың формуласы үсынылған

5-кесте.
Z
10° 48°50' 11,8"
13,5
10,5
14,3
13,2
11,9
12,1
13,3

Сәйкесінше түзетпелер еңгізілгеннен кейін (6-кесте, 3 баған) бойлық мэндері түзетіліп, олардың дисперсиялары әлдеқайта кішірейген. Жүйелік қателіктердің өлшемдер нәтижесі функциясына әсері сирек жағдайда ғана өлшемдер қателігі теориясы әдістерінің көмегімен шешілуі мүмкін және көп жағдайда кітаптың екінші бөлімінде айтылатын әдістерді қолдануды талап етеді.

6-кесте
z өлшенген түзетілген
48° 50' 10,9" 48° 50' 10,9"
11,8 -0,5 11,3
11,9 -1,1 10,8
12,1 -1,5 10,6
13,2 -1,9 11,3
13,3 -2,4 10,9
13,5 -2,7 10,8
14,3 -2,9 11,4

Жүйелік қателіктерді анықтау мен зерттеудің неғұрылым сенімді жолы - көп жағдайда мүмкін бола бермейтін шынайы қателікті алу болып табылады.

Жүйелік қателіктер кей кезде басқа жағдайларда кездейсоқ болуы да мүмкін және керісінше де: пайда болуы жағынан кездейсоқ қателікті басқа

жағдайларда жүйелік қателік ретінде де қарастыруға болады. Мысалы, бүйірлік рефракция өлшенген бағыттың жүйелік қателігін береді. Алайда түгелдей триангуляцияны өңдеу жұмыстары кезінде бұл қателік басқа бағыттардағы осындай қателіктермен жинақтала отырып кездейсоқ қателік сипатына ие болады. Барометрдің түрақты түзетпесі немесе өлшеу құралының ұзындығына эталондық түзетпелерді жасап отыру кезінде осы анықтаулардың өзі кездейсоқ қателіктермен жүргізіледі. Ары қарай барометрлік нивелирлеуде немесе қашықтық өлшеу жұмыстары кезінде бұл қателіктер жүйелік сипатқа ие болады.

Наши рекомендации