Бөлімдері: Сауат ашу. Сабақтың мақсаты: Ш дыбысы және әріп таңбасы

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты: Ш дыбысы және әріп таңбасы

Сабақтың мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту.

Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту). Дамыту ойындарын ойната отырып, игерген білімдерін бекіту. "Ш" дыбысы және оның ерін таңбасымен таныстыру. Балалардың "ш" дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Сабақ барысында аталған мақсаттарға жету үшін кеспе әріптер, текшелер, көрнекілік ретінде пайдаланады.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   Тәрбиеші: — Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? — Қай ай? — Аптаның қай күні? Балалар біз сауат ашу сабағында қандай дыбыстармен таныстық? — Алдымен дыбыс дегеніміз не? Соған тоқталайық. — Дыбыстар нешеге бөлінеді? — Дауысты дыбыстар қалай айтылады? Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?   Шаттық шеңбері жасалады. Көңілдерін кө- теру. Бір-біріне қуанып, жылы күліп, құшақтасып жылулықтарын сезіну.   Сұраққа толық жауап берулерін қадағалау.    
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік — Балалар, кім "ш" дыбысына байланысты тақпақ, жаңылтпаш айтып береді. Тәрбиеші жұмбақ жасырады, жауабын шештіреді. Мысалы: Зулап түсіп төменге, Шыға алмас менсіз бегенге. (Шана) Шана сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Шана сөзін айтып көріңдерші, ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр? "Ш" әрпімен танысқан соң ш дыбысының баспа және жазба түрін көрсетеді. — "Ш" дыбысын ауада жазып көрейікші. Алдымен мен жазайын, содан сендер ауада жазып қайталайсыңдар. — Балалар, дәптермен жұмыс жасар алдында бой сергітіп алайық. Отырып-ақ орнында, Айдын көлді кешемін. Сен білмесең егерде, Былай ескек есейін. — Өте жақсы, қазір дәптерімізді ашып, үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ш әрпінің баспа түрін жазамыз. "Сөз ойла, тез ойла" ойыны. Ш дыбысына сөз ойлату, сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ ойыншықтардан бір-бірден беріп тұрады. Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған болса, көп ойыншыққа ие болады. Кімнін ойыншықтарының саны артық болса, сол бала ұтады. Мысалы: шана, шар, шие, машина, ағаш, шымшық. Осы сөздерге сөйлем құрап әңгімелету қажет. Бұдан кейін таныс дыбыстарды есте сақтау үшін сол дыбыс басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, оны балалардың өздері де салып, қай дыбыстан басталатынын қайталау. — Ал дауыссыз дыбыстар ше? — Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі жасайды? — Дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді? — Ал дауыссыз дыбыстар ше? — Ал, біз әріптерді көреміз бе? — Өте дұрыс өткен сабақтарды жақсы меңгерген екенсіндер. Балалар, енді әріптер туралы жұмбақтар айтамын, оны сендер шешесіңдер. Тікен-тікен тік пісте Қысы-жазы бір түсте. (Шырша) "Шырша" деген сөз қай дыбыстан басталады? "Ш" дыбысы дауысты дыбыс па? Дауыссыз дыбыс па? Неліктен дауыссыз, қане, бәріміз айтамыз. Ал енді "ш" дыбысына кім тез сөздер тауып айтады? — Қане, кім "шана" сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында дауыстап айтады. "Шана" сөзінде қанша буын бар? Шапалақ ұру арқылы буынға бөлу. Сондай-ақ әріптер бойынша "Дүкен" ойыны кезінде балаларға әріп таратылып беріледі. Олар сол әріпке байланысты затты тәрбиеші сатушыдан сатып алады. Сонынан балалар тақта алдында әріптерді тауып, текшелеп "шана", "шырша", "шар", "шие", "машина" сөздерін жазады.       Балаларды қызықтырып ойнату, қызығушылығын ояту   Балалар дәптермен жұмыс істейді.  
Рефлекстік - үйлесімділік Қорытынды:— Балалар, бізде бүгін қандай сабақ болды? — Қандай әріппен таныстық?   Балалардың сұрраққа толық жауап берулерін қадағалау.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Біледі:

Білді:

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты: Й дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

1. Й дыбысы мен әрпін таныстыру. Й дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.

