Кесте – 2 Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналып құрылған оқу бағдарламасы

Сабақтың тақырыбы және дидактикалық тапсырмалар Сағат саны Ұйымдастыру жұмысының түрлері Қолданылатын әдістер Оқушылардың нені білуі және нені іске асыра алуы керек
Логикалық ұғым мен іс-әрекетке кіріспе
Ұғымның белгілері, ерекшеліктерін табу. Материалды Ұжымдық оқулықпен жұмыс 1.Ұғымдардың жеке қасиеттерімен таныстыру. 2.Ұғымның қасиеттерін, ерекшеліктерін таныту.
Ұғымның жеке және ортақ қасиеттері Бағдармалық, материалдық Ұжымдық және сұрақ - жауап әдісі 1.Ұғымдармен танысу. 2.Ұғымдардың қасиетін тануды жалғастыру.
Логикалық байланыс «және», «немесе», «ең болмаса біреуі», «кейбір». Мағұлмат беру Әңгіме , сұрақ - жауап 1.Логикалы байланыстың мағынасын ашу. 2. Сөйлемдердегі шылау сөздердің қолдану ерекшелігін тануға үйрету.
Логикалық байланыс «барлық», «қайсы бір», «кез келген», «тек», «әрқайсысы» ұғымдары. материалды Ұжымдық оқулықпен жұмыс, сұрақ - жауап 1.логикалық байланыстың мағынасын ашу. 2.логикалық байланыстарды ажырата білуді, қолдануды үйрету.
Ақиқат болатын сөйлемдерді дәлелдеу және кванторлардың қолданылуы Материалды, Әңгіме, ойын. Кванторлардың қолданылуы сөйлемдердің ақиқаттылығын дәлелдеуге үйрету.
Жеке заттардың арасындағы қатынас
Заттарды мөлшеріне қарай салыстыру. Сандық элеметтерді салыстыру   фронтальды 1.Балаларды заттарды салыстыра білуге үйрету. 2.Тең» «Үлкен» «Кіш» «Тең емес», «артық», «кем» белгілерін енгізу.  
Заттар мен ұғымдарды жіктеу
Заттарды жіктеу. Материалдық Ұжымдық, оқулықпен жұмыс 1.Жіктей отырып мінездеме беру; белгілеріне қарай топтастыру  
Ұғымдар арасындағы қатынас. Материалдық Ұжымдық, оқулықпен жұмыс, әңгіме әдісі. 1.Балаларды ұғымдар арасындағы қатынастарды таныстыру, топтастыруға машықтандыру.
             

Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға арналған бағдарлама бойынша сабақ өткізіліп, кейіннен бақылау жұмыстары жүргізілді. Балаларға логикалық ойлауға арналған тапсырмалар берілді. Алынған бақылау жұмысының нәтижелері Балаларға логикалық ойлауға арналған тапсырмалар берілді. Алынған бақылау жұмысының нәтижелері 3 кестеде берілген.

Кесте-3 Алынған бақылау жұмыстарының нәтижесі

Деңгей Барлығы 186 оқушы
5-деңгей
4-деңгей
3-деңгей
2-деңгей
1-деңгей

Балалардыңлогикалықойлауындамытуғаарналғанбағдарламаоқушылардың логикалық ойлауына игі әсерін тигізеді; оқушылардың логикалық даму деңгейі жоғары болған сайын олардың білімі де жоғарылап, білім алу үдерісі саналы өтетіндігі анықталып отыр.

Жүргізілген іс-тәжірибе арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің ерекшеліктері айқындалды:

- Мектеп оқушыларының ойлау әрекетіне көрнекі әсер ету басым болып, нақты заттарға немесе оның дәл баламаларына, қабылдау деректеріне сүйенуі;

- Қорытынды жасау логикалық дәлелдер негізінде емес, қабылданған мәліметтерге тура қатынасы жолымен жүзеге асуы;

- Ұғымдардың кейбір белгілері арасындағы тектік-түрлік қатынасты топтастыруы;

- Оқыту үдерісі мен тәрбие үдерісінде жүргізілетін жұмыста оқушылардың жас ерекшлігінің қатаң ескерілуі;

- Пәндік білімдер мен олардың ғылыми мазмұнын меңгеру үдерісінде жүзеге асырылуы;

- Баланың тапсырмаларды орындауға деген өзіндік талаптың күшеюінен жауапкершіліктің тууы.

ОРЫТЫНДЫ

Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын тұлғаны тәрбиелеу.

Мектептің алдында тұрған негізгі мақсат – оқушыларға білім бере отырып ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, оқуға ынтасын ояту. Мектепте алған білімін бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне бастайды және осы кезеңде оқушының ойлауы нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды, заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене бастайды. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйе – логикалық ойлауға сүйенеді. Логикалық ойлау анықтылығымен, бірізділігімен, дәлелділігімен ерекшеленеді. Мектеп оқушыларының логикалық ойлауын дамытуға біріншіден – айнала қоршаған ортаны танып білу, екіншіден – баланың тапсырмаларды шешуге деген өзіндік талаптардың күшеюі, үшіншіден – сөздік қорының кеңеюі әсер етеді.

Балалардың ойлау қабілеттері мен логикалық даму сатылары олардың жас пен жеке бас ерекшеліктеріне тәуелді болып келеді, олардың логикалық ойлауын дамыту мектеп табалдырығын аттаған сәттен-ақ бастау алуы қажет.

Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда психологиялық және әдістемелік негіздерге сүйене отырып, келесі қорытындыға келдік:

1. Оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктерін және мектеп базасында беріліп жатқан оқу бағдарламасын талдау оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың мүмкіндіктері мол екенін көрсетті.

2. Арнайы зерттеу жұмыстары арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда түрткі болатын тапсырмалар жиынтығын тиімді екені анықталды.

3. Логикалық тәсілдерді қалыптастыру және меңгерту үшін мектептегі пәндік материалдарға айрықша өзгерістер енгізбей, оларға сәйкесінше әдістемелік өңдеулер жасау жеткілікті.

4. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар арқылы олардың логикалық ойлауын жоғары деңгейге көтеруге болады.

5. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерінің даму деңгейі жоғары болған сайын олардың білімдерінің де жоғары болуына себі тиеді.

Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды деп ой түйіндейміз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. – Алматы, 1996 ж.

2. Бабаев С. Жалпы психология. – Алматы, 2005. – 352 б.

3. Байжұманов Б. Оқушылардың психикалық даму ерекшеліктері. – Бастауыш мектеп, №12, 1998ж.

4. Бап-Баба С. Жалпы психология. – Алматы, 1993 ж.

5. Биекенов Н., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2007 ж. – 344 б.

6. Гальперин П. Психология мышления – Алматы, 2005 ж.

7. Драгунова Т. Возрастная и педагогическая психология. – Алматы, 2001 ж.

8. Елекбаев Н. Ұлттық психология – Алматы, 1999 ж.

9. Жарықбаев Қ. Жантану: Оқулық. – Алматы, 2008 ж.

10. Жарықбаев Қ. Психология: арнаулы орта оқу орындары оқушылары мен пединституттардың педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі факультеті студенттеріне арналған оқулық. – Алматы, 1993 ж.

11. Жұмабаев М. Педагогика. – Рауан, 1993 ж.

12. Жұмасова К. Психология. –Алматы, 2006 ж.

13. Иманқұл Н. Ойлау туралы ойлау. - Алматы, 1998 ж. – 202 б.

14. Намазбаева Ж. Жалпы психология – Алматы, 2006 ж.

15. Немов Р. С. Психология. – Алматы, 2001 ж.

16. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ойлау тарихының белестері –Алматы, 1994 ж. – 159 б.

17. РахымбекД.Оқушылардың логика методологиялық білімдерін жетілдіру. – Алматы,1998ж.

18. Сабирова Ж. М.Жұмабаевтың психологиялық көзқарастары. - Алматы, 2003 ж. – 97 б.

19. Сатиева Ж. Даму психологиясы. – Алматы, 2007 ж.

20. Темірбеков А., Балаубаев С. Психология. – Алматы, 1966 ж.

21. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- Алматы, 2001 ж. – 283 б.

22. Тұрғынбаев Ә. Логика - Алматы, 2000 ж. – 121 б.

23. Шаханов Е. Логикадан жаттығулар жинағы - Астана, 1999 ж. – 67 б.

24. Бастауыш мектеп оқушыларының логикалық ойлауы мен оқытудың тығыз байланыстылығы. –«Жас ғалымдардың инновациялық идеялары, олардың ғылымның дамуына қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми практикалық конференцияның материалдары. –Шымкент, 2007ж.

25. Логикалық ойлауды дамытудың дидактикалық ерекшелігі. –Қазақстан мектебі. Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал. – Алматы,
2008 ж. №10 (Д. Рахымбекпен авторлық бірлестікте)

ГЛОСАРИЙ

ОЙЛАУ–ақиқат дүниені өзара барлық байланыс, қатынастарымен сәулелендіретін психикалық процесc.

АНАЛИЗ – бүтін нәрсені жеке бөлшектерге ажырату.

СИНТЕЗ – ой арқылы бүтіннің бөлшектерін біріктіріп, оны бүтінге айналдыру.

АБСТРАКЦИЯЛАУ–ұғымдардың кездейсоқ белгілеріне көңіл аудармай, тек маңызды ерекшеліктерін оқшаулап бөліп алу.

НАҚТЫЛАУ– жалпыдан жалқы ұғымды шығару, яғни жалпы ұғымдардан жалқы, нақты ұғымдарға көшу.

ҰҒЫМ – заттар мен құбылыстардың елеулі, мәнді белгілері туралы ой.

ЛОГИКА – ойлау процесін ең алдымен дүниені танып-білудің нәтижесі, сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың ой-санада бейнеленуі деп қарап, сол бейнеленудің дұрыс формалары мен заңдары, ережелері.

ГНОСЕОЛОГИЯ немесе ТАНЫМ ТЕОРИЯСЫ — философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы.

РИТОРИКА – тіл шеберлігін, көркем тілдің құрылым ережелерін зерттейтін филология ғылымы.

УНИВЕРСАЛИЙ –материализм мен идеализмнің логика төңірегіндегі күресі.

СЕМИОТИКА – тілді кешенді түрде зерттейтін ғылым.

ЕСІМ – нәрселерді бейнелейтін жеке сөздер немесе сөз құрылыстары.

ПРЕДИКАТОРЛАР –нәрселердің қасиеттері мен қатынастарының тілде бейнелеуін айтады.

ФУНКТОРЛАР – заттардың негізгі қызметтерін бейнелеу.

ОЙЛАУДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ФОРМАСЫ – оның құрылысының, яғни құрамдас бөліктерінің байланысу тәсілі.

ЛОГОСФЕРА – логикалық орта.

ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ЗАҢДАРЫ –ойлаудың қажетті, мәнді, тұрақты, қайталанатын байланыстары.

Наши рекомендации