Бөлімдері: Сауат ашу. Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы және әрпі.

Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:1. Б дыбысымен танысу сюжетті сурет бойынша әнгіме құрату арқылы, балалардың ойлау қабілетін дамыту,сөздік қорларын молайту.

2. Б дыбысына сөздер айтып талдау жасап үйрету.

3. Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс: Түсіндіру, сұрақ-жауап ойын арқылы.

Сабақтың көрнекілігі: Кішкене балға, балта, балық, бүркіт, бұғы, бұзау,

балапан, бақа, саңырауқұлақ, кеспе әліппе, текшелер.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   Ұйымдастыру бөлімі: - Балалар, бізде қазір қай ай? - Бұл жылдың қай мезгілінің айы? - Аптаның қай күні? Балалар шаттық шеңберін жасайды
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік Осы кезде столға секіріп бақа шыға келді. - Мынау не екен балалар? - Бақа бізге неге келді екен, мен сұрап көрейінші. (Құлағын тосқан болады.) - Балалар, бақа бізге қонаққа келіпті, сендермен бірге Балалардан бақаның қимылын жасауын және өзі тураты ән айтып беруді сұрайды. - Қане, онда ән айтып берейік. Әнімізді еске түсірейік. — Бақа, бақа, балпақ, Басың неге жалпақ? Темір тел пек көп киіп, Басым содан жалпақ. — Бақа, бақа, балпақ, Бұтың неге талпақ? — Су бетінде көп жүзіп, Бұтым содан талпақ — Өте жақсы айттындар, балалар, таныс емес қай дыбыс? — Дұрыс. Б дыбысы екен. — Біз сабақ басталғанда аптанын қай күні дедік? — Бұл сөзде қай дыбыстан басталып тұр? — Тамаша дұрыс таптындар. Балаларға бірнеше сурет көрсетіп ондағы заттардың атын атату. — Балалар, мынау ненің суреті? — Мұнымен не істейді? Балға, күрек, кетпен, тырманың қызметімен таныстырып, олардың ортақ аттары құрал-саймандар екені түсіндіріледі. Осылайша басқа да суреттер көрсетіп, аттарын ататқызады. — Осы сөздердің барлығында Б дыбысы қай жерде тұр? — Шалбар деген сөзде Б дыбысы бар ма? — Өте дұрыс. Бұл сөзде ортасында естіліп жүр екен. — Ал, енді осы Б дыбысын айналаларыңа қарап, дауыстап айтып көрейікші, не байқадыңдар? Балалар Б дыбысын айналаларына қарап айтқан кезде, еріндерінің бір-біріне тиетінін, жүйісетінін айтты. Жаңа дыбысты айнаға қарап дыбыстатып айтқызу, дыбысты дұрыс ажыратуына, ерін мен езу қимылдарына байланысты дыбыстарды оның айта білуіне үйретеді. — Ал, енді осы дыбысты созып айтып көрейікші, созып айтуға келе ме екен? — Жоқ, Б дыбысын созып айтуға келмейді. Б дыбысын созып айтсак, Ы дыбысы қосылып кетеді. — Олай болса Б дыбысы қандай дыбыс екен? Дауысты ма, әлде дауыссыз дыбыс па? — Дауысты дыбыстар қалай айтылады екен? — Дұрыс екен балалар, ал біз дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз? Балалар түгелдей көк текшені көтереді. — Ал дауысты дыбысты ше? Түгелдей қызыл текшелерін көтереді. — Ал, қане енді кім көп сөз біледі екен, бәріміз ойланып осы Б дыбысынан басталатын сөз ойлайық. — Балық, балапан, балдырған, бақа, балға, бұғы, бұзау т.