Жыл, 29 қыркүйек – Алматыда Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы өтті.

Осы жылдың 29 қыркүйегі мен 3 қазан аралығында Алматыда қазақтардың І Дүниежүзілік құрылтайы болып өтті. Оған Министрлер Кабинетінің «Қазақтардың бүкілдүниежүзілік конгресін дайындау және өткізу туралы» Қаулысы себеп болды. Осындай конгресті өткізу туралы идея Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Түркияға сапары кезінде туған еді.

Атаулы қаулыдан кейін ұйымдастыру комитеті мен штаб құрылды. Әлеуметтік орта, қоғамдық ұйымдар, коммерциялық құрылымдар атсалысты. Әлемнің әр түкпірінен келген қонақтар үшін кеңейтілген мәдени бағдарлама даярланды. Құрылтайға Түркия, Иран, Монголия, АҚШ, Қытай, Австралия, Германия, Англиядан т.б. 30-дан астам елден барлығы 700-ден аса делегат келді.

Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығын құрылтайға қатысушылар мына құрамда толық қолдады:

· Нұрсұлтан Назарбаев — Төралқа төрағасы.

· Қалдарбек Найманбаев — Төрағаның бірінші орынбасары.

· Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев — Төралқа мүшелері.

· Құрылтай таңбасының авторы - суретші Бейсен Серікбай

Құрылтай шеңберінде Қазақстан және шетел ғалымдары Ә. Қайдаров, М. Қозыбаев, С.Сартаев, З.Исмайлдың қатысуымен ғылыми практикалық конференция өтті. Қазақ ұлттының азаматтары Қазақстанға қайта оралған жағдайда, оның әлеуметтік қорғалуы жөнінде бірқатар құжаттар қабылданды.

Қонақтар Түрікстандағы Қожа Ахмет Яасауидың мавзолейіне, Жезқазған облысына Ұлытауға барып қайтты. Құрылтай қонақтары үшін Республика сарайында концерт қойылды. Құрылтайдың өткізілу барысы мерзімді баспасөзде, радио және теледидар бойынша кең хабарланып отырды. Құрылтайдың негізгі жаңалығы – 30 қыркүйекте Республика сарайында өткен салтанатты мәжіліс болды.

Онда Қазақстан Республикасының Президентті Н.Назарбаев сөз сөйледі. Президент өз сөзінде: «Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан астам елдерінде 4,5 миллиондай қазақтар тұрады, сондықтан Республиканың құрметті міндеті – қай жерде тұратына қарамастан, әрбір қазақ өз ұлтының тең құқылы өкілі ретінде сезінетіндей жағдай жасау» деп атап көрсетті.

Құрылтай 1992 жыл 30 қазанында сенбі күні жабылды. Осындай конгресті өткізу Қазақ халқының өзіндік бірлігін нығайтып, мәдениеті мен дәстүрлерін қалпына келтіру және көтеруге ықпал етті.

2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.

Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты.

Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы ІІ-ші рет, 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өткен құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.

2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соныңішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.

Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.

Бизнес байланысын нығайту, қазақ шетжұрты республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-қатынас секілді мәселелер қаралды.

2011 жыл. 25-27 мамырда Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайы ашылды.

Құрылтайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасы төрағасы болып Н.Назарбаев бір ауыздан қайтадан сайланды.

Төралқа төрағасының бірінші орынбасарлығына Елбасының ұсынысымен Талғат Мамашев сайланды.

Төралқа мүшелері болып Сұлтанәлі Балғабаев (төрағаның орынбасары), Абдулқаюм Кесижи, Тоқтарбай Дүсенбаев сайланды.

Дүниежүзі қазақтар қауым­дастығы шетелдегі 5 млн. қазақ диаспорасы мен Қазақстанның арасын жал­ғастыратын еліміздегі бір­ден бір қоғамдық ұйым. Со­ған орай, Қауымдастық Қа­зақстанда қолға алынған ма­ңыз­ды жұмыстарды шетелдегі ағайындарға дер кезінде жет­кі­зіп, насихаттап отыруға тиіс.

Наши рекомендации