Бақылау сұрақтары мен жаттығулар. 1. 500,0 мл ерітіндіде 2,6580 г Na2СO3 бар
1. 500,0 мл ерітіндіде 2,6580 г Na2СO3 бар. Осы ерітіндіні а) СО2 – ге дейін; б) NaНСO3-ке дейін бейтараптағандағы , мәндерін есептеңдер.
2. 1,0 л 0,100 М НCl ерітіндісін дайындау үшін г/мл сәйкес тұз қышқылының қандай көлемін алу керек?
3. 0,4217 г бураны титрлеуге 17,50 мл НCl жұмсалды. Осы қышқылдың эквивалентінің молярлы концентрациясын және титрін есептеңдер.
4. Күкірт қышқылы эквивалентінің молярлы концентрациясын анықтау үшін оның 10,00 мл – не ВаCl2-нің артық мөлшері қосылған. Тұнбаны сүзіп, қыздырып өлшегеннен кейін оның массасы 0,2762 г болды. Осы қышқылдың С(fэ) және Т мәндерін анықтаңдар.
5. 0,6000 г Н2С2О4·2Н2О 100,0 мл өлшем колбасында ерітілді. Осы ерітіндінің С(fэ) мәнін және Н2С2О4 арқылы титрін табыңдар.
6. Құрамында 92,00 % NaOH және 8,00 % қоспасы бар 0,5341 г сілті 100,0 мл өлшем колбасында ерітілді. Егер осы ерітіндінің 15,00 мл титрлеуге 19,50 мл тұз қышқылы кетсе, осы қышқылдың С(fэ) және ТНCl/NaOH мәндері неге сәйкес?
7. 15,00 мл КОН ерітіндісін титрлеуге 18,70мл НСІ кеткен (ТНСІ=0,002864 г/мл). КОН ерітіндісі эквивалентінің молярлы концентрациясы неге тең?
8. Егер ерітіндінің 20,00 мл аликвотын титрлеуге 14,70 мл НСІ (ТНСІ=0,003800 г/мл) жұмсалуы қажет болса, құрамында 1,5320 г NaOH бар ерітіндіні қандай көлемге дейін сұйылту керек?
9. 20,00 мл азот қышқылын титрлеуге 21,12 мл 0,112 М NaOH жұмсалады. Ерітіндінің 1,0 л –де неше грамм N2O5 бар?
10. Қымыздық қышқылының 0,1372 г еріген ерітіндіні титрлеуге 22,10 мл 0,0980 М NaOH кетті. Алғашқы қышқылдың құрамында кристалдық судың неше молекуласы бар?
11. Титрлеуге 20,00 мл 0,100 М NaOH жұмсалуы үшін ерітіндідегі Н2С2О4 · 2Н2О массасы неге сәйкес болуы керек?
12. Метилоранж индикаторы қатысында титрлеуге 20,00 мл 0,100 М НСІ ерітіндісі жұмсалу үшін құрамыда 90,0 % Na2CO3 бар заттың қандай массасын алу керек?
13. 0,0997 г NaOH еріген ерітіндіні титрлеуге 22,00 мл НСІ ерітіндісі жұмсалды. Осы ерітіндінің Na2O арқылы титрін табыңдар.
14. Фосфор қышқылыың 2,6040 г ерітіндісі (р=1,68 г/мл) 250,0 мл өлшем колбасында сумен сұйытылды. Алынған ерітіндінің 20,00 мл метилоранж қатысында титрлеуге 18,00 мл NaOH кетті. NaOH ерітіндісі эквивалентінің молярлы концентрациясын анықтаңдар.
15. Фенолфталеин қатысында титрлеуге 20,00 мл 0,100 М KOH жұмсалуы үшін KH2PO4 тұзының қандай массасын алу керек?
16. 0,1182 г фосфор қышқылының судағы ерітіндісін фенолфталеин қатысында титрлеуге 22,18 мл 0,100 М NaOH жұмсалды. Фосфор қышқылының P2O5-ке есептегендегі массалық үлесін(%) табыңдар.