б. — Жақсы, өте көп сөздер біледі екеңсіндер. Енді осы сөздерді буынға бөліп көрейікші. — Балға деген сөзді буынға бөлейік, кане, шынтақтарынды парта үстіне тіреп, саусақтарынды айқастырындар да, айқастырылған саусақтарынды иектеріңнің астына қойып, бәріміз бірге буынға бөлейік, - деп тәрбиеші бірге айта отырып, буынға бөлдіреді: - Иектеріңе саусақтарың неше рет тиді? - Олай болса балға сөзінде неше буын бар екен? - Б дыбысы қай буында тұр? - "Шал-бар" сөзін де тұра осылай буынға бөлейік. - Неше рет иектерің саусақтарыңа тиді? - Б дыбысы қай буында тұр екен? - Олай болса Б дыбысы сөздің басында, ортасында да, аяғында кездеседі екен. - Міне, балалар, біз бүгін сендермен жаңа дыбыспен, яғни Б дауыссыз дыбысымен таныстыңдар. - Міне, мынау Б дыбысының әрпі. (Кеспе әріптен Б бас әрпі мен кіші әрпі көрсетіледі.) - Ал ол былай жазылады екен (Тақтаға жазып көрсетіледі). - Мен қазір осы әріпті ауада жазамын содан кейін сендер жазасыңдар (Ауада екі-үш рет жазып көрсетіледі) - Ал енді сендер жазындар, үзік сызықтар арқылы жазылады екен. Бір жол жаздырып, қолдарын демалту үшін, Сергіту сәті: — Бала-бала, балақан Қане қайсы алакан? Саусақтарың әйбәт, Былай-былай ойнат. - Енді, балалар, "Б" дыбысына әр кім бір сөз ойласында соны текшелеріңмен алдыларында жазындар және оны әрқайсысың оқып шығасыңдар. Кім жылдам орындаса сол бала тақтада да көрсетеді. Алғашқы орындаған төрт балаға жаздыру. Бота, арба, балға, саба. Дауыссыз дыбыс көк текше, дауысты дыбыс қызыл текше. - Өте дұрыс жақсы жазып көрсеттіңдер. - Енді айналаларыңа қарандаршы, "Б" дыбысынан басталатын қандай заттар бар? Бесік, бор, бақа, балық т.б. - Тамаша жақсы, енді біздің арамызда "Б" дыбысынан басталатын балалардың аттарын атандаршы. - Сендер тамаша ойлап таптыңдар. Енді мен жұмбақ жасырайын сендер тауып көріндерші: Бірнеше рет ауада қайталаймыз. Табада бар, Танада жоқ. Сабада бар, Санада жоқ — Дұрыс айтасыңдар, ал енді осы жұмбақты бәріміз қай талап айтайық. (екі-үш рет айтқызу) (Сюжет сурет көрсету. Саңырауқұлақты паналаған балапандар) — Мына суретке қарайықшы, балалар. — Мұнда не бар екен? — Саңырауқұлақ қандай? — Ал, мұнда ше? — Үлкен болып өсіп кетіпті. Астына балапандар жаңбырдан тығылып паналап тұр. — Ал енді осы суретке қарап, сөйлем құрайықшы. 1) Жаңбыр жауып, саңырауқұлақ үлкен болып өсті. 2) Балапандар саңырауқұлақ астын паналап тұр. Осы сөйлемдер бірнеше балаға қай талатып айтқыздырылады. — Енді осы суретке қарап біз де ойнап көрейік.   Б дыбысы     Балтаның суреті.   Жоқ, Б дыбысын созып айтуға келмейді     Дауыссыз   Бал - ға   Екі   Шал - бар   сергіту жаттығуы жасалады     — Ол "Б" дыбысы.  
Рефлекстік - үйлесімділік Сабақ осы "Балапан" сөзі арқылы қорытындыланады. — Балалар балапан сөзінде бірінші қай дыбысты естіп тұрсыңдар? — Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық? — "Б" дыбысы қандай дыбыс? — Оны біз қандай текшемен белгілейміз? Көтеріндерші түгел. Суреттерді көрсете отырып, '"Екінші буыным қайла?" ойынымен сабақ қорытындыланады. Бұзаудың суретін көрсетіп бұ дейді, балалар -зау дейді. Бүркіттің суретін көрсетіп бүр дейді, балалар - кіт дейді. Сол сияқты: шал, -бар.      

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Біледі:

Сабақтың тақырыбы:С дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Өткен дыбысты қайталата отырып, есте сақтау қабілетін арттыру.

2. Жаңа С дыбысымен таныстыру, сөз, сөйлем құруға дағдыландыру.

3. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, баспа әріп жазуға жолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп кассасы, түрлі-түсті суреттер. "жұмбақтар" кітапшасы, С дыбысының баспа және жазба түрі, алфавит.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   I. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шеңбер құрып балаларды тұрғызу арқылы /мұғалім/ тәрбиешімен, балалардың бір-бірімен сәлемдесуін дағдыландыру. Шаттық шеңбер Армысың алтын күн Армысың асыл жер Армысың көк аспан Армысың жан досым Жылуыма жылу қос Міне менің қолым бос    
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік 2. Сергіту сәті: "Сұр қоян" II. Қайталау: 1. Өткен Аа дыбысын қай талау а/ дыбыстың айтылуын тексеру в/ қандай дыбыс екенін ажырату. 2. Сөз: ай, аю, ара, aпa т. б. 3. Сөйлем: Ай туды. Ара ұшты т.б. 4. Буынға шапалақтау арқылы бөлгізу: а-ра, а-на т.б. III. Жаңа сабақ: 1. Алфавиттен Аа және Сс дыбысын табу. 2. Кеспе әріптен осы әріптерді тапқыза отырып, текшеге буын құрастыру. а/ -ас, -са, -ее, -ис, т.б. ә/ буындардан сөз, сөйлем құрастыру: тас, кес, сан, т.б. 3. Ойын: "Мен айтайыншы!" Ауаға кез-келген әріпті жазады. Балалар сол әріпті тауып, тәрбиешінің құлағына ақырын келіп айтады. 4. С дыбысының айтылуын, қандай дыбыс екенін түсіндіру. а) С дыбысы айтылған кезде тілдін ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады (хормен дауысты төмен және жоғары көтеріп айту). ә) С дыбысы дауыссыз дыбыс. 5. "Көкөністер жинау" ойынын ойнату арқылы жұмбақ жасыру: Жаздай інге тығылып, Жатқ Құйрығымен суырып, Әкелді әжем бір күні. /сәбіз/ ан қызыл түлкіні. Сәбіз — сезін буынға бөлгізу арқылы с дыбысы қай буында тұрғанын тапқызу. 6. Сергіту сәті: Бір, екі, үш Қолға қалам аламыз С дыбысын жазамыз. 7. Дәптермен жұмыс: Бір жолға әдемі, сауатты жазу: С С С С т.с.с      
Рефлекстік - үйлесімділік 8. Сабақты бекіту: Сақинаны, салғызды, Сарымсақты, сәбізді. Бастап тұрған қай әріп?— Сапсыз орақ тәрізді. /С/    

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Біледі:

Білді:

Сабақтың тақырыбы: Ы дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1. Жаңа Ы дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; Ы дыбысы бар
сөздер айтып, талдау; сөйлем, сөз туралы ұғымдарын кеңейту.

2.Оқушылардың ойлауын, тілін дамыту.

