Молекулалық спектроскопия
Абсорбциялық спектроскопия - спектроскопияның көрінетін (380-780 нм), инфрақызыл (780 – 15*103 мкм) және ультракүлгін (15*103 - 7,5*104) сәулеленулерінің жұтылу спектрін қарастыратын бөлімі.[1] Абсорбциялық спектроскопия әдістері кез келген агрегаттық күйде болатын заттардың электромагниттік сәуле шығаруын сіңіруге негізделген. Атом мен молекулалар электромагниттік сәуле шығаруын сіңіру процесінде энергетикалық козған күйіне ауысады. Сіңірілген сәуле зат атомы мен молекулаларының айналмалы, тербелмелі, ілгерілемелі энергияларын арттыруға жұмсалады. Кейбір жағдайда мұндай энергия фотохимиялық құбылыстарға да пайдаланылады.Сәуле шығаратын объектілердің түріне карай: абсорбциялық спектроскопияны атомдық және молекулалық деп екіге бөледі. Атомдық абсорбциялық спектроскопияда талдау жасалмай тұрып-ақ зат құрамына енетін, аз мөлшерде болса да, атомға не иондарға дейін ыдырай алатын элементтер анықталады. Молекулалық абсорбциялық спектроскопияның артықшылығы спектрді алу кезінде заттың өзгеріссіз қалатындығымен түсіндіріледі. Әсіре күлгін (ультра - әсіре), көрінетін және инфрақызыл спектр аймақтарында зерттелетін зат молекулаларының немесе иондардың сәуле шығаруын сіңіруге негізделген молекулалық абсорбциялық талдау кезінде заттың тек элементтік құрамы жөнінде емес, молекулаларының құрылысы жөнінде де мәлімет алуға болады. Мысалы, осы әдіспен алюминий хлоридінің бетіндегі будың AlCl3 және Аl2Сl6 молекулаларынан тұратыны, сұйық және қатты күйдегі алюминий хлоридінің қосарласқан димер молекула түрінде болатыны; алюминий үш хлоридінің эфирлі ерітіндісінде AlCl4 және AlCl3 иондарының кездесетіні; жұптасқан аллюминий хлоридінің молекуласында соңғы Al-Cl және Al-Cl-Al байланысының барлығы анықталған.
Меншікті және молярлық электрлік өткізу
Меншікті электр өткізгіштігі (См/ м) – ол әрқайсысының ауданы 1м², ал арақашықтығы 1м тең 1м³ ерітіндінің өткізгіштігі: η = α С F( Z + U + +Z – U – ) , (11.1 бұл жерде α - электролиттік диссоцияциялану дәрежесі; С –электролит концентрациясы; F – Фарадей тұрақтысы ; U+,U- , Z+,Z- - электр өрісінің кернеуі 1 В / см жағдайындағы катиондар мен аниондардың қозғалу жылдамдығы ( м/с) және зарядтары.Молекулалық электр өткізгіштігі ( См ∙м2 /моль) – бұл арақашық- тығы 1 м электродтар арасындағы 1 моль электролиті бар ерітінді- нің электр өткізгіштігі .
λ = η · С. Кондуктометриядағы өлшенетін аналитикалық белгі – ол ерітіндінің электр өткізгіштігі . Еріген электролиттің концентрациясы артқан сайын зарядтардың иондар – тасымалдаушылар мөлшері ұлғаяды, яғни электр –өткізгіштігі артады .
НАТ негізгі сатылары
Толық нейтрондық–активациялық талдау мынандай кезеңдерден құралады:
1. Ядроның реакторда немесе нейтрондық генераторда эталондық және талданып отырған үлгі арқылы сәуле өткізу.2. Химиялық өңдеу:а) үлгіні ерітіндіге айналдырып, негізгі құрауыштан қоспаларды бөліп алу.б) анықталушы элементтердің белсенді емес тұздары–арқау қосу.в) анықталушы элементер – қоспаларды басында жеке топтарға, кейін жеке элементтерге иондық алмасу, экстракция, дистильдеу, органикалық реогенттермен бөліп алу.3. Үлгі элементтерінің бөлінген фракцияларының және эталондық үлгінің белсендігін өлшеу. Аспаптық нейтрондық–активациялық талдау барысында талдауды үлгіні ыдыратпай-ақ өткізуге болады.
Нернст тендуи
,
мұндағы Е0 – редокс-жүйенің стандарттық потенциалы;
R = 8,312 Дж/мольК, Т- ерітіндінің абсолюттік температурасы, К;
Е = 96500 Кл/моль; n– число электронов;
ох, red– редокс-жүйенің тотыққан және тотықсыздандырылған түрлері- нің активтілігі; [ox],[red] – олардың молярлық концентрациясы;
- активтілік коэффициенттері.