Бақылау сұрақтары мен жаттығулар

1. Комплексонометриялық титрлеуде пайдаланылатын реакцияларға қандай шарттар қойылады?

2. Қандай лигандтар монодентатты және полидентатты деп аталады? Моно-, полидентатты лигандтарды пайдаланып титрлеуге мысал келтіріңдер.

3. Бейорганикалық реагенттердің комплексометиялық титрлеуде шектеулі пайдалануының себебі неде?

4. Қандай органикалық қосылыстар комплексондар деп аталады? Металл иондары мен комплексондар әрекеттескенде қандай комплекстік қосылыстар түзіледі?

5. ЭДТА-ның қасиетің сипаттаңыз.

6. Екі, үш, төрт зарядталған металл иондарымен түзілетін комплексонаттардың құрылымдық формулаларын келтіріңіз.

7. Комплексонометриялық анализдегі көп зарядталған ионардың эквиваленттік факторлары неге тең?

8. Комплексонометриялық титрлеу қисығын құру координаты қандай? Эквивалентті бөлімнің биіктігіне қандай факторлар әсер етеді?

9. Металлхромды индикаторларды пайдалану негізін сипаттаңдар.

10. Са2+4-«СаУ2- реакциясына сәйкес тепе-тендік константасының теңдігін жазыңдар. Ерітіндінің рН-ы У4- концентрациясына қалай әсер етеді? Осы әсерді ескеріп шартты константаның теңдігін жазыңдар.

11. Ерітіндінің рН 6,0; 8,0; 10,0 тең болғандағы MnУ және SrУ комплексонаттарының шартты тұрақтылық константаларын қорытып шығарыңдар.

12. Al3+, Mg2+ иондарының шартты тұрақтылық константаларының (bI МУ) рН-қа тәуелділігін көрсететін график құрындар (рН өзгеру аралығы 1-2).

13. Cd2+ иондарының ЭДТА-мен түзетін комплексінің шартты тұрақтылық константасын NH3-тің жалпы концентрациясы 0,050М, ал рН 9,0 және 11,0 тең болғанда қорытып шығарыңдар.

14. Шартты тұрақтылық константасын пайдаланып 0,010M BaCl2 ерітіндісін 0,010M ЭДТА ерітіндісімен титрлеудің қолайлы рН-ын анықтаңдар.

15. Шартты тұрақтылық константасын пайдаланып 0,020М ZnCl2 ерітіндісін рН 9,0 болғанда 0