2. Тіл ұстарту мақсатында й дыбысына сөз құрау, буын ішінде бекіту.

3. Балалардың ой-өрістерін дамыту, сөздік қорын молайту, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Кеспе әріптер, суреттер.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері: сөздік, сұрақ-жауап.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   Шаттық шеңбер құрайық   Үлкенге де сіз,   Кішіге де сіз   Барша жанды құрметтеп,   Бой иеміз біз.    
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік I. Ұйымдастыру кезеңі. — Балалар, біз өткен сабақта қай әріппен таныстық? — Қане, кім айтады, и қандай дыбыс? — Балалар, мен қазір сендерге бір жұмбақ жасырайын. Кім жылдам шешеді екен? Ти десем тимейді, Тиме десем тиеді. — И әрпіне өлең жолдарымен түсініктеме беру арқылы бастау. "Й" әрпі. Бұл й-дың сөз басында, Болмайды көп керегі. Йог пен йодтың расында, Алдында тек келеді. Соңында ол айдың да, Соңында ол тайдың да. Тұрады ол ортада "Айбын" менен "Айдында". — Балалар, сонымен бүгін біз қандай дыбыспен танысады екенбіз? И қандай дыбыс? Тіл ұстарту: И дыбысына сөз құрай отыра, буын ішінде бекіту. Мысалы: ой-на, ой-ла, Сай-ран, Ай-ман, ой-лан. Сергіту сәті. Тәрбиеші: — Балалар, сендер біраз жүмыс жасадыңдар. Енді ребус шешіп көрейікші. Бөлімдері: Сауат ашу. Сабақтың мақсаты: Ш дыбысы және әріп таңбасы - student2.ru Тәрбиеші тапсырмасы бойынша үстел үстіндегі әртүрлі суреттерге қарап, тақтаға шыккан бала й дыбысының қай жерде тұрғанын анықтайды. Егер жаңылысса, жұмбақ не тақпақ айтады. Ойын: "Кім көп сөз ойлайды?" (Жеңімпаздарды, яғни көп сөз ойлаған баланы, жалауша беру арқылы анықтау). — Ал; балалар, қазір дәптерлерінді ашып, үлгіге қарап сызықтарды қосып, "Й" әрпінің баспа түрін жазамыз. Балалар түгел жазып болған соң, "й" дыбысын есте сақтау үшін, осы дыбыстан басталатын нәрселердің суреттерін көрсетіп қай дыбыстан басталатынын өздеріне айтқызу.    
Рефлекстік - үйлесімділік Қорытынды бөлім: — Балалар, бүгін біз қай дыбыспен таныстық? — И дыбысы келетін сөздерді секіріп көрсету арқылы буынға бөлгізу: Ай-дын, ай-на, ай-ла, Ай-ша. — Ойын ойнайық. Тәрбиеші сөздерді айтады, ал балалар зейін қойып тыңдап отырады. Егер тәрбиеші сөзі түсінікті болса, тыныш отырады, егер сөз түсініксіз, не буын құраса, бәрі қол шапалақтауы керек. Мысалы: ай, айран, йод, ша, ту, лай, шай, aп. Caбaққa жақсы қатысқан балаларды мадақтап өту. Үйге тапсырма:й дыбысы келетін создерге сурет салып келу.      

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Біледі:

Білді:

Сабақтың тақырыбы: О дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. О әрпімен окушыларды таныстыру. Құрамында О дыбысы бар сөздерді талдау; О дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын - әрпін таныту, О дыбысы бар сөз, сойлем ойлату.

2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

3. Еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, жұмбақ, қайталау.

Көрнекілік: Әліппе, мазмүнды сурет, қима әріптер, сызба — кесте.