17. 3,1580 г техникалық КОН еріген ерітіндіні титрлеуге 27,45 мл НСІ (ТНСІ/NaOH=0,07862 г/мл) жұмсалды. Үлгідегі КОН-тың массалық үлесін (%) есептеңдер.
18. Егер 1,2000 г олеумді метилоранж қатысында титрлеуге 49,25 мл 0,520 М NaOH жұмсалса, бос SO3 –тің олеумдегі массалық үлесі (%) қанша болғаны?
19. Колчеданның 1,4000 г нақты мөлшерін күйдіргенде бөлінген газ Н2О2 ерітіндісімен сіңірілді. Пайда болған күкірт қышқылын титрлеуге 24,86 мл 0,150 М NaOH жұмсалды. Күкіртің колчедандағы массалық үлесін(%) есептеңдер.
20. Белгісіз заттың 2,0000 г өлшендісі 100,0 мл өлшем колбасында ерітілді. Осы ерітіндінің 25,00 мл титрлеуге 20,00 мл 0,445 М HCI жұмсалды. Анализденген заттың құрамында NaOH әлде КОН бар ма?
21. Құрамында Na2CO3, NaHCO3, NaCI бар 0,4478 г қоспа ерітіндісін фенолфталеин қатысында титрлегенде 18,80 мл 0,199 М HCI ерітіндісі жұмсалды. Тағы да 0,4478 г осы қоспа еріген ерітіндіні метилоранж қатысында титрлеуге 40,00 мл НСІ кетті. Қоспадағы Na2CO3 және NaHCO3-тің массалық үлесін есептеңдер.
22. 5,00 мл тұз және фосфор қышқылдарының қоспасы 200,0 мл-ге дейін сұйытылған. Алынған ерітіндінің 20,00 мл метилоранж қатысында титрлеуге 18,20 мл 0,101 М NaOH кетті. Осындай 20,00 мл ерітіндіні фенолфталеин қатысында титрлеуге 37,40 мл NaOH ерітіндісі жұмсалды. 100,0 мл қоспадағы НСІ мен Н3РО4-тің массасын анықтаңдар.
23. NO3- -ионын тотықсыздандырғанда бөлінген аммиакты титрлеуге 40,00 мл 0,100 М NaOH жұмсалуы үшін алғашқы NaNO3 массасы қандай болу керек?
24. 1,0000 г аммоний тұзы концентрлі NaOH ерітіндісімен өңделді. Бөлінген аммиак 50,00 мл 1,072 М HCI ерітіндісінен өткізіліп, артық қалған қышқылды титрлеуге 24,50 мл NaOH (ТNaOH=0,004120 г/мл) ерітіндісі жұмсалды. Үлгідегі NH3 –тің массалық үлесін (%) табыңдар.
25. Қышқылдың артық мөлшерін метилоранж қатысында титрлеуге 19,50 мл NaOH (TNaOH/CaO=0,002910 г/мл) ерітіндісін жұмсау үшін мссасы 0,1234 г таза –СаСО3 -ті тұз қышқылының (ТHCI=0,003638 г/мл) қандай көлемінде еріту керек?
26. 0,015 М НСІ мен 0,005 М NaOH ерітінділерінің рН неге тең?
27. 0,003 М сірке қышқыл ерітіндісінің рН 3,61-ге тең. Осы қышқылдың протонизациялану константасы қандай?
28. 0,010 М құмырсқа қышқылының (КНСООН =1,8·10-4) рН неге тең?
29. 0,01 М аммиактың судағы ерітіндісінің(К=1,76·10-5) рН неге тең?
30. 0,010 М CH3COOH және 0,100 М CH3COONa ерітінділері қоспасының рН неге тең?
31. 0,200 М NH3 · H2O және 0,020 М NH4CI ерітінділері қоспасының рН неге тең?
32. 0,010 М NH4CI ерітіндісінің қышқылдық константасы мен рН неге тең?
33. 20,0 мл 0,100 М НСІ ерітіндісіне 30,00 мл 0,100 М NaOH құйылды, алынған ерітіндінің рН-ы неге тең?
