Оқу және оқытудың әдістері.
10.1. Дәрістер:жалпы шолу, өзекті мәселелер.
10.2. Тәжірибелік/зертханалық сабақтар:зертханалық тәжірибені орындау, жалпыға керсетілетін экспериментер, есеп шығару, жаттығулар орындау, семинарлар, шағын топтарда жұмыс.
10.3. Студентгердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ):әдебиеттермен жұмыс, электрондық базами жұмыс, ситуациялық есептер шығару, глоссарий құрастыру, тесттік тапсырмаларды орындау, тақырыпты рефераттар дайындап және оны қорғау.
Білімді бағалау ережелері мен критерийлері.
Ағымдағы бақылау.
Ағымдағы үлгерімді бақылау сабақ кестесіне сәйкес лабораториялық-практикалық сабақтарда және оқытушының басқаруымен өзіндік жұмыстар сабақтарында өткізіледі.
Бағалау критерийлері:
№ р/с | Бағалау формасы | Баға | Бағалау критерийлері |
1. | Ауызша жауап беру | Өте жақсы Мына бағаларға сәйкес келеді: А (4,0; 95-100%); А- (3,67; 90-94%) | Егер студент жауап берген кезде қателеспесе қойылады. Оқылатын пәннің теорияларын, концепцияларын және бағыттарын білсе және оларға дұрыс баға берсе, басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін қолданса. |
Жақсы Мына бағаларға сәйкес келеді: В+ (3,33; 85-89%); В (3,0; 80-84%); В- (2,67; 75-79%). | Егер студент жауап берген кезде өрескел қателер жібермесе қойылады. Елеусіз қателіктер немесе бұрыс жауаптар берсе және оларды өзі түзете алса, оқытушының көмегімен бағдарламалық материалды жүйелей алса. | ||
Қанағаттанарлық Мына бағаларға сәйкес келеді: С+ (2,33; 70-74%); С (2,0; 65-69%); С- (1,67; 60-64%); D+ (1,33; 55-59%) D (1,0; 50-54%) | Егер студент жауап берген кезде өрескел қателер жібермесе және бұрыс жауаптар бермесе қойылады. Тек оқытушының көрсеткен әдебиеттерін пайдаланса, материалды жүйелеуде айтарлықтай қиындықтар көрсетсе. | ||
Қанағаттанарлықсыз Мына бағаларға сәйкес келеді: F ( 0; 0-49%) | Егер студент жауап берген кезде принципті қателер жіберсе қойылады Сабақтың тақырыбы бойынша негізгі әдебиеттерді оқып-талдамаса, пәннің ғылыми терминологиясын қолдана алмаса, жауап бергенде өрескел стиллистикалық және логикалық қателер жіберсе. | ||
2. | Лабораториялық-практикалық жұмыстарды орындау, аппараттармен, кестелермен, атластармен жұмыс жасау, зерттеу жұмыстарын талқылау, хаттамаларды толтыру | Өте жақсы | Практикалық және лабораториялық жұмыстарды дер кезінде және қатесіз орындап, олар бойынша есеп берсе, жұмыс нәтижелерін талдауда белсенділік көрсетсе, өзінің ойлау қабілетін көрсететін негізделген қорытындылар жасаса. |
Жақсы | Практикалық және лабораториялық жұмыстарды дер кезінде және қатесіз орындап, олар бойынша ескертпесіз есеп берсе, жұмыс нәтижелерін талдауда белсенділік көрсетсе. | ||
Қанағаттанарлық | Практикалық және лабораториялық жұмыстарды дер кезінде орындап, олар бойынша есеп берсе. Жұмыс кезінде белсенділік танытпаса, оқытушының көмегін қажет етсе. | ||
Қанағаттанарлықсыз | Практикалық және лабораториялық жұмыстарды дер кезінде тапсырмаса, оларды орындаған кезде қателер жіберсе. Бағдарламада көрсетілген практикалық және лабораториялық жұмыстарды толық орындамаса, жұмыс нәтижелерін талдауда белсенділік көрсетсе. | ||
3. | Ситуациялық есептерді дайындау және шығару, кішігірім топтарда жұмыс жасау. | Өте жақсы | Жұмыс жасау барысында белсенділік көрсетсе, жақсы ойлау қабілетін танытып, материалды терең меңгергенін көрсетсе, талқылау кезінде басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін қолданса. |
Жақсы | Жұмыс жасауға белсенді қатысса, бұл кезде елеусіз қателер мен бұрыс жауаптар берсе және оларды өзі түзете алса. | ||
Қанағаттанарлық | Топта жұмыс жасағанда белсенділік танытпаса, елеусіз қателер жіберсе және бұрыс жауаптар берсе, материалды жүйелеуде айтарлықтай қиындықтарға тап болса. | ||
Қанағаттанарлықсыз | Топтиың жұмысына қатыспаса, оқытушының сұрақтарына жауап бергенде елеулі қателер жіберіп, бұрыс жауаптар берсе, ғылыми терминологияны қолданбаса. | ||
4. | Тест тапсырмаларын орындау | Өте жақсы | 90-100% дұрыс жауаптар |
Жақсы | 75-89% дұрыс жауаптар | ||
Қанағаттанарлық | 50-74% дұрыс жауаптар | ||
