Балалар стоматологиясы пәні және міндеттері. Балалар стоматологиясындағы ауыру мәселелері. Балалар стоматологиясындағы жансыздандыру принциптері
Дәрістердің тақырыптық жоспары
№ | Тақырыптардың атауы |
Балалар стоматологиясы, міндеттері. Балалар стоматологиясындағы ауыру мәселелері. Балалар стоматологиясындағы анестезиология принциптері. | |
Балалар стоматологиялық практикасында тістің қатты тіндерінің зақымдануы. | |
Балалардағы тісжегі. Тісжегінің пайда болуына әсер ететін факторлар. Балалар тісжегісінің Т.В. Виноградова әдісі бойынша жіктелуі. | |
Балаларда пульпиттің клиникалық ағымы, диагностикасы және емдеу ерекшеліктері. | |
Балаларда периодонтиттің клиникалық ағымы, диагностикасы және емдеу ерекшеліктері. Балаларда пульпит пен периодонтит кезінде эндотониялық өндеудің ерекшеліктері. | |
Балалардың жақ-бет аймақтарының қабыну аурулары. | |
Ортодонтия пәні, міндеттері. Жас кезеңдеріне байланысты баланың жақ-бет аймағы құрылысының ерекшеліктері. Стоматологиялық және соматикалық аурулардың өзара байланысы. | |
Ортодонтия бөлімінің жұмысын ұйымдастыру. Ортодонтия бөлімінің жабдықтары мен құрал-саймандары. Ортодонт-дәрігердің жұмысын ұйымдастыру. | |
Балаларда эмбрион кезеңі бұзылыстарына байланысты тістердің, тіс қатарының және жақтың аномалиялары және эмбрионнан кейіңгі кезеңге байланысты тіс-жақ аномалиялары. | |
Балалардың тіс-жақ аномалияларының жіктелуі. Балалардың тіс-жақ аномалияларының негізгі және арнайы диагностика әдістері. | |
Ортодонтиялық емдеудің негізгі принциптері. Балалардың тіс-жақ аномалиялары емдеуінің аппараттық әдістері. | |
Дисталды және мезиалды тістүйістің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принципі. | |
Терең, ашық тістүйістің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принципі. | |
Айқасқан тістүйістің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принципі. | |
Тістер орналасуының аномалиялары. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принципі. | |
Жалпы сағаты: 30 |
Кафедра отырысында бекітілген, № __ хаттама «____»___________ 201_ ж.
Төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілген
________
________
________
________
Балалар және хирургиялық стоматология
кафедрасының меңгерушісі, доцент: Абралина Ш.Ш.
ДӘРІСТІК КЕШЕН:
Тақырып № 1
Балалар стоматологиясы пәні және міндеттері. Балалар стоматологиясындағы ауыру мәселелері. Балалар стоматологиясындағы жансыздандыру принциптері
2. Мақсаты:Студенттерге балалар стоматологиясы пәні мен міндеттері жайында, теориялық білімін қалыптастыру, Балалар стоматологиясында студенттерде ауырсыну мәселесі мен жансыздандыру принциптері
3. Дәрістің тезисі –
Балажасындағы стоматология- клиникалық медицинаның белсенді дамып келе жатқан бөлімі, құрамына балалардың терапевтік стоматологиясын, жақ бет аймағы хирургиясының барлық түрі, онкологияны, жансыздандыру және жан сақтау, бет сүйектерінің реконструктивті хирургиясы, нәрестелер мен ему жасындағы балалардың күрделі хирургиясын, ортодонтия мен балаларды протездеу. Тістерді дамып келе жатқан, бет-жақ сүйектеріндегі, ауыздың жұмсақ тіндеріндегі және балалрдың сілекей бездерінің патологиялық үрдістер, үлкендерге қарағанда басқаша жүреді. Ең кең таралған ауру-тістердің тісжегісі; аздаған орынды даму жетіспеушілігі мен тіс-жақ жүйесінің деформациясы алады. Ауыздың шырышты қабаты жиі зақымдалады. Балалардың хирург-стоматологтары жиі ұшыралады мойын және жақ-бет аймағының қабыну ауруларымен, тістердің сынулары, сүйек және жақ сүйегінің сынулары, туа біткен даму ақаулары, ісіктер, самай-жақ буынының ауруларымен.
Бала организмінің негізгі психофизиологиялық ерекшеліктері:
1. Емдеу қажеттігін жеткіліксіз сезіну мотивациясы;
2. бас миының жетілмеген қабаты стволдық ауырсынуға эмоцилоналды-аффективті субкортикалды және ауырсынудың соматосенсорлық орталығына тежегіш әсер етеді.
3. Ауырсыну сезіміне адекватты емес қозғалыс активтілігі, қозу үрдісіне жылдам, кең иррадиация, активті қозғалыс компонетімен;
4. Балаларға қорғаныш сезімі тән, ол бұрын тісін емдеген кездегі ауырсынудан, басқалардың ауырсынғандарын көргенде, дәрігердің балаға қарым-қатынасы, аспапты көргенде, балалар мен үлкендердің айтулары бойынша т.б.
5. Балалрдың ерік компонетінің әлсіздігі, олар эмоцияларын жасыра алмайды;
6. Эмоционалдық лабилілік және баланың табиғи қорқақтығы, өзіне тән ауырсыну сезімінің жоғары бағалануы:
7. Балаға тән, өзімшілдік.
Баланың қорқынышын азайту және стоматоолгиялық кірісулерден ауырсыну сезімін азайту шаралары:
- физиологиялық алдарқату;
- психотерапия немесе сендіру әдісі
- фармакологиялық әсер ету әдісі немесе седативті заттарды қолдану
- жалпы әсер ететін аналгетиктер
- жергілікті жансыздандыру
- потенциалды жергілікті жансыздандыру (жергілікті жансыздандыру + седативтік дайындық)
- нейролептаналгезия
- наркоз.
Жергілікті жансыздандыру әдістерінің жіктелуі (А.А. Вишневский бойынша, 1974)
Жергілікті
Аппликациялық Инфильтрациялық Регионарлы
Терминалды
Беткей Өткізгіштігі
Аппликациялық жансыздандыруға көрсеткіш:
- түбірі сорылған қозғалмалы сүт тістерді жұлу
- инъекция алдында шырышты қабатты жансыздандыру
- шырышты қабат астындағы абсцессті ашу
- Ойықтар, жаралардың пайда болуымен жүретін ауыз қуысы шырышты қабатының аурулары.