34. 25,00мл 0,200 М СН3СООН ерітіндісіне: 1) 24,00мл: 2) 25,10 мл 0,200 М NaOH құйылды. Алынған ерітінділердің рН неге тең?
35. 0,2000 М КОН ерітіндісін 0,0200 М HNO3 ерітіндісінен титрлеу қисығын қорытып шығарыңдар және эквивалентті нүктені анықтауға сәйкес индикаторларды таңдап алыңдар.
36. 0,100 М құмырсқа қышқылын 0,100 М КОН ерітіндісімен титрлеу қисығын қорытып шығарыңдар және титрлеуге сәйкес индикаторды таңдап алыңдар.
37. 0,500 М NH3·H2O ерітіндісін 0,500 М HCI ерітіндісімен титрлеу қисығын қорытып шығарыңдар және титрлеуге сәйкес индикатор таңдап алыңдар.
38. Келтірілген титрлеулердің қайсысының эквивалентті нүктедегі рН=7, рН>7, рН<7 сәйкес ?: 1) HNO3+NaOH ; 2) HCOOH+NaOH; 3) NH3+HCI; 4) KOH+HCI; 5) CH3CH2COOH+KOH; 6) Na2CO3+HCI.
39. Фосфор қышқылын NaOH ерітіндісімен а) метилоранж, б) фенолфталеин қатысында титрлегенде пайда болатын буферлі қоспалардың құрамын көрсетіңіздер.
40. 1) K2CO3 және KHCO3 ; 2) NaOH және Na2CO3; 3) H3PO4 және Ca(H2PO4)2; 4) H3PO4 және HCI бірге жүргенде олардың мөлшерін қалай анықтауға болады? Есептеу теңдіктерін келтіріңдер.
41. Үш негізді қышқылдың Н3А протолиздену константалары K1= 1·10-2; K2=1·10-6; K3=1·10-12. Осы қышқылды NaOH ерітіндісімен титрлегендегі бірінші және екінші эквивалентті нүктелерге сәйкес рН-ты есептеп шығарыңдар, қандай индикаторлар пайдаланасыздар? Қышқылды үшінші эквивалентті нүктесіне дейін титрлеуге бола ма? Үшінші э.н. сәйкес ( =0,10 M) pH мәні неге тең?
42. Титрлеудің индикаторлық қатесі деген не? Титрлеудің индикаторлық қателерінің түрлерін келтіріңіздер.
43. 0,100 М НСІ ерітіндісін 0,100 М NaOH ерітіндісімен 1) метилоранж (рТ= 4); 2) метилді қызыл(рТ= 5,5); 3) фенолфталеин (рТ = 9) қатысында титрлегенде индикаторлық қателер неге тең?
44. 0,010 М тұз қышқылын 0,010 М NaOH ерітіндісімен метилоранж қатысында титрлеуге бола ма?
45. 0,100 М сірке қышқылын 0,100 М NaOH ерітіндісімен 1) метилоранж, 2) фенолфталеин қатысында титрлеудің индикаторлық қателерін есептеңдер.
46. 0,100 М аммиактың ерітіндісін 0,100 М тұз қышқылымен 1) фенолфталеин; 2) метилоранж қатысында титрлеудің индикаторлық қателерін есептеңдер.
47. 0,100 М NaOH ерітіндісін құмырсқа қышқылымен бейтарап қызыл индикаторы (рТ =7) қатысында титрлеудің индикаторлық қатесін есептеңдер.
Тест тапсырмалары
1. Төменде келтірілген титрлеулер қатарының қайсысының эквиваленттік нүктесі рН=7 мәніне сәйкес келеді?
1) HNO3 + NaOH, CH3COOH + NaOH, HCl + NH3;
2) Na2CO3 + HCl, KCN + HCl, Na2B4O7 + HCl;
3) HNO3 + NaOH, HCl + KOH, HClO4 + NaOH;
4) CH3COOH + KOH, HCOOH + NaOH, H2CO3 + KOH;
5) NH3 + HCl, NH3 + HNO3, KOH + HCl.
