Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі. Пән Дәрілік заттарды зерттеудің жалпы

СИЛЛАБУС

Пән Дәрілік заттарды зерттеудің жалпы

Дістері мен тәсілдері

Пән коды OMIALS 3219

Мамандық: 5В110300 - «Фармация»

Оқу сағатының

көлемі (кредит) 135 сағат (3 кредит)

Курс 3

Семестр 6

Шымкент

Силлабус «Дәрілік заттарды зерттеудің жалпы әдістері мен тәсілдері» пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес дайындалып, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы мәжілісінде бекітілген.

Хаттама № 16 , 18.04.2016ж.

Кафедра меңгерушісі, профессор Ордабаева С.Қ.

1.7. Оқытушылар туралы мәлімет:

1. Ордабаева Сәуле Құтымқызы –кафедра меңгерушісі,профессор, фармация ғылымдарының докторы, 250 аса ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар, 8ҚРалдын-ала патенттер, 4 оқу құралы, 5 типтік оқу бағдарламаларының авторы.

2. Сопбекова Анаркүл Оңлабекқызы –кафедраның профессор қ.а., 100 аса ғылыми жұмыстардың, 2 оқу құралының, 4 типтік оқу бағдарламаларының, 150 аса оқу-әдістемелік жұмыстарының авторы.

3. Асильбекова Акмарал Джиенбекқызы –кафедра доценті, техника ғылымдарының кандидаты

4. Махова Елена Геннадийқызы –кафедраның аға оқытушысы. 20 аса ғылыми жұмыстар, 2 оқу құралдары, 30 аса оқу-әдістемелік нұсқаулардың, оның ішінде 2 оқытудың интерактивті әдісі нұсқауларының авторы.

5. Қарақұлова Айжан Шырынбекқызы –кафедраның аға оқытушысы. 20 ғылыми жұмыстар, 2 оқу құралдары, 30 аса оқу-әдістемелік нұсқаулардың, оның ішінде 2 оқытудың интерактивті әдісі нұсқауларының, 2 ҚР алдын-ала патенттер авторы.

6. Орынбасаров Ержан Касымханұлы –кафедраның аға оқытушысы. Graduate of California State University Northridge the English language, University of International Business, South Kazakhstan State Medical Academy. 8 ден аса ғылыми жұмыстардың, 20 оқу-әдістемелік өңдеулердің авторы.

7. Коротков Владимир Андрейұлы – кафедраның аға оқытушысы, фармация ғылымдарының кандидаты. 20дан аса ғылыми жұмыстардың, 3 алдын-ала ҚР патентінің авторы.

8. Карабаева Айнур Нысанбековна –оқытушы, II оқу жылы магистранты.

9. Данилина Александра Яковлевна –оқытушы, II оқу жылы магистранты.

Байланыс ақпараты

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясы, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы. Әл-Фараби алаңы-1, 1-этаж. Телефон 87252 (408222), ішкі 117

1. Ордабаева Сауле Кутымқызы – E-mail: [email protected]

2. Сопбекова Анара Онлабекқызы - Е-mail:[email protected]

3. Асильбекова Акмарал Джиенбекқызы - Е-l:[email protected]

4. Махова Елена Геннадийқызы - Е-mail:[email protected]

5. Каракулова Айжан Ширинбекқызы - E-mail:[email protected]

6. Орынбасаров Ержан Касымханұлы - Email:[email protected]

7. Коротков Владимир Андрейұлы - Е-mail:[email protected]

1.9 Пәннің саясаты:

1. Бастапқы білім деңгейлерін тексеруде базалық химиялық пәндер бойынша (бейорганикалық, органикалық, аналитикалық, физикалық және коллоидты химиялар) жоғары теориялық білімдерін және іс-тәжірибелік дағдыларын көрсету және оларды химия-токсикологиялық талдауда қолдана білу;

2. Сот-химиялық сараптау бойынша лабораториялық жұмыстарды жеке, жұппен және шағын топтарда орындауға дайындалып келу;

3. Лабораториялық сабақтарды (экспериментальды жұмыстарды) орындауға белсене қатысу;

4. Тапсырмаларды орындауға ынтасы жоқ немесе толық орындамаған жағдайда айыптау шаралары қолданылады, тәжірибелік сабаққа қойылатын балл азаяды, ол «зертханалық жұмысты бағалау критерилері» кестесінде көрсетілген;

5. Командамен жұмыс жасай білу;

6. СӨЖ кестеге сәйкес орындау;

7. Келесі дәріс тақырыбымен алдын-ала танысып, дәріс тақырыбы бойынша оқытушымен кері байланысқа түсуге дайын болу;

8. Ғылыми жұмыстарға белсене қатысу;

9. Лабораторияда техника қауіпсіздігін сақтау;

10. Лабораториялық ыдыстарға, құрал-жабдықтарға ұқыптылықпен қарау;

11. Жұмыс орнын таза ұстау;

12. Себепсіз жіберілген 1 дәріс сабағының айыптау шарасы 0,66 балды, ал әрбір ОСӨЖ сабағын қалдырғаны үшін – 1,33 балды құрайды;

13. Пән бойынша емтиханға жіберілу рейтингісі - зертханалық сабақтың, СӨЖ, аралық бақылау, дәріс сабағы рейтингілерінің орташа балынан тұрады;

14. Пән бойынша қорытынды бақылауға – емтиханға жіберілу рейтингісі 30 балдан кем болмауы тиіс (50%).

2. БАҒДАРЛАМА:

Кіріспе

Дәрілік заттардың талдау әдістерін таңдау, химиялық құрамы мен фармакологиялық әсері арасындағы өзара байланысы, физикалық және химиялық қасиеттері, құрылысы, алу жолдарын зерттеу, химиялық заңдылықтарға негізделген қолданбалы білім - фармацевтикалық химия пәнінің маңызды бөлігі.

Бағдарлама дәрілік заттардың сапасын реттейтін мемлекеттік заңдар, принциптер мен жағдайларды стандарттау, сертификаттау жолдарын, жалпы фармакопеялық талдау әдістерін, бейорганикалық дәрілік заттарды талдау, органикалық тұрғыдағы алифатты, циклды және алициклды қосылыстардың талдау әдістері мен тәсілдерін қамтиды.

Бағдарлама болашақ мамандардың кәсіптік міндетін орындауда қауіпсіз және эффективті дәрілік заттардың сапасын бақылау, дәрілік заттардың сапасын және қауіпсіздігін нормативті құжаттар талабына сай талдау әдістерін меңгергенін бақылау үшін білім алушылардың аналитикалық ойлау қабілеттерін күшейту жолдарын қарастырады.

2.2 Пәннің мақсаты:Дәрілік заттардың алыну, сақталу, қолдану, дайындау сатыларында фармацевтикалық талдауды меңгеруді дағдыға алу, жалпы фармакопеялық әдістерді меңгеру және дәрілік заттарды мемлекеттік жүйеде стандарттау және сертификаттауды қалыптастыру.

2.3 Оқыту мақсаттары:

1. Білім алушыларға дәрілік заттарды стандарттау және сертификаттаудың негізгі принциптерін үйрету

2. Білім алушыларға дәрілік заттардың жасалуы, алынуы, сақталу және қолдану сатыларында фармацевтикалық талдаудың әдістемелерін үйрету

3. Білім алушыларға дәрілік заттарды талдауда жалпы фармакопеялық әдістерді қолдануды үйрету

4. Білім алушыларға дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін нормативті құжаттардың талабына сай фармацевтикалық талдауды үйрету және дағдыландыру.

Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі

Дублин дескрипторлар ОҚМФА-да әзірленген мамандық құзыреттілігі     Пәнді оқытудың нәтижесі   Тұжырымдама бойынша оқытудың нәтижелері
А   Зерттеліп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік   -дәрілік заттар талдауында пәннің білімі мен міндеттерін көрсетеді; -ДЗ заманауи номенклатурасы мен жіктелуін біледі; -жаңа биологиялық белсенді заттар алу негізіне жататын табиғаты бейорганикалық және органикалық ДЗ химиялық құрылымы мен фармакологиялық әсері арасындағы байланысын біледі; -ДЗ сапасына қойылатын талаптарды қалыптастыратын ДЗ алу көздері мен тәсілдерін біледі; -спектрофотометр, рефрактометр, фотоэлектроколориметр, поляриметр, потенциометр, ЖЭСХ, газды хроматограф, аналитикалық таразы және т.б. приборлардың жұмыс істеу принциптерін біледі. Р1 Р3 Р6 Р7 Р13
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі -ДЗ сапасын регламенттейтін нормативті-құқықтық құжаттарды біледі; ДЗ стандарттау және сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі туралы біледі. Р7
Кәсіпкерлік құзыреттілігі -фармацевтикалық талдау әдістерінің ерекшеліктерін, оны ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі мен принциптерін біледі; -НҚ талабына сай ДЗ сапасына қойылатын талаптарды біледі; -ДЗ сапасын бақылау үшін жалпы фармакопеялық зерттеу әдістерін қолданады. Р6
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілік -кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияны қолданады. Р2
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі -табиғаты бейорганикалық және органикалық ДЗ талдау саласындағы ғылыми зерттеу мақсаты мен міндеттерін біледі; -ғылыми мақсатта қолданылатын химиялық және физика-химиялық зерттеу принциптерін біледі. Р3
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тілділік құзыреттілігі) -топпен жұмыс жасай біледі; -ДЗ талдауы бойынша өзіндік талқылауын ұсынады.  
Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік   -ДЗ сапасын бақылауға арналған нормативті құжаттарды, анықтамалық және ғылыми әдебиеттерді қолдана алады; - ДЗ жасау, алу, сақтау және қолдану кезеңдерінде олардың сапасын бақылау бойынша фармацевтикалық талдаудың барлық түрлерін жүргізеді; -ДЗ талдаудың физикалық, химиялық және физика-химиялық талдау әдістерін жүргізеді; -табиғаты бейорганикалық ДЗ катиондар мен аниондары бойынша талдау жүргізеді; - табиғаты органикалық ДЗ функциональдық топтары бойынша талдау жүргізеді; -сапалық көрсеткіштері бойынша ДЗ талдау жүргізеді (ерігіштігі, ерітінділердің түстілігі мен мөлдірлігі, ерітіндінің қышқылдығы мен сілтілігі, жіберілетін және жіберілмейтін қоспалар, күлді анықтау және т.б.); -физикалық константалары бойынша ДЗ талдау жүргізеді (балқу температурасын анықтау, тығыздығы, рН, сыну көрсеткіші, меншікті айналу бұрышы және т.б.). -ДЗ сандық мөлшерін анықтауды химиялық және физика-химиялық талдау әдістерімен жүргізеді. Р 1-Р25
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі -ғылыми әдебиет көздерімен жұмыс жасайды; -әдеби шолуларды талдап, сыни түрде бағалайды; -ғылыми зерттеу тақырыбының өзектілігі мен жаңалығын талқылайды; -ДЗ толық фармакопеялық талдау жүргізу үшін заманауи аппаратуралармен (потенциометрия, УК-спектрофотометрия, ФЭК-3, рефрактометрия) жұмыс жасайды; -таңдалған тақырып бойынша ғылыми конферен- цияларға қатысады.  
Кәсіпкерлік құзыреттілігі -фармакопеялық талдаудың барлық кезеңдерінде ДЗ эффективтілігін, қауіпсіздігін және сапасын түсінеді; -фармацевтикалық талдау ерекшелігін, оның жүргізілу тәртібін түсінеді; -НҚ талабына сай ДЗ сапасына қойылатын талаптарды таратады; -ДЗ сапасын бақылауда жалпы фармакопеялық талдау әдістерін қолданады.  
    Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілік -заманауи бағдарламаларды Exel, Microsoft Word, Power point қолдана отырып, персональды есептеу техникасының жұмыс істеу принциптерін түсінеді; - PUBMED, MEDLINE, Web on science, Web on Knowledge базаларынан алынған мәліметтерді жүргізілген талдаулар бойынша ақпарат алу үшін қолданады.  
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі - ДЗ сапасын регламенттейтін нормативті-құқықтық құжаттарға сілтеме жасайды; - ДЗ фармацевтикалық талдау жүргізуде техника қауіпсіздігін сақтайды.  
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тілділік құзыреттілігі) -оқытушымен бірге ДЗ талдауы бойынша өзіндік қорытындысын талқылайды; - НҚ талабы бойынша ДЗ талдауы нәтижесінің сәйкессіздігін сынайды.  
С Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік   -ДЗ сапалық көрсеткіштері мен олардың физикалық, химиялық қасиеттері және алу тәсілдері арасындағы байланысты қалыптастырады; -ДЗ физикалық, химиялық қасиеттері мен алу тәсілдерін ескере отырып, сақталу мерзімі мен жағдайын бағдарлайды; - ДЗ физикалық, химиялық қасиеттерін ескере отырып, ДЗ зерттеу және талдау әдістерін таңдайды. Р1-Р25
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Студенттерге/оқытушыларға ғылыми жұмыстар бойынша ғылыми зерттеулердің өзіндік нәтижелеріне дәйектеме жасайды; -студенттерге/оқытушыларға талдау жүргізу кезінде байқалатын фактілер мен құбылыстарды түсіндіреді (сапалық көрсеткіштері бойынша ҚР МФ сәйкессіздігі: бөгде қоспалар, лайлығы, түстілігі, рН, қышқылдығы немесе сілтілігі); -ғылыми эксперименттерді жүргізуде жалпы қорытындыны қалыптастырады.  
  «Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі -ДЗ қауіпсіздігі мен эффективтілігін қамтамасыз ететін сапасына қойылатын талаптарды қолданады; - ДЗ сапасын регламенттейтін нормативті-құқықтық құжаттар жасау саласындағы мәселелерді шешеді.  
Кәсіпкерлік құзыреттілігі -ДЗ талдауда қолданылатын жалпы фармакопеялық талдау әдістерін таңдайды.  
  Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілік - PUBMED, MEDLINE, Web on science, Web on Knowledge базалық мәліметтеріне тақырып бойынша талдау жасайды.  
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тілділік құзыреттілігі) бақылауға алынған фактілер мен құбылыстарды, олардың себеп-салдарын түсіндіреді (сапалық көрсеткіштері бойынша ҚР МФ сәйкессіздігі: бөгде қоспалар, лайлығы, түстілігі, рН, қышқылдығы немесе сілтілігі); -фармацевтикалық талдау жүргізуде байқалатын фактілер мен құбылыстарды, химиялық құрылымы мен фармакологиялық әсері, химиялық құрылымы мен ДЗ тұрақтылығы арасындағы өзара байланыстың себеп-салдарын түсіндіреді; -ДЗ талдауы бойынша өзіндік қорытынды қалыптастырады.  
D Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік   -өзіндік талқылауын ұсынып, талдау хаттамасы, реферат, презентация, жобалар түрінде безендіреді; - өзіндік талқылауын практикалық сабақтарда, студенттердің ғылыми үйірмесінде, студенттік ғылыми конференцияларда және т.б. ұсынады; - жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ДЗ сапасын интерпретациялайды; - жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ДЗ сапасына қорытынды жасайды. Р 1-Р25
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі -өзіндік талқылаулары мен аталған саладағы ғылыми талдау нәтижелерін ұсыну дағдыларын меңгерген; -ғылыми зерттеулер нәтижесін ұсынып, оны презентация, жобалар түрінде студенттік ғылыми конференцияларда және т.б. баяндауға қабілетті.  
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тілділік құзыреттілігі) -ДЗ талдауы бойынша өзіндік талқылауды қалыптастырады; - топ алдында өзінің көзқарасын дәлелдей алады; - топ мүшелерінің ой-пікірін тыңдай біледі.  
  Кәсіпкерлік құзыреттілігі - жалпы фармакопеялық зерттеу әдістері бойынша ақпараттар жинақтайды; -ДЗ сақталу мерзімі мен жағдайын бағдарлайды.  
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі - ДЗ сапасын регламенттейтін нормативті-құқықтық құжаттардан мәліметтерді қалыптастырады.  
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілік - PUBMED, MEDLINE, Web on science, Web on Knowledge базалық мәліметтер бойынша материалдар жинайды.  
Е Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік   -студенттерге/оқытушыларға/емтихан қабылдаушыларға оқу эксперименттерін жос-парлау мен жүргізуде өзінің білімі мен дағдыларын ұсынады; -студенттерге ақпараттармен (оқу, анықтамалық, ғылыми) жұмыс жасау бойынша өзінің білімі мен дағдыларын ұсынады; -нормативті құжатқа сәйкес табиғаты бейорганикалық және органикалық дәрілік заттарға өз бетінше фармакопеялық талдау жүргізеді.  
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тілділік құзыреттілігі) -аталған зерттеу саласында талдау мен синтез ақпараттарын ұсыну дағдыларын меңгерген.  
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі -ДЗ сапасын бақылау саласындағы ғылыми зерт-теулер нәтижесі бойынша өзіндік талқылауын ұсына-ды; -ғылыми зерттеулер нәтиже-сін студенттер ғылыми конференциясында және т.б. презентация, жобалар түрінде безендіреді.  
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі -дәрілік заттар сапасын регламенттейтін нормативті-құқықтық құжаттардан мәліметтерді хабарлайды; -дәрілік заттарға фармацев-тикалық талдау жүргізуде техника қауіпсіздігі бойынша бойынша ақаулар туралы хабарлайды.  
  Кәсіпкерлік құзыреттілігі -дәрілік заттардың жарамды мерзімі мен сақталу жағдайын бағдарлайды.  
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілік - PUBMED, MEDLINE және т.б. базалардан тақырып бойынша материалдар алады.  
  Білім алуды өз бетінше жалғастыра алу қабілеті   -фармацевтикалық химия; -дәрілік заттарды стандарт-тау және метрология.    

2.5 Реквизитке дейінгі: бейорганикалық химия, физика, математика, аналитикалық химия, органикалық химия, физикалық және коллоидты химия.

2.6 Реквизиттен кейінгі: фармацевтикалық химия, токсикологиялық химия, дәрілер технологиясы, фармакогнозия.

Наши рекомендации