Гелий-неонды лазердің схемасын келтіріңіз және оның әсер ету принципін түсіндіріңіз.

Гелий-неонды лазердің жұмысшы заты ретінде инертті газ неон алынады. Гелий қоспасы неон атомдар деңгейінің инверсті қоныстануын көбейтеді.Гелий-неонды лазердің сипаттамасына кіреді: сәуле жиілігінің жоғары тұрақтылығы, конструкцияның қарапайымдылығы, жоғары сәуле бағыты, ұзақ уақыт жұмыс жасауы. Өмірде 632,8 нм (0,64 мкм) толқын ұзындығындағы гелий-неонды лазерлер қолданылады. Сондай-ақ басқа да толқын ұзындықтарындағы гелий-неонды лазерлер бар. Мысалы, толқын ұзындығы 543,3 нм және қуаты 0,4-1 мВт тең “жасыл” лазерлер, 1523,1 нм толқын ұзындығындағы инфрақызыл лазерлер. Гелий-неонды лазерлердің шығу қуаты үлкен емес (10-100 мВт), яғни төмен энергетикалық болып табылады.

Гелий-неонды лазердің схемасын келтіріңіз және оның әсер ету принципін түсіндіріңіз. - student2.ru

Газды лазердің негізгі элементтеріне кіреді (10.3-сурет): газразрядты түтікше (1), газдың қоспасы (газразрядты түтікшедегі гелий және неон газдары) (2), оптикалық резонатор (айналар - жарық пен қозған атомдардың арасында байланыс жасайды) (4, 5) , қоректендіруші блогы (түтікшеде разрядты тудырады және ұстап тұрады) (3).

47 Фотоэлектроколориметрде қандай жұмыстарды орындауға болады? КФК-2МП фотоэлектрлік концентрациялық колориметр жарық фильтрлерінің шығаратын 315-980 толқын ұзындықтарында сұйық ерітінділер мен мөлдір қатты заттардың өткізу коэффициентін және оптикалық тығыздығын өлшеуге арналған. Бірінші еріткіш немесе бақылауға алынған ерітіндіден өтетін жарық ағыны өлшенеді, ал сосын зерттеліп отырған ерітіндіден өтетін жарық ағыны өлшенеді, яғни ерітінділерді салыстыруға негізделген. Ерітіндіден өткен жарық ағынын фотоқабылдағыштар қабылдайды, ол электрлік сигналға түрленіп микро-ЭВМ-да өңделеді, қойылған талаптарға байланысты сандық таблода көрінетін сандар оптикалық тығыздықтың, концентрация белсенділігінің, өткізу коэффициентінің көрсеткіштері ретінде тіркеледі.

Колориметр колориметрлік және есептеу блоктарынан және қоректендіргіш блогынан тұрады Колориметрлік блокқа кіреді: жарықтандырғыш, оптикалық торабы, жарық фильтрлері, кювет бөлімі, кювет ұстағыш, реттегіш элементтері мен тұрақты ток күшейіткіштерінен тұратын фотометриялық құрылғы.

Фотометриялық құрылғы фотоэлементтен, фотодиодтан, жарыққа сезімталды пластинкалардан, күшейіткіштен тұрады. Фотоқабылдағыштарды ауыстырып қосу тұтқамен орындалады.

48 Биологиялық активті нүктелерге әсер ету механиздерін түсіндіретін теорияларды сипаттап беріңіз. Қазіргі медицина диагностикада, аурулардың этиологиясын, патогенезін, емдеуін зерттегенде белгілі категорияларды (морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық т.б.) қолдануды ұсынады. Осыған байланысты батыс еуропа ғалымдарының акупунктураның әсер ету механизміне жүргізген зерттеулерінің бағыты адам ағзасына тигізетін акупунктуралық әсердің жеке жақтарын зерттеуге арналған. Сол себепті акупунктураның әсер ету механизмінің бірнеше теориясы бар.

Ұлпалық терапия теориясы. Әсер етудің негізгі факторына некрогормондар мен белоктың ыдырауынан туындайтын өнімдер жатады, ол инені енгіздірген жерлерде ұлпаның зақымдалуынан пайда болады.

Капиллярлық қан ағысын қалыптастыру теориясы. Инетерапия әсерінен капиллярлық қан ағысы қалыптасады, екіншіден сол нүктемен байланысы бар мүшелерде патологияны жоюға көмектеседі.

Гистаминді реттеу теориясы. Инетерапия кезінде сол нүктеге сәйкестелген жұлын сегменттері мен вегетативті нерв жүйесінің симпатикалық бөлігі арқылы рефлексті түрде ауру мүшенің зақымдалған ұлпаларында гистидин құрамы қалыптасады да олардан гистаминнің бөлінуі реттеледі. Нәтижесінде капиллярлардағы қан ағысына әсер етіп және алмасу процесі қалпына келеді.

Электрлік теория. а) Инешаншу кезінде пайда болатын биоэлектрлік ток резонанс тудыра отырып емдік әсер етеді, яғни биотоктарда пайда болатын толқын ұзындығы мен тербеліс жиілігі - ауырған мүше ұлпаларының осы көрсеткіштерімен сәйкестеледі; б) Акупунктура нүктесіне (АН) инені енгіздіргенде сол жерде өзгерген жергілікті электр заряды ағзаның барлық жеріндегі электр зарядына әсер етеді. Иненің әсер еткен жерінде пайда болатын потенциал канал бойымен таралады, бірінші нүкте мен канал бойымен орналасқан нүктелердің қосымша тітіркендірушісі болып табылады.