3.Тазалыққа, еңбекке баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әліппе, текшелер, сюжетті суреттер, үлестірмелі суреттер.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   Дөңгеленіп тұрайық Шаттық шеңбер құрайық Қуанамын мен де Қуанасын сен де Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге  
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға оқу құралдарын алғызып, сабаққа дайындалту. II. Өткен дыбыстарды қайталау. "Кім білгіш?" ойыны арқылы өтілген дыбыстарды қайталау. Ойын шарты:Мен дауысты дыбысты атасам, екі қолдарынды жоғары көтеріп шапалақтайсыңдар, ал дауыссыз дыбысты атасам, еңкейіп тізелерінді шапалақтайсыңдар. III. Жаңа сабақ. Сюжетті суретке қарап әңгіме құрау. Бұл — ас бөлмесі. Айжан үстелдің үстін жинады. Ол шыны, қасық, тәрелкелер жуды. - Балалар, енді шыны, қасық, тәрелке, шайнектерді бір сөзбен қалай айтуға болады. -Сөздің басында қандай дыбыс естіледі? Міне, мынау — әріп таңбасы, - деп үлкен, кіші ы әрпін көрсетіледі. -Айтылуына қарай қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? - Жуан айтыла ма, жіңішке айтыла ма? -Демек, ы дыбысы — жуан дауысты дыбыс. Ыдыс сөзіне дыбыстық талдау жасату. Ы дыбысы қызыл текшемен, д дыбысын көк, ы дыбысын қызыл, с дауыссыз дыбысын көк текшемен белгіленеді. Алдарындағы текшелерге қарап, осы сөзде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар екенін кім айтады? -Ыдыс сөзі неше буыннан тұрады? Кеспе әріппен ыдыс сөзін буынға бөліп жазып okmtv Ы-ДЫС V. Сергіту сәті Теңселеді ағаштар Алдымнан жел еседі Кіп-кішкентай бөбектер Үп-үлкен боп өседі. VI. Үлестірмелі суреттермен жұмыс жүргізу. Оқушыларға балық қайық, мысық, қайшы суреттері таратылады. Оқушы әр суреттегі заттың атын атап, сөйлем құрастыруы керек. Тақтаға схема бойынша жазғызылады. Балық суда жүзіп жүр. Мысық мияулады. Айнұр домбыра тартты. Әжемде қайшы бар. Сұрақтар қою. -Әр сөйлемде неше сөз бар? VII. Қол жаттықтыру жұмысы. 1. Ауада жазу. 2. Дәптерге жазу Ы ы, ыс, ы-дыс    
Рефлекстік - үйлесімділік VIII. Қорыту. "Сөз ойла, тез ойла" ойынын ойнату. Оқушылардың отыруларына қарай екі командаға белу. Ы дыбысына қай команда көп сөз ойласа, сол команда жеңеді. IX. Оқушыларға берілген жұлдызша, төртбұрыш арқылы жауаптарын бағалау, марапаттау.      

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Біледі:

Білді:

