Зертханалық жұмыс №2. Типтік комбинациялық құрылғылардың жұмысын зерттеу

Жұмыстың мақсаты:дешифраторлар мен мультиплексорлардың жұмысын Electronics Workbench компьютерлік программасының модельдеу жүйесінде зерттеу.

Жұмыстың тапсырмасы:

- дешифратор ықшам сұлбасын Electronics Workbench бағдарламасында құру;

- мультиплексор ықшам сұлбасын Electronics Workbench бағдарламасында құру.

Жұмысты орындау реті

2.1.1 Electronics Workbench компьютерлік бағдарламасын жүктеу.

2.1.2 2.1 суретіндегі 74138 дешифратор ықшам сұлбасының жұмысын зерттеңіз.

2.1 суретінде көрсетілгендей «0_1» атты логикалық деңгейлер көзін құру үшін 2.2 суретінде келтірілген кіші сұлба қолданылады.

Дешифратордың адрестік кодын беру үшін санауыш (count) қолданылады. Санауыш көмекші құрал болғандықтан, нақты ықшам сұлба орнына шартты санауыш қолданылған.

XOR және NOT элементтерінің көмегімен құрастырылған сұлба бөлігі тетікті әрбір басқан сайын бірлік импульсті қалыптастыратын құрылғы болып табылады.

2.1 сурет – Дешифратор ықшам сұлбасының жұмысын зерттеу

2.2 сурет – «0_1» логикалық деңгейлерді қалыптастыратын кіші деңгей

2.1.3 2.3 суретінде және 2.1 кестесінде келтірілген 74153 мультиплексор ықшам сұлбасын іске асырыңыз.

2.1 кесте

 
A B F1
 

2.3 сурет –Мультиплексорда екі айнымалының функциясын іске асыру сұлбасы

2.1.4 2.4 суретінде және 2.2 кестесінде келтірілген 74153 мультиплексор ықшам сұлбасында үш айнымалы функциясын іске асырыңыз.

2.2 кесте

A B C F
 

2.4 сурет – Мультиплексорда үш айнымалының функциясын іске асыру сұлбасы

2.1.5 2.5 суретінде көрсетілгендей 74138 дешифратор ықшам сұлбасында логикалық өрнегін алдын ала түріне түрлендіру арқылы іске асырыңыз.

2.5 сурет– Дешифраторда берілген логикалық өрнекті іске асыру сұлбасы

Бақылау сұрақтары

2.2.1 Тура кірісті 2х8 ұйымдастырылған дешифратор жұмысын сипаттаңыз.

2.2.2 Терістелген кірісті 2х8 ұйымдастырылған дешифратор жұмысын сипаттаңыз.

2.2.3 4х1 ұйымдастырылған мультиплексор жұмысын сипаттаңыз.

2.2.4 Үш кірісті тура шығысты толық дешифраторды негізгі базисте логикалық элементтер негізінде синтездеңіз.

2.2.5 Үш кірісті тура шығысты толық дешифраторды ЖӘНЕ-ЕМЕС базисінде логикалық элементтер негізінде синтездеңіз.

2.2.6 Сегіз арналы мультиплексорды негізгі базисте синтездеңіз.

2.2.7 Сегіз арналы мультиплексорды ЖӘНЕ-ЕМЕС базисінде синтездеңіз

2.2.8 8х1 ұйымдастырылған мультиплексор жұмысын сипаттаңыз.

Зертханалық жұмыс №3. Триггерлік сұлбалардың жұмысын зерттеу

Жұмыстың мақсаты:әртүрлі типтегі триггерлердің, санауыштардың және ығысу регистрлерінің жұмысын зерттеу.

Жұмыстың тапсырмасы:

- триггерлердің жұмысын зерттеу, ақиқат кестесін толтыру;

- санауыштардың сұлбасын жинау, ақиқат кестесін толтыру;

- регистрлердің сұлбасын жинау, ақиқат кестесін толтыру

Наши рекомендации