Термоэлектрлік концепция. Осы теорияға авторлардың пікірі бойынша, акупунктуралық иненің термоэлектрлік бірінші әсер ету механизмін, енгіздірілген ине термозонд болып табылатынын және тұтас ағзаның жылу гомеостазына әсер ететінін көрсетті. Ине электролитті ортаға батырылатын болған соң, әртүрлі температура градиентіне байланысты ол жерде электр потенциалы туындайды, бұл потенциал нерв жүйесіне бірдей энергетикалық әсерін тигізеді. А.П. Ромоданов әріптестерімен температураның екі фазалық өзгерісін және соған сәйкес акупунктуралық инені енгіздіргенде болатын “әсер ету нүктелерінің” функционалды күйін көрсетті: бірінші фаза – қоздыру, қан ағысының күшеюінен жергілікті температураның жоғарылауынан туады, екінші фаза – тежеуші, жергілікті температураның төмендеуімен жүреді.

Биоэлектрлік және ақпаратты-энергетикалық теория. Тірі ағза қоршаған ортамен қарым-қатынас жасағанда, гомеостазды сақтай отырып, сол ортаның жағдайлары мен талаптарына әрдайым бейімделу керек. Биофизикалық көзқарас бойынша, ағза дегеніміз – энергетикалық жүйе болып табылады, сондықтанда сыртқы ортада да, ағза ішінде де, сыртқы орта мен ағза тоғысқан кезде де жүріп жатқан электрлік және электрмагниттік процестердің тіршілік ету үшін мәні зор. Макро- және микрокосмос арасында ақпаратты-энергетикалық алмасу акупунктура нүктелері (АН) арқылы жүзеге асады (Е.С. Вельховер, В.Г. Вогралик т.б.). Ю.П. Лиманский (1990) ұсынған гипотезасы бойынша, АН спецификалық жүйе болып табылады, Жердің электрмагниттік өрісінің және метеофакторлардың өзгерісі жайында сигналдарды қабылдап, миға жеткізу қабілеті бар және оны “экоцептивті сезгіштер” деп атайды. Ю.П. Лиманскийдің айтуынша, экоцептивті сезгіштер жүйесі ерекше афферентті кірушілер болып табылады, осылар арқылы ағза сыртқы орта факторларының сапалы және сандық параметрлерін қадағалайды, олардың шамалы өзгерген жағдайларында ағзаның тіршілігіне қажетті функционалды жүйелерінің әрекетін өзгертіп тұрады. Бұл ақпараттар ішкі мүшелердің висцеросенсорлық сезгіштер жүйесінен келетін ақпараттармен үйлесіп мида интеграцияланады және ағзаның функционалды жүйесіндегі кері өзгерістерін әлсірету немесе толық компенсациялау бағытында бейімделгіш механизмдерін іске қосуға пайдаланады.

49 Гиподинамия кезінде адамдарды реабилитациялау әдісін ұсыныңыз. Жұмыс орнынан алыстамай-ақ толыққынды фитнес-дайындық өткізуге болады. Осындай жағдайда ешқандай гиподинамия, уақыттың аздығы және таза ауаның жеткіліксіздігі сізге сұлу сымбатқа ие болу мен бет-келбетінің өңді болуына кедергі жасай алмайды. Барлық дайындықтар 20 минуттан көп уақытты алмайды.Бұл уақытты өз денсаулығыңыз бен әдемілігіңізді сақтау үшін пайдалану өте құнды. Қозғалыс, қозғалыс және тағы бір рет қозғалыс – міне бұл мәселенің басты шешімі. Өйткені адам организмі өз қызметін бұлшықеттері күнделікті жұмыс істеп тұрса ғана толыққанды атқара алады. Алдымен су режимін орындау керек, яғни күніне адам 2,5 литр сұйық ішу керек, ол шырын, компот, чай және т.б болуы мүмкін. Адамға тамақ рационында көбірек жеміс-жидек, өсімдік майын, бал мен лимонды пайдалану керек. Күніне 8 сағаттан артық ұйықтамай, жүзумен айналысу керек, сонымен қатар танертен салқын суға, ал кешке жылы суға түсіп тұру керек. Спортзалға келіп, осы аурудың алдын алу үшін, адам үш түрлі дайындық өткізуі керек. Олар: аэробты жаттығулар, күш түсіретін жаттығулар және созылу жаттығулары. Аэробты жаттығуларға тез жүру, жүгіру, шанғымен немесе конькимен сырғанау, теннис ойнау жатады. Күш түсіретін жаттығуларға арнайы бұлшықеттерді жаттықтыру жатады. Оның көмегімен зат алмасуды реттеуге, бұлшықеттерді қатайтуға, артық салмақтан айырылуға, бұлшықет массасын көбейтуге болады. Созылу жаттығулары бұлшықеттің созылғыш, икемді болуының негізгі шарты болып табылады. Осы жаттығулар күш түсіретін жаттығуларды бастауға мүмкіндік береді.

Наши рекомендации