Бөлімдері: Сауат ашу

Йымдастырылған оқу-іс әрекетінің техналогогиялық картасы

Күні:19.09.2013

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімдері: Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы:Сөз.

Сабақтың мақсаты:а) Баланың сөз туралы түсініктерін қалыптасытыру сөздің ұзындығын қолмен өлшеп айыра білуге үйрету.

б) Есту қабілетін жетілдіру.

в) Танып-білуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі:ойыншықтар, түстері әр түрлі, мөлшерлері бірдей екі машина, аю, қуыршақ, кубик, доп, (әдемі қорапша (себет)) мүмкіндігінше айқын болғаны жөн, қатты қағаздан ақ жалауша. "Үлестірмелі құралдар" ақжолақшалар (1,5 х 5) әр үстелде жеткілікті мөлшерде болуы керек.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   Ұйымдастыру кезеңі. - Сәлеметсіздер ме! - Қайырлы таң! Қайырлы күн! Балалар шаттық шеңберін құрады.  
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік 1. Тәрбиешінің кіріспе сөзі: —Балалар, сендер білесіндер, жер бетінде адамдар, жануарлар, андар, құстар, балықтар, өмір сүреді. Сол сияқты үйлер, машиналар бар. Кім үй салуды (машина жасауды) ойлап тапты? Неге? Сонымен бірге адамдар сөзді ойлап шығарған, себебі олар бір-бірімен сөз арқылы қатынас жасайды, жер бетіндегі заттардың бәрін өз атымен атап сөйлеседі. - Қазір сендермен бір ойын ойнап көрейік. Сендер үндемей отырып қалыңдар (ситуациялық ойын ойналады). Ұстаз қолмен ымдап көрсету арқылы балалардың бәріне орындарыңнан тұрындар деген белгі береді, енді кейбіреулеріне отырындар деп т.с.с үнсіз тапсырмалар береді. Одан кейін тәрбиеші әңгімесін әрі карай жалғастырады. - Міне, балалар, көрдіндер ме сөзсіз өмір сүру қандай қиын, ал біз бәріміз өз ойымызды сөз арқылы айта аламыз. Ал сендер қандай сөз білесіндер? Егер айтуға қиналса, тәрбиешінің өзі терезе, стол, жасыл, ыстық және т.б. сөздерді айтады. - Мына бір ойыншыққа қарандар, ең әуелі оның атын атаймын: доп бір сөз. Енді сөздерді есептегенде жаңылып кетпеу үшін, әр сөзді мынадай жолақшамен белгілеп отырайық. Мен "доп" сөзін айттым, бір жолакша қоямын. Кім тағы да доп туралы айтады? (домалақ, көк, домалайды т.б.) — Қане, санайык, біз қанша сөз айттық? (Балалар әр сөзді қайталай отырып, қойған жолақшаларын санайды.) Дәл осы сияқты 1-2 ойыншықпен жұмыс жүргізіледі. — Мына қорапшаға өзіміз білетін сөздерді айта отырып, жолақша арқылы жинап салайық. (Балалар жалғастырады). — Мен мынадай сүйкімді, батыл, әдемі деген (балалар жалғастырады) жақсы сөздерді білемін. (Ең соңында қорапшадағы сөздерді санап қорытынды жасау). — Міне, біз қандай көп сөз білеміз, айта берсек әлі де көп. — Қане, "Кім көп сөз ойлайды?" ойынын ойнайық. Әрбір айтылған сөзге бір-бір жолакшадан қойып отырындар. Соңында кімде көп жолақша болса, соңында сол жеңімпаз болады. (Ойын ойналады. Жеңімпаз баланы мадақтайды.) 3. Музыкалық және қимыл-қозғалыс кідірісі. (Балалар музыка ырғағымен жаттығу жасайды). 4. Сөздің ұзақтығымен таныстыру және өлшеуіш жаттығуларын жасату. — Сендер, байқадындар ма, кейбір сөз ұзақ дыбысталса, енді бір сөз қысқа дыбысталады. Сол себепті сөздер ұзын және қысқа болады деп айта аламыз. — Мына 2 сөзді тыңдандар: доп, ғарышкерлер. Осы сөздердің қайсысы ұзақ, қысқа айтылады? (Балалардың жауабы). — Біз ол сөзді өлшеп көрейік: 2 қолдың алақандарын біріктіріндер. Сөзді дыбыстай бастаған кезде алақандарынды аша бастандар. Ал, дыбыстап болысымен, сол сәтте тоқтай қалыңдар. (Бұл жаттығу ең әуелі 2-3 баламен үстел жанында жекелеп жүргізіледі, қалған балалар қайталап отырады, осылай 6-8 сөз айтылып, балалар олардың ұзақтығын анықтайды). Балалар хормен таныс тақпакты айтады, сосын бір бала тақпақты мәнерлеп айтады. (Әр сөзін анықтайды, балалар жолақшаларымен мәтіндегі әр сөзді белгілеп отырады).       Мұқият отырып тыңдайды     Балалардың жауаптары     Қимыл-қозғалыстармен көңілді сергіту сәтін жасайды.   Балалар ойынды ойнайды.
Рефлекстік - үйлесімділік 5. Сабақты қорыту.Балаларға сұрақ қойылады: — Бұл сабақта не туралы білдіндер? — Сөзді немен белгіледік? — Сөз туралы не білгілерің келеді?   Қорытындылайды Сөз.

