IV. Жаңа сабақты бекіту.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:І тарау материалдарын қайталау

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1. Әлеуметтану ғылымы

2. Әлеуметтанудың пәні мен объектісі

3. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары

4. Әлеуметтік ғылымның деңгейлері

1. Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді.

2.

IV. Жаңа сабақты бекіту. - student2.ru

3. Әлеуметтік қатынастарды зерттеу негізіне байланысқа түскен объективті қалыптасқан әлеуметтік байланыстар мен фактілер құрылымын зерттеу жатады. Қоғамда шексіз көп әртүрлі әлеуметтік жүйелер бар. Осындай байланыстардың елеулі бөлігі уақытша және кезекті сипатқа ие болады. Әлеуметтанудың ғылым ретінде ерекшелігінің мәні, әлеуметтік қатынастар және байланыстар әлеуметтік заңдар мен зандылықтар деңгейінде зерттеледі.

Әлеуметтік заң – бұл әлеуметтік заңдар мен құбылыстардың, ең алдымен, адамдардың әлеуметтік әрекетінің байланысы немесе олардың өзіндік әлеуметтік әрекеттерінің жалпы және қажетті байланыстарын айқындауы.Әлеуметтік заңдар тек үлкен адам бұқарасы қамтылған жағдайда ғана айқындалады және статистикалық сипатқа ие болады.

4. Әлеуметтік ғылым дегеніміз не және оның деңгейі қандай? деген сұрақтың жауабы әлеуметтану пәнін түсіну мен оны зерттеу ерекшелігінен айқындалады. Егер әлеуметтануды – әлеуметтік қауымдар, олардың арасындағы әлеуметтік қатынастар, әрекеті мен бұқаралық тәртібі жөнінде ғылым деп саналса, онда әлеуметтік білім әлеуметтік қауымдастықтар мен олардың қалыптасу мен даму механизмнің білімі ретінде белгіленеді. Осы мәселелерді шешу көбінесе жалпы ғылыми және айрықша әлеуметтік әдістер арқылы жүзеге аасырылады. Әлеуметтану ғылымының 3 деңгейі ажыратылады:

1) жалпы әлеуметтік қағида;

2) арнайы әлеуметтік қағида;

3) нақты әлеуметтік зерттеу (эмпирикалық зерттеу) – бұл әлеуметтік білімнің эмпирикалық деңгейін белгілейді. Бұл деңгейлер әлеуметтік білімнің вертикальды білім срезін құрайды. Көлденең срезі қоғамның жеке өмір әрекет салаларын зерттейтін, салалық әлеуметтанудың саның құрайды.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Әлеуметтану ғылым ретінде басқа ғылымдардан айырмашылығы қандай?

2. Әлеуметтанудың объектісіне не жатады?

3. Әлеуметтану ғылымы қандай қағидаларға сүйенеді?

4. Әлеуметтік заңдылықты түсіндіріп бер.

V. Үй тапсырмасын беру: Әлеуметтану ғылым ретінде

VI. Бағалау.

11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: 9. Әлеуметтанулық білім

Сабақтың мақсаты: әлеуметтану ғылымының негізін ашып көрсету.

Сабақтың міндеттері:

? Әлеуметті зерттейтін ғылым-социология туралы, оның басқа ғылымдармен байланысы, бұл ғылымның атқаратын қызметі туралы оқушыларға егжей-тегжейлі жеткізу;

? Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;

? Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: әңгіме, жаңа мәлімет беру

Көрнекілік: кітап, нақыл сөздер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

· Оқу құралын тексеріп түгелдеу

· Әнұран орындау, «Хабар»

· Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1. Әлеуметтану ғылымы

2. Әлеуметтанудың пәні мен объектісі

3. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары

4. Әлеуметтік ғылымның деңгейлері

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Әлеуметті зерттейтін ғылым.

– Тұтас қоғамның және әлеуметтік қауымдастықтардың қалыптасу заңдылықтарын, қызметі мен дамуын зерттейтін ғылым.

– Конт Огюст (1798-1857 жж) француз философы, социолог, методолог, ғылымды насихаттаушы, позитивизмнің негізін салушы.»Социология» терминін ғылыми айналымға енгізе отырып,, қоғамдық өмірде болып жататын құбылыстарды философия тарихы мен тарихи фактографияның ақылға салатын топшылауларынан және саяси-құқықтық ойлардың түрлі эмпириялық шолуларынан өзгеше ғылыми зерттеуді ұсынды.

2. Социологияның өзге ғылым салаларымен байланысы

3. Социология ғылымының атқаратын қызметтері

4. «Социум» ұғымы

– Адамдардың өмірлік қызмет жағдайларының бірлігі және мәдениеттің ортақтығы мен сипатталатын үлкен және орташа әлеуметтік қауымдастық.

Сабақты бекіту:

– Социологияның қандай ғылым екендігін, оның нені зерттейтінін анықтау.

– «Социология ғылымының атқаратын қызметтері» деп аталған тақырыпшадағы ғылым салаларының нені зерттейтінін айтыңдар.

– «Социум» ұғымы нені білдіреді?

Бағалау: өзін-өзі.

