Зертханалық жұмысты орындау тәртібі. 5.4.1 Идентификациялау процедурасын орындауға «өлшеу стендін» құрыңыз:
5.4.1 Идентификациялау процедурасын орындауға «өлшеу стендін» құрыңыз:
- Work/Objects5 папкасынан Simulink ортасына «объекттің» блок-диаграммасын жүктеңіз (нұсқа бойынша);
- кіріс сигналды анықтап (нұсқа бойынша), оны объект кірісіне беріңіз; шығыс сигналды тіркеңіз;
- шығыс сигналдың мәндерін бағдарламаның жұмыс ортасына орнатыңыз; ол үшін сигналды To Workspace блогына беріңіз, осы блок атауына сәйкес айнымалының атын орнатыңыз.
5.4.2 Curve Fitting Tool пакетін жүктеңіз, шығыс сигналдың алынған мәндерін пакет терезесіне көшіріңіз; нүктелердің орналасуына қарай аппроксимациялау полниомның түрін таңдаңыз.
Шығыс сигналдың мәндерін әртүрлі функциялармен жуықтаңыз: әртүрлі ретті полиномдарымен немесе кейбір таңдалынған теңдеулермен.
Өз теңдеуіңізді орнату үшін регрессиялар түрлерінің тізімінен Custom equations жолын таңдаңыз. Create Custom Equations терезесі пайда болады. Бұл терезенің екі беті бар. Бірінші Linear Equations бетінде коэффициенттер бойынша сызықты теңдеудің параметрлері орнатылады. Тәулділіктің өзі сызықты емес болуы мүмкін. Екінші General Equations бетінде регрессияның кез-келген сызықты емес теңдеуін орнатуға болады.
5.4.3 Қиыстыруды аяқтап, шығыс сигналды ең тиімді жуықтайтын функцияны таңдаңыз. Осы функцияның өрнегін жазыңыз (коэффициенттерлерінің есептелген мәндерімен).
5.4.4 Сызықты моделдің құрылымын анықтаңыз (теңдеуді жазыңыз).
5.4.5 Сәйкессіздік функционалының түрін жазыңыз: кіріс функциясы мен оның туындылары орнына кіріс сигнал мен оның туындыларының өрнектерін қойыңыз; шығыс функциясы мен оның туындылары орнына жуықтау барысында алынған өрнек пен оның сәйкес туындыларын қойыңыз.
5.4.5 Сәйкессіздік функционалдың барлық айнымалылары бойынша туындыларын нолге теңестіріп, моделдің коэффициенттерін анықтауға теңдеулер жүйесін алыңыз; алынған жүйені сызықты алгебралық теңдеулер жүйесінің стандартты түріне түрлендіріңіз.
5.4.6 Алынған сызықты алгебралық теңдеулер жүйесін Matlab ортаның процедурасы көмегімен шешіңіз (бұйрық терезеде): стандартты түрдегі
жүйе үшін шешім келесідей табылады
Мұндағы
А – сызықты алгебралық теңдеулер жүйесінің коэффициенттерінің матрицасы;
b – жүйенің оң жақтағы векторы;
x – белгісіздер векторы (моделдің белгісіз параметрлері).
Алдын‑ала А (матрица) және b (тік жол векторы) массивтерін ортаның бұйрық терезесіне енгізу керек, сонымен бірге жүйенің шешім бар болатын шартын тексері керек.
5.4.7 Параметрлердің табылған мәндерін қолданып, динамикалық моделдің ізделінген теңдеуін жазыңыз.
5.4.8 5.4.1 тарауында іске асырылған диаграммаға моделдің блогын қосыңыз; оның кірісінеде орнатылған кіріс сигналды беріңіз; объект пен моделдің шысыстарын бір терезеге шығарыңыз. Нәтижелерін салыстырыңыз.
5.4.9 Жұмыс бойынша қорытынды жасаңыз.
Есеп беру құрамы
Зертханалық жұмыс бойынша есеп беру келесіден тұрады:
- зертханалық жұмыстың мақсаты мен тапсырмасы;
- «өлшеу стендтің» блок-диаграммасы;
- Matlab жүйенің жұмыс ортасына орнатылған объекттегі тәжірибелер нәтижелері;
- шығыс сигналды жуықтау процедурасының орындау реті; таңдалынған аппроксимациялау полиномы;
- сәйкессіздік функционалдың түрі;
- осы функционалды минимумдау шарты;
- модел параметрлерін анықтауға құрылған теңдеулер жүйесі; осы жүйені шешу жолы;
- моделдің алынған теңдеуі;
-объект пен моделдіңшығыстарының салыстыру графиктері;
- жұмыс бойынша қорытынды.