Тербелістер мен толқындар
6.1Егер жіптің вертикальдан ауытқу бұрышы α = 10⁰, маятниктің тербеліс жиілігі ν = 0,5 с-1 болса, массасы m = 200 г болатын математикалық маятниктің потенциалдық энергиясын табыңыз.
6.2Бақылаушыдан S = 1068 м арақашықтықта балғамен темір жол рельсін ұрады. Бақылаушы рельске құлағын қойғанда, ауамен таралған дыбыстан, рельспен таралған дыбысты уақыт аралығында ерте естиді. Болаттағы дыбыс жылдамдығын табыңыз. Ауадағы дыбыс жылдамдығы u = 340 м/с.
6.3Егер тербеліс жиілігі ν = 680 Гц, ал ауадағы дыбыс жылдамдығы v = 340 м/с болса, өзара l = 25 см қашықтықта орналасқан дыбыс толқынының екі нүктесі арасындағы фазалар айырмасын анықтаңыз.
6.4Бірінші ортада дыбыс тербелісінің жиілігі – n және толқын ұзындығы – 1, ал екінші ортада 2. Егер 1= 2 2 болса, бірінші ортадан екінші ортаға өткенде тербеліс жылдамдығы қалай өзгереді?
6.5Дыбыс тербелісі суда u1=1480 м/с жылдамдықпен, ал ауада u2=340 м/с жылдамдықпен тарайды. Ауадан суға өткенде дыбыс толқынының ұзындығы қаншалықты өзгереді?
6.6Дыбыс толқынының жақын нүктелерінің арасындағы қашықтық фаза бойынша ϕ = 90⁰ өзгешелеу, l = 1,54 м құрайды. Болаттағы дыбыс жылдамдығы – υ = 5000 м/c. Болаттағы дыбыстық ауытқудың жиілігін ν табу керек.
6.7Айталық, секундтық маятнигі бар сағаттың периодтық ауытқуы Т0 = 1 с жер бетінде дұрыс жүріп тұр. Егер оны жер бетінен h = 200 м биіктікке көтерсе, бұл сағат бір тәулікте қаншаға қалып жүреді?
6.8Егер лифтінің ішіндегі секундтық маятник t = 2 минут 30 с уақытта n = 100 ауытқу жасаса, оның кабинасы қандай үдеумен және қай бағытта қозғалуы керек?
6.9Сфералық тостағанның ішкі бетінде үйкеліссіз қозғала отырып, куб вертикаль жазықтықта кіші ауытқулар жасайды. Егер тостаған а = g/3 үдеумен төмен түссе, кубтың ауытқу периодын анықтаңыз. Тостағанның ішкі радиусы R куб қырынан үлкен деп есептеу керек.
6.10Ату дыбысы мен оқ h = 680 м биіктікке бір уақытта жетеді. Ату вертикаль, жоғары жасалған. Оқтың бастапқы жылдамдығы қандай? Ауадағы дыбыс жылдамдығы – υ=340 м/с. Оқтың қозғалыс кедергісін ескермеуге болады.
6.11Маятниктің біреуі біршама уақыт ішінде , ал екіншісі тербеліс жасайды. Маятниктің ұзындықтарының айырымы және маятниктің ұзындықтарын табыңыз.
6.12 температурада маятниктің тербеліс периоды – . Егер температура дейін көтерілсе, тербеліс периоды қалай өзгереді? Маятник жасалған материалдың сызықты ұлғаю коэффициенті .
6.13Айдың массасы Жердің массасынан 81 есе кіші, ал Жердің радиусы Айдың радиусынан 3,7 есе үлкен. Егер Жерден Айға ауыстырылса, маятниктің тербеліс периоды қалай өзгереді?
6.14Ұзындығы математикалық маятник вагонға ілінген, вагон горизонталь бағытта үдеумен қозғалуда. Осы маятниктің тербеліс периодын табыңыз.
6.15Егер тербеліс периоды дыбыс толқынының ұзындығы болса, судағы дыбыс жылдамдығын анықтаңыз.
6.16x=5sin[p(4t+0.5)] м теңдеуімен сипатталатын гармониялық тербеліс берілген (уақыт секундпен өлшенсін). Осы тербелістің амплитудасын, периодын, жиілігін және циклдік жиілігін табыңыз.
6.17Бастапқы фазасы 300, 1 минутта 30 тербеліс жасайтын және амплитудасы 9 см болатын гармониялық тербелістің теңдеуін жазыңыз.
6.182 секундта бір тербеліс жасайтын математикалық маятниктің ұзындығын табыңыз.
6.19Бір маятник 10 тербеліс жасады. Екінші маятник осы уақыт аралығында 10 тербеліс жасады. Маятниктердің бірі екіншісінен 16 см ұзын. Екімаятниктіңде ұзындығын табыңыз.
6.20Ұзындығы 50 см математикалық маятник ұшаққа ілінген. Ұшақ біркелкі; горизонталь 2,5 м/с2 үдеумен қозғалған кездегі маятниктің тербеліс периодын табыңыз.
6.21Ұзындығы L математикалық маятниктің тербеліс периодын табыңыз, егер де оның ілінген нүктесінен L/2 қашықтықта вертикаль бойында шеге қағылса.
6.22Нүктенің гармониялық тербелісі x = A×cos(wt+j) теңдеумен сипатталсын. Тербелістің амплитудасы A мен бастапқы фазасын j координата мен жылдамдықтың бастапқы мәндері арқылы өрнектеңіз.
6.23Тербеліс амплитудасы 10 см, максимал жылдамдығы 20 см/с және бастапқы фазасы 200 болатын нүктенің гармониялық тербелісінің теңдеуін жазыңыз.
6.24Амплитудасы 5 см, периоды 5 секунд болатындай гармониялық тербеліс жасап тұрған нүктенің жылдамдығының ең үлкен мәнімен үдеуін анықтаңыз.
6.25Массасы 20 г дене 5cos(4t+p/2) заңдылық бойынша гармониялық тербеліс жасап тұр. Дененің кинетикалық энергиясы мен қайтаратын күштің ең үлкен мәнін табыңыз.