VІ. Жаңа сабақты бекіту.
здік жұмыс.
· Төмендегі берілген сөзге фонетикалық сатылай кешенді талдау жаса. Ұлыс
Үлгі: ана
- Үш дыбыс, үш әріп
- Екі дауысты(а,а), бір дауыссыз дыбыс бар(н)
- А- жуан, ашық, езулік дауысты дыбыс.
- Н – үнді дауыссыз дыбыс
- А-на бір буынды сөз, а- ашық буын, на – ашық буын.
- Ана тасымалданбайды.
- Ана екпін соңғы а дыбысына түседі.
- Үндестік заңы:
- Буын үндестігі жоқ.
- Дыбыс үндестігі бар.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
ақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді.
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а,ә,о,ө,е,э.
Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы,і,и,у,ү,ұ.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Шығармашылық диктант
· Төмендегі сөздерді қатстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
1. Мұндай, тұқым, үлкен, күрес.
2. Бұлбұл, мазмұн, мағлумат.
3. Бүрсігүні, Бибігүл, аққұтан.
4. Жұлдыз, ұшқыш, күндіз.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
244 –жаттығу
· Мәтінді көшіріп, ашық дауыстылардың астын сызыңдар.
245 –жаттығу
· Мына жұмбақтардың шешуі қай дыбыс? Дауыстылардың қайсысына жатады?
246 –жаттығу
· Мәтіннен ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек, қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек теріп жазыңдар.
VІІІ. Сабақты бекіту:
· Бағалау
· Үйге тапсырма беру:
1. Ашық және қысаң дауыстылар
2. 246 –жаттығу
Күні, айы, жылы:
Пән аты:Қазақ тілі
Сыныбы:5
Сабақтың тақырыбы: Еріндік және езулік дауысты дыбыстар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушыларға тіліміздегі дыбыстарды, соның ішіндегі еріндік және езулік дауысты дыбыстарды меңгерту және олар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Тәрбиелік:оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:оқушылардың дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, фонетикалық талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі:аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ашық және қысаң дауыстылар
2. 246 -жаттығу
ІІІ Білім тексеру:
Шығармашылық диктант
· Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
1.Сұлу жер, егін ору, шөп шабу
2.Уәдесінде тұру, киноға бару.
3.Үлкенді сыйлау.
4.Қуаныш, жеміс өсіру.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Дауысты дыбыстың жасалуы кезіндегі ерін мен езудің қалпына қарай олар еріндік және езулік болып бөлінеді.
Еріннің дөңгеленіп, алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атайды. Олар:о,ө,у,ү,ұ.
Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атайды. Олар:а,ә,е,э,ы,і,и.
Сөздің алдыңғы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындағы езулік дауыстылырға әсер етеді. Оны өзіне қарай бейімдеп еріндік дауыстыға айналдырады. Мысалы: құлын сөзі - құлұн болып айтылады.жазудағы нормасы құлын болғанымен, айтудағы нормасын сақтап айту керек. Себебі, сөздерді дұрыс айта білу де – тіл мәдениетінің бір шарты.
VІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
247-жаттығу
· Төмендегі жұмбақ өлеңдердің шешуі қай дауысты дыбыстар екенін табыңдар. Өздерің осы тәрізді жұмбақ өлең шығарып көріңдер.
247 – жаттығу
· Мына өтірік өлеңдегі еріндік дауыстары бар сөздерді бір бөлек,езулік дауыстылары бар сөздерді бір бөлек, аралас келген сөздерді бір бөлек жазыңдар.
VІІ. Сабақты қорыту:
1. Бағалау
2. Үйге тапсырма беру:
1. Еріндік және езулік дауысты дыбыстар туралы түсінік.
2. 249- жаттығу.
Күні, айы, жылы:
Пән аты:Қазақ тілі
Сыныбы:5
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушылардың дауысты дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Тәрбиелік:оқушыларды елдікке баулу, еңбекке, ынтымаққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:оқушылардың дауысты дыбыстарды ажырата алу дағдыларын арттыру, дыбыстық талдау жасай білу дағдыларын арттыру, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.
Сабақтың типі:бекіту сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, жаттығу,
деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру