Quot;Айгөлек" тобы

Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімдері: Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы:Н н дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты:

1. Н дыбысын сөз құрамына бөліп алу, Н дыбысын дұрыс дыбыстау, Н әрпін таныту.

2. Оқушылардың ұшқыр ойлау қабілетін дамыту.

3. Оқушыларды мейірімділікке, имандылықка тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, бекіту, жұмбақ ырым сөздер.

Көрнекілік:Әліппе, сурет, кеспе әріптер, қима буындар: ла, ну, на, нау.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   I. Ұйымдастыру кезеңі. - Балалар, бүгін біздің сабаққа Алдар көсе мен Тазша бала қонаққа келіп отыр. Алдар көсе сендерге бірнеше тапсырма ала келіпті. Егер сол тапсырманы дұрыс орындасаңдар, жаңа әріппен танысасындар. I тапсырма. Бұл ненің суреті? (аттың) - Бұл сөз буынға бөліне ме? II тапсырма. Ала сөзін буынға бөл, дыбыстық талдау жаса. III тапсырма. Ата сөзіне дыбыстық талдау жаса     Балалар шаттық шеңберін құрады.  
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік IV. Жаңа сабақ - Балалар, сендер Алдар көсенің тапсырмасын өте жақсы орында-дындар. Енді атамыз бізге қандай жаңа әріп алып келді екен, соны тамашалайық. (Бір оқушы шығып, атаның қолындағы конвертті алып ашады. Ішінен тек нанның ғана суреті шығады). - Балалар, біз ненің суретін көріп тұрмыз? (нанның) -Ендеше "Нан" деп бірнеше рет қайталайық Бірінші кандай дыбыс құлағымызға естіліп тұр? (Н). - Сонда өтетін жаңа дыбысымыз қайсы екен? (Н). Оқулықтағы "Нан" суреті бойынша әңгіме құрастырып, нанның пайдасы айтылып, обал, сауап деген сөздерге түсінік беріледі. Тыйым сөздер: 1) Нанды бір қолмен үзбе! 2) Нан уағын тастама! Жұмбақ: Өзі үлкен жануар, (Бидай) Үстінде бір тауы бар. (Нар) - Бірінші тұрған қандай дыбыс? Кірш-кірш етеді, Ішіне кіріп кетеді. (Ине) - Н дыбысы қай жерде тұр? Н дыбысына дыбыстық талдау жасап, оның дауыссыз екенін анықтау. Қима әріптерден "Нан", "нар" т.б. сөздер құрату. V. Бекіту. 1. "Нан құдіреті" ертегісін магнитофоннан тыңдау. 2. Сергіту сәті. (Өлең шумағын жаттау). Нан уағын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар, Теріп алып, қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. Жұмбақ. 1) Жезге ұқсас сабағы, Дәні —халықтамағы. 2) Үсті тас, асты тас, Ортасында піскен ас.   Мұқият отырып тыңдайды     Балалардың жауаптары   Қимыл-қозғалыстармен көңілді сергіту сәтін жасайды   Бидай   Нан
Рефлекстік - үйлесімділік VI. Қорыту. - Қандай дыбыспен таныстық? - Н дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба? - Қандай ертегімен таныстық? - Сонымен, балалар, үйде, мейлі көпшілік арасында болсын нан қоқымын көргенде басуға болмайды екен. Осыны өздеріңнің іні-қарындастарына да үйретулерің керек екен.   Қорытындылайды  

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Біледі:

Білді:

Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ғ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра отырып, дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Балалардың F дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, сөздік қорына мән беріп, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Буын құрату, жұмбақшешу, жаңылтпаш айту, ребус шешу арқылы игерген білімдерін бекіту.