Сабақтың тақырыбы: Ж дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, жұмбақ, ребус (суретті жұмбақ) шешу т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Ойыншықтар, суреттер, кеспе әріптер, әр түрлі текшелер.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   Ұйымдастыру кезеңі - Балалар, бүгін ауа райы қандай? - Ауа таза екенін қайдан білдіңдер? - Өте жақсы, балалар. Ал енді аптаның қай күні? - Ендеше жұма күнді қандай күн деуші едік? - Көніл-күйіміз қалай? - Ендеше, балалар, осы жақсы көңіл-күйімізбен сабағымызды бастайық. - Балалар, біз бүгінгі күнге дейін бірнеше дыбыстармен таныстық. - Дыбыстар нешеге бөлінеді? - Қандай болып екіге бөлінеді? - Олай болса мен бұрын танысқан дыбыстарды көрсетіп, айтамын. Егер мен көрсетіп атаған дыбыс дауысты дыбыс болса қызыл текшелерінді, дауыссыз дыбыс болса көк текшелерінді көтеріңдер.    
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік -Ал, мен бүгін сабақты "Кім тапқыр?" деген ойынмен бастаймын. Дыбыстарды жеке-жеке атаймын, сендер текшемен белгілейсіңдер. Текшелерін көтеріп белгілеу арқылы қанша дыбыс таңбасымен танысқандарын атап өтеді. Оның ішінде дауысты, дауыссыздарын ажыратады. - Өте жақсы, балалар. Енді біз "Алма жинау" ойынын ойнайық. (Үлкен алма ағаштың суреті, жемісімен) - Мына алма ағашында, алмалар пісіп түр екен. Әр алманың артында дыбыс таңбасы (әріп) жазылған, дыбысты атап, сол дыбысқа байланысты сөз құрап, мына үлкен себетке саламыз. Аталған сөздерге буындық талдау жасатып отыру. Жаңа сабақ. Ойын: "Ойлан тап" ойыны арқылы жұмбақ, ребус шештіру. - Ал, балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын. Жұмбақтар. Күндіз бәрі қашады, Түнде аспанды басады. (Жұлдыз) Ішіне тамақ, салынған, Есігі тастай жабылған. (Жұмыртқа) Ребус (суретті жұмбақ) Шешуі: Жапалақ. - Осы біз шешіп тапқан сөздер, қай дыбыстан басталып айтылып тұр? Қане, қайталап айтып, байқап көрелікші. Ж дыбысының айтылу артикуляциясын түсіндіру, ұғындыру. Бұдан кейін "Кім жылдам?" ойыны арқылы тақтаға ілінген суреттегі заттардын атауларын атату. Буынға бөлу. Дыбыстың сөз басында, ортасында, аяғында келетінін балаға өздеріне байқатып атату, аңғарту. Суреттер: Жылқы, жапалақ, жұлдыз, көжек, морж. - Енді, балалар, осы сөздеріңе текшелеріңмен дыбыстық талдау жасап жіберелік. Неше дауысты, неше дауыссыз екенін ажыратып анықтаңдаршы. - Өте жақсы, балалар. Енді қолымызды шапалақтап осы сөздерді буынға бөліп жіберелік. - Жақсы буынға да бөліп тастадық. Осы зеректігімізді дәлелдеу үшін "Біз зерекпіз" ойынын ойнайық. Мен сендерге алдымен дыбыстарды, сонан соң буынды, сөзді атаймын. Солардын ішінен Ж дыбысы бар дыбыс буын, сөз кездескенде қолдарынды шапалақтайсыңдар. Мысалы: 1. П, б, с, ж; л, ж, қ, ә, т.б. (дыбыс) 2. на, са, жа, ла, за, жу, т.б. (буын) 3. таға, саға, жата, алға, жылға (сөз) - Қай дыбысты атадық? (бүгінгі өтіп жатқан) - Ендеше Ж дыбысы. Мынау сол дыбыстың таңбасы - Жж әрпі. Көрсетіліп, тақтаға ілінеді. Ж дауыссыз дыбыс екенін тағы да қайталап, анықтау. Баспа түрін, жазба түрін салыстырып көрсету. - Қане, балалар, енді осы әріпті ауаға әдемі етіп жазайық. Олармен бірге жазып көрсету. Дәптерлеріне үлгі бойынша жаздыру. Сергіту сәті: Toп-топ етіп басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса-жаса жарқын күн, Жаса-жаса алтын күн. Тәрбиеші: — Мен сендерге тақпақ оқып берейін. Жау-жау жаңбыр, жау жаңбыр! Жауған жаңбыр, жауған нұр. Жердің шаңы басылсын, Гүлдің қауызы ашылсын. Еккен егін көктесін, Бізге нанды көп берсін! Жау, жау, Гүлденсін бау! (Ж.Смаков) - Балалар, Ж дыбысы бар сөздерді атандаршы. - Жақсы, енді оздерің Ж дыбысын қатыстырып сөз ойлаңдаршы. (Ж дыбысынан басталатын). - Жүзім, жүзік, жылан, жираф, т.б. "Менін көжегім" тақырыбы бойынша тақтаға сурет салу. Салған суретке сөйлем құрау, талдау. "Көжек сәбізді жақсы жейді". (көреді) Ж дыбысы бар сөздерді атату. Стол үстіндегі ойын: әртүрлі ойыншылар алдын-ала ақ матамен жабылып қойылады. - Ал, балалар, мына матаны ашамын, астынан бірнеше ойыншықтар көресіндер. Сол ойыншықтардың ішінен Ж дыбысынан басталатын ойыншықтарды тауып атын атап, буынға бөлесіңдер. (Жылқы, жолбарыс, жылан, жүзік)    
Рефлекстік - үйлесімділік Қорытындылау. - Балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық? - Ж дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? - Өте жақсы, балалар. Олай болса, "Жау, жау жаңбыр" әнін айтып жіберейікші. Бәрі қосылып айтылған осы әнмен сабақ аяқталып, балалар сыртқа демалуға шығады.      

Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: Ұ әрпімен таныстыру. а) Ұұ әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.

