Жіктелуі және қолдану облыстары
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Электр станциялары, тораптары және жүйелері кафедрасы
ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯЛАРДЫҢ
НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ЖАБДЫҚТАРЫ
Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар (5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының студенттері үшін)
Алматы 2012
Құрастырушылар: Хожин Г.Х, Кузембаева Р.М., Мукашева Р.Т. «Электр станциялардың және қосалқы станциялардың негізгі және қосымша жабдықтары» зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар (5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының студенттері үшін). Алматы: АЭжБУ, 2012 - 43 бет.
Бұл әдістемелік нұсқауларда жұмыстың мақсаты, керекті теориялық мәселелері, жұмысқа әзірлік, жұмысты орындау тәртібі және есеп берудің мазмұны көрсетілген. Сонымен қатар бақылау сұрақтары да берілген.
Осы әдістемелік құсқаулар 5В071800 Электр энергетикасы мамандығының студенттеріне арналған.
Без. 31, кесте 12 әдебиет көрсеткіші - 11 атау.
Пікір беруші: техн.ғыл.д-ры.,профессор Бекмагамбетова К.Х
«Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 ж. баспа жоспары бойынша басылады.
© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2012 ж.
2012ж. жиынтық жоспары, реті 2
Kiрiспе
Әдістемелік нұсқау 5В071800 – Элетр энергетикасы мамандығында оқитын студенттеріне «Электр станциялардың және қосалқы станциялардың негізгі және қосымша жабдықтары» курсы бойынша зертханалық жұмыстарын жасауға арналған құрал.
Зертханалық жұмысты жасауға техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысқан, сынақты тапсырған және инструктаж бойынша журналда белгіленген студенттер ғана жіберіледі.
Зертханалық жұмыс бойынша нәтижесінде
- жұмыстың атауы;
- жұмыстың мақсаты;
- ток трансформаторы жайлы жалпы мағлұмат;
- негізгі жабдықтарының белгілеулері бар қондырғы сұлбалары;
- тәжірибелік және есептік мәліметтердің кестелері;
- алынған тәуелділіктердің және есептік формулаларының графиктері
болу керек.
Жұмысты қорғау үшін студент бақылау сұрақтарына және ұсынылған әдебиет тізіміне сүйеніп дайындалу керек.
Зертханалық жұмыс. Айнымалы тоқтың жоғарғы вольтты сақтандырғыштары
Жұмыстың мақсаты: айнымалы тоқтың жоғарғы вольтты сақтандырғыштарының тағайындалуын, олардың негізгі сипаттамаларын және құралымын оқып білу. Негізгі сипаттамаларын пайдаланып, сақтандырғыштарды таңдауға дағды алу.
Жалпы мәліметтер
Сақтандырғыш- бұл пайда болатын электр доғасының кезекті өшуіне ие анықталған мәннен асатын тоқтың әрекетіндегі арнайы тоқ өткіэетін бөліктердің күйзелуі арқылы қорғалушы тізбектің өшуіне арналған коммутациялық электрлік аппарат. Арнайы тоқ өткізуші бөліктернің күйзелуі жеткілікті уақыт аралығында белгілі бір мәннен асатын тоқ әсеріне пайда болатын булану және балқу жолдарымен орындалады.
Жіктелуі және қолдану облыстары
Төменгі вольтты сақтандырғыштарға қарағанда, жоғарғы вольтты балқыту сақтандырғыштары бүкіл қатардың ерекшеліктері бойынша едәуір аз тараған. Күштік трансформаторларды, әуелік және кабелді желілерді, конденсаторларды, электрқозғалтқыштарды және кернеу трансформаторларын қорғауға арналған.
Сипаттамалық қағидаларына тән сақтандырғыштар келесідей жіктеледі:
- сөндіру кезінде тоқты шектеу қабілетіне байланысты- тоқшектеуіш және тоқшектеуіштік емес;
- доғаның өшу әдісіне байланысты-ұсақ түйірлі толтырғышымен тығыз жанасқан;
- тоқтарды сөндіру диапазоны бойынша: 1 классты- бір сағатты тоқ балқуынан номиналды тоқ сөнуіне дейінгі диапазонмен(жалпы қолданысқа); 2 классты- бір сағатты тоқ балқуынан асатын нормаланған минималды тоқ сөндіруінен, минималды тоқ сөндіруіне дейігі диапазонмен (басты жағдайда, жүктеме ажыратқышымен бірге жұмыс істеуі үшін немесе басқа аппаратпен, тоқты сөндіруге қабілетті нормаланған минималды тоқтан кішілерді сақтандырғышты сөндіру.
Бір сағаттық тоқ балқуы - 1 сағат ішінде сақтандырғыш арқылы ағып өтетін балқыма элементті балқуға алып келетін және оның мағынасы қалыпталынған төменгі және жоғарғы шектері бойынша қортындалатын тоқ.
Сақтандырғыш нормаланып сиппатталатын электрлік тізбекті ажыратуға қабілетті, доғаның пайда болатын моментіне сәйкес, ең үлкен жұмыс істейтін мағына периодты құраушы күтілетін тоқтың моментін номиналды ажыраушы тоқ деп түсіндіріледі.
Тоқшектеуші сақтандырғыштар үшін номиналды кернеу диапазоны 3-35 кВ-ке дейін, тоқшектемейтін үшін 6-220 кВ-қа дейін, сәйкесінше номиналды тоқтың диапазоны - 2-20 А-ге дейін, номиналды тоқ ажыратулары 2,5-63 А-ге дейін және 1,6-20 кА-ге дейін.
Балқығыш сақтандырғыш тек қана тізбекті автоматты ажырату операциясын тоқтың анықталған мәнге өскені кезінде ғана орындайды. Сақтандырғыш істегеннен кейін балқығыш ендірмесін немесе аппараттың келешекте жұмыс істеуі үшін оғын ауыстыру керек.
Балқығыш сақтандырғыштардың бағалы қасиеттері:
1) Құрылымның қарапайымдылығы және сәйкесінше бағасының арзандығы (сөндіргіштермен бірге ажыратқыш, тоқ трансформа торларымен салыстырғандағы бағасы).
2) Қысқы тұйықталу кезінде тізбектің тез ажыратылуы (бір периодтан аз).
3) Қысқы тұйықталу кезінде сақтандырғыштардың кейбір түрлерінің тізбектегі тоқты шектеу қабілеттілігі.
4) Балқығыш сақтандырғыштардың кемшіліктері келесідей болады:
а) олар тоқтың өзгерісіне сезгіштіктері аз болады, осыған байланысты, сақтандырғыш-тоқ номиналды тоқтан көп өскен кезде ғана істей бастайды. Бұл негізінде қысқа тұйықталу кезінде ғана орындалады;
б) жүйе бөлімшелерінің таңдаушылық ажыратылуы қорғау кезінде сақтандырғышпен радиалды желілерде ғана қамтамасыз ете алады;
в) балқығыш сақтандырғыштардың ажыратылуы негізінде асқын кернеумен байланысты;
г) бір фазалы ажыратулар болуы мүмкін және келесі нормаланбаған жұмыс белгілі бөлімге байланысты;