Зертханалық жұмыс. Өлшеуіштік кернеу трансформаторлары

Жұмыстың мақсаты: өлшеуіштік кернеу трансформаторларының құрылысын, олардың сұлбаға жалғануын және техникалық пайдаланудың ережелеріне (ТПЕ) сәйкес кейбір сынақтарды жүргізу.

Лшеуіштік кернеу трансформаторларының векторлық диаграммасы мен сипаттамалары

Электротехникалық қондырғыларында ӨКТ‑лардың екінші реттік параллель орамдарына бақылау – өлшеу жүйелер құралдарын, синхронизация құрылымдарын, релелік қорғауларын, автоматтарды, изоляциялық бақылау және т.б. мақсаттарда пайдаланады.

Тізбекке қосылатын құралдар тағайындалуымен, тұтынатын қуатымен, қуат коэффицентімен, қондыру орамымен, сенімділігіне қойлатын талабымен, өлшеу дәлдігімен ерекшелінеді.

Сондықтан электр жалғанудың бас сұлбасының әр түрлі бөлімшелері үшін ‑ генераторлар, трансформаторлар, құрама шиналар және т.б. шартына және тағайындалуына байланысты, сұлбаға бір фазалы немесе бірнеше бір фазалы, үшфазалы ӨКТ-лар жалғанады. Кейде кішігірім подстанцияларда ӨКТ-лар жарықтандыру желілерін қоректендіру үшін қызмет атқарады.

Негізінен ӨКТ ‑ бұл бос жүріс режіміне ұқсас жұмыс атқаратын кішігірім күштік трансформатор. ӨКТ үшін (шығынсыз және қателіксіз) трансформация коэффиценті жуық шамамен орама сандарының

  (4.1)

сондықтан

. (4.2)

Әдетте, екінші реттік ораманың номиналды кернеуі 100 В немесе деп есептелінеді. Іске қосылатын құралдардың шкалалары бірнеше реттік ораманың кернеу деңгейіне байланысты белгіленеді.

Шынайы ӨКТ-ның магниттік өткізгіштерінде және орамдарында (қыздырылуының, құйын тоғының нәтижесінде) қателіктер пайда болады. Бұл қателіктер өлшеу дәлділіктерін төмендетеді.

Кернеу қателіктері келесідей өрнекпен анықталынады

  (4.3)

Диаграмманы тұрғызғанда келесідей шарт қабылданады: және векторлары 180º айналдырылып көрсетілген, ал , , , бірінші реттік орамаға келтірілген.

4.1 сурет - Өлшеуіштік кернеу трансформаторының векторлық диаграммасы

Бұрыштық қателік- бірінші ретті орамның кернеу векторы мен 1800 бұрылған екінші ретті орамның кернеу векторының арасындағы бұрышымен δ анықталады.

ӨКТ-ң векторлық диаграммасы 10-суретте көрсетілген.

Қателіктерді төмендету үшін магниттік кедергісі аздау өзекшелерді қолданады, сол кезде магнитөткізгіштегі индукция, магниттік шашыраулар, орамадағы тоқтың тығыздығы азаяды.

ГОСТ 1983-77 сәйкес дәлдік классы бойынша ӨКТ-ні топтау 4.1 кестесінде келтірілген.

0.2 классындағы ӨКТ-лар: дәл өлшеулер үшін, жөндеу жұмыстарында тексерулер мен зерттеулер үшін, жабдықты қабылдау кезінде, есептеу машиналарын, жиілікті автоматты реттеу құралдарын қосу кезінде пайдаланады. ӨКТ-лармен электр станциялардың электротехникалық зертханаларын жабдықтайды.

4.1 кесте - ӨКТ-ның дәлділік кластары

Дәлділік класы Ең үлкен қателік
Кернеу, % Бұрыштық
---------- Градус.
0,2      
0,5      
     
  Нормаланбайды

Таратқыш құрылғыларында 0,5 және 1-ші класстағы ӨКТ орнатылады. Олар щиттік құрастырылды, есептік және бақылау есептеуіштерді (счетчик) және басқа өлшеу құрылымдарды қосу үшін қолданады. Бірақ солардың кернеу қателігі 0,5 немесе 1% аспауы керек. Есептік есептеуішті қосу үшін міндетті түрде 0,5 классындағы ӨКТ пайдаланылады.

3-ші класстағы ӨКТ релелік қорғауларда, автоматты құрылғыларында, сигналдық шамдарды қоректендіру үшін және т.б. мақсаттарда қолданылады. Мұнда өлшеу қателігі 3% көп.

Дәлдік классы ӨКТ-нің екінші ретті жүктемесіне тікелей байланысты. Егер екінші ретті жүктеме өссе, онда дәлдік классы кемиді. Бір фазалы ӨКТ жүктемесі (қуаты) келесі формуламен анықталады (Вольт- ампермен).

  (4.4)

немесе

  (4.5)

мұнда

- екінші реттік ораманың номиналды кернеуі, В;

- екінші реттік ораманың тоғы, А;

- активтік қуаттың қосындысы;

- реактивтік қуаттың қосындысы;

- екінші реттік тізбектің толық кедергісі, Ом;

- екінші реттік тізбектің активтік кедергісі;

- екінші реттік тізбектің реактивтік кедергісі.

Екінші реттік тізбекке қосылатын құралдардың саны көбейсе, онда оның кедергісі азаяды да, ал ӨКТ-ның жүтемесі артады.

Наши рекомендации