Полимерледің еру процесінің механизмін түсіндіріңіз. Ісіну дәрежесі және жылдамдық формулаларын келтіріңіз.

Полимердің еру термодинамикасы. Еру дегеніміз- термодинамикалық тұрақты гомогенді жүйе түзетін өздігінен жүретін процесс. Полимер өздігінен ерігенде мынадай процестер жүреді: еріткіш молекуласы полимерлер қаңқасына диффузияланады, еріткіш молекулалары макромолекуланың активті орталықтарында сольваттанады, соның нәтижесінде молекуладан ірі құрылым ыдырайды және молекулааралық әрекеттестік әлсірейді, шекті сольваттанған макромолекулалар ісінген полимер бетінен бөлінеді, сольваттанған макромолекула полимерден ерітіндіге диффузияланады. Ерудің міндетті шарты – компоненттер араласқанда еркін энергияның азаюы. Полимердің ерекшелігі-мұнда энтропияның рөлі жоғары болады, өйткені полимер ерітіндіні сіңіргенде макромолекула конформациясының өзгеру ықтималдығы артады. Полимер ерітіндісі термодинамикалық тұрақты және қайтымды жүйе болғандықтан, полимер ерігенде еркін энергия төмендейді, яғни:

ΔGар=(Gер - ∑Gкомп)<0

Мұнда ΔGар- Гиббс энергиясының еру кезіндегі өзгеруі; Gер-ерітіндінің Гиббс энергиясы, ∑Gкомп-ерігенге дейінгі компоненттердің Гиббс энергиясының қосындысы.

Гиббс энергиясы процестегі энтальпия мен энтропияның өзгеруімен анықталады:

ΔGар=ΔHар - TΔSар

Мұндағы: ΔHар= Hер - ∑Hкомп және ΔSар= Sер - ∑Sкомп – еру кезіндегі энтальпия мен энтропияның өзгеруі, яғни араласу энтропиясы мен энтальпиясы.

Шарт бойынша ΔGар<0, бұл өрнек бірнеше жағдайларда орындалады:

1) ΔHар<0 және ΔSар>0 еру экзотермиялық, энтропияның өсуі арқылы жүреді, мұнда әр текті молекулалардың арасындағы әрекеттестік энергиясының мәні, біртекті молекулаларға қарағанда көп. Мұндай әрекеттестік қатаң тізбекті полимерлерге тән.

2) ΔHар<0 және ΔSар<0, егер /ΔH/>/ТΔS/ шарты орындалса, еру экзотермиялық, ал энтропия кемиді, яғни полимер мен еріткіш молекулалары арасындағы энергетикалық әрекеттестік өте мықты, энтропияның төмендеуі полимер буындары мен еріткіш молекулалары арасында ассоциаттардың түзілуіне байланысты. Мұндай жағдай полюсті полимерлер полюсті еріткіштерде ерігенде байқалады. Мысалы, поливинил спирті, полиакрил қышқылы, полиакриламид суда ерігенде.

3) ΔHар=0 және ΔSар>0 еру атермиялық процесс, энтропияның өсуі арқылы жүреді. ΔH=0 болу себебі, әрекеттесу энергиясы және макромолекуланың текшелену тығыздығы полимер ерігенде өзгеріске ұшырамайды.Екі сұйық бір бірінде ерігенде араласу жылуы мен когезия (ілінісу) энергиясының арасындағы байланыс мына теңдеумен анықталады:

ΔHар/(Vφ1φ2)=[(ΔE1/V1)1/2 – (ΔE2/V2)1/2]2

Мұндағы ΔHар – толық араласу жылуы; V – жүйенің жалпы көлемі; φ1 және φ2 – компоненттердің көлемдік үлесі; ΔE1 және ΔE2 – когезия энергиясының араласу кезіндегі өзгеруі; V1 және V2 – компоненттердің көлемі.

ΔE/V –қатынасын когезия энергиясының тығыздығы дейді;

(ΔE/ΔV)1/2=δ ерігіштік параметрі деп атайды. Сонда:

ΔHар/Vφ1φ2= (δ1-δ2)2

Яғни, ерігіштік параметрлері айырымның квадраты араласу жылуының мәнін береді. Демек, араласу үшін ерігіштік параметрлерінің айырымы (δ1-δ2) және араласу жылуының мәні ең төмен болуы керек. Егер δ1-δ2=0 (яғни δ1=δ2) болса, онда ΔH=0, мұнда араласу процесі тек энтропиялық фактормен анықталады. Егер δ1 және δ2 мәндері бір бірінен өте алшақ жатса,еру процесі жүрмейді.Сұйықтар үшін дәлелденген осы теорияны полимерлер еруіне де қолдануға болады және негізгі теңдеу мынадай қарапайым күйге көшеді: ΔH=(δn- δe)2φnφe

Мұнда «n» және «е» индекстері полимер мен еріткішке қатыстары барын көрсетеді. Бұл теңдеулерден полимер еріткіштерде ериді, егер δ шамалары бір біріне жақын болса, ал δn және δe бір бірінен алшақ жатса, еру болмайды. Ерігіштік параметрінің ауқымы кеніді. Хансонның тұжырымы бойынша молекулааралық байланыстардың барлығы да ерігіштік параметрінің мәніне мына өрнекпен әсер етеді: δ=√δd2 + δh2 + δi2. δd, δh, δi– дисперстік күштердің, сутектік байланыстардың және индукциялық эффектінің үлестері.

Ісіну дәрежесі (α) полимердің ісінген кездегі массасының немесе көлемінің өсуі арқылы сипатталады:

Полимерледің еру процесінің механизмін түсіндіріңіз. Ісіну дәрежесі және жылдамдық формулаларын келтіріңіз. - student2.ru және Полимерледің еру процесінің механизмін түсіндіріңіз. Ісіну дәрежесі және жылдамдық формулаларын келтіріңіз. - student2.ru

Мұндағы m1,m0-стандартты полимер үлгісінің сіңгеннен кейінгі және бастапқы массасы;V1,V0стандартты полимер үлгісінің ісінгеннен кейінгі және бастапқы көлемі.
Ісіну жылдамдығы (dα/dt) еріткіштің полимерге диффузиялану жылдамдығына байланысты.Ісіну жылдамдығын былай өрнектейді:

Полимерледің еру процесінің механизмін түсіндіріңіз. Ісіну дәрежесі және жылдамдық формулаларын келтіріңіз. - student2.ru

Мұндағы αmax - шекті ісіну дәрежесі;ατ - белгілі бір мерзімдегі ісіну дәрежесі;k-полимердің ісіну қабілеттілігін көрсететін константа.Ол полимер мен еріткіштің табиғатына,температураға,рН қа байланысты.k-табу үшін жоғарыдағы теңдеуді интегралдап, Полимерледің еру процесінің механизмін түсіндіріңіз. Ісіну дәрежесі және жылдамдық формулаларын келтіріңіз. - student2.ru

Ондық логарифм түрге келтіреді:

Полимерледің еру процесінің механизмін түсіндіріңіз. Ісіну дәрежесі және жылдамдық формулаларын келтіріңіз. - student2.ru

Абсцисса осіне τ-дың,ордината осіне lg αmax/( αmax - ατ) мәндерін салса,координата басынан өтетін түзу сызық алынады (6.2-сурет).

Полимерледің еру процесінің механизмін түсіндіріңіз. Ісіну дәрежесі және жылдамдық формулаларын келтіріңіз. - student2.ru тәуелділігі

Түзудің түсу бұрышының тангенсінен k-ны табады(k=2,3tgα).Ісіну жылдамдығын әдетте көлем бірлігімен береді,себебі ісіну процесін үздіксіз жүргізгенде көлем өзгерісін бақылау ыңғайлырақ.Сонда ісіну кинетикаының теңдеуі былай жазылады:

Полимерледің еру процесінің механизмін түсіндіріңіз. Ісіну дәрежесі және жылдамдық формулаларын келтіріңіз. - student2.ru

Мұндағы Vmax мен Vτ,полимердің шекті және τ-уақыттағы көлем l-ісінген полимер қабатының қалыңдығы.Ісіну кинетикасының теңдеуін ісіну қисықтары түрінде келтіруге болады (6.3-сурет).Ісіну процесінің жылдамдығы басында өте үлкен болады,содан кейін біртіндеп баяулайды да,ақырында шекті ісінгенде нөлге теңеледі.Әр полимердің ісіну шегіне жету уақыты әр түрлі(1- және 2-қисықтар.)

Температура артқанда ісіну дәрежесі артады,ал шекті ісіну дәрежесі төмендейді.Қысым,температура сияқты,Ле Шателье принципі бойынша ісіну дәрежесіне симбатты әсер етеді.Ісіну дәрежесіне рНтың әсері белоктар мен целлюлоза үшін жақсы зерттелген.Изоэлектрлік нүктеде полиамфолиттердің заряды минималды болады,сонда белок иондарының гидратациялану дәрежесі де шекті төмендеп,оған сәйкес оның ісінуі де минимал болады.Изоэлектрлік нүктенің екі жағында ісіну дәрежесі белгілі бір максимал шамаға дейін артады да,қайтадан төмен түседі (6.4-сурет.)

Ерғожин,255бет.

Наши рекомендации