Зертханалық жұмыс №9
Тақырыбы: БАЗ ерітінділеріндегі мицелла түзілуін зерттеу
Мақсаты: БАЗ ерітінділеріндегі мицелла түзілуінің шекті таралымын әр түрлі әдістермен анықтау.
Бақылау сұрақтары:
1. Қандай дисперстік жүйелерді лиофильділікке жатқызады? Мұндай жүйелерге мысал келтір. Лиофильді жүйелердегі дисперстік көрініс-фаза бөлшектерінің құрылуы қалай жүреді?
2. БАЗ жіктелуі.
3. Коллоидты БАЗ нағыз ерітінділерден айырмашылығы. Мицелла түзілетін шекті таралым деген не?
4. МТШТ анықтау әдістері. БАЗ ерітінділеріндегі беттік керілу өзгерісі.
5. МТШТ қандай себептер әсер етеді?
Аспаптар мен ыдыстар. Су ерітінділерінің электр өткізгіштігін өлшеуге арналған аспап, мысалы, айнымалы токтың Р-577 көпірі, платиналы электроды болатын кондуктометриялық ұяшық, сыйымдылығы 100 мл өлшеуіш ыдыс-колбалар, сыйымдылығы 25мл тамызғыштар-пипеткалар.
Реактивтер: ионогенді БАЗ ерітіндісі, айталық натрий олеаты; 0,02 М КСl ерітіндісі.
Жұмыс реті: Әуелі алдын ала кондуктометриялық ұяшықтың тұрақтысын анықтайды. Ол үшін таралымы нақтылы өлшенген калий хлориді ерітіндісін ұяшққа, ондағы электродтар толық енетіндей мөлшерде құяды. Ұяшықты термостатқа салып, онда 4-5 минуттай ұстаған соң, кондукторметрдің түймесіне электродты жалғастырып, электродтар арасындағы ерітінді кедергісін R0 өлшейді. Тұракты К формула бойынша есептейді:
К=æ0R0 (1)
мұндағы æ0 – тәжірибе кезіндегі температурадағы калий хлориді ерітіндісінің меншікті электр өткізгіштігі.
Ал осы ерітіндінің 0,01М әр түрлі температурадағы меншікті электр өткізгіштігі [3] оқулық анықтамасында берілген.
Калий хлориді ерітіндісінің электр өткізгіштігін өлшегеннен кейін ұяшықты таза сумен бірнеше рет шаймалап, жуады.
Мұнан кейін, берілген таралымдағы БАЗ ерітіндісінен, бірінен кейін бірін екі есе таза сумен сұйылта отырып, таралымы ылғи екі есе кішірейетін, 10 түрлі ерітінді әзірлейді. Ол үшін көлемі 100 мл болатын берілген БАЗ ерітіндісінен 50мл өлшеп болып, оған 50мл таза су қосады, сонда ол екі есе сұйылады. Сосын мұның өзінен 50мл алып, 50мл таза су қосып, екі есе сұйылтады және осылайша калғандарын да әзірлейді. БАЗ ерітіндісіндегі гидролизді болдырмау мақсатында, әрбір ерітіндіні, тек оның электр өткізгіштігін тікелей өлшерде ғана әзірлейді. Бұлардың кедергісін жоғарьдағы калий хлориді ерітіндісінікін өлшегендегі тәсіл бойынша өлшейді. Ерітінділердің меншікті æ және эквивалентті электр өткізгіштігін λ келесі формулалар бойынша есептейді:
æ=K:R және λ=æ:C (2)
мұндағы К – кондуктометриялык ұяшықтың тұрактысы, С - БАЗ ерітінділерінің таралымы.
Тәжірибе кезіндегі өлшенген мәліметтерді кестеге жинактайды
Ыдыс реті | БАЗ, С экв/л | БАЗ, С | R, ОМ | æ, cм∙м-1 | λ,см∙м2/экв |
Мұнан кейін æ=f(CБАЗ) тәуелділіктердегі сызбаны тұрғызып, ондағы зерттелінетін БАЗ ерітіндісіндегі МТШТ мәнін табады.
II нұска. БАЗ ерітінділеріндегі беттік керілу өзгерісі бойынша МТШТ анықтау.
Аспаптар мен ыдыстар: беттік керілуді өлшейтін аспап, сыйымдылығы 100 мл өлшеуіш ыдыстар, 25мл тамызғыштар.
Реактивтер: БАЗ ерітіндісі, мысалы, натрий олеаты.
Жұмыс реті: бірінші нұсқаудағыдай, берілген таралымдағы зерттелінетін БАЗ ерітіндісінен таза сумен бірінен кейін бірі екі есе сұйылта отырып, бірнеше түрін әзірлейді. Мұнда да гидролиз құбылысын болдырмау мақсатымен, әрбір ерітінділердегі рН мәні 10-11 шамасында болғаны жөн.
Беттік керілуді бірінші жұмыста мазмұндалған әдістердің бірімен өлшейді. Алынған мәліметтер бойыншаσ=f(lnCБАЗ) тәуелділіктегі сызбаны тұрғызып, қисықтағы сыну арқылы МТШТ табады. Мұны оқытушы нұсқауына орай фотометриялық, рефрактометриялық әдістермен де анықтауға болады.