Дүниежүзі тарихы, қысқа мерзімді жоспар
Тарих пәні мұғалімі Е. Жолдыбаев, Ю. Гагарин атындағы ЖОМ
Сынып: | 6 «А» | Күні: 19 қазан |
Тақырыбы: | Ежелгі Египеттегі ғылым мен мәдениет. | |
Мақсаты: | Ø Ежелгі Египеттегі жазудың пайда болу тарихымен және оның ерекшеліктерімен таныстыру , ғылыми білімдердің қандай түрлері дамығандығын әңгімелеп, әдебиет пен өнер туындылары жайында мағлұмат алуға жағдай жасау. Ø Оқушыларды өзге елдің тарихын білуге, өз бетінше ізденуіне, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, логикалық ойлауы мен есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ø Ынтымақтастық,адамгершілік ортасын құрып,бірлікте жұмыс жүргізеді. | |
Сабақтың нәтижесі: | · Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізе біледі. Топпен жұмыс жасау барысында Египеттегі жазудың пайда болу тарихымен және оның ерекшеліктерімен танысады, ғылыми білімдердің қандай түрлері дамығандығын әңгімелеп береді. Тарихи оқиғаларға баға бере алады. · Өзін-өзі және басқаларды да бағалай алады. · «ДЖИГСО» әдісі бойынша мәтінді оқи отырып, білімді өз беттерімен меңгеру, өзін-өзі реттеу дағдылары дамиды · Топпен жұмыс жасай отырып; сыни ойлау қабілеті дамиды,өзіне сенімі артады, ұйымшылдыққа үйренеді. | |
Ресурстар: | Оқулық, суреттер, интернет материалдары және тірек сызбалар, карта, слайдтар | |
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: | Сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, топтастыру, қызығушылықты ояту, ой қозғау, пікір- талас, топтық жұмыс. | |
Бағалау: | Формативті және суммативті |
Ұйымдастыру кезеңі Тренинг | «Екі жұлдыз, бір тілек» тренингін жасау арқылы оқушылардың жақсы көңіл – күйлерін, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Барлығын ортаға шығып шеңбер құрду. Мен және оқушылар бір – бірімізге допты лақтыру арқылы өз ұсыныстарымыз бен тілектерімізді білдіргізу. | Мақсат жақсы тілектер арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. | |||||||
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | ||||||
Білу Үй тапсырмасы 7 мин. |
| Үйге берілген тапсырмаларды деңгейлік сұрақтар бойынша сұрау. Оқушылардан жекелей және топ бойынша сұрау және мағанасын ашу. Формативті: мадақтау,смайлик дәптерінің бүгінгі бетіне жабыстыру. Бағалау критерийлері: 1.Білімділігі 2.Ойлау жылдамдығы 3.Тіл байлығы 4.Сұрақтарға жауаптың нақтылығы,мазмұнын ашуы | Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тақырыпқа қатысты не біліп не үйренгендерін, тақырып туралы әсерлерін жекелей және топ болып талдай отырып ортаға жеткізу. | ||||||
Түсіну 2 мин. 15 мин. | Сыныпты топтарға бөлу. 1-топ: «Перғауындар» 2-топ: «Пирамида» 3-топ: «Сфинкс» 4-топ: «Папирус» 5-топ: «Египет әскері» | Сынып оқушыларын түрлі-түсті суреттер арқылы топтарға бөлу. | Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу. | ||||||
Тақырыпты «Искусство Древнего Египта» видеосымен ашу. Жаңа сабақ ДЖИГСО стратегиясы (мәтінмен танысып, ой бөлісуге даярланады) «Папирус»: «Египеттік жазудың шығуы мен дамуы» «Египет әскері»: «Математикалық білімдер. Аспан әлемі» «Сфинкс»: «Египеттегі медицина. Ежелгі Египеттегі мектеп» «Перғауын»: «Әдебиеті. Ежелгі Египет діні» «Пириамида»: «Храмдар мен пирамидалар» | Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді. Бұрыннан білетін білімдерін пайдаланып, мақсатқа жету үшін өз бетімен жұмыс істейді. | Тақырыпты дәптерге жазады. Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды түсіндіреді. | |||||||
Қолдану 10-12 мин. | Жаңа сабақты меңгерту. «Перғауындар» тапсырмасы: а) Ежелгі Египеттегі әдеби шығармалар. ә)Сәйкестендір - «Ежелгі Египеттіктердің діні» Күн құдайы Хапи Тас құдайы Ра Ніл өзені құдайы Бенбен Ақыл құдайы Тот «Египет әскері» тапсырмасы: а) Ежелгі Египеттегі математиканың ірі табыстарының бірі… ә) Египеттіктер миллион санын қалай білдірген? б) Египетте геометрия ғылымын не үшін пайдаланған? В)Египеттіктер аспан әлемі жөніндегі білімдері негізінде не жасаған? «Сфинкс» тапсырмасы: а)Египет дәрігерлері___,____,____,____, т.б. мамандары болып бөлінді. Адамдарды емдеу барысында әр түрлі _____ мен _____ жиі пайдаланып отырған. Египет дәрігерлері_____ тәсілін пайдалана отырып та емдеген. Олар операцияға әр түрлі ____ медициналық _____ пайдаланды. ә) Ежелгі Египеттегі мектептегі тәртіп. «Папирус» тапсырмасы: а) Иероглиф деген не? ә) Иероглифтердің саны қанша болған? б) Египетте жазу үшін не пайдаланылды? «Пирамида» тапсырмасы: а) Ежелгі Египеттің қай қалалрында храмдар салынған? ә) Пиамидалар қандай мақсатта салынды? б) Тастан жасалған алыпқа қарағанда адамның зәресі ұшатын еді. Жұрт оны қалай атады? | Мақсаты:білімнің негізгі түйінін беру, нақты,дәлелді мысалдар келтіру.Ең негізгі мәселелерді меңгеру дәрежелерін байқау. | Алған білімді қолданады. Экранда көрсетілген сұрақтарға жауап береді. | ||||||
Сергіту сәті 1 мин. | «Just Dance Kids» атты жаттығу жасау | Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау | Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды. | ||||||
Бағалау | Өзін-өзі және топ мүшелерін бағалау | Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату. Бағалау парағы бағалауынан кейін жиынтық баға шығару | Өзін өзі және топтастарын бағалайды. | ||||||
Рефлексия 2 мин. | Кері байланыс | «Білім ағашы» тұсына сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ілулерін тапсырамын. | Сұрақтарға жауап жазып,стикерді арнайы көрсетілген «Білім ағашы» тұсына іледі. | ||||||
Үйге тапсырма | Үйге тапсырма; Египет пирамидаларының орналасқан жерін кескін картаға белгілеу. Оқулықтағы «Ежелгі Египеттегі ғылым мен мәдениет» туралы оқу, іздену | Күнделіктеріне жазуын бақылау. | Күнделіктеріне жазады. | ||||||
Тексерілді:
МДОІЖО: __________________________________