Күтілетін нәтиже:

Білу: сөз туралы түсініктерін қалыптасытыру сөздің ұзындығын қолмен өлшеп айыра білуге

Игеру: Есту қабілетін жетілдіру.

5-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Сөздерді буынға бөлу.

Сабақтың мақсаты:Буын туралы түсінік беру, сөздерді буынға бөлуге үйрету, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ойын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:тірек схемасы, ойыншыкгар, төлдердің суреттері, асықтар.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтқызу. Төмендегі өлең шумақтарын қайталап айтқызу. Кел, балалар, күлейік! Күлкі менен түлейік, Күлкі көңіл ашады. Күліп өмір сүрейік. - Балалар, өлеңді қайталап бір-біріне жақсы тілектер айтылады.    
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік   — Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға жұмбақбай атай келіпті. — Кімнің атасы бар? — Атаға қалай көмектесеміз? — Атаны қалай құрметтейміз? Балалар сұраққа жауап бергеннен кейін: — Қарттар — біздің ақылшымыз. Біз оларды қадірлеп, күтеміз. Қарт Жұмбақбай атайдың сендерге әкелген тапсырмасын, кане, қалай шешеміз? - деп атайдың қоржынынан асықтар алғызу арқылы балаларға мынадай тапсырмаларды орындату. Суретті үлгі бойынша шана сөзіне дыбыстық талдау жасату. — Сонымен, шана сөзінде неше дыбыс бар екен, ондағы дыбыстарды атаңдар. Суретті үлгінің төменгі жағындағы жолакшаға "ша", "на" деп кеспе әріптерден құрап жазып, буын туралы түсінік беріледі. — Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буынға я болмаса бөлікке бөлуге болады. — "Шана" сөзінде неше дауысты дыбыс бар? — Мен неше бөлікке бөліп айтамын, мұқият тындандар. — Ша-на, бірінші ша бөлігін ша буыны, ал екінші на бөлігін на буыны деп айтамыз. — Шана сөзі неше буыннан түрады? Әр буынын атап айт. — Екі буыннан. Бірінші -ша, екінші -на буыны. "Шана" сөзін буындап айтқызу. Раушан, ата, ай, көбелек сөздерін буынға беліп айтқызу. Рау-шан, а-та, ай, кө-бе-лек. Балалардың өздеріне жеке сөздер ойлатып, буынға бөлдіріп, неше буын екенін айтқызу. — Өте жақсы, балалар. Жұмбақбай атай сендерге енді жұмбақ. жасырмақшы. Судан ол қорқады, Бүдан кір қорқады. (Сабын) Сабын сөзін буынға бөлдірту. (са-бын) Сергіту сәті. Күйсандыққа күйтабағын ойнатып, балалар жаймен қосылып айтып, қимыл жасайды. - Енді балалар, сендерге атайларың "Қай буынды жоғалттым?" ойынын ұсынғысы келіп отыр екен. Енді бәріміз осы ойынды ойнау арқылы аталарыңа көмектесіп, жоғалған буынын тауып жіберейік. - Мен қазір сендерге бір буын айтам, сендер сөздің сонғы буынын табасындар. Мысалы: са-ғат а-ғаш мы-сык кү-шік т.б. - Өте жақсы, балалар. Ал енді, мына сездерде қанша буын болса, сонша рет кол шапалақтау арқылы буынға бөлейік: (қоңырау, тоқылдақ, жұлдыз) қо-ңы-рау, то-қыл-дақ, жұл-дыз. Балалардың өздеріне сөз ойлатып, осы бойынша буынға бөлгізу. - Өте тамаша, балалар, аталарынның кдйтар кезі де болып калды. Енді Жұмбақбай атайды риза ету үшін "Еңбек ерлікке жеткізетінін" дәлелдеп, Н.Жанаевтың "Еңбек" олеңін айтып жіберейік: Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты — еңбек. Кесте тіксең зерлеп. Мұның аты — еңбек. Қырға шықсаң ерлеп. Мұның аты — еңбек. Сабағыңа жөндеп. Әзірленсең — еңбек. Қиындықтың бәрін. Еңбек қана жеңбек!      
Рефлекстік - үйлесімділік - Сонымен бүгін біз не үйрендік? - Буын дегеніміз не? - Әр буында неше дауысты дыбыс болады? - Міне, бүгін Жұмбақбай атайдың қатысуымен "Буын" тақырыбын меңгердіндер. Атай сендерге рақметін айтып кетті, - деп белсенді қатысқан балаларды мадақтау.    