2. Төменде келтірілген титрлеулер қатарының қайсысының эквиваленттік нүктесі рН<7 мәндер аймағында жатады?
1) HNO3 + NaOH, CH3COOH + NaOH, HCl + NH3;
2) NH3 + HCl, Na2B4O7 + HCl; NaHCO3 + HCl;
3) CH3COOH + KOH, HCl + KOH, NH3 + HNO3;
4) HNO3 + KOH, HCl + KOH, HCOOH + NaOH;
5) KOH + HNO3, HClO4 + NH3, CH3COOH + KOH.
3. Төменде келтірілген титрлеулер қатарының қайсысының эквиваленттік нүктесі рН>7 мәндер аймағында жатады?
1) NH3 + HCl, KOH + HCl, CH3COOH + NaOH;
2) KCN + HCl, Na2B4O7 + HCl; HCOOH + NaOH;
3) CH3COOH + NaOH, HCOOH + NaOH, H2CO3 + KOH;
4) KOH + HCl, CH3COOH + KOH, Na2CO3 + HCl;
5) NH3 + HCl, HNO3 + NaOH, CH3COOH + NaOH.
4. Қышқыл-негіздік титрлеу әдісінде титрлеу қисығы деп нені айтады?
1) рН мәнінің құйылған титрант көлеміне тәуелділігін көрсететін қисық;
2) СН+ мәнінің Ститрант мәніне тәуелділігін көрсететін қисық;
3) Сқышқыл мәнінің Снегіз мәніне тәуелділігін көрсететін қисық;
4) Сқышқыл мәнінің негіздің көлеміне тәуелділігін көрсететін қисық;
5) рН мәнінің Ститрант мәніне тәуелділігін көрсететін қисық.
5. Индикатордың диссоциациялану константасы мен оның түсі ауысу аралығында қандай байланыс бар?
1) ∆рН = К 1;
2) ∆рН = рК 1;
3) ;
4) ;
5) .
6. KOH-тың титрленген ерітіндісін оның дәл өлшендісінен дайындауға бола ма?
1) болады;
2) болмайды, себебі, КОН-ты қоспалардан тазарту мүмкін емес;
3) болмайды, себебі КОН өте гигроскопты және ол ауадағы көмірқышқыл газымен байланысады;
4) болады, КОН-ты жабық бюксте өлшеу арқылы;
5) болады, қайта кристалданған КОН-ты қолдану арқылы.
7. Қышқыл-негіздік титрлеуде индикаторды қалай дұрыс таңдап алу керек?
1) индикатордың түсі ауысу аралығының жоғарғы немесе төменгі шектері титрлеу қисығының күрт өзгеруі ішінде жатуы керек;
2) индикатордың түсі ауысу аралығы титрлеу қисығының күрт өзгеруі шамасына тең болуы керек;
3) индикатордың түсі ауысу аралығы титрлеу қисығының күрт өзгеруіне байланысты емес;
4) индикатордың түсі ауысу аралығының төменгі шегі титрлеу қисығының күрт өзгеруі ішінде жатуы керек;
5) барлық жауаптар дұрыс.
8. Қайсы жауап күшті қышқылды күшті негізбен титрлеуді дұрыс сипаттайды?
1) эквивалентті нүктеге дейін рН келесі формула бойынша есептелінеді:
2) pH = -lgCышыл ;
3) титрлеу кезінде рН төмендейді және эквивалентті нүктеде минимальды мәнге ие болады;
4) титрлеу барысында рН түзу сызықты түрде өзгереді және эквивалентті нүктеде 9-ға тең болады;
5) титрлеу барысында рН түзу сызықты түрде артады;
6) титрлеу барысында рН өзгермейді.
9. Қайсы жауап әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлеуді дұрыс сипаттайды?
1) эквивалентті нүктеде рН=7;
2) эквивалентті нүктеге дейін рН мына формула рН= -lgCқыш. бойынша есептелінеді;
3) эквивалентті нүктеге дейін рН мына формула бойынша есептелінеді: ;
4) титрлеу барысында рН түзу сызықты түрде өседі;
5) барлық жауаптар дұрыс.
10. Күшті негізбен бейтараптауда қайсы қышқылдың титрлеу қисығында рН-тың күрт өзгеруі ең үлкен шамаға ие болады?
1) CH3COOH (K=10-5); 2) H3BO3 (K=6.0-10); 3) HCOOH (K=10-4);
4) HCN (K=7.10-10); 5) HF (K=6,8.10-4).
11. 50 мл 0,1н. NH3 ерітіндісіне 25 мл 0,1н. НСІ ерітіндісі қосылған. Алынған ерітіндінің рН-ын қайсы теңдеумен есептеу қажет?
1) ; 2) ;
3) ; 4) ;
5) pH = -lgCHCl.
12. 50,0 мл 0,1н. сірке қышқылы ерітіндісіне 25,0 мл 0,1н. күйдіргіш натрий ерітіндісі қосылған. Алынған ерітіндінің рН-ын қайсы теңдеумен есептеуге болады?
1) ; 2) ; 3) pH = 7+ pK;
4) pH = -lgCқыш.; 5) pH = -lgCтұз.
13. 0,1н. Na2CO3 ерітіндісін 0,1н. НСІ ерітіндісімен 1-сатысы бойынша титрлегенде эквивалентті нүктедегі рН мәнін қайсы теңдеу бойынша есептеуге болады?
1) 2) pH = 7+ pK2 + lgCтұз;
3) pH = -7- lgK2.Cтұз; 4) pH = 7+ pK2 + lgCтұз;
5) pH = 7- (lgK2 -lgCтұз).
14. Егер химиялық таза екі негізді янтарь қышқылының 0,1180 г өлшендісі еріген ерітіндіні титрлеуге 10,00 мл KOH ерітіндісі жұмсалса, оның (КОН) эквивалентінің молярлы концентрациясы (нормальдығы) қандай болғаны? (MH6C4O4= 118 г/моль).
1) 0,01; 2) 0,10; 3) 0,02; 4) 0,20; 5) 0,05.
15.Қандай жағдайда эквивалентті нүктедегі рН шамасы 7-ден кіші болады?
1) күшті қышқылды күшті негізбен титрлегенде;
2) әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлегенде;
3) әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлегенде;
4) күшті негізді күшті қышқылмен титрлегенде;
5) дұрыс жауабы жоқ.
16. Метилді-қызғылт индикаторы қатысында Na2CO3 және NaOH қоспасы HCl ерітіндісімен титрленген. Бұндай жағдайда қоспа қалай титрленеді?
1) NaOH + Na2CO3 жартысы;
2) NaOH;
3) NaOH + Na2CO3;
4) Na2CO3;
5) Na2CO3 жартысы.
17. Әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлеу қисығының эквивалентті нүктеден кейінгі өзгерісі қандай факторға тәуелді?
1) қышқылдың концентрациясына;
2) негіздің концентрациясына;
3) қышқылдың табиғатына;
4) қышқылдың күшіне;
5) дұрыс жауап келтірілмеген.
18. Индикатордың екі түрінің концентрацияларының қандай қатынасында оның қышқылдық түрінің түсін байқауға болады?
1) ; 2) ; 3) ;
4) ; 5) .
19. Индикатордың екі түрі концентрацияларының қандай қатынасында оның негіздік түрінің түсін байқауға болады?
1) ; 2) ; 3) ;
4) ; 5) .
20. Әлсіз негізді (Kb=10-4) күшті қышқылмен рТ=5 индикатор қатысында титрлегенде титрлеу қателігі немен анықталады?
1) индикатордың рТ шамасының бейтараптау нүктесіне сәйкес келмеуімен;
2) индикатордың рТ мәнінің «тұзды эффект» нәтижесінде өзгеруімен;
3) индикатордың рТ мәнінің эквивалентті нүктедегі рН мәніне сәйкес келмеуімен;
4) индикатордың түсі ауысу аралығы мен титрлеу қисығының күрт өзгеру шамасының сәйкес келмеуімен;
5) дұрыс жауап келтірілмеген.
ТАРАУ