ЖҰмыстыҢ орындалу тӘртібі

1-кесте мәндері арқылы зертханалық бөлімнің ұзындығы 10,4 м, ені 6 м және 3 м екендігін ескере отырып, П бөлменің тұрақтысын анықтау.

1. Шу шығатын денелік бұрышты анықтау.

2. Шекаралық сфера радиусын есептеп табу.

3. Шекаралық радиус сферасында (тура және шағылған дыбысты өріс зонасында) үш нүктеде: шу көзінің үстінен және екі нүктеде еден деңгейінен 0,5-0,6 м арақашықтықта, жиіліктің октавалы жолақтағы дыбыс қысымының және дыбыстың деңгейлерін өлшеу. 1-суретте өлшеулер жүргізетін шекаралық радиус сферасындағы нүктелер көрсетілген.

4. Өлшеулерді келесі ретпен жүргізу керек:

а) Аспапты торапқа қосу;

ә) «ЖҰМЫС ТҮРІ» қайта қосқышын «БАҚЫЛАУШЫ ҚОРЕК» қалпына келтіру. Бұл кезде бақылау шамы жыпылықтап тұрады. 5 минуттан кейін өлшеуді жүргізуге болады;

б) Аспап панеліндегі ауыстырып қосқышты келесі күйлерге келтіру :

БӨЛГІШ 1 – 80 күйіне

БӨЛГІШ 2 – 40 күйіне

ӨЛШЕУ ТҮРІ – «А» күйіне

ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРІ – «БАЯУ» күйіне

ДЫБЫС-ДІРІЛ – «ДЫБЫС» күйіне

в) Шу көзін қосу;

г) I нүктедегі дыбыс деңгейін БӨЛГІШ 1-мен, содан кейін БӨЛГІШ 2-мен аспап тілін шкаланың оң жағына әкеліп өлшейді. БӨЛГІШ-тер және тілді аспап көрсеткіштерінің қосындысы дыбыс деңгейі дБА арқылы өлшенеді;

д) БӨЛГІШ-тердің қалпын өзгертпей, ӨЛШЕУ ТҮРІ ауыстырып қосқышын СҮЗГІЛЕР күйіне орналастыру;

е) ЖИІЛІК ауыстырып қосқышын 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 Гц қалпына қойып, БӨЛГІШ 2 мен жұмыс істеп, дыбыс қысымының деңгейін өлшеу. БӨЛГІШ 1, БӨЛГІШ 2 және тілді аспап көрсеткіштерінің қосындысы дыбыс қысымының деңгейін дБ-да береді;

ж) Ауыстырып қосқыштарды б пунктінде көрсетілген жайға қайтару;

з) Микрофонды 2 өлшеуіш нүктесіне орналастырады;

и) Көрсетілген өлшеуіштерді 2 нүктеде жасау;

к) Дәл солай 3 нүктеде жасау.

5. 2-кесте бойынша бөлме тұрақтысы мәнінің жиілікті түзетулерін табу.

6. Жиіліктің тұрақты жолақтарының әрқайсысына бөлменің тұрақтысын есептеп табу. Дыбыс деңгейімен әрекет жасағанда, бөлме тұрақтысын П1000 деп санайды.

жҰмыстыҢ орындалу тӘртібі - student2.ru ,

теңдеуі арқылы дыбыс деңгейі мен дыбыс қысымының деңгейі бойынша шу көзінің дыбыс қуатын есептеу. Децибелді аралық есептеулерді ондық дәлдікпен орындау, соңғы нәтижелерді бүтін дБ санға айналдыру.

7. 1-пунктте көрсетілген өлшеулерді ескере отырып, зертханалық бөлмесін бөліп тұрған бетінің Sоқш ауданын табу.

8. Жиіліктің октавалы жолағындағы П/Sоқш қатынасын табу.

9. Жиіліктің октавалы жолағындағы, дыбыс өрісі диффузиялылығының бұзылуын ескеретін коэффициенттерді мына формуламен есептеу:

ψ=exp(-0,7·П/Sоқш)

10. Шағылған дыбыс өрісіндегі зертхана бөлмесіндегі жұмыс орындарының біреуінде дыбыс деңгейі мен дыбыс қысымының деңгейін мына формуламен есептейді:

L=Lω-10lgП-10lgψ+6

7-пункт бойынша анықталған шу көзінің дыбыс қуатының деңгейін қолдана отырып есептеу керек.

11. Жұмыс орнында анықталған дыбыс деңгейі мен дыбыс кернеуінің деңгейін іс-жүзіндегімен салыстыру.

12. Қорытынды шығарып, ой-пікір беру.

13. Есепті келесі түрде дайындау.

ЕСЕП БЕРУ

“Өндірістік шуларды зерттеу және есептеу” зертханалық жұмысы бойынша

Күні ________________ Студенттер____________________

____________________

1. Шу туралы түсінік, адамның шу қабылдау аймағы.

2. Негізгі теориялық мәліметтер.

3. Шуды өлшеу әдістері мен құралдары.

4. Шуды есептеудің негізгі әдістері.

5. Өлшеулер мен есептеулер мәндері

а) Бөлменің көлемі___________

ә) Бөлменің тұрақтысы П1000___________

б) Шекаралық сфераның радиусы___________

1-кесте. Өлшеулер нәтижелері

Шекаралық сферадағы өлшеулер нүктесі Жиіліктің октавалық жолақтарындағы дыбыс қысымының деңгейлері, дБ Дыбыс деңгейі, дБА
                   
Орташа мәні L                  

2-кесте. Дыбыс қуаты деңгейінің есептеулері

Көрсеткіш Жиіліктің октавалық жолақтарындағы дыбыс қысымының деңгейі бойынша Дыбыс деңгейі бойынша
Түзету коэфф., к Бөлме тұрақтысы, П                  
Шу деңгейі, Lω                  

3-кесте. Жұмыс орнындағы дыбыс деңгейі мен дыбыс қысымы деңгейінің есептеулері

Көрсеткіш Жиіліктің октавалық жолақтарындағы дыбыс қысымының деңгейі Дыбыс деңгейі бойынша
Ауданы, Sоқш П/Sоқш Коэфф., ψ                  
Шу деңгейі L                  
Нақты мәні                  
Артығы                  

6. Қорытынды және ұсыныстар

7. Оқытушының тапсырмасы бойынша қорғау іс-шараларын өңдеу.

Наши рекомендации