6-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Дыбыс пен әріп.

Сабақтың мақсаты:

1) Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмащылығын ажырата білуге үйрету.

2) Балалардың ойын дамыту, сөздік қорын молайту.

3) Балаларды үй жануарларын сүюге, қамқорлық жасауға үйрету.

Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:сюжетті суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   Сәлеметсіңдер ме, балалар? - Балалар, біз шеңбер құрып, бір – біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жылылық таныта тұрып, жақсы лебіздер білдірейік (әр бала төмендегі тілектерді кезекпен айтады). - Аспанымыз ашық болсын! - Күніміз жарқырасын! - Деніміз сау болсын! - Әлемде тыныштық болсын! - Отбасымыз аман болсын! - Балабақшамыз жайнай түссін! - Тәртіпті, әдепті болайық!    
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік Сабақ тәрбиешінің жан-жануарлар жөнінде әңгімесінен басталады. Тәрбиеші әңгімесінің бағытын балалардың төрт түлік туралы түсініктеріне карай аударады. — Төрт түлікке қандай малдар жатады? — Олардың төлдері қалай аталады? Балалардың жауаптарын қорытындылай келе, тәрбиеші "Ала бұзау'' (авт. Ерешова К.) атты әңгіме айтып беретіндігін хабарлайды. "Алабұзау". Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп, көк орай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүрді. Бір күні ала бұзау тоғайда жүрген малға қосылып кетгі. Ескендір бұзауын іздеп тоғайға келді. Бір кезде қатты жел соқты. — Жел соққанда қандай дыбыс шығады? — Жел уілдейді. — У -У -У- Желдің әсерінен ағаштардың жапырағы шулайды. — Қандай дыбыс естіледі? — Ш -ш -ш -ш. Тоғай ішінде жүру өте қиын болды. Маса да ызындап, мазасын алды. — Маса қандай дыбыс шығарады? -з-з-з-з. Ескендір қасында еріп келе жатқан Ақтөстің ырылдаған дыбысын естіді. — Ит қандай дыбыс шығарады? — р - р - р -р. Ескендір айналасына қарады. Шөп арасында басын көтеріп, Актөске қарап айбат шегіп тұрған жыланды байқады. Жылан Ақтөске қарап ысылдап тұр екен. — с - с - с -с. Жыланды көрген Ескендір қорыққаннан өсіп тұрған емен түбіне қарай шегінді. Ыжылдаған дыбысты құлағы шалды. Ол еменнің бұтағына орналасқан араның ұясын көрді. Ыжылдаған аралар екен. — ж - ж- ж- ж. Ескендір ала бұзауын шақырды. Қане, балалар, бұзауды шақыруға көмектесейікші: — Акау - ақау - ақау! Жақын жерден бұзаудың мөңіреген дауысы естшді. — мө - мө - мө -мө. Сөйтіп Ескендір бүзауын үйіне айдап қайтты. Балалар, сонда біз әр түрлі дыбыстар естідік, яғни біз дыбысты естідік, яғни біз дыбысты естиміз. Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай балалар Үп-үлкен боп өседі. Енді балаларға әріп туралы түсінік беру. —Балалар, жаңағы естіген дыбысты қағаз бетіне түсіру үшін әріп жазамыз. Әр дыбыстың өз таңбасы болады. Оны әріп дейміз. Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.    
Рефлекстік - үйлесімділік Сабақты қорыту:Өтілген дыбыстарды қайталау. Мадақтау. Балалардың жауаптарын ескере отырып мадақгау. "Біз бақытты балдырған" әнімен сабақты аяқтау.    

Сабақтың тақырыбы: Дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: оқушыларға дауысты және дауыссыз дыбыс ерекшелігі туралы түсінік беру.

2. Жаттығулар орындату арқылы дауысты және дауыссыз дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.

3. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздігін байыту, жалпы ой-өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, кеспе әріптер, суреттер, үлестірмелі дидактикалық материалдар.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   I. Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңі. Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз, Жайнай түсті даламыз, Қайырлы таң, балалар!  
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік II. Жаңа сабақ. Оқушылардың назарын тәрбиеші өзіне аударған соң дауысты дыбыс ерекшеліктері туралы түсінік береді. Кесте пайдаланылады. Дауысты дыбыстар: а, ә, и, о, ө, е, э, у, ұ, ү, ы, і. - Балалар, енді осы дыбыстарды хормен жеке-жеке айтамыз: а, э, и т.б. Тәрбиеші суреттерді көрсете отырып балалар оның ішіндегі сөздерге мән береді. Көбелек, домбыра, орындық, үйрек т.б. тауып оқиды, осы сөздердегі дауысты дыбыстарды тауып олардың айтылу ерекшеліктеріне назар аударады. III. Сергіту сәті. Баланың білімін жан-жақты тексеру. Әр түрлі жаттығулар арқылы орындалады. Тәрбиеші бірнеше сөздер айтады. Балалар сол сөздегі дауысты қанша болса қолдарын шапалақтап білдіртеді. Мысалы: күшік, кітап, өзен, дала, қаз, балапан т.б. "Ұйқасын тап" ойыны. Орыннан орынға ауысқан, Ұшқалақ қарала... (сауысқан) Бәрі бірдей жұмысқа Шығады кім? (құмырсқа) Топтық жұмыс. Жаттығулар орындайды. Дауысты дыбыстарды тауып астын сызады. Сөйлемдер құрайды.    
Рефлекстік - үйлесімділік IV. Сабақты қорыту. Кеспе әріппен жұмыс. Дыбыстық талдау. "Адасқан әріптер" ойыны жүргізіледі. Жаңа сабақты түсінгенін байқау. Тірек—схема бойынша сөйлем құрау. Сабақты бекіту. — Бүгінгі сабақта не үйрендік? — Дауысты дыбыстарды атаңдар. — Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі неде? Бағалау, мадақтау.    

8-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыс ерекшелігі.

Сабақтың мақсаты:

1. Дауыссыз дыбыс ерекшелігі туралы түсінік беру.

2. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшелігін меңгерту. Сөйлеу тілін жетілдіру. Ой-өрісін дамыту.

3. Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыпты, таза, көркем жазуға дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, еңбек құралдарынын суреттері, кима әріптер, тірек схема, суреттер.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   I. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды сабаққа дайындау. Гигиеналық талаптар кою. II. Өткен сабақты бекіту. III. Балалардың білімін жан-жақты тексеру: Ағаш көрсе қышынар, Сояу-сояу тісі бар. (Ара) Басы құрыш, Сабы - шырыш. (Балға) - Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Еңбек, ауыл еңбегі, дала енбегі, баланың өз басына көрсететін қызметі жайлы әнгімелесу, сұхбаттасу. Баланың бақылаушылығын, зеректілігін, логикалық ойын байкау мақсатында: - Пальтоңның түймесі үзіліп қалса ... - Киім ілгіштің шегесі жұлынып кетті ... - Шкафтың сөресін түсіріп алдың ... - Бәтеңкеңнің бауы үзіліп қалды ...    
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік IV. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі: - Өздерің білетін дауысты дыбыстарды атаңдар. - Жануарлардың "дыбысын" келтірейік ... - Сиыр қайтеді? - Есек қайтеді? - Өз атын өзі шақыратын құсты білесіңдер ме? - Көкек. ко-кек, кө-кек.. Соңғы (к) дыбысты созып айтып көрейікші V. Жаңа сабақ: - Балалар, дыбыстар кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады. Балаларға бір буынды сөздерді айткызу барысында, ережесінің Бөлімдері: Сауат ашу - student2.ru - Дауыссыз дыбыстар 26. Қане 26-ға шейін санап көрейікші. Көп екен ә? ... Бірнеше дауыссыз дыбыстарды айтқызу: Т. ...ы; р. ...ы; к. ...і; г. ...і. VI. Сергіту сәті: Бас бармақ — әкем, Балаң үйрек - шешем, Ортан терек - ағам, Шылдыр шүмек - әпкем, Кішкентай бөбек - мен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз (бесеуміз). VII. Жаңа материалды түсінуін, меңгеруін тексеру. "Адасқан әріптер" ойыны.    
Рефлекстік - үйлесімділік VIII. Қорытынды бөлім: - Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі қандай? Мысал келтір. Еңбек құралдарының суретін қалауы бойынша салу. IX. Балаларды мақтау, ерекше қатысқан балаларды атап өту.    

Сабақтың тақырыбы: Әріптер сыры.

Сабақтың мақсаты:

І. Балаларға дыбыстау арқылы әріптерді айтқыза отырып, әріптер сырын ұғындыру.

