Техникалық талаптар.

2.1. Сүт ветеринарды заң жиынтығының талаптарымен сәйкес жұқпалы аурулардан сақ ауыл шаруашылығындағы сау малдардан алынуға және сапасы жөнінен осы стандарттың талаптарына сәйкес болуы тиіс.

2.2. Сүт сауылғаннан кейін сүзілуі /тазалануы/ және салқындатылуы тиіс.

2.3. Сүт өнеркәсібі кәсіпорынның келісуі бойынша сауылғаннан кейін салқындатпай бір сағаттың ішінде өткізуге рұқсат етіледі.

2.4. Органолептикалық көрсеткіштері бойынша түйе сүті кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

15- кесте

  Көрсеткіштің аталуы Сорттарға норма және сипаттама
Бірінші Екінші
Дәмі және иісі Таза, жаңа сауылған сүтке тән, бөгде дәмсіз және иіссіз біркелкі, тұнбасыз және үлпексіз. Ақтан сәл сарылауға дейін.
Консистенциясы түсі

2.5. Физика – химиялық көрсеткіштері бойынша түйе сүті кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

16- кесте

Көрсеткіштің аталуы Сорттарға норма және сипаттама
Бірінші Екінші
Майдың салмақтың үлесі, 0/0, кем емес 4,0 4,0
Қышқылдығы, 0Т, көп емес
Тығыздығы кг/м3, кем емес
Эталон бойынша тазалық дәрежесі, топтан төмен емес
Қабылдау кезіндегі температура, С, көп емес

2.6. Қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша түйе сүті кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

17- кесте

Көрсеткіштің аталуы Сорттарға норма және сипаттама
Бірінші Екінші
Редуктазды сынап бойынша бактериялық ұрықтану, сынып, төмен емес
Улы элементтер, мг/кг, көп емес: Қорғасын Кадмии Мышьяк Сынап Мыс Мырыш Никотоксиндер, мг/кг көп емес: В1 эфлатоксині М1 афлатоксині Антибиотиктер, дана/г, көп емес: Тертациклин тобының антибиотиктері Пеницилин Стрептоцин Радионуклидтер, Ки/кг, көп емес: Цезии стронции     0,1 0,03 0,055 0,005 1,0 5,0 -   рұқсат етілмейді 0,0005   0,01 0,01 0,5     1*10-10 1*10-10     0,1 0,03 0,055 0,005 1,0 5,0 -   рұқсат етілмейді 0,0005   0,01 0,01 0,5     1*10-10 1*10-10

2.7. Сүтте пестицидтердің мөлшері, медико – биологиялық талаптармен және азық түлік шикізаты мен тағамдық өнімнің сапасының санитарлық нормалары белгіленген деңгейден аспауы тиіс.

2.8. Сүт қышқылдығы, тығыздығы, майдың салмақтық үлесінің көрсеткіштері бойынша талаптарын қанағаттандырмайтын, бірақ жаңа сауылған және майлы болғанда, бақылау сынақ негізінде қабылданады.

Бақылау үлгісін алуды және сүттің сапасының көрсеткіштерін анықтауды жабдықтаушы – шаруашылық пен дайындаушы ұйымдардың өкілдері бірлесіп жүргізуге тиіс. Сынақты талдаудың нәтижелері актімен рәсімделуі тиіс, оның қолдану мерзімі бақылау сынақты алу уақытынан бастап бір айға дейін белгіленеді. Бақылау сынақтың актінің негізінде қабылданған сүттің сортын анықтау, тазалық дәрежесінің және бактериялық ұрықтандырудың көрсеткіштері бойынша жүргізілуі керек.

2.9. Қабылдауға жарамайтын сүт:

Сауылу мерзімінің алғашқы 15 күнінде /уыз/ және соңғы 15 күнінде алынған түйенің сүті:

- бейтараптандыратын және басыртқылайтын заттары /антибиотиктер, дезинфекциялайтын және сүрлемелейтін заттар/ қосылған;

- химикаттардың және мұнай өнімдерінің иісімен;

- өсімдік және жануарларды қорғайтын химиялық жабдықтардың қалдықтарымен;

- шіріген күйік, ашты, борсыған, көнерген, металл дәмімен және өткір жем татымымен және иісімен /пияз, сарымсақ, жусан/;

- ауру немесе ауруға күдікті түйелерден алынған.

3. Қабылдау ережелері

3.1. Партиясын және МЕСМСТ 13923 бойынша іріктеудің көлемін

анықтау.

3.2. Сүттің өткізу – қабылдауын әрбір жабдықтаушы бойынша бөлек партиямен жүргізеді.

3.3. Сүттің бактериялық ұрықтануын және басыртқылайтын заттарын анықтау, декадасына бір реттен сирек емес.

4. Бақылау әдістері.

4.1. Сынаманы алу және оны талдауға дайындау МЕМСТ 13923 бойынша жүзеге асырады.

4.2. Түсін, дәмін, иісін, консистенциясын анықтауды органолептикалық бақылаумен жүргізеді.

4.3. Сүтте өсімдікті қорғайтын химиялық жабдықтардың қалдық мөлшерін анықтауды, аккредиттелген лабораторияда санитарлық бақылау органдарының талаптары бойынша зерттелетін әдістеме бойынша жүргізеді.

4.4. Улы элементтердің мөлшерін бақылау МЕМСТ 26927, МЕМСТ 26930 – МЕМСТ 26934 бойынша, антибиотиктердің, микротоксиндердің, пестицидтердің және радионуклидтердің мөлшерін бақылау ден саулық сақтау органымен бекітілген әдістеме бойынша жүзеге асырылады.

5. Тасымалдау және сақтау.

5.1. Түйе сүті сүт өнеркәсібі кәсіпорындарына жібергенге дейін, температурасы 100С жоғары емес, арнайы бөлімде 20 сағаттан көп емес сақталуы тиіс.

5.2. Сүтті, берілген көліктің түріне, тез бұзылатын жүктерді тасымалдау ережелерімен сәйкес, МЕМСТ 3218 бойынша сүтке арналған автоцистерналарда немесе барлық тасымалдау көліктерімен МЕМСТ 5037 бойынша металды флягтарда тасымалдайды.

5.3. Сүтті тасымалдауға арналған ыдыс таза, таттанбаған, дезинфекцияланған және бумен өңделген болуы және тығыз жабылуы тиіс.

Цистерналардың шүмектері, жабылмалы кішкене есіктері бекітіліп флягтар пломбалауы тиіс.

5.4. Әр уақытта сауылған салқындатылмаған сүттерді араластыруға тыйым салынады. Сүтті цистернада тасымалдағанда, цистернаның әрбір бөлігі бір сапалы сүтпен толтырылуы тиіс.

6. Өңдеушінің кепілдемесі.

6.1. Тасымалдау және сақтау шарттарын орындағанда, жабдықтаушы түйе сүтінің осы стандарт талаптарына сәйкестігін кепілдейді.

Наши рекомендации