Діс тәсілдер: Ойын,сөздік, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Йымдастырылған оқу іс- әрекеті: Сауат ашу
Тақырыбы: «Әріптер әлемі» (қайталау оқу іс- әрекеті)
Мақсаты:
Білімділік: Өтілген дыбыстар туралы білімдерін бекіту, дыбыстық талдау жасай білуді үйрету. Әріптертуралы білімдерін бекіту,өз ойларын,тілектерін айта білу іскерліктерін бекіту.
Дамытушылық: Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың қиялын дамыту, буын құрау, сөз құрастыру, жұмбақ, ребус шешу арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Өзара достыққарым-қатынасқа, бірлікке, татулыққа, ұжымдық қарым- қатынасқа оқуға, білімге деген құштарлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд,таратпа материалдар,үнтаспа, безендірілген үлкен қорап.
діс тәсілдер: Ойын,сөздік, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Белингвистік компонент:
Сөздік жұмыс:
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбииешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивация лық- қозғаушы | – Балалар, мен сендерді – қыздар мен ұлдарды көргеніме өте қуаныштымын. Сендерді шын көңілмен шаттық шеңберіне шақырамын. Барлығымыз, қыздар мен ұлдар араласып тұрайық та, бір-бірімізбен амандасайық: Жарқырап күнде ашылды, Айналаға гүл шашылды Қайырлы күн! Біз нәзік қыздармыз! Қайырлы күн! Біз ержүрек ұлдармыз! Жарайсыңдар! алдымыздағы Балалар,енді менің қолымдағы әдемі күнге қараңдаршы,ол бізге әдемі күлкісін сыйлап тұр.Қане,біз де бір бірімізге әдемі күлкімізді сыйлайықшы. Жарайсыңдар,балалар! Күн біздің бойымызды жылытты. Біздің жылы күлкіміз әрқайсымызды қуанышқа бөледі. | Балалар алдарындағы суретті алып,бір біріне жылы сөздерін айтып,суретті ұсынады. |
Ұйымдастырушы- ізденуші | -Балалар,бүгінгі оқу іс әрекетіміз ерекше болмақ. Қараңдаршы,бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Бүгін біз жыл бойы сауат ашу оқу іс-әрекетінен өткендерімізді қайталап еске түсіреміз. Миға шабуыл әдісі арқылы жыл мезгілдерін,апта күндерін сұрау. -Бір жылда қанша мезгіл бар? Ата. -Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінің ерекшеліктерін ата. -Көктем мезгілінде қанша ай бар? Ата. -Бір аптада қанша күн бар?Ата. -Бүгін аптаның қай күні? -Жарайсыңдар,балалар! (Үнтаспадан әуен естіледі) -Балалар,біз не естідік? -Демек,дыбыс естідік солай ма? -Олай болса,сендерге алғашқы тапсырмам,дыбыс пен әріптің айырмашылығы не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Дауысты дыбыс дегеніміз не? -Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? -Жарайсыңдар,балалар! Өте жақсы. (Осы кезде үлкен қораптан қолында әсем түрлі-түсті шарлары бар Буратино шығады) Буратино:-Сәлеметсіңдер ме,балалар! -Мен сендерге сонау «Білім елінен» келдім. Сендер әріптерді танып,оқи аласыңдар ма? -Қане,олай болса,байқап көрейік. Менің мына түрлі-түсті шарларым сиқырлы.Мұның әрқайсысында сендерге арналған тапсырмалар бар.Және де сендерге «Білім елінен» «Әліппе» кітабымды сыйға әкелдім. Тәрбиеші:-Ой,қандай керемет!Рахмет,сізге Буратино! -Балалар,Буратиноның тапсырмасын орындауға дайынбыз ба? -Олай болса,Буратино сіз бізбен бірге отырып,балалардың сауат ашу оқу іс-әрекетін қаншалықты меңгергенін байқап көріңіз. Балалардың назарын әліппе кітабына аудару. -Балалар,сауат ашу оқу іс-әрекетінен не үйрендік? -Дұрыс айтасыңдар,осы өткен әріптеріміздің, буындарымыздың барлығы мына сиқырлы «Әліппе» кітабының ішінде. (Үнтаспадан әуен ойнайды:! «Сәлеметсіңдер ме,балалар!Бүгін біз сендермен әліппиді оқуды бастаймыз. Бұл кітап жай кітап емес,сиқырлы кітап. Бір,екі,үш» осы сөздер айтылады,әліппе кітапты ашу). -Балалар,мұнда нелер берілген? -Қазақ альфавитінде қанша әріп бар? -Жарайсыңдар! Енді әріптерді қайталап,еске түсіріп алайық. -Мен сендерге әріпті көрсетемін,ал сендерге әріпті атап,дауысты немесе дауыссыз екенін және сөзде орналасуын, жуан немесе жіңішке екенін айтасыңдар,жарайма? -Жарайсыңдар,балалар! Буратино:-Қандай ақылды балалар!