Студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар (оқытушылар таңдауы).
СОӨЖ - тақырыптарына немесе тарауларына:
- Эссе - тақырыпта немесе тарауында кездесетін анықтамаларды айқындау, өздігінен берілген сұраққа нақты өзіндік ойын жеткізе отырып, яғни оқып – тоқыған ойынның қортындысын білдіру. Қысқаша (0,7-1 беттен аспайтын компьютерлік мәтінде, 1-1,5 беттен аспайтын қолжазбада) жазу, регламент 3-минут.
- Глоссарий жазу – ұғымдар мен терминдер анықтамасын түсіндіріп жазу (10 анықтамадан кем емес, мазмұны күрделі болған сайын бағаның сапасы да жоғары бағаланады, регламент 3-минут).
- Презентация – таңдаған тақырыбы бойынша студенттің өз ойын – пікірін дүниетануын білдіруі және оны қорғауы. Презентация тақырыпты қалай айқындауы, ашуы, қызықтыруымен бағаланады (3 немесе 4 білім алушылардың бірігуімен, әр қайсысы ұсынылған сұрақтардан 1 сұрағын үйлесімді түрде таңдап, кезекпен жеке дара баяндап қорғауы тиіс. Регламент жеке дара 3 - 4 минут және мазмұны күрделі болған сайын бағаның сапасы да жоғары бағаланады).
- Схема сызу (кесте) – қандайда - бір өзара байланысқан мазмұнның ерекше бөлігін, белгілерін кескіндеме арқылы бейнелеп көрсету (схема түр-сипатына қарай күрделірек болуы шарт, себебі мазмұны күрделі болған сайын бағаның сапасы да жоғары бағаланады, регламент 2-минут).
- Сөз жұмбақ –кескіндегі жауап сөздерді сұрақпен жасыру арқылы табу (кемінде құрастырылған 10 сұрақтан тұруы тиіс және кескіндегі қойылған жауаптары бір-біріне жақын тиіп тұрмауы тиіс, мазмұны күрделі болған сайын бағаның сапасы да жоғары бағаланады, регламент 3-минут).
- Іскерлік ойын – Болашақ мамандығына қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында келешек мамандығында атқаратын жұмыстарын ойын ретінде белгілі рольде, топта ойнау (алдын-ала дайындалу керек).
- Топтық жоба, 4-5 студенттен құралған топтар, оқу материалы бойынша өз жобаларын жасап, оларды қорғайды. КТК (КВН) түрінде өткізуге болады.
- Жеке жобамаңызды және өте қызық ғылыми зерттеулер нәтижелері, жетістіктерді қамтитын баяндамалар білім деңгейі жоғары студенттер ұсынысы бойынша тақырыпқа сәйкес жасалады.
- Тақырып бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтарына ауызша жауап беру (10-15 минут). Жауапттар тақырып қалай ашылғандығына (айқындағанына) және басқаларды қалай қызықтырғанына байланысты бағаланады.
- Жазба жұмыстары. модуль бойынша рейтинг бақылау сұрақтарына жазба түрде жауап жазу.
- Тесттер тақырып соңында студенттердің білім деңгейін анықтау үшін 5 минутта өткізілетін тест сұрақтары (Ескерту: берілген тапсырма бойынша 1 н-се 2 тақырыпшалардың мазмұнынан 15 тест құрылуы тиіс және оның 5 жауаптан кем емес болуы шарт) регламент 3-минут.
- Баяндамалар. Студент немесе студенттер таңдауы бойынша пән тараулары тақырыптарын оқып үйреніп, талдау жасап, өзінше қорытындысын шығару (3-5 беттер аралығында) регламент 3 - 4 минут.
- Пікір студенттер бір-бірлерінің рефераттарын талдау жасап, өз пікірлерін жазуы.
- Есеп шығаруәрбір студенттің есептеу сызба жұмыстары, типтік есептері, есептеу жобалау жұмыстары жазба түрде тапсырылады.
- Есептер құрастыру лекциялық тақырыпқа есептер ойлап тауып, оларды шығарып жазба түрде тапсыру.
- Кейс- бұл, шешімі (шешу жолдары) ұжымдық немесе жеке табылуы болжамдалатын практикалық проблемаларды қалыптастыратын оқу материалдары. ХХ-ғасырдың басында пайда болған «кейс» ағылшын тілінен аударғанда «жағдай», «оқиға», «уақиға», «іс» т.б. білдіреді.
Студенттердің білім деңгейіне байланысты тапсырмаларды жеңілдету немесе күрделі ету жоспарлану қажет. Мәселен, барлық студенттерге кейсті талдау тапсырылса, дайындығы жоғары (1 немес 2) студентке кейс жазуды тапсыруға болады.
Барлық СӨЖ тапсырмалары уақытылы тапсырылуы қажет; уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмендетіп бағаланады (әрбір тапсырмадан кешіккен күніне 3 балл алып тастау).
Қойылатын талаптар және жалпы күтілетін нәтижелер (курсты өту барысында қойылатын талаптар мен күтілетін нәтижелерге байланысты оқытушы арқылы толықтырылады ), мысалы:
- Барлық тапсырмалар өз уақытында орындалуы тиіс және оларға дайындық кезінде оқулықтардан және лекциялардан алынған қағидалар мен тұжырымдамалар пайдалануы тиіс.
- Сабаққа берілген материалды талқылау нақты сұрақ қою мақсатында алдын-ала дайындалып келуі қажет.
3. Бүкіл курс бойынша өзіңіздің жақсы білім алуыңызға жауапкершілікпен қарауыңыз қажет.
Баға қою саясаты
Ол келесі қағидаларға негізделеді:
· объективтілік;
· айқындылық;
· икемділік;
· жоғары дифференциалдау
Оның ішіне мына төмендегілер кіреді:
- Барлық жұмыс түрлерінің бағалану ережесі:
- Ұпайлар білім деңгейін бақылау кестесіне сәйкес қойылады.
- Егер студент семестр бойы сабақтан қалмай әрі белсенді қатысып жүрген болса, онда қорытынды ұпайға 1 ұпай қосылады.
- Егер студент дәрістерден себепсіз қалып, уақытында орнын толтырмаса (тапсырманы орындамаса, тақырып бойынша түсінігін айтып бермесе), семестр соңында айыппұл ретінде жиған ұпайларынан 1 ұпай шегеріледі.
- Емтихан бағаларының қойылу тәртібі:
· Ең төменгі ұпай - 20
· Ең жоғары ұпай - 40
Емтихан бағасы ағымдық рейтинг негізінде қойылады.
- Қорытынды бағалардың қойылу тәртібі:
· 50 - 74 балл - қанағаттандырарлық
· 75 - 89 балл - жақсы
· 90 - 100 балл - өте жақсы