MS Excel электрондық кестесінің функциялары.
MS Excel электрондық кестесінде математикалық, финанстық, статистикалық және логикалық функциялардың жиыны ендiрiлген. Егер кестеге бiрнеше сандар енгiзiлетiн болса, Excel программасы оларды қарапайым арифметикалық ортасын табудан бастап, күрделi тригонометриялық есептеулердi жасауға 300-ден аса тәсiлмен өңдей алады. Excel функциялары – программа жадында сақталып тұрған арнайы формулалар болып табылады. Әрбiр функция – функцияның аты мен оның аргументi арқылы өрнектеледi. Аргументтер дегенiмiз- нәтиже алу үшiн қолданылатын мәлiметтер. Функцияның аргументi сiлтемелер немесе атау, мәтiн, сан, уақыт немесе мерзiм бола алады. Аргументтер функция атының оң жағында жай жақшаның iшiнде жазылады.
MS Excel электрондық кестесіндегі Функция шебері (Мастер функций) дайын формулаларды есептеуге арналған. Функцияны іске қосу үшін Вставка®Функция... командасын орындаймыз немесе стандартты саймандар тақтасынан батырмасын шертеміз. Функция шебері екі қадамнан тұрады:
1) бірінші қадам – қажетті функцияны іздеу, категорияны және функцияны таңдау бөлімдерінен тұрады (10-сурет).
10-сурет. Функция шеберінің сұхбаттық терезесі.
2) 2-ші қадам – функцияны берілген аргументтері бойынша есептеу бөлімдерінен тұрады, мұндағы:
1 – аргумент енгізілетін функция аты;
2 – аргументтер енгізілетін өріс;
3 – аргументтер енгізілетін өрісті орау батырмасы. Егер өріс ораулы болса, осы батырманы қайта басу арқылы ашамыз;
4 – аргументтер мен функцияның ағымдағы мәні;
5 – функцияны бейнелеу аймағы;
6 – берілген функция жөнінде анықтама алу батырмасы.
Функциялар есептеулердi ықшамды күйде жазу үшiн қолданылады және мынадай түрде жазылады. Мысалы:
=А9 + COS(D7), мұндағы А9 – ұяшықтың адресi; COS – функцияның аты, жай жақшаның iшiнде аргументi көрсетiледi; D7 – аргумент (сан, мәтiн, және т.б.), сан тұрған ұяшыққа сiлтеме болып тұр.
Функцияға аргументтерді келесі тәсілдермен енгізуге болады:
1)қажетті адресті немесе ұяшықтар блогын пернетақтадан теру арқылы;
2)жұмыс кітабындағы қажетті ұяшықтарды немесе ұяшықтар блогын белгілеу. Бұл кезде аргументтер енгізілетін өрісті орап қоюға немесе басқа жерге апарып қоюға болады (3).
Кейде есептеулерді қандай да бір «тізім» арқылы жүргізуге тура келеді, яғни функция аргументі ретінде қандай да бір ішкі функция алынады. Мұндай кезде формула қатарындағы функция аттары көрсетілген ішкі тізімді қолдануға болады.
Мысалы: А1 ұяшығында х=1мәні енгізілген, А2 ұяшығындағы ln(sin x) функциясын есептеу жолын қарастырайық.
А2 ұяшығында Функция шеберін шақырамыз. Шыққан сұхбаттық терезенің Математикалық категориясынан LN (натураль логарифм) функциясын таңдаймыз да ОК батырмасын шертеміз. Функция аргументін енгізу үшін Функция Аттары бөлімінен қажетті функцияны көрсетеміз. Ішкі функцияның аргументі ретінде А1 ұяшығындағы мәнді белгілейміз. Жалпы функцияны есептеу формуласы 11-суретте көрсетілген.
11-сурет. Ln(sin x) функциясын есептеу жолы.
MS Excel кестесінде қолданылатын стандартты функциялар тізімі:
Дата и время функциясының құрамы:
Сегодня() – ағымдағы күнді мәтіндік форматта белгілейді;
Год(дата), Месяц(дата), День(дата), ДеньНед (Дата;2) – сәйкесінше, жыл, ай, күн, апта күндерін белгілейді. ДеньНед функциясындағы 2 аргументі – дүйсенбіден басталған апта күндерін есептеу үшін қажет. Мысалы: =ДеньНед(Сегодня();2) – ұяшыққа қажетті апта күнін шығару.