Көрнекілік ретінде кеспе әріп, әріп таңбасы, суреттер, текшелер, ребустар пайдаланылады.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Көктемде кандай өзгерістер байқадыңдар? - Ағаштардан қандай өзгерістер байқадыңдар? - Құстар жайлы не байқадыңдар? - Сендер көктемнің өзгерісін жақсы біледі екенсіндер. Енді көктем айларын кім атап береді? - Наурыз, сәуір, мамыр. - Бүгін қай күн екенін еске түсірейік.    
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік - Балалар, сауат ашу сабағын мынандай жұмбақ, шешуден бастайық. Жұмбақ Көп әріп ішінде, — Шалғы пішінде. Тап, мұны түсін де. (Ғ әрпі) - Балалар ғ дыбысын айтып көрейік. - Ғ қандай дыбыс ? - Неліктен дауыссыз? - Қандай текшемен белгілейміз? - Ғ дыбысына байланысты кім тез сөздер тауып айтады? - Қане кім "балға" сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді? (Бір бала тақтаға балға сөзін жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында отырып дауыстап айтады шапалақ ұру арқылы буынға ажыратады). - Енді, Ғ дыбысына байланысты жаңылтпаш үйренейік. Жаңылтпаш: Ағабай ағасын, Ағатай ағасың! Аға деп бағалар, Ағаның бағасын. (Хормен. топтап айтып үйретіледі.) Сергіту сәті: Солға, солға түзу тұр. Оңға, оңға түзу тұр. Алға қарай бір адым Артқа қарай бір адым Жоғары төмен қарайық Орнымызды табайық. Сендер орындарынды қарап жүргенде мен бір жұмбақ тауып алдым. Жұмбақ: Жоқ өзінде бас та, Қас та мойын да. Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш) Сызғыш сөзіне дыбыстық талдау жасайды. - Екінші буын қай дыбыстан басталады? - Дыбысты біз айттық, естідік, енді Ғ дыбысынын таңбасымен танысайық. (Баспа және жазба түрі көрсетіледі). - Ғ әрпін ауада жазып көрсетелік (балалар бірге ілесіп жазады). - Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге қарап үзік сызықтарды қосып, F әрпін жазамыз. Сергіту сәті: Біз жаздық біз жаздық. Қолымыз шаршады. Ақырын демалып (қол соғамыз) Қайтадан жазамыз. Дәптерге жазып болған соң ойын ойнаймыз. "Ғарышқа үшу" ойыны. Ойынның шарты: Балаларға қағаздан сәндеп жасалынған ракета үлгісі көрсетіледі де кім ғарышқа ұшқысы келсе, мұндағы тапсырмаларды дұрыс орындау керектіп ескертіледі. Бір-бірден ала отырып, өткен әріптерге жұмбақ жаңылтпаш, санамақтар айтады. Ойын мақсаты балалардың білімге құштарлығын арттырып, өткен әріптерді есте сақтауға дағдыландырады. Ребус шешу: Ж + аға (аға бейнесін салу)= Жаға Шешуі: (сандық, жаға, таға) Ойын: "Сөйлемді толықтыру" 1. Өзімнен үлкен бауырым........(аға) 2. Қыз құлағындағы әшекей...... (сырға) 3. Атам ат.........(тағалады) "Орамал тастамақ" ойыны, ойын кезінде өтіткен әріптер бойынша басқа дыбысты айтып, балаға орамал лақтырады. Бала сөз ойлап, қайта тәрбиешіге лақтыру керек. (б, а, л, ғ, а дыбыстары айтылады.) Осы дыбыстардан сөз құрап, тақтаға кеспе әріптер арқылы жаздырады. "Балға, аға, алға".    
Рефлекстік - үйлесімділік Қорыту: - Қандай дыбыспен таныстық? — Қандай сөздөрде F дыбысы бар екен?    

Сабақтың тақырыбы: Р р дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілетін арттыру.

2. Рр дыбысымен таныстыру, өз бетінше сөз, сөйлем құрастыруын қадағалау.

3. Дыбыстық талдау жасауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: көрнекілік, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: шар, ара cype'nepi, кесне әріптер, буындар, текшелер, әріп элементі, иттің суреті.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   Ұйымдастыру кезеңі. Қуанамын менде, қуанасың сен де. Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге. Бүгінгі күніміз сәтті өтсін. Бәріңе сәттілік тілеймін!    
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік I. Ұйымдастыру кезеңі. 1- Әріп элементтерін тарату. II. Қайталау.    
Рефлекстік - үйлесімділік IV. Қорыту: 1. "Шар, ара" сөзін катыстырып, сөйлем құру. /Буынға бөлгізу/ 2. Өз ойларынан "р" дыбысын қатыстырып сөз құрастыру. "Тап-қышбек" ойыны. V. Хормен: -ра -ро -ру буынын айтқызу. VI. Мадақтау.    

Сабақтың тақырыбы: Л л дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Л дыбысы туралы ұғым беру.

2. Окушылардың тілдерін, ойын дамыту.

3. Мал төлдерін сүйе білуге, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік, сөздік.

Көрнекілік: Суреттер, қима әріптер мен буындар.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   Ұйымдастыру кезеңі. - Армысыз, қайырлы күн! - Армысыз, қайырымды Аспан ата! - Армысыз, мейірімді Жер – Ана! - Армысыз, шұғылалы Алтын – күн! - Қуанайық, шаттанайық бәріміз! - Күліп, шықты күн бүгін! - Бәріміз күндей жарқырайық! - Бәріміз тату болайық! - Бәріміз дос болайық!    
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік I. Ұйымдастыру кезеңі. - Балалар, бүгін бізге қонаққа "Балдырған" келіпті, ол бізге біp жаңа әріпті өзімен бірге ала келіпті. Бірақ ол бізге қандай әріп әкелгенін "айтпаймын" дейді, ол әріпті табу үшін біз мынандай бір тапсырманы орындауымыз керек. I тапсырма. Конвертке салынған сурет. - Мынау не? (Лақ ) - Лақ қай малдың төлі, қалай дыбыстайды? Сендердің ата-әжелерің мал баға ма? - Сөзде неше дыбыс бар? - Лақ сөзін буынға бөліп көрейік? - Неше буын бар? - Сөздің басында қандай дыбысты естіп отырсыңдар? (Хормен айтқызу.) - Л қандай дыбыс? - Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз? II тапсырма. - Суретке қарап дыбыстық талдау жаса. (Піл, телефон Суреттері көрсетіледі). III тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы үзік сызықтарды қос. - Балалар, енді "Балдырған" демалып сендердің білімдеріңді көрсем дейді. Сергіту сәті.   Лақ Жалт-жұлт етіп лақ, Жағалайсың бұлақ. Секірем деп бірақ Қала көрме құлап. Ойын. Кім тез ойлайды? Л дыбысына қатысты сөздер ойлап, буынға бөлу, сөйлем құрату. Осы айтқан сөздерінен Л дыбысы қай дыбыстан бұрын не соң тұрғанын анықтату.    
Рефлекстік - үйлесімділік IV. Қорыту. Қима әріптерден а-ла, ал, ол сөздерін құрату, осы сөздермен сөйлем құрап айтқызу. Сөйлемдердің схемасын сызып көрсету. V. Үйге тапсырма. Л дыбысы мен әрпі бар заттардың суретін салып келу.    

Наши рекомендации