Сабақтың түрі:

Саяхат Сабақ.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   Ұйымдастыру кезеңі. Балалардың көңілін өздеріне аудару. Балалармен шаттық шеңберін жасау: Күн нұрындай көңілім, Даламдай кең пейілім. Жүрегім толы мейірім, Бәріне ортақ шуағым Қайырымды боламын. Балалар шаттық шеңберін орындап болған соң орындарына отырғызып, алдарындағы суреттерге назарларын аудару.  
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік Сабақтың барысы: I. Жаңа сабақ. - Балалар, бүгін біз "Әріптер бағына" саяхатқа шығамыз. - "Әріптер бағына" қандай көлікпен барсақ екен? - Ал, балалар, ол бақка мен "Білім" көлігімен баргым келіп отыр. Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсындар ма? - Онда қарап отырмайық. - Онда қарап отырмайық. - Ал, балалар, ойнайық. Ойнайық та ойлайық- Қандай жұмбақ болса да Шешпей оны қоймайық. 1. "Оюда" бармын, "Допта" бармын. "Түнде" жоқпын. Мен сонда қандай дыбыспын? (О) "О" дыбысын үш рет хормен қайталап айтқызу. Осы дыбыспен сөздер ойлау (Ою, орындық, доп) - "О" қандай дыбыс? (дауысты) - Ол сөздің қай буындарында кездеседі? - Кім осы дыбыспен мысал келтіреді? (Балалардың мысалдарын тындау). Сергіту сәті. Оң қолымда — бес саусақ, Сол қолымда — бес саусақ Алақанды ашамыз, Бесті беске қосамыз. Кел, санайық ал мұны, Нешеу болды барлығы? Оң қолымда — бес саусақ, Сол қолымда — бес саусақ Жасырып ем бесеуін, Қалды мұнда нешеуі? Бесеу екен қалдығы, Нешеу еді барлығы. (он) - О дыбысы кездесетін сөздер бар ма? (дыбыстық талдау жасау). - Балалар, алдымыздан қасқыр шықты. Ол біздің қайда баратынымызды сұрады. Жауапты орындауға оқулықтағы үзік сызықтарды қосуымыз керек (Балалар орындайды). - Одан әрі жүріп келе жатқанда алдымыздан түлкі кездесті. - Егер оқулықтын осы бетіндегі "Ою" сөзімен үлгі бойынша сөйлем құрасаңдар, бақты өзім көрсетіп беремін, - деді ол қулана (Тапсырма орындалады). — Баққа жақындағанда қарауылдың арпылдап иті шықты. Ол буындарды толықтырып оқып беруді бүйырды. (Балалар жарыса окиды). Ойын. "Күн мен түн". "Білім" көлігімен баққа келеді. Олар: — Балалар қалай оқи алады екен, көрейік, - деп мына сөздерді оқуға берді. (ойна, ою, орындық т.б.). Балалар сөздерді оқып, олармен сөйлем құрайды. Енді оларға балалар басқа да өнерлерін көрсетпек болды. 1) "Қошақан" әні. 2) "Қамажай" биі. 3) Тақпақ жұмбактар айтылып ішінен "О" дыбысы табылып, сөздер буынға бөлінді. "О" әрпін келтіре отырып "Отан" тақырыбы төңірегінде әңгімелесу. Балалар Отанын сүйетіндігін айтты. Оны мына өлең шумағымен пысықтай түсті. Отанды әркім анасындай, Қастерлейді, қолдайды, Өйткені Отан батасындай, Бізді асырап қорғайды. Отан деген — атамекен, Отан деген-туған жер. Отан —ана, Отан — пана, Қазақстан — туған ел. — Сонымен, әріптер бағымен қош айтысып, саяхаттан аман-есен өз мекенімізге оралдык.    
Рефлекстік - үйлесімділік II. Қорыту. Алдар көсе сыныпка келеді. Оның қоржынында бір тапсырмасы бар. Ол балалардың сабақты қаншалықты меңгергендерін білу үшін "О" әрпімен сөздер құрастырғызды. (Балалар сөздер, сөйлем құрастырды). — Енді, балалар, Алдар көсе өз ауылына аттанады. Ол сендерге Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін мына сыйлықтарды тапсырады. (Оқушыларға оюлар беру). III. Үйге тапсырма."Отан" тақырыбына сурет салып келу.      