Үйге тапсырма: конспектіні оқу

11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: 10. Қоғам-өзара байланыс жүйесі

Сабақтың мақсаты: адамның қоғамда алатын орнын айқындау.

Сабақтың міндеттері:

? Еңбек қоғамы,Томас Мордың, К.Маркстың қоғам туралы ойлары, идеялары, ашыө және жабық қоғамдар, орта тапты қоғам құру идеялары туралы оқушыларға түсіндіру;

? Белсенділігі жоғары азамат қалыптастыру;

? Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптық

Әдісі: дәріс

Көрнекілік: кітап, нақыл сөздер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

· Оқу құралын тексеріп түгелдеу

· Әнұран орындау, «Хабар»

· Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

G Әлеуметті зерттейтін ғылым

G Социологияның өзге ғылым салаларымен байланысы

G Социология ғылымының атқаратын қызметтері

G «Социум» ұғымы

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Еңбек қоғамы.

š Шотланд экономисі әрі философы Адам Смит (1723-1790 жж.)

š Әркім өізі үшін еңбек ете отырып, өзгелер үшін де тер төгуге мәжбүрленеді және керісінше, өзгелер үшін еңбек ете отырып,, өзі үшін де еңбектенеді.

š Адамдар эмоциясындағы басты нәрсе-әділдік, өзгелерге нұқсан келтіріп алмауды түсіну болып табылады.

2. Әділетті қоғам жолында

š Т.Мор

3. Қоғам туралы маркстік ілім

4. Ашық қоғам және жабық қоғам

š Ашық қоғам-сыртқы ортадағы ахуалға бейімделіп отыратын, сыншыл рух жайлаған, үнемі өзгеріп, жаңарып отыратын, десократиялық қоғам.

š Жабық қоғам-дамудың жоғарырақ сатысында тұратын, өзге қоғамдармен қатынасы мейлінше шектеулі, догматикалық идеялар ұстанған, авторитарлы қоғам.

5. Тұтынатын қоғам

6. Молшылық қоғам

Сабақты бекіту:

– А.Смит алға қойған мақсаттардың қайсысы осы күнге дейін өзектілігін жойған жоқ, қайсысы ескірді деп ойлайсыңдар?

– Сен-Симон мен Фурьенің және олардың ізбасарларының ілімдерін неге утопиялыққа жатқызады? Олар көтерген бағалы идеяларды көрсетіңдер.

– Марксизмнің пайда болуына ХІХ ғасырдың ортасындағы қоғамдық тарихи-даму үдерісіндегі нақтылы жағдай әсер етті дегенге қалай қарайсыңдар?

– Тұтынатын қоғам деген не?

– Молшылық қоғам мен орта таптық қоғым ұғымдарын салыстырыңдар.

– Ашық және жабық қоғамның белгілерін саралай отырып, қазіргі көршілес Ресей, Қытай, Қырғыстан, Өзбекстан елдеріне осы ұғымдар тұрғысынан сипаттама беріңдер.

Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма: конспектіні оқу

11-сынып. Адам. Қоғам. құқық

Сабақтың тақырыбы: 11. Әлеуметтік стратификация және ұтқырлық

Сабақтың мақсаты: әлеуметтік стратификация ұғымын түсіндіру

? Әлеуметті стратификация туралы, оның басқа ғылымдармен байланысы, бұл ғылымның атқаратын қызметі туралы оқушыларға егжей-тегжейлі жеткізу;

? Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;

? Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: әңгіме, пікіраламасу

Көрнекілік: кітап, нақыл сөздер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

· Оқу құралын тексеріп түгелдеу

· Әнұран орындау, «Хабар»

· Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

– Еңбек қоғамы

– Әділетті қоғам жолында

– Қоғам туралы маркстік ілім

– Ашық қоғам және жабық қоғам

– Тұтынатын қоғам

– Молшылық қоғам

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Әлеуметтік стратификация ұғымы
  2. К.Маркс бойынша таптарға бөлу

1. Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:

· касталар;

· сословиелер;

· таптар.

Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе

1. Ашық - Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады

2. жабық жүйе- Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді.

2. Орта тап адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш – жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады. Бұл жерде айта кететін бір жағдай – орта тпатың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар

· жоғары орта тап:

· орта таптың орташасы:

· төменгі орта тап.

Орта тапты осылайша жіктеуде жоғарыда айтылған факторлар, яғни адамдардың билікке қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлері ескеріліп отыр. Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем басқа.

Сабақты бекіту:

– әлеуметтік стратификация деген не?

– Орта тапты нешеге бөледі?

– Стратификациялық жүйеге анықтама бер

Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма: конспектіні оқу

Пән: Адам. Қоғам. Құқық
Сынып: 11 Сабақ: 12 Күні:  

Тақырыбы:Тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік факторлар

Сабақтың мақсаты: Жеке адамның қалыптасу процесіне әсер ететін факторларды атап беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Әлеуметтік факторлардың тұлғаға әсері туралы түсінік беру, құрылу жолдарына тоқталу.

Дамытушылық:Әлеуметтік білімдерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік:Қазіргі заманға сай заманауи азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:топтық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: дискуссия

Көрнекілігі:кесте

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Наши рекомендации