Пәннің сағаттарын бөлу

6. Жалпы сағат саны – 90 (2 кредит), оның ішінде: дәрістер – 5,тәжірибелік сабақтар– 25, оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы, ары қарай - ОЖСӨЖ ) – 14, студенттің өзіндік жұмысы (ары қарай - СӨЖ) – 46.

Пәннің мазмұны

7.Пән келесі кредиттерден тұрады :

1) № 1 кредит: Тірі адамдардың жедел улануларын экспресс диагностикалау зертханаларындағы қауіпсіздік техникасының жалпы ережелері.Потенциалды улы қосылыстардың номенклатурасы мен олардың классификациясы.Негізгі түсініктер мен терминдер.Токсикалық доза түрлері және концентрация.Ксенобиотик құрылымының және оның токсикалығының корреляциясы. Топологиялық индекстер.Уытты заттардың ағзаға түсу жолдары және олардың абсорбциясы.Уланулар,улану түрлері мен классификациясы.Детоксикация әдістері:ағзаның табиғи детекосикациялануын стимулдау,жасанды және антидоттық детоксикация.Антидоттар және олардың детоксиканттық әсер механизмі бойынша классификациясы.Уланулар кезінде антидотты қолдану.

Токсикологияның негізгі бөлімдері:токсикодинамика және токсикокинетика.Әр бөлімнің міндеті мен әдістері.Токсикокинетикалық үрдістердің тапсырмаларын шешуде химико-токсикологиялық талдаудың рөлі. Токсикометрия. Орташа өлім дозалары:LDmin, LD50, LD0-10, LD90-100, және т.б. және оларды анықтау әдістері. Тірі ағзадағы ксенобиотиктердің биотрансформациясы. Уланудың диагностикасын дұрыс қою үшін ксенобиотиктердің түсу жолдары,таралуы және биотрансформациясының маңызы.

2) № 2 кредит: ҚР тұрғындарына арнайыландырылған көмекті көрсету ұйымдастырудың құрылымы.Адамдардың жедел улануының зертханалық диагностикасының міндеттері.

Химико-токсикологиялық талдау (ХТТ).Тиісті зертханалық тәжірибе– GLP.GLP негізгі ережелері және оны химико-токсикологиялық талдауға ендіру.Тірі адамдардың биологиялық сұйықтықтарын ХТТ ерекшеліктері. Жедел улану кезінде биологиялық сұйықтықтардың ХТТ әдістеріне қойылатын талаптар. Талдауға берілген биологиялық сұйықтықтар мен өзге объектілерге ХТТ жүргізуге негіздеме.ХТТ бағытын таңдаудағы дәрігердің рөлі.Алкоголь және оның суррогаттары.Зерттеу тәсілдері:химиялық және хроматографиялық.Орындау шарттары. Фенотиазин туындылары прсихотопты заттары (аминазин,дипразин,тиоридазин және т.б.) және олардың токсикологиялық маңызы.Фенотиозин туындылары препараттарына ХТТ әдістері. Фенотиозин туындылары препараттарын идентификациялау қиындықтары.

1,4 – бензодиазепин туындылары психотропты заттары (хлордиазепоксид, диазепам, нозепам және т.б.) және олардың токсикологиялық маңызы. 1,4 – бензодиазепин туындыларына ХТТ әдістері. 1,4 – бензодиазепин туындылары препараттарына биосұйықтықтардан ХТТ жүргізудің ерекшеліктері.

Барбитур қатарының ұйықтататын әсерлі препараттары (барбитал, фенобарбитал, гексенал ижәне т.б.) және олардың токсикологиялық маңызы. Барбитураттық нашақорлық.Барбитур қышқылының туындылары препараттарына ХТТ әдістері.

Тірі адамдардың жедел улануының өзге көздері:опиаттар,канабиодтар,амфетаминдер және «дәріханалық нашақорлық».

ХТТ әдістерінің заманауи жағдайы және жедел уланулар кезінде иммуно-химиялық, иммуно-ферменттік және экспресс талдаудың инструменталды әдістерін қолданудың артықшылықтары.

Дәрістердің тақырыптық жоспары

Наши рекомендации