Сабақтың тақырыбы: Қ дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1) Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, баталардың сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық таза сөйлеуге үйрету.

2) Сөйлем ойлап, табуына назар аударып, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

3) Сюжетті ойын арқылы балатарды ата-бабамыздан кейінгі ұрпаққаа мирас еткен асыл мұрасын бағалап, қастерлеуге, түсінуге үйрету.

Қолданылатын әдістер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын арқылы.

Сабақтың көрнекілігі: Сандық торсық, жастық, қоржын, тоқылған ши, кеспе әріптері, киіз үй суреті, сөзжұмбақ.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбер   Біз ерекше баламыз   Айтқан тілді аламыз   Достарымды көргенде   Қуана қарсы аламын  
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік - Мына суреттен нені көріп тұрмыз? - Оны неден жасайды? Балалар, мына сырмақ қандай оюлармен әшекейленген? Сендер білесіндер ме, сырмақты, тоқылған шидің арасына қойдың жүнін салып, киіз басып, оның бетіне неше түрлі ою-өрнектерді пайдалана отырып жасайды. Балалар, қазақтың ою-өрнегімен, сырмақпен таныстық. Ал бүгінгі сабағымызда Қ дауыссыз дыбысымен танысамыз. - Дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді? - Ал біз әріптерді көреміз бе? - Өте дұрыс, енді әріптер туралы жұмбақ жасырамын, сендер шешіндер: Әжемнің колында шыр айнатар, Шыр айналса, өзіне шыр байланар. - Бұл жұмбақтың шешімі не туралы? - Қ дыбысы "ұршық" сөзінде қай жерде орналасқан? - Қ дыбысы дауысты дыбыс па, жоқ әлде дауыссыз дыбыс па? Тәрбиеші: — Неліктен дауыссыз? Кәне бәріміз қайталап айтайық. Қарақат, ұршық сөздерін тақтаға текшелер арқылы жазады, қалған баталар орындарында дауыстап айтады. - "Ұршық" сөзінде неше буын бар? Балалар шапалақ арқылы екі буынға бөледі. Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлерден, Ытқып-ытқып жүгірді,-деген таклак арқылы қоян болып жаттығулар жасау. - Бойымыз сергіп қалды, ал енді "Ойлан-тап" ойынын ойнайық. —Ал, қане, кім айтады, менің қолымдағы ыдыстың атын білесіндер ме? - Тостаған. - Бұл қандай ою түрімен әшекейленген? Ал мына бұйымды атап өтіндерші. (Сандық торсық). - Өзіміз ұйықтарда жамылатын көрпені, жастанатын жастықты неден жасайды екен? Баланың "эвристикалык" қабілетін арттыру үшін тәрбиеші сөзжұмбақ ұсынады. Сандық Жастық Қасық Сюжетті ойын "Аукцион". Салтанат деген фирмадан, Қаламкас жүр жан сала. Қазақтың киімдерін, бұйымдарын Танытамын деп баршаға. Қаламқас: - Балалар, мына дайындаған көрмелеріңе Қарағанда қазақтың ұлттық бұйымдарын, киімдерін жақсы білетін сияқтысындар. Қаламқас: Сараптандар білімді, Алмай тағы тынбандар. Жасырамын бес жұмбақ Шешуін жаңылмай табындар. 1. Кіруге адам батпайды, Аман-есен сақтайды. Балалар жауабы: (Сандық)   2. Бала көтерген қаңбақты, Батыр лақтыра алмапты. Балалар жауабы: (Мамық)   3. Әсемделіп істелген, Көздің жауын алады. Жата кетсең үстіне, Ұйқын келіп қалады. Балалар жауабы: (Көрпе)   4. Арқауы бір қос қалта, Ажыраса алмайды, Атам қайда жол тартса Қанжығадан қалмайды. Балалар жауабы: (Қоржын)   5. Сұлу-сұлу құнаным Сылдырлаған жүгенім. Аяз күнде мінбеген, Аяғы жерге тимеген. Балалар жауабы: (Сәукеле)    
Рефлекстік - үйлесімділік Қорытынды:- Бүгінгі ойынға қатысушы балаларға өз өнерлерін көрсеткендері үшін және белсенділіктері үшін Қаламқастың сыйлығы да бар.    

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Сабақтың тақырыбы: Д дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Д дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, Д дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару.

Балалардың тілдік, сөздік корына мән беріп ойлау қабілетін, қиялын дамыту (буын, сөз құрау, жұмбақ пен ребус шешу, жаңылтпаш айту т.б.)

Дамыту ойындарын пайдаланып еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар ретінде кеспе әріп, әріп таңбасы, текшелер, суреттер, домбыра, доп пайдаланылады.

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру әдістері қолданылады.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   — Балалар, сәлемдесу туралы мақал-мәтелді еске түсірейікші. "Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергеннен". - Ал, ендеше, жылы шыраймен сәлемдесіп, бір-бірімізге жылуымызды берейік. - Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға Жұмбақбай атай мен Білмеспек қонаққа келіп отыр. Қане, қонақтармен амандасайық. 1. Балалар бір-бірімен қол беріп амандасады. 2. Аталар мен ер балалар "Ассалаумағалейкүм" деп он қолын кеудесіне қойып, басын иіп барып амандасады. 3. Қыздың үлкендермен сәлемдесуі: — Сәлеметсіз бе, ата? Есенсіз бе?- деп кеудесіне қолын қойып ізет ету. Қыз балалар мен ұл балалар өз салты бойынша амандасады.    
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік — Балалар, Жұмбақбай атай мынандай біз білмейтін суретті тірек сызба алып келіпті. - Білмеспек, мына сурет ненің суреті? — Білмеймін. Бөлімдері: Сауат ашу. Сабақтың мақсаты: Ш дыбысы және әріп таңбасы - student2.ru Суреттерді ататып болған сон, қандай дыбыстан басталып тұрғанын тапқызу. Д дыбысы. Д дыбысын ортаға кою. Д дыбысынын баспа және жазба түрімен таныстыру. - Қандай белгімен белгілейміз, дауысты ма дауыссыз ба? - Қане, кеспе әріптердің арасынан Д дыбысын тауып көрсетейік. Сергіту сәті. Ал, балалар, тұрайық Алақанды ұрайық. Оңға қарай иіліп Солға қарай иіліп. Бір отырып, бір тұрып Бір тынығып алайық. Орнымыздан тұрайық, Белімізді жазайық. Жоғары-төмен қарайық, Солға-солға түзу тұр. Оңға-оңға түзу тұр, Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым Бойымызға күш жинап, Бір дем алайық - Қане, орнымызға отырып, Жұмбақбай атай жұмбақ жасырады соны шешейік. Сол аяқ пен оң аяқ Кезек оны тебеді. Ол тынымсыз домалап Зыр жүгіре береді. (Доп)   Бір түймелі, екі желілі, Күйдің көрігі, әннің көлігі. (Домбыра) Лақтырдым да әуелеп Қағып алдым "оп" деп. Жерге соқтым, секең қақты Атаймыз оны "не" деп? (Доп) Жұмбақбай атайдың бізге әкелген сөзжүмбағын бірігіп шешелік. Сөзжұмбақ. Тігінен: Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы. Көлдененінен: 1. Сол аяқ пен оң аяқ, кезек оны тебеді. 2. Басты бұратын. 3. Сан басы. 4. Тамақ құятын. 5. Бал таситын. 6. Қарт. Мына суреттегі сөздердің алғашқы дыбыстарынан сөз құра. Бөлімдері: Сауат ашу. Сабақтың мақсаты: Ш дыбысы және әріп таңбасы - student2.ru - Енді сабағымызда Білмеспектің білімін сынайық. - Д дыбысына байланысты сөздер ата. - Білмеймін - Балалар, Білмеспекке өзіміз көмектеселік. - Доп, домбыра, дәптер, дән, адам, долана. 1. Осы сөздерді текшемен көрсет. 2. Шапалақтай отырып буынға бөл. 3. Осы сөздерді беретін мағынасын ашу, түсіндіру. Доп - жел толтырылған, резеңке, ойыншық. Домбыра - күй ойнайтын аспап. Дәптер - оқу құралының бірі, жазу жазамыз. Дала - жазық жер, алаңқай. Дән - дәнді дақылдардың біреуі. Долана — жидектің аты. Адам - жеке тұлға. Сергіту сәті. Ал, қанеки ойнайық, Ойнайық та, ойлайық. Байлап қойып көзінді, Қоршап тұрмыз айната. Атынды атап шақырған, Арамызда қай бала?    
Рефлекстік - үйлесімділік Қорытынды:- Орнымызға отырып бүгінгі сабақта қандай дыбыс өткенімізді еске түсірейік. - Дыбыстар нешеге бөлінеді? - Д дыбысы қандай дыбыс, қалай белгіленеді? Білмеспекпен бірге Жұмбақбай атайдың соңғы жаңылтпашын жаттай отырып, бүгінгі сабағымызды аяктаймыз. Доста — сән Достасамын Достас жаным Досқа мәлім. Білмесекте бізден көп үлгі, жақсы қасиеттер алды. Рақмет, саған Білмеспек. Біздің балалармен бірге болсақ, бұдан да көп нәрсе үйренесің.    