Енді менің мына сиқырлы шарымдағы тапсырманы да орындап көріңдер. (шарды тәрбиешіге береді) -Олай болса,алғашқы шардың тапсырмасын орындайық. (шарды жарып,тапсырманы оқу) Бірінші шардың тапсырмасы: Дыбыс пен әріптің айырмашылығын айт. -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Дауысты дыбыс дегеніміз не? -Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? -Жарайсыңдар,балалар! Енді екінші шардың тапсырмасын көрейік. Шардың түсі қандай? -Я,қызыл түсті шардың тапсырмасын көрейік. «Буынға буын қос» деп аталады.Бұл тапсырманы орындау үшін бізге «Сиқырлы әліппе» көмектеседі. Тақтаға бір баланы шығарып оқыту. Ал орнымызда отырған балалар буынға буын қосып сөз құрастырамыз. -Жарайсыңдар,балалар! -Мына шарда қандай сан жазылған? Шардың түсі қандай? Шарды жарып,ішіндегі тапсырманы оқып көрейік. Сөздерді буынға бөлу,сөздерге дыбыстық талдау жасау. -Балалар бұнда сөздерге дыбыстық талдау жасауға тапсырмалар беріліпті. Тақтаға бір баланы шығарып орындату. Отырған балалар да сөздерге дыбыстық талдау жасайды. -Жарайсыңдар,балалар! -Үшінші шардың тапсырмасын ашамыз. «Сиқырлы сандар» (слайд) деген тапсырма беріліпті. -Барлығымыз экранға назар аударайықшы. Бізде жоғарғы жолақтарда сандар,ал төменгі жолақтарда әріптер берілген. Осы ұяшықтардағы сандарда ретімен санау арқылы жасырылған сөздерді тауып,тақтаға жазамыз. Ал,қалған балалар осы тапсырманы орнымызда отырып орындаймыз. -Өте жақсы,балалар! Бізде қанша шар қалды? -Дұрыс айтасыңдар,үш шар қалды. Енді төртінші шардың тапсырмасын орындайық. Сергіту сәті. -Тамаша! Сендер өте жақсы билейді екенсіңдер. Тапсырманы орындауды жалғастырамыз ба? -Нешінші шардың тапсырмасына келдік? -Дұрыс айтасыңдар,бесінші шарды жарып,ішінен қандай тапсырма шығатынын көрейік.Бұл шарда-ребус беріліпті. -Балалар экранға назар аударайық. Балалар ребусты шешеді. -Өте жақсы,балалар! . -Соңғы шардың тапсырмасы қалды я. Бұл -сөзжұмбақ. Балалар,сөзжұмбақ шешу білеміз бе? -Бізге берілген тапсырма «сөзжұмбақ» шешу. К Ө К К Ө З К Ү З Т О Р Ғ А Й Е К І М Ұ Р Ы Н -Жарайсыңдар! Буратино: Рахмет,балалар! Сендер өте ақылды екенсіңдер. Мен сендерге риза болдым. Т: -Балалар,Буратино бізге сыйлыққа «Әліппе» оқулығын берді. Бізде Буратиноға сыйлық жасап береміз бе? Б: Рас айтасыз ба? Қандай жақсы болар еді. Т: -Әрине,Буратино!Біздің балалар,өте өнерлі. Балалар,Буратиноға өзіміздің көңіл-күйімізді алғысымызды білдіре отырып,әріптің суретін салып берейік. (Балалар «б» әріпіне көңіл-күй енгізе отырыпсуретін салып береді) Балалардың жұмыс уақыты(баяу әуен қосылады). Балалардың жұмысын жинақтап,мұқабаға біріктіріп, Буратиноға сыйлау. Б: -Ой қандай керемет! Рахмет сендерге балалар! | Балалар орындыққа жайғасып отырады. Саламатсыз ба?! -Я. Сәлеметсіз бе! Жоқ,біз «Шаттық» тобының бүлдіршіндеріміз. Сау болыңыз! Сәлеметсіз бе, Буратино! |
Рефлексивті коррекциялау шы | Т: Балалар Буратиноменмен бірге ойын ойнаймыз ба? Ойын: «Менде әріппін» деп аталады. Ойын шарты: Балалар сендер екі топқа бөлінесіңдер. Бірі Буратиноның тобы,екіншісі менің тобым. Мен сендерге әріпті тағамын,яғни сендер бір бір әріп боласыңдар. Мен сөз айтамын сендер сол сөзді жазуларың керек,жарай ма? -Дайынбыз ба? Онда бастаймыз. -Жарайсыңдар,балалар! Сендер өте тамаша әріп болады екенсіңдер! Б: Расында,мен сендерді шыныменен әріп деп ойладым. Менің көңілімді көтердіңдер, рахмет балалар! Енді менің кететін уақытым болды. Сау болыңдар,балалар! -Балалар, оқу іс-әрекетіміз ұнады ма? -Кімнің тапсырмаларын орындадық? -Өте жақсы,рахмет сендерге балалар! Мадақтау. |
Күтілетін нәтиже: