Полимердің иілгіштік қасиетін түсіндіріңіз, мысалдар келтіріңіз, Кун сегменті туралы түсінікті келтіріңіз.

Макромаолекуланың өте маңызды қасиеттерінің бірі - иілгіштік.Тізбектің иілгіштігі деп жылулық қозғалыстың немесе сыртқы күштердің әсерінен буындардың негізгі тізбектің бойымен айналуын айтады. Макромолекуланың бұл қасиеті молекуланың жеке бөліктерінің бір біріне салыстырмалы ішкі айналмалы қозғалысына байланысты. Макромолекуланың негізгі тізбегінде орналасқан атомдар арсындағы байланыс жалғыз. Сондықтан полимердің әр буыны көрші буынмен салыстырғанда байланыс бойымен айналып, қозғалып отырады. Бұл қозғалыс температураға байланысты өзгереді. Полимерлер молекуласының ішкі айналмалы қлзғалысы жөніндегі ұғымды алғаш рет Кун, Марк және Гут деген ғалымдар енгізген. Олар тізбектің буындарының бір бірімен салыстырғанда ішкі айналмалы қозғалысы еркін болуы мүмкін деп жорамалдады. Көміртек атомдары бір бірімен тек қана σ-байланыспен жалғасқан полимердің бір тізбегін жеке қарастырайық. Мұндай тізбектің буындары жылулық қозғалыста болады, яғни бір буын көрші буынға салыстырмалы түрде айналмалы қозғалысқа түсуі мүмкін. Мұндай тізбектегі валенттілік бұрыштар шектелмеген және σ-байланыстың бойымен еркін айналады деп есептейік. Тізбектің мұндай түрі еркін мүшеленген тізбек деп аталады. Мұндай еркін мүшеленген тізбектің буындары кеңістікте, көрші буындардың орнына тәуелсіз өз бетімен орналасуы ықтимал. Осындай тізбек кез келген конформацияда болуы мүмкін, яғни барынша иілгіш күйде болады.
Нақты полимерлердің тізбекті молекулаларында валенттік бұрыштардың белгілі шамасы бар және буындардың ішкі айналмалы қозғалысы валенттілік бұрыштың шамасымен шектелген. Сондықтан нақты тізбектің буындары өз бетімен еркін орналаспаған,ал әрбір кейінгі буынның орны алдыңғы буынның орнына тәуелді.Тіпті валенттік байланыс бойындағы айналмалы қозғалыс мүлдем еркін деп ұйғарсақ,мұндай тізбектің конформация шамасы еркін мүшеленген тізбектен аз болады.Дегенмен мұндай тізбектің де иілуге қабілеті бар.Орны көрші кесінділерден тәуелсіз,ұзындығы А статистикалық элементі немесе тізбектің кесіндісі термодинамикалық сегмент немесе Кун сегменті деп аталады.Әр сегмент S мономерлік буындардан тұрады,яғни сегменттердің саны –N полимерлену дәрежесі –P- мен мынадай қатынаспен сипатталады:N=P/S
Валенттілік бұрыштары бұзылмай,барынша толық созылған тізбектің ұзындығы контурлық немесе тізбектің гидродинамикалық ұзындығы L деп аталады.Ол сегмент ұзындығымен А төмендегідей қатынаста болады: L=AN

Полимер тізбегінің иілгіштігі термодинамикалық және кинетикалық болып 2-ге бөлінеді.

Термодинамикалық деп тізбектің жылу қозғалысынан иілу қабілеттілігін айтады. ОЛ тепе-теңдік қалыптағы екі конформацияның энергия айырмашылығы мен (⍙U), ал еркін айналатын тізбектер үшін термодинамикалық иілгіштік пен макромолекуланың мөлшері арасындағы қатынас теңдеуімен анықталады.

Иілгіштік көбінесе Кун сегментінің (А) шамасымен бағаланады. Барынша иілгіш тізбектердің Кун сегм енті буынның ұзындығына тең болады. (А) шамасы артқан сайын тізбектің қатаңдығы өседі.

Иілгіштікті Флорий еңгізген иілгіштік параметрі f – де бағалайды. Ол макромолекуладағы иілгіш байлансытардың үлесін көрсететін шама. Егер f >0.63 болса, тізбек иілгіш, ал f<0,63 болса, қатаң болып саналады. Иілгіштікке әсер ететін факторлар: буындардың химиялық құрамы, макромолекуланың конформациясы, орынбасарлардың табиғаты мен өлшемі.

Кинетикалық иілгіш - тізбектің бір энергетикалық жағдайдан екінші энергетикалық жағдайға көшу жылдамдығын көрсетеді. Кинетикалық иілгіштің потенциалдық барьердің шамасына, температураға, молекулалық масса мен полимердің торлану дәрежесіне байланысты.

Молекулалық масса артса, иілгіштік жоғары болады. Иілгіштік қасиеті полимердің табиғатымен тікелей байланысты. Синтетикалық полимерлер – иілгіш полимерлер, табиғи полимерлер – қатаң болып келеді. Ең иілгіш полимерлерге полиэтилен мен полипропилен жатады. Егер құрамында қос байланыс болса, синтетикалық полимерлер болады және олардың иілгіштігі жоғары болады. Олардың қатарына полиизопрен, полибутадиен, полихлорпренді жатқызуымызға болады.

Наши рекомендации