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Біледі:

Білді:

Сабақтың тақырыбы: М дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. М дыбысын сөз ішінен бөліп айта білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. Баспа және жазба түрлерімен таныстыру.

2. Дұрыс оқуға тәселдіру.

3. Достыққаа тәрбиелеу.

Әдісі: Әңгімелеу, көрнекілік, бекіту.

Көрнекілік: Әліппе, суреттер, қима әріптер мен буындар, сызбалар.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   Балалардың көңілін өздеріне аудару. Балалармен шаттық шеңберін жасау: Күн нұрындай көңілім, Даламдай кең пейілім. Жүрегім толы мейірім, Бәріне ортақ шуағым Қайырымды боламын. Балалар шаттық шеңберін орындап болған соң орындарына отырғызып, алдарындағы суреттерге назарларын аудару.  
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік 1. Сабақтың "Ойлап, ойна" ойынымен бастау. Тәрбиеші: - Мақпал мата сатып алды. Мынау мата дүкені. Ондағы сөздерден өтілетін әріпті атату. Әр сөйлемді жеке айткызу арқылы құрамындағы сөйлемлердің санын анықтату. М дыбысынын дауыссыз екенін байқату. таңбасын көрсету, дұрыс дыбысталуына жаттықтыру. 2. Оқулықпен жұмыс. а) Суреттеп атаулардың әрқайсысын шапалақ ұру арқылы буынға бөлу. ә) Осы сөздермен бірнеше сөйлем құрату (мысық, бағдаршам, машина, алмұрт) б) М дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында кездесетінін анықтау. в) Үзік сызықтарды қосып, буындап оқыту. г) Әр қатарға құрамында М дыбысы бар сөздер ойлату (дыбыстық, буындық талдау жасату). Тез әрі дұрыс айтқандарын мадақтау. г) Тақтаға екі оқушы шығарып, мата, алма сөздерін қима әріптерден құрату, алма сөзін қатыстырып сөйлем ойлату. Балалардың айтқан сөйлемдерінің сызбасын тақтаға сызып көрсету. Мысалы: "Алма пісті" деген сөйлемде алма сөзі қай сызыққа, пісті сөзі қай сызыққа тән екенін сұрап, сөйлемдерді жазғанда бірінші сөзі бас әріптен басталып әр сөз бөлек жазылатынын, соңына нүкте қойылатынын естеріне салу. Алма сөзін буынға бөліп бірінші буынның алдыңғы дыбысы дауысты, екіншісі дауыссыз дыбыс екеніне көңіл аударту. Буын құрамы әртүрлі (ашық, тұйық, буынды) сөздерді оқи білуге жаттықтыру.    
Рефлекстік - үйлесімділік II. Қорыту. - Сонымен, балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық? - М дыбысына байланысты қандай сөздер білеміз? - М дыбысы қандай дыбыс?    

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Біледі:

Білді:

Наши рекомендации