2. Балалардың ойлау ой-өрісін, тілін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Балаларды тазалыққаа, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: әріптер дыбысталуына байланысты сюжетті суреттер.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   Ұйымдастыру кезеңі. - Бүгін ауа райы қандай-? - Айналада қандай өзгерістер бар-? - Жылдың қай мезгілі-? - Бүгін қай күн-?кеше қай күн еді-? Ертең қандай күн болады-?  
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік 1. Ұйымдастыру кезеңі. Балалардың сабаққа даярлығын тексеру. Сабаққа қажетті оқу-құрал жабдықтарын даярлату. 2. Сабаққа даярлық кезеңі. Өткен сабақтағы танысқан материалдарды бекіту. 3. Негізгі бөлімі. Тук-тук... - Балалар, бізге қонаққа біреу келіп тұр ғой деймін. Тыңдайықшы: тук-тук... Есік ашылып, бір бала келеді. Тәрбиеші: - Балалар, келген кім екенін сұрайықшы... — Менің атым Дымбілмес. Мен сендерге қонаққа келу себебім, мені ойландырып, білмей жүрген сұрақтарым бар. Соларды сендерден сұрап білуге келдім. Тәрбиеші: — Ал, ендеше балалар, біз Дымбілместің көрмейтін сұрақтарына жауап беріп көрейікші. Дымбілмес: - Мына суретке ары қарап, бері қарап, баланың не істеп, не айтып тұрғанын түсінбедім. Балалар: - Бұл суретте бала аузын ашып "А" дыбысын айтып тұр. Дымбілмес: - "А" деп қайталап айтады. Иә, дұрыс айтады екенсіндер. — Ал мына суретте ше? Балалар:— Бұл суретте аузы сопақша келіп айтып түр, яғни "О" дыбысын айтып тұр. Дымбілмес келесі суретте не болып тұрғанын сұрайды. Балалар: — Суреттегі бала тонып; у-у-у деп түр. Тәрбиеші:- Біз қай кезде жаурап, тоңамыз? — Біз қыста, суықта жаурап тоңамыз. — Келесі суретте бала барабан (дауылпаз) соғып тұр. — Барабан (дауылпазды) көргендерін бар ма? Әр суреттегі әрекетті балалар өздері қайталап көрсетуі арқылы өтеді. Тәрбиеші "А, О, У, Д" дыбыстарының әріп таңбаларын көрсету арқылы түсіндіреді. Дымбілмес: — Иә, бұл біз айтып жүретін дыбыстар екен ғой. Олардың әріп таңбасы осылар екен. Иә, мен енді түсіндім. Тағы да қонаққа келіп, білмеген нәрселерімді білуге бола ма? — Иә, келіп тұрыңыз, күтеміз. Дымбілмес балаларға рақмет айтып, қоштасып шығып кетеді. Келесі сәтте сергіту жаттығуын жасату. Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп алайық Қалтамызға салайық. 5. Оқулықпен жұмыс жүргізу. — Балалар, сендер отбасы, деген сөз мағынасын білесіндер ме? — Өз отбасында неше адам бар? Оқулықтағы суретпен жұмыс жүргізу. — Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар? Әрқайсысын жеке-жеке атату. —Суретте кімдер отыр? — Олар не істеп отыр? — Міне, осы адамдар барлығы бір үйдің адамдары, бұларды "отбасы" деп атайды. Балалардың бірнешеуінен өз отбасы мүшелерінде кімдер барын айтқызу. 6. Дәптермен жұмыс жүргізу. Жазу дәптерлеріндегі суретті үзік сызықтарды бастыра жүргізу, жоддың аяғына дейін жазғызу. 7. Сурет арқылы тапсырма "Суретті қайтала".      
Рефлекстік - үйлесімділік    

Сабақтың тақырыбы: А дыбысы .

Сабақтың міндеті:

1. Балаларға өткен сабақты еске түсіре отырып, А дыбысымен таныстыру.

2. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту.

3. Балаларға "А" дыбысы бар сөз сөйлем, ойлап табуына назар аудара отырып, сөздік қорларын байыту, байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: А дыбысының баспа түрі, ребустар, текшелер.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.

  Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   1. Ұйымдастыру кезеңі. Қайырлы таң алтын күн! Қайырлы күн,жер ана! Қайырлы таң,достарым! Сендерді көріп сағындым! — Балалар, казір жылдың қай мезгілі? — Қай ай? — Аптаның қай күні? —Балалар, біз сауат ашу сабағында өткен дыбыс туралы не білетіндерімізді еске түсіріп көрейікші. — Дыбыс дегеніміз не? — Дыбыстар нешеге бөлінеді? — Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз? — Ал әріп дегеніміз не? — Әріп дегеніміз дыбыстарды таңбалау. — Әріпті көреміз, жазамыз, оқи аламыз.   Балалар шеңберге тұрып,бірге қайталайды   Күз Қазан Бейсенбі   Біз дыбысты естейміз,айтамыз Дауысты кызылмен дауыссыз дыбысты көкпен  
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік — Ал, балалар, мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын. Жаңада бар, ескіде жоқ, Танада бар, ешкіде жоқ. Жауабы: А. — Мынау ненің суреті? — Алма деген сөз қай дыбыстан басталып тұр? — "А" дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па? — Неліктен дауысты? — Ал осы алма сөзін қандай текшелермен жазуға болады? "А" дыбысының баспа және жазба түрін көрсетіп таныстыру. "А дыбысын ауада жазып көрсету. Қане, балалар, бәріміз бірігіп "А" дыбысын ауада жазып көрейікші "Кім жылдам?" ойынын ойнату. — "А" дыбысынан келетін сөздерді маған кім жылдам, көбірек тауып айтады. Алма, ағаш, адам, ай, ақку. Өте жақсы, балалар. Осы тапқан сөздерінді буынға бөліп айтып көрейікші. Шапалақ арқылы буынға бөлгізу. — Балалар, "А" дыбысына байланысты кім тактақ біледі? Мысалы міне мынадай. Астанамыз Алматы, Алатау асқақ аясы. Алқабында атақты, Ал қызыл апорт алмасы.   Екі, үш балаға тақпақ айтқызу. Сергіту жаттығуын жасату. Ептеп-ептеп бидай терейік Тергенінді торғайларға берейік. Тойған торғай томпаң-томпаң секірсін, Ол да біздей үлкен болып жетілсін. Шаршадың ба отыра ғой демінді ал Енді менің әңгімеме құлақ сал. — Ал, балалар, қазір дәптерлеріңді алып, үлгіге қарап сызықтарді қосып "А" әрпінің баспа түрін жазамыз. Балалар түгел жазып болған соң, "А" дыбысын есте сақтау үшін, осы дыбыстан басталатын нәрселердің суреттерін көрсетіп, қай дыбыстап басталатынын өздеріне айтқызу. Балаларға ребусты шешкізіп, онда шыққан сөздерді буынға бөлгізу.       Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.     Әріптерді жазады.     Тыңдайды     Балалар сергіту сәтіне белсене қатысады.
Рефлекстік - үйлесімділік Қорытынды бөлім. — Балалар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық? — "А" дыбысы қандай дыбыс екен? — Осы "А" дыбысына байланысты тез-тез сөздер ойлап айтып жіберейік. Балаларды мадақтап мақтай отырып, сабақты аяқтау.         Сұрақтарға жауап береді.

11-сабақ

Сабақтың тақырыбы: А дыбысымен және әрпімен таныстыру.

Сабақтың мақсаты:

"Күн астындағы Күнекей қыз" ертегісі бойынша А дыбысымен және әрпімен таныстыру. "А" әрпін ауа арқылы жазып көрсету. Сөз ішіндегі дыбыстардың жуан, жіңішке, дауысты, дауыссыз болып бөлінетінін ұғындыру. Балаларға "А" дыбысы бар сөз, сөйлем ойлатып, оны ойын-жаттығулар арқылы бекіту.

Көрнекілігі: кеспе әріп, әріп таңбасы, суреттер, қаңбақ, қоржын, асықтар, тұмарша, ертегі кейіпкерлері.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   Тәрбиеші әуелі ертегіні оқып, мазмұнын айта бастайды. Сол кезде балалар домалап келе жатқан Қаңбақты көреді. — О, керемет. Балалар, мынау не болды екен? — Иә, иә, ұшарын жел біліп, қонарын сай біліп, сайран салып жүретін қаңбақтың көмегі кімге қажет болды екен? Кәне, маған әпере қойшы, көрейін. Балалар, міне ғажап, қаңбақ ішінде "хат" бар ғой. Хатты ашып оқиды. От тауының ар жағында Тасбол хандығында күн астындағы Күнекей қызды тас қапаста ұстап отыр. Жолдағы кездесетін барлық кедергілерден өткенде ғана Күнекей сұлу құтқарылады, хатты бізге "Ербатыр" жолдапты. — Балалар, Ербатыр ағаларың көмек сұрап хат жазыпты, көмектесеміз бе?     —Балалар: Көмектесеміз.  
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік — Ендеше "темір етік тебендей, темір таяқ теңгедей" болғанша жол жүруіміз керек. — Сәлем, балалар, бәрекелді, бар болыңдар сендердің аяқ дыбыстарынды естіп жолдарынды тосып жүр едім. — Балалар тыңдадыңдар ма бұл кім? — Тыңшы ғой. — Тыңшы аға, біз алыс сапарға шығып едік, бізге жол сілтемес пе екенсіз? - Білем, балалар. Мен күні-түні тыңдап, сендерге жол сілтеуге жүр едім. Бірақ сендерді құралақан жібермеймін. Сендер өнерпаз боларсыңдар. Кәне, сол білімдерінді көзбен көрейін. - Ал, балалар, Тыңшы ағаларыңа білімімізді көрсетелік. Мен сендерге бір жұмбақ айтайын, шешуін тауып көріндер. Иілсең иіліп, Түйілсең түйіліп Қарайды кісіге Ұқыпты ісіне. (айна) - Шешуін дұрыс таптындар. Қане, енді бәріміз еркін отырып, осы сөзді қайталайық. - Ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр? - Дұрыс, енді осы "А" дыбысын аузымызды кеңірек ашып, қайталаймыз. А-А-А. - Қалай айтылады екен? - Иә, А дыбысы дауысты дыбыс. Сондықтан оны қызыл текшемен белгілейміз. - Ал, енді А дыбысынан басталатын сөздерге мысал келтіріндерші? - Алдарындағы кеспе әріптерден сөз құрай қойындар. Тыңшы: — Бәрекелді, менің білгіштеріме көп-көп рахмет. Енді сендерге жол сілтеп жіберейін. Оң жаққа барсаңдар "Зарлы хандығына" жолығасындар. Сол жақта — "Жыландар патшасы", "Бала хандығы". Тура жүрсендер "От тауы" бар. Оның ар жағында Тасбол хандығы бар. - Бізге қай бағытта жүру керек? - Тура жүреміз. - Жолда келе жатып, бір көпірге тап болды. - Мына көпірден өту үшін, мына бір тапсырманы орындап жіберейік. Егер А-дан бастасаң, Үлкен ақын атамыз. А-ны алып тастасаң, Мол дәулетке батамыз. Б-ны алып тастаса, Түнде жарық шашамыз. Абай. Бай, ай. - Өте жақсы. - Бұл сөзде А дыбысы қай жерлерде кездеседі? - Өтe жақсы. Міне, көпірлерден де өттік. Жолда Мыстан кемпір кездеседі. Мыстан кемпір: — А-ха-ха-ха, тоқтаңдар. Менің рұқсатымсыз қайда барасындар? Мен сендерді жібермеймін. - Әже, сабыр етіңіз. Бұл балалар күн астындағы Күнекей қызды құтқаруға барады. — Әже, бізді жіберіңізші. - "Әже"? Не дейді мына балалар, мені "әже" дей ме? Мені осы уақытқа дейін ешкім "әже" - деп көрмеп еді (жылайды). — Әже, жыламаңыз. - Әжелеріңнің көңілін көтеру үшін, ән айтып, би билеп берейік (сергіту сәті). Мыстан алғыс айтып шығарып салады. Алдарынан Ербатыр шығады. - Біздің балалар Қаңбақ ішінен табылған хатты оқып, көмекке шыққан еді. Ербатыр: - Жол болсын! Бәрекелді, мен де қалындығымды құтқаруға шығып едім. Осы жерден мына қоржынды тауып алып, не істерімді білмей отырмын. Балалар қоржынды алып, тәрбиешіге береді. Қоржында үш тұмарша бар екен. Әрқайсысында тапсырма бар. 1. Тұмарша: Арықта бар, Семізде жоқ. Балықта бар, Теңізде жок. Бұл қай әріп? (А) 2. Тұмарша: Ай, ана, ат сөздеріне сөйлем құраңдар. 3. Тұмарша: Алма, сағат, айна сөздерін буынға бол. А дыбыстарын тап. Т: - Ал, енді А дыбысын ауада жазып көрейік. (А әрпін ауада жазу) Балалар үш тұмаршадағы тапсырмаларды орындайды. Ербатыр: — Енді, тура жүре берейік, "От тауы" да көрініп қалды. Балалар, мына кедергіден калай өтеміз?    
Рефлекстік - үйлесімділік Қорытынды: — Қандай дыбыспен таныстық? — А дыбысы қандай дыбыс? Тәрбиеші: — Жарайсындар. Менің кішкентай батырларым. Міне, Тас қапасқа да аман-есен жеттік. Осы кезде алдарынан Күнекей қыз шығады. Күнекей қыз: — Балалар, міне сендердің батырлықтарың мен тапқырлыктарыңның арқасында мен тас қапастан босадым. Мен де бұл жерде қарап отырмай сендерге сыйлық дайындадым. Күнекей қыз балалардың мойнына тұмарша тағады. Ойлан тап, бұл қай әріп? Енді Жұмбақ жасырылады. Күн нұрын шашқан асқардан, Алатау алып тас қорған. Бас қала аты — Астана. Қай әріптен басталған? (А) "Жаңа сөз ойла" ойыны ойнатылады, А дыбысынан басталатын сөздерді кім көп ойласа, сол жеңімпаз атанады.      

Сабақтың тақырыбы: Т т дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау.

2. Жаңа Тт дыбысымен таныстыра отырып, сөздер, сөйлем құрауға және дұрыс буынға бөлуін қадағалау.

3. Қолдарын әдемі жазуға тәрбиелеу және қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: әліпби, кеспе әріп кассасы, суреттер, текшелер, торсық, торғайдың суреті.

Әдіс тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, түсіндіру.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   1. Шаттық шеңберін құру. Балалар дөңгелене тұрып, бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді. Мысалы: - Сен қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз, күлеміз, айналадағы дүниені танып - білеміз. - Міне, көрдіңдер ме? Балалар, болашақта әртүрлі мамандық иесі болу үшін ақылды, білімді, тәрбиелі болу керек.    
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік I. Ұйымдастыру кезеңі: а) Дөңгелек құрып кілемге отыру ә) әліпби қайталау б) жұмбақ жасыру: Өзі айлакер, өзі бір қу, Жүрген жері айғай да шу. /түлкі/ II. Қайталау. 1. Кеспе әріптен өткен дыбыстарды тауып, текшеге тізу. а) ас — осы буынға "т" дыбысын қосу арқылы сөз құрату "тас". ә) өлшем құру. 2. Сергіту минуті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай балалар, Үп-үлкен боп өседі. 3. Суретпен жұмыс: — Ненің суреті? Не байқадыңдар? — Тау. — "Тау" сөзінің басында қандай дыбыс естіледі? Тт — дауыссыз дыбыс. Сондықтан әліпби көк түспен белгіленеді. а) Кеспе әріптен "т" дыбысын тауып, өткен дыбыстарды қосу арқылы буын, сөз құрғызу. -та; -то; -ту; -ти. ә) тай, тас, тос, тон т. б. 4. Ойын: "Т" дыбысын тап. АӘБИТШЗТНКД 5. Т әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау: а) Т әрпін ayада жазу. ә) Т әрпін қолымен үстінен бастыру. б) Т әрпін жаздыру. 6. Торсықпен жұмыс. а) "Тор-сық" буынға бөлгізу. ә) Дыбысын тапқызу. б) Торсықтың қасиетімен таныстыру. 7. Торғайдың суретін көрсету: Торғай, торғай, торғайсың, Таяу келіп қонғайсың. Жем шашайын тойып-ал, Сонда аязға тоңбайсың. а) Торғайдың суреті арқылы қасиетін түсіндіру. ә) Торғай қалай ұшады? б) Қанатын қалай сермейді? в) Сергіту сәтімен жалғастыру.    
Рефлекстік - үйлесімділік 8. Сабақты қорыту: Т дыбысы бар сөздер ойлап келу. 9. Мадақтау, бағалау.    

Сабақтың тақырыбы: П п дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты:

1. Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау кабілетін арттыру.

2. П п дыбысымен таныстыру, өз бетінше сөз, сөйлем қарастыруын қадағалау.

3. Дыбыстық талдау жасауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: көрнекілік ойын.

Сабақтың көрнекілігі: парта, піл суреттері. кеспе әріптер, буындар, текшелер, әріп элементі.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы   Ұйымдастыру кезеңі. Қуанамын менде, қуанасың сен де. Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге. Бүгінгі күніміз сәтті өтсін. Бәріңе сәттілік тілеймін!    
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік I. Ұйымдастыру кезеңі. I. Әріп элементтерін тарату. II. Қайталау. 1. П п әрпімен таныстыру 2. Пп дыбысы бар сөздерді буынға бөліп оқытқызу (хормен) -па, -пе, -пу, -по, -пы. 3. Пілдің суретін көрсете отырып, піл туралы білетіндерін әңгімелету. Піл туралы таныстыру. 4. Жұмбақ жасыру. Қалың киімді ұнатады. Шешіндірсең жылатады. (Пияз) 5. Тақпақ оқып беріп, "п" дыбысын тапқызу Пайдалы деп. Пияз жеп. Парлады жас көзімнен "Піссінші" біраз деп. Пысылдадым төзіммен. III. Сабақты бекіту. 1. Піл, парта суреттерін көрсетіп сипаттау, "п" дыбысын тапқызу текшеге жазу. 2. Жазу. а) Қолды жазуға даярлау. б) Сергіту сәті. в) Ауада жазу. г) Баспа және жазба түрімен таныстыру, 3. П п дыбысы — дауыссыз дыбыс. 4. Дыбыс және әріп дегеніміз не? /сұрау/ 5. Дәптерге "П п" әрпін бір жолакқа тізу.    
Рефлекстік - үйлесімділік IV. Қорыту. 1. "Парта, піл" сөзін қатыстырып сөйдем құрау, буынға бөлгізу. 2. Өз ойларынан "п" дыбысын қатыстырып, сөз құрастыру "Сөзойла, тез ойла" ойыны. V. Хормен. - па - по - пу - пе VI. Мадақтау.      

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Біледі:

Білді:

Наши рекомендации