Тәжірибені жүргізу реті және алынған нәтижелерді өңдеу
Бұл жұмыста май фракцияларының кинематикалық тұтқырлығы №7, сыну көрсеткіші №3, тығыздығы №1 және 2 лабораториялық жұмыстарда келтірілген әдістемелік нұсқауларға сай жүргізіліп анықталады.
Мұнай өнімдерінің молекулалық массасы орташа мәнге ие, қоспа компоненттерінің құрамы мен мөлшерлік қатынасына байланысты.
Сұйық көмірсутектердің бірінші өкілі – пентан, оның молекулалывқ массасы 72 тең. Шайырлы заттарда ол 1500-2000 жетеді. Мұнай фракцияларының қайнау аралығы артқын сайын олар баяу 90-нан (50-100°С фракциялар үшін) 480 дейін (550-600°С фракциялар үшін) жетеді. Ықшамды есептеулерде Войнов формуласын пайдалануға болады:
Мор = 60 + 0,3∙tор + 0,001
мұндағы tор – стандартты айдау мәндері бойынша анықталатын орташа қайнау температурасы.
Дегенмен, бұл формула негізінен алкандарға бай фракцияларға ғана тән.
tор басқа тығыздық пен сыну көрсеткіштері мәнін біле отырып келесі теңдеумен Мор дәл есептеуге болады:
Мор = 1,9778 +0,00192∙tор +
Практикалық технологиялық есептеулерде Мор қайнау температурасы, тығыздық, сипаттаушы факторға әртүрлі тәуелділік графиктерін қолданады.
Жеке мұнай фракцияларының молекулалық массалары аддитивтілік қасиеттеріне ие. Сондықтан да мұнай өнімдерінің қоспаларына қоспадағы жеке компоненттердің молекулалық массасын және олардың мөлшерін біле отырып орташа молекулалық массасын есептеуге болады.
Майлардың құрылымдық-топтық құрамы тұтқырлық индексі және тұтқырлық-салмақтық константа мәндері және үшбұрышты номограмма бойынша анықталады.
Тұтқырлық индексі келесі формуламен анықталады:
ТИ =
мұндағы L – стандартты майдың кинематикалық тұтқырлығы, 50°С-
тағы тұтқырлық индексі 0-ге тең, мм2/с;
H - стандартты майдың кинематикалық тұтқырлығы, 50°С-
тағы тұтқырлық индексі 100-ге тең, мм2/с;
U - 50°С-та зерттелетін майдың кинематикалық тұтқырлығы,
мм2/с;
L, L – H мәндерін 6 кесте бойынша табамыз, 100°С-ғы зерттелетін майдың кинематикалық тұтқырлығы, мм2/с.
мәнін 7 кесте бойынша табамыз.
6 кесте – Дина және Дэвис тұтқырлық индексі
98,9°С-ғы тұтқырлық | 37,8°С-ғы тұтқырлық | L-H=D тұтқыр-лық айырмасы | 98,9°С-ғы тұтқырлық | 37,8°С-ғы тұтқырлық | L-H=D тұтқыр-лық айырмасы | 98,9°С-ғы тұтқырлық | 37,8°С-ғы тұтқырлық | L-H=D тұтқыр-лық айырмасы | |||
Н серия-сы | L серия-сы | Н серия-сы | L серия-сы | Н серия-сы | L серия-сы | ||||||
Мысалы, Сейболт бойынша 37,8°С-тағы тұтқырлығы 467 сек-қа тең, ал 98,9°С-тағысы 54 сек-қа тең майлардың тұтқырлық индексін табыңыз.
7 кесте бойынша 98,9°С-тағысы 54 сек-қа тең зерттелетін майдың тұтқырлығы L=561 және D=239 тең екендігін табамыз. Осы мәндерді формулаға қойып аламыз
ТИ = =
Май фракцияларының топтық құрамын рефракция интерцепті және тұтқырлық-салмақтық константа мәндеріне қарап табады, содан соң үшбұрышты номограмма бойынша %Ca, %CN, %CP , яғни ароматты, нафтенді және парафинді көмірсутектердің мөлшерін анықтайды.
Рефракция интерцепті мына формуламен анықталады:
IR =
мұндағы , - майдың рефракция коэффициенті және тығыздығы.
Тұтқырлық-салмақтық константа мына формуламен анықталады:
ТСК =
мұндағы - 15°С-ғы майдың тығыздығы;
a, b – 3 кестеден алынған коэффициенттер.
7 кесте – Тұтқырлық индексін анықтауға арналған мәндер