Математикалық функциялар категориясы:
ABS (число) – санның модулі;
ACOS (число) – бұрышы 0 мен p радиандар аралығында анықталатын санның арккосинусы;
ASIN (число) – бұрышы p/2 мен p/2 радиандар аралығында анықталатын санның арксинусы;
ATAN (число) – бұрышы -p/2 мен p/2 радиандар аралығында анықталатын санның арктангенсы;
SIN (число), COS(число), TAN (число) – берілген санның сәйкес тригонометриялық функциялары;
LN(число) – санның натураль логарифмі;
LOG(число; основание) – берілген негіз бойынша санның логарифмін анықтайды;
LOG10 (число) – ондық логарифм;
ГРАДУСЫ (угол) – радианды градусқа айналдырады;
ЗНАК (число) – санның таңбасын анықтайды: 1 – егер жұп сан болса; 0 – егер сан 0-ге тең болса; -1 – тақ сан болса;
КОРЕНЬ (число) – квадрат оң түбірді анықтайтын функция;
МОБР (массив) – берілген массивтегі квадрат матрицаға кері матрицаны анықтайды. Массив ұяшықтар блогы ретінде, мысалы, А1:С3 немесе тұрақтылыр массиві ретінде берілуі мүмкін (бұл кезде бағандағы сандар «:» символымен, ал қатар бойынша «;» символымен ажыратылады). CTRL + SHIFT +ENTER пернелдер комбинациясын шерту арқылы матрицалық формулаларды аяқтаймыз;
МОПРЕД (массив) – массивте берілген квадрат матрицаның анықтауышын анықтайды;
МУМНОЖ (массив1; массив2) – матрицалардың көбейтіндісін анықтайды;Нәтижесінде және бір матрица шығады;
ОКРУГЛ (число; число_разрядов) – ондық разряд бойынша дөңгелектейді;
СУММ (число1; число2; …) – аргументтер тізіміне кіретін барлық сандардың қосындысын анықтайды;
Статистикалық функциялар:
МАКС(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің максимумын анықтайды;
МИН(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің минимумын анықтайды;
СРЗНАЧ(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің орта мәнін есептейді;
СЧЕТЕСЛИ(диапазон; условие) – шартқа сәйкес келетін диапазон аралығындағы аргументтер санын есептейді;
Логикалық функциияларқандай да бір шарттың орындалу нәтижесіне байланысты қызмет етеді. Бұл шарттарда салыстыру операциялары қолданылады: =, >, <, <>(тең емес), >= (үлкен немесе тең), <= (кіші немесе тең).
ЕГЕР (ЕCЛИ) (логикалық _ұғым; 1 мән; 2 мән) – 1 мән шешімі болса,онда логикалық ұғым ақиқат және керісінше жағдайда 2 мән ақиқат болады. Мысалы: A1 ұяшығында 30000 саны енгізілген, ал B1 ұяшығында =ЕСЛИ(A1<20000; 12; 15) формуласы енгізілген. Шарттың орындалмауына байланысты нәтижесі 15 тең болады.
ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ функциялары күрделі шарттарды құруға арналған;
ЖӘНЕ (И) (логикалық_1 ұғым; логикалық_2 ұғым;....) – егер аргументтердің барлығы АҚИҚАТ мән қабылдаса, онда мән АҚИҚАТ (“ИСТИНА”),кері жағдайда ЖАЛҒАН (“ЛОЖЬ”) болады;
НЕМЕСЕ (ИЛИ) (логикалық_1 ұғым; логикалық_2 ұғым;...) – егер аргументтердің жоқ дегенде біреуі АҚИҚАТ мән қабылдаса, онда мән АҚИҚАТ (“ИСТИНА”), кері жағдайда ЖАЛҒАН (“ЛОЖЬ”) болады;
Мысалы: =ЕСЛИ (И(A1>=20000;A1<40000);15;18) – егер A1 20000 мен 40000 аралығында мән қабылдаса онда мәні 15 тең, кері жағдайда 18 тең.
Кірістірілген ЕГЕР функциясының көмегімен күрделі шарттарды құруға болады. Мысалы:
=ЕСЛИ (A1<20000; 12; ЕСЛИ (A1<40000; 15; 18)) – егер А1 20000 кіші болса, есептелген мән 12 тең, егер А1 40000 кіші болса, онда мәні 15 тең, кері жағдайда 18 тең болады
Егер ұяшықтағы формуланы программа дұрыс анықтай алмаса, ұяшықта төмендегі қателіктердің бірі бейнеленеді:
Қате бейнесі | Себебі |
# Дел/0! | 0 бөлу берілген |
# Знач! | Дұрыс емес аргумент немесе дұрыс емес оператор енгізілген |
# Имя? | Мүмкін емес мән көрсетілген |
# Н/Д | Мән берілмеген |
# Пусто! | Қиылыспайтын ұяшықтар аймағы көрсетілген |
#Ссылка! | Дұрыс емес сілтеме берілген |
# Число! | Мәнді алу барысындағы қателік |