ә) Жеке сөздерді окуға және тез оқуға дағдыландыру.
б) Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалықка тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекіліктері: суреттер, кеспе әріптер, буындар.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   Шаттық шеңбер Біз ерекше баламыз Айтқан тілді аламыз Достарымды көргенде Қуана қарсы аламыз  
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. II. Өткен сабақты пысықтау.III. Жаңа сабақ. - Кәне, балалар, жұмбақ шешейік! Кеше жіптей, Бүгін күптей. (Ұршық) Шыр айналып биші қыз, Билеп-билеп алады. Өз бұрымын беліне, Орап түсіп барады. (Ұршық) Тапсырмаларды орындау. Суреттерге қарап дыбыстық талдау жаса. Ұлу, ұя, бұғы, ұршық. Тордағы әріптерден сөз құра. Үзік сызықтарды қос. Буындап оқы. Ұ Ұ Жаңылтпаш жаттайық! Тұз - мұздай Мұз - тұздай. Талап - тұлпар Білім - сұңқар Сергіту сәті. "Ұшты-ұшты" ойынын ойнау. Ойын шартын, мазмұнын, міндетін түгел түсіндіру. Ұшты-ұшты (ұшады) Ұшты, ұшты, Торғай ұшты (ұшпайды) т.б. Ойын шартын бұзғандар өлең айтады. Тақтамен жұмыс. Ұұ дыбысының әріп элементтері. Ұұ баспа түрі. Ұұ жазба түрі.    
Рефлекстік - үйлесімділік IV. Қорытынды. Сұрақ-жауап әдісімен: 1) Дыбыс дегеніміз не? 2) Әріп деп нені айтамыз? 3) Бүгін қай әріппен таныстық? 4) Ол дыбыс қалай айтылады? 5) Сол әріпті қатыстырып сөздер ойла. V. Бағалау. Тал басында — тамаша ұй. (Ұя) - Ұшқыш, ұя, ұршық сөздерінде ең бірінші қандай дыбыс естідіндер? - Ұұ дыбысын қатыстырып сөздер ойлайды. Ұұ дыбысын ауада жазып көру.      

Сабақтың тақырыбы: Ң дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Құрамында Н, Ң дыбыстары бар сөздерді талдау, оларды ажырата білуге,
Ң дыбысы жөнінде дұрыс ұғым алуға үйрету.

2. Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздерді дұрыс оқуға баулу.

3. Табиғатты, жабайы андарды қорғауға тәрбиелеу. Олар табиғаттың бір бөлігі екенін түсіндіру.

Әдісі: Сұрақ-жауап.

Көрнекілік: Суреттер, қима әріптер мен буындар.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   Шаттық шеңбер құрамыз Сыңғыр, сыңғыр сырғалар Құлағымда ырғалар Оң қолымда білезік Сол қолымда білезік Саусақтарда сақина Қане санап көрсетші  
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік I. Жаңа сабақ. - Балалар, бүгін біз "Орманда" деген тақырып бойынша жұмыс жасаймыз. Орманда нелер мекендейді? (қасқыр, аю, түлкі, қоян т.б.). - Оларды бір сөзбен не деп атаймыз? - Енді, балалар, "аң" сөзімен сөйлем құрап көрейікші. - Ал, "Орманда" деген тақырыпқа кім шағын ертегі құрап береді? - Ормандағы жануарларды неге "аң" деп атайды. Аң сөзін буынға бөлу, дыбыстарды ретімен ата, Ң дыбысының қай дыбыстан сон тұрғанын сұрау, оның дауыссыз екенін түсіндіру. - Ң дыбысы қай дыбысқа ұқсайды? Н мен Ң дыбыстарын жеке-жеке дыбыстату арқылы, айтылуына көңіл аударту. Бір қатарға н, екіншісіне ң дыбысы бар сөздерді ойлап айтуды тапсыру. II. Бекіту. Оқулықпен жұмыс. Оқулықта бейнелеген суретпен жұмыс: аттарын атату, буынға бөлу, сөйлем құрау. Жұмбақ. 1) Қос арғымақ мінемін, Жолсызбен-ақ жүремін. (Шаңғы) - Шаңғы сөзімен кім сөйлем құрайды? 2) Оқушылар кірерде, үзіліске шығарда белгі беретін қандай құрал? (қоңырау). - Шаңғы, қоңырау сөздерін қима әріптерінен құратып, буынға бөлдіріп талдату, буын санын анықтау, үлгісін салдыру. Жаңылтпаш айтқызып, оны жаттату. Шапсаң шапшаң, Бұрқырайды ақ шаң. ң дыбысы бар сөздерді дұрыс айтқызу.    
Рефлекстік - үйлесімділік III. Қорыту. - Бүгінгі танысқан дыбыс қандай дыбыс? - ң дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба? - Қандай тақырып бойынша жұмыс жасадық? - Орманда нелер мекендейді?    

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Біледі:

Білді:

Наши рекомендации