Жұмыстың орындалу тәртібі

Лабораториялық жұмыс

Бөлмедегі жұмыс орнының микроклиматын (метеорологиялық жағдайды) зертеу

Жұмыстың мақсаты:бөлме температурасын, ылғалды, ауа қысымын өлшеп, бұл параметрлердің санитарлық нормаға сәйкестігін бағалау.

Құрал-аспаптар: термометр, ВИТ-2 типті психометриялық гигрометр, барометр.

Жұмыстың орындалу тәртібі.

1. Ауа температурасын, ауа ылғалдылығын өлшейтін аспаппен және өлшеу әдісімен танысу

2. Термометр көмегімен берілген бөлменің ауа температурасын анықтау.

3. Гигрометр көмегімен салыстырмалы ылғалдылықты анықтау.

Гигрометрді ашып, шыны түтікке дистиллирленген су құямыз. Шыны түтіктің ішіне қоректену матасының бір ұшын салып, екінші ұшы ылғал ауа термометріне бекітеміз. Гигрометрді вертикаль жағдайда ең аз дегенде өлшеу ортасына 30 мин уақытқа қоямыз.

Содан кейін термометрлердің көрсеткіштерінің мәндерін аламыз. Құрғақ ауамен ылғал ауа температурасының айырмашылығын есептейміз.

Психрометриялық кесте бойынша ауаның ылғалдылығын анықтаймыз. Ізделінетін салыстырмалы ылғалдылық құрғақ ауа термометрінің температурасымен ылғал ауа температурасының айырмашылығын көрсеткіштерінің қиылысуынан анықтаймыз.

Егер көрсеткіш мәндері кестеде жоқ болса, онда ылғалдылықты анықтау үшін интерполирование қолданамыз.

МЫСАЛ:

Термометрмен «құрғақ» және «ылғал» ауа температурасын және осы температуралардың айырмашылығын анықтаймыз.

Термометрлер Өлшенілген температура, 0С Құжат бойынша Термометрге түзету, 0С Түзету енгізгеннен кейінгі температура, 0С
Құрғақ Тқ=22,5 -0,15 22,35
Ылғал Ты=16,1 +0,20 16,3

Тқ=22,40С, айырмашылықты (Тқы)тең: 22,4-16,3=6,1

Тқ=22,4 және Тқы=6,0 үшін салыстырмалы ылғалдылықты анықтаймыз. Ол үшін айырмашылықты 6,0 аламыз кесте бойынша ауа температурасына интерполирование жүргіземіз Тқ мәнін 22-мен 23 аралығында аламыз.

Кесте бойыша Тқ, 0С Кесте бойынша Тқы айырмашылығы, 0С Салыстырмалы ылғалдылық, %
6,0
6,0

Тқ мәнін 10С арттырғанда, салыстырмалы ылғалдылық 2% артады, сондықтанда Тқ мәнін 0,4-ке арттырғанда салыстырмалы ылғалдылық жұмыстың орындалу тәртібі - student2.ru артады. Тқ =22,4 және Тқы=6,0 үшін, салыстырмалы ылғалдылық: 48+0,8 =48,8%.

«Фп»=49% қабылдаймыз.

Тқ=22,4 және Тқы=6,5 үшін салыстырмалы ылғалдылықты анықтаймыз. Ол үшін айырмашылықты 6,0 аламыз кесте бойынша ауа температурасына интерполирование жүргіземіз Тқ мәнін 22-мен 23 аралығында аламыз.

Кесте бойыша Тқ, 0С Кесте бойынша Тқы айырмашылығы, 0С Салыстырмалы ылғалдылық, %
6,5
6,5

Тқ мәнін 10С арттырғанда, салыстырмалы ылғалдылық 2% артады, сондықтанда Тқ мәнін 0,4-ке арттырғанда салыстырмалы ылғалдылық жұмыстың орындалу тәртібі - student2.ru артады. Тқ =22,4 және Тқы=6,5 үшін, салыстырмалы ылғалдылық: 44+0,8 =44,8%.

«Фп» = 45% деп қабылдаймыз.

Тқ=22,40С, айырмашылық (Тқы)-ке тең: 22,4-16,3=6,1 үшін салыстырмалы ылғалдылықты Тқ=22,40С және Тқы 6,0 мен 6,5 аралығында анықтаймыз.

Тқ, 0С Тқы айырмашылығы, 0С Салыстырмалы ылғалдылық, %
22,4 6,0
22,4 6,5

Тқы мәнін 0,50С арттырғанда салыстырмалы ылғалдылық 4,0% кемиді, сондықтан да Тқы 0,10С арттырғанда салыстырмалы ылғалдылық жұмыстың орындалу тәртібі - student2.ru кемиді.

49,0-0,8 = 48,2 % «Фп» =48% қабылдаймыз.

4. Алынған мәліметтерді санитарлық нормамен салыстырып, қорытынды жасаймыз. Санитарлық норма мәні П.А.Долиннің «Техника қауіпсіздігі бойынша анықтамасынан» алынады (4 және 21 кесте)

6. Есептелінген және өлшенген мәндер сынақ хаттамасына тіркеледі

Өлшеу орны Зерттелінген бөлменің ауа температурасы, 0С Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %
  Өлшелінген Санитарлық норма бойынша Нақты, өлшенілген Есептік Санитарлық норма бойынша
           

Есеп беру мазмұны:Есепте жұмыстың аты, мақсаты, қондырғылар аты және теориялық мәліметтер, алынған және есптелінген мәліметтер болуы керек. Нәтежелерді кесте түрінде беріп, санитарлық нормаға сәйкестігін қорытындылап жазуы керек.

Теориялық мәліметтер:

Адамның қалыпты тіршілігі ең алдымен қоршаған ортаның жағдайына байланысты. Еңбек ету кезінде жұмысшы денсаулығына әсер ететін әртүрлі өндірістік факторлармен әрекеттеседі. Әртүрлі зиянды өндірістік факторлардың ұзақ әсері кәсіби аурудың пайда болуына септігін тигізеді. Сондықтан жұмысшыларды зиянды еңбек шартының әсерінен қорғау қажет, өндірістік бөлме мен жұмыс орны санитарлық норма мен ережелерге сәйкес болуы керек. Ол үшін ауа температурасын, ауа ылғалдылығын, ауа қысымын өлшейміз. Өлшеу термометр, гигрометр, барометрмен жүргізіледі.

Гигрометр феноплас негізінде жиналған аспап. Гигрометр екі термометр, шыны түтік және қоректену матадан тұрады. Гигрометрде сонымен қатар негізге психометриалық кестелі шкала бар. Екі термометрдің бірі құрғақ ауа мен ылғал ауаның температурасын өлшейді. Ылғал ауаның температурасын өлшеу үшін шыны түтікке дистиллирленген су құйып, қоректену матасының бір ұшын осы суға екінші ұшын «увлаж» жазуы бар термометрге кигіземіз. Құрғақ ауамен ылғал ауа температурасының көрсеткіштерін алып, психометриялық кесте бойынша ауаның ылғалдылығын анықтаймыз.

Қауіпсіздік шаралары. Гигрометрмен жұмыс ітеу кезінде тыйым салынады:

1. пайдалану кезінде гигрометрді қатты сілкуге, кенеттен соққы төндіруге болмайды;

2. термометр шкаласын, психрометриялық кестені еріткіштермен, қышқылдармен және ұқсас сұйықтықтармен сүртуге болмайды;

3. гигрометр ВИТ-1 термометрін 450С артық, ВИТ-2 термометрін 600С артық қыздыруға болмайды, қызған кезде термометр резервуары бұзылады:

Термометр сынған кезде термометрлік сұйықтық толуол қоршаған орта заттарынан ыстық судың көмегімен жойылады. Толуол улы, өртке қауіпті, тұтану температурасы 50С жуық.

Гигрометр конструкциясына шыныдан жасалған бөлшектер кіреді, сондықтан гигрометрді құлаудан және қатты соқпадан сақтау керек

Блиц-тест:

$$$024 Өндірістік орындарда жұмыс зонасы қалай анықталады?
A) Жұмыс аймағы-еденнен биіктігі 2м болатын өндіріс орнындағы кеңістік немесе жұмыс аумағы.
B) Жұмыс аймағы-еденнен биіктігі 2,5м болатын өндіріс орнындағы кеңістік немесе жұмыс аумағы
C) Жұмыс аймағы-еденнен биіктігі 2,7м болатын өндіріс орнындағы кеңістік немесе жұмыс аумағы
D) Жұмыс аймағы-еденнен биіктігі 3м болатын өндіріс орнындағы кеңістік немесе жұмыс аумағы
E) Жұмыс аймағы-еденнен биіктігі 3,5м болатын өндіріс орнындағы кеңістік немесе жұмыс аумағы
     
$$$025 Микроклиматтың негізгі параметрлері?
A) Температура, ылғалдылық, жылулық сәулелену және ауа қозғалысының жылдамдығы
B) Температура, қысым, жылулық сәулелену, ылғалдылық
C) Температура, ылғалдылық, жылулық сәулелену, жарықтандыру
D) Температура, вибрация, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы
E) Ылғалдылық, жылулық сәулелену, шу, ауа жылдамдығы
     
$$$027 Қатысты ылғалдылықтың анықтамасы
A) В=(A/M)*100
B) B=(A/B)*100
C) В=(А/Д)*100
D) В=(А/В)*100
E) В=(А/С)*100
     
$$$028 Өндірісте адам ағзасының терморегуляциясының бұзылуына әкелетін қатысты ылғалдылық пен температураның шегі.
A) 65 %-ке жуық, 100С
B) 75%-ке жуық, 290С
C) 70%-ке жуық, 250С
D) 85%-ке жуық, 30° С
E) 60 %-ке жуық, 190С
     
$$$029 Жыл мезгілінің салқын және жылы уақыттарында өндіріс орнындағы ауа қозғалысының жылдамдығы?
A) 0,1-0,4 м/с, 0,5-1,5м/с
B) 0,3-0,6 м/с, 0,2-1,1м/с
C) 0,2-1,0 м/с, 0,2-0,5м/с
D) 0,5-0,8 м/с, 0,3-1,2м/с
E) 0,2-0,5м/с қыста, 0,2-1,0 м/с жазда
     

Наши рекомендации