Тақырыптық жоспарлар.

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

Фармацевтикалық пәндер курсымен химиялық пәндер кафедрасы

Силлабус

Оқу жылы

Пәні: Химия

Пәннің коды: Him 1111

Мамандығы: 051302 – «Жалпы медицина»

Оқу сағатының көлемі / кредиті: 90 / -

Оқыту курсы мен семестрі: 1 / 1

Ақтөбе қ., 2016

Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасы) «Химия» типтік бағдарламасы негізінде фармацевтикалық пәндер курсымен химиялық пәндер кафедрасы (химия курсы) құрастырған.

Кафедра отырысында талқыланды

«_____» _____________20__ ж.

Хаттама № __

Кафедра жетекшісі б.ғ.к., доцент____________ Ж.Ж.Гумарова

Оқытушылар туралы мәліметтер

Тегі Ғылыми дәрежесі Қызметі Кафедрадағы жұмыс уақыты
Гумарова Ж.Ж. биологиялық ғылымдарының кандидаты доцент жұмыс кестесі бойынша
Дильмагамбетов С.Н. химия ғылымдарының кандидаты профессор, кафедра жетекшісі жұмыс кестесі бойынша
Бисеналиева З.Т - аға оқытушы жұмыс кестесі бойынша
Ерназарова Ж.А. - аға оқытушы жұмыс кестесі бойынша
Дарменкулова А.Ш. - оқытушы жұмыс кестесі бойынша
  Нуртазин А.А. - оқытушы жұмыс кестесі бойынша
Нурмагамбетова М.А. - оқытушы жұмыс кестесі бойынша
Байманова А.Е. - оқытушы жұмыс кестесі бойынша

Мекен жайы: Ақтөбе қ., Маресьев к-сі, 68, 1 корпус, 4 қабат, фармацевтикалық пәндер курсымен химиялық пәндер кафедрасы

Пәннің саясаты:

Оқу үдерісін ұйымдастыру

- кафедра ҚР МЖМБС негізінде оқу жоспарын, жұмыс оқу бағдарламаларын құруды қамтамасыз етеді;

- кафедраның оқу пәндерін оқу-әдістемелік қамтамасыз етеді; оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, практикалық сабақтарға, студенттердің өзіндік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар, студенттердің білімін қорытынды бақылау үшін ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауларға материалдар құрастырады;

- ЖОБ сәйкес оқу сабақтарын жүргізеді (дәрістер, практикалық, зертханалық және т.б.);

-студенттердің оқу және оқу-өндірістік практикасын ұйымдастыру және жетекшілік ету, және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.

Оқу үдерісінің ақпараттық қамтамасыз етілуі

-оқу бағдарламаларыныңсиллабустары студенттерге электрондық түрде және қағазға басылып кафедрада беріледі;

- практикалық сабақтарға, СӨЖ, СОӨЖ әдістемелік нұсқаулары методические студенттерге электрондық түрде және қағазға басылып кафедрада беріледі;

- тақырыптық кеңес беру, жіберген сабақтарды өтеу кафедраның ақпарат қабырғасында жарияланады.

Оқытушылардың оқылушыларға қоятын талаптары:

- уақытылы практикалық сабақтар мен дәрістерге міндетті түрде қатысу;

-киім формасы: медициналық халат және қалпақ, медициналық қолғап, ауыстырып киетін аяқ-киім.

- еңбек тәртібін сақтау;

- лабораториялық-практикалық сабақтарды орындағанда студенттер қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтаулары тиіс;

- ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауларды жүргізу сабағы кезінде студенттерге сөйлесуге, орын алмастыруға, тексеру материалдарын алмастыруға, мобильді байланыс құралдарын, оқулықтарды, шпаргалканы қолдануға болмайды.

КІРІСПЕ

Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарының негізгі міндеті оқытудың түбегейлілігі екендігі жалпыға белгілі. Химиялық тірі жүйелердегі процестерді тану және зерттеу үшін күшті құрал және фундаменталды ғылымдардың бірі больш табьшады. Сондықтан, медицина мамандықтарындағы студенттер бұл ғылымның әдістерін, заңдарьн және идеяларын жақсы игерулері тиіс. Бағдарламада бейорганикалық, физикалық және коллоидты химияның маңызды тақырыптарының негізін қарастыру жоспарланған.

«Химия» пәні биохимия, молекулярлы биология, физиология, фармакология, гигиена пәндерінің кейбір бөлімдерін игеру үшін теориялық базаны дайындайды және медико-биологиялық, клиникалық пәндерді оқытуға қажет, фундаменталды ғылымдардан игерілген зерттеудің ең жана әдістерін, ғылыми көзқарастарды кеңінен қамтуға мүмкіндік береді.

Студенттерді адам организмінде жүретін процестердің механизмін, физико-химиялық негізін молекулалық және клеткалық деңгейде түсінуге қажет болатын, егер қажет болса осы процестерді есептеу жолдарын қамтамасыз ететін біліммен қаруландыру қажет.

Жоғары медициналық білімді оңтайландырудың басты міндеті пән аралық байланыстарды және фундаменталды, медико-биологиялық және клиникалық пәндердің интеграциясының ұясын кеңейту болып табылады.

2. Пәннің мақсаты:

Тірі организмдерге тән химиялық термодинамиканың негізін және химияық энергияньң басқа түрлері мен байланысын түсіндіруді қалыптастыру. Табиғи органикалық қосылыстар мен биополимерлердің негізгі кластарының химиялық қасиеттері мен құрылысының байланысы туралы түсінікті қалыптастыру. Организмде жүретін биохимиялық процестерді сипатгауда физико-химиялық заңдылықтарды қолдана білуді үйрету. Затгардың қүрылысы, құрамы мен биологиялық активтілігі арасындағы өзара байланыс туралы түсінікті қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

• химиялық термодинамика және химиялық энергияның негіздері туралы ұғым қалыптастыру;

• табиғи органикалық қосылыстар негізгі кластары және биополимерлердің химиялық қасиеті мен құрылысының байланысы;

• организмде жүретін биологиялық процестерді сипаттау үшін физико-химиялық заңдылықтырды қолдануды үйрету;

• әдебиет және электронды көрсеткіштермен жұмыс істеу дағдысьна үйрету.

4. Оқытудың соңғы нәтижесі. Студент:

4.1. Білуі тиісті:

• химиялық термодинамиканың негізгі түсініктері, термодинамиканың бірінші және екінші бастамасы;

• ерітінділер концентрациясының түрлері;

• ерітінділердің коллигативтік қасиеттері, ағзадағы рөлі;

• атом және молекуланың қүрылыс теориясы, комплексті қосылыстардьң координациялық қасиеті, хелатотерапия туралы түсінік, биогенді элементтердің химиясы;

• организмдердегі қьшқылдық-негіздік тепе-теңдік пен буферлік жүйенің мәні;

• тотығу-тотықсыздану процесінің теориясы;

• беткейлік құбылыстардың физико-химиялық заңдылықтары, биологиялық мембрананың құрылысы мен қасиеті және тірі организмнің дисперстік жүйелері;

• жоғары молекулалық қосылыстардың (ЖМҚ) және биополимерлердің физико-хнмиялық қасиеттері;

• органикалық қосылыстардың жіктелуі мен номенклатура тәртібі;

• химиялық реакциялардың түрі мен механизмі;

• органикалық қосылыстардың маңызды кластары мен функционалдық топтарының қайта түрлену жолдары;

• органикалық қосылыстардың құрылысы мен химиялық қасиетгерінің, олардьщ биологиялық белсенділігіне байланысы;

• биореттегіштер мен биополимердің тіршілік процесіндегі рөлі.

4.2. Істей алуы тиісті:

• химиялық лабораторияда қауіпсіздік ережесін сақтау, химиялық ыдысты қолдану, медицина тәжірибесінде қажетті құралдар мен физико-химиялық өлшеу әдістерін қолдана білуді;

• еріген заттың массалық үлесін, молярлы, молялъді концентрациясын, эквиваленттің молярлы концентрациясын анықтауды;

• хроматографиялық анализ, рН-ты потенциометриялық әдіспен анықтау;

• адсорбция шамасын анықтау, коагуляция табалдырығын, биополимерлердің ісіну дәрежесін, төменгі молекулалық қосылыстардың криометриялық әдіспен және жоғары молекулалық қосылыстардың вискозиметриялық әдіспен салыстырмалы атомдық массаларын анықтауды;

• коллоидты ерітінділер алу және олардың қасиетін зерттеуді;

• органикалық қосылыстарды көміртегі қаңқасының қүрылысы және функционалдық топтар табиғатына байланысты жіктелуін;

• химиялық қосылыстар номенклатурасын қолдана білуді;

• органикалық молекулалардың биологиялық функциясын, олардың құрылысы мен реакциялық қабілеттілігін байланыстыруды;

• қанықпаған қосылыстарға, аминоқышқылдарға, моносахаридтерге, пептидтік байланысқа және функционалдық топтарға сапалық реакцияларды;

• органикалық химияның теориялық негіздерін қолдана отырып, қоршаған ортада органикалық қосылыстардың химиялық қасиетін болжауды.

4.3. Дағдыларын меңгеруі тиісті:

• берілген концентрациясы бар ерітінділер дайындау, ерітінділердің тығыздығы мен сутектік көрсеткішін (рН) есептеу;

• рН белгілі буферлі ерітінділерді дайындау, буферлік сыйымдылықты анықтау;

• биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакция;

• органикалық қосылыстардың жіктелуі және функционалдық топтарға сапалық реакциялар жүргізе алу.

5. Пәннің алғы реквизиттері және кейінгі реквизиттері:

5.1. Алғы реквизиттері:мектеп курсындағы: химия, физика, математика, биология.

5.2. Кейінгі реквизиттері:молекулярлық биология, биохимия, фармакология, физиология, сабақтас пәндер.

Пәннің мазмұны.

6.1.Бейорганикалық, физикалық және коллоидтық химия. Химиялық термодинамика.

6.2. Химиялық реакциялар кинетикасы.

6.3. Ерітінділер туралы ілім.

6.4. Буферлік ерітінділер.

6.5. Химиялық байланыс.

6.6. Комплексті қосылыстар.

6.7. Биогенді элементтер.

6.8. Тотығу-тотықсыздану процестері.

6.9. Беттік құбылыстардың физикалық-химиялық ерекшеліктері.

6.10. Дисперстік жүйелердің физикалық-химиялық қасиеттері.

6.11. Жоғары молекулалық қосылыстар.

6.12. Биоороганикалық химия. Органикалық қосылыстардың жіктелуі.

6.13. Спирттер, аминдер, азо- және диазоқосылыстар.

6.14. Оксоқосылыстар.

6.15. Гетерофункциялық органикалық қосылыстар. Аминқышқылдары.. Ақуыздар.

6.16. Көмірсулар.

6.17. Гетероциклді қосылыстар.

6.18. Нуклеин қышқылдары.

6.19. Липидтер.

Тақырыптық жоспарлар.

Наши рекомендации