5. | Рефератты дайындау және қорғау | Өте жақсы | Реферат ұқыпты және мерзімінде орындалса, өз бетімен 10 беттен кем болмайтын көлемде жазылса, кемінде 5 әдебиеттер қолданса. Реферат тақырыбына сәйкес келетін схемалар, кестелер мен суреттер келтірілсе. Рефератты қорғау кезінде мәтінді оқымай, ауызша айтса. Барлық қойылған сұрақтарға дұрыс және сенімді жауаптар берсе. |
Жақсы | Реферат ұқыпты және мерзімінде орындалса, өз бетімен 10 беттен кем болмайтын көлемде жазылса, кемінде 5 әдебиеттер қолданса. Реферат тақырыбына сәйкес келетін схемалар, кестелер мен суреттер келтірілсе. Рефератты қорғау кезінде мәтінді оқымай, ауызша айтса. Қойылған сұрақтарға жауап бергенде елеусіз қателер жіберсе. | ||
Қанағаттанарлық | Реферат ұқыпты және мерзімінде орындалса, өз бетімен 10 беттен кем болмайтын көлемде жазылса, кемінде 5 әдебиеттер қолданса. Рефератты қорғау кезінде мәтінді оқыса. Қойылған сұрақтарға жауап бергенде қиналса және елеулі қателер жіберсе. | ||
Қанағаттанарлықсыз | Реферат ұқыпсыз орындалса және мерзімінде тапсырылмаса, өз бетімен 10 беттен кем көлемде жазылса, және 5 әдебиеттен кем қолданса. Рефератты қорғау кезінде мәтінді оқыса. Қойылған сұрақтарға жауап бергенде өрескел қателер жіберсе және материалды меңгермесе. | ||
6. | Тақырыптың тұсау кесері | Өте жақсы | Белгіленген уақытта және өздігінен жұмысты орындаса, кемінде 20 слайд дайындаса, 5 әдебиеттен кем қолданбаса. Слайдтар өте ықшам және мазмұнды болса. Қорғаған кезде автор тақырып бойынша терең білім көрсете алса. Талқылау барысында қойылған сұрақтарға жауап бергенде қателер жібермесе. |
Жақсы | Белгіленген уақытта және өздігінен жұмысты орындаса, кемінде 20 слайд дайындаса, 5 әдебиеттен кем қолданбаса. Слайдтар өте ықшам және мазмұнды болса. Қорғаған кезде автор тақырып бойынша жақсы білім көрсете алса. Талқылау барысында қойылған сұрақтарға жауап бергенде елеусіз қателер жіберсе және оларды өзі түзете алса. | ||
Қанағаттанарлық | Белгіленген уақытта және өздігінен жұмысты орындаса, кемінде 20 слайд дайындаса, 5 әдебиеттен кем қолданбаса. Слайдтардың мазмұны төмен болса. Қорғаған кезде автор сұрақтарға жауап бергенде елеулі қателер жіберсе . | ||
Қанағаттанарлықсыз | Белгіленген уақытта жұмысты тапсырмаса, көлемі 20 слайдтан аз болса, қолданған әдебиеттерінің саны 5-ден кем болса. Слайдтардың мазмұны төмен болса. Қорғаған кезде автор сұрақтарға жауап бергенде өрескел қателер жіберсе. Өзінің дайындаған материалын толық меңгермесе. |
Сабақтарда, әдетте, бақылаудың бірнеше формалары қолданылады. Журналға орташа баға қойылады.
11.2. Аралық бақылау:ауызша / тест түрінде өтеді. Барлығы 2 аралық бақылау жоспарланған.
№ р/с | Бақылау формасы | Бағасы | Бағалау критерийлері |
1. | Тестілеу/ әңгімелесу | Өте жақсы Мына бағаларға сәйкес келеді: А (4,0; 95-100%); А- (3,67; 90-94%) | Егер студент жауап берген кезде белгілі бір қателер жібермесе қойылады. Оқылатын пәннің теорияларын, концепцияларын және бағыттарын білсе және оларға дұрыс баға берсе, басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін қолданса. Тестілер бойынша 90-100% дұрыс жауаптар берсе. |
Жақсы Мына бағаларға сәйкес келеді: В+ (3,33; 85-89%); В (3,0; 80-84%); В- (2,67; 75-79%). | Егер студент жауап берген кезде өрескел қателер жібермесе, жіберген елеусіз қателерін өзі түзетіп отырса және бағдарламалық материалды оқытушының көмегімен жүйелей алған болса қойылады. Тестілер бойынша 75-89% дұрыс жауаптар берсе. | ||
Қанағаттанарлық Мына бағаларға сәйкес келеді: С+ (2,33; 70-74%); С (2,0; 65-69%); С- (1,67; 60-64%); D+ (1,33; 55-59%) D (1,0; 50-54%) | Егер студент жауап берген кезде елеусіз қателер жіберсе және бұрыс жауаптар берсе, тек қана оқытушының көрсеткен оқулық әдебиеттерімен шектелсе және бағдарламалық материалды жүйелеген кезде айтарлықтай қиындықтарға тап болса қойылады. Тестілер бойынша 50-74% дұрыс жауаптар берсе. | ||
Қанағаттанарлықсыз Мына бағаларға сәйкес келеді: F ( 0; 0-49%) | Егер студент жауап берген кезде өрескел қателер жіберсе, сабақ тақырыбы бойынша негізгі әдебиеттерді оқып-меңгермесе, пәннің ғылыми терминологиясын қолдана алмаса, жауап бергенде өрескел стиллистикалық және логикалық қателер жіберсе қойылады. Тестілер бойынша 50%-дан төмен жауаптар берсе. |
11.3. Қорытынды бақылау:тестлеу, ауызша емтихан, тәжірибелік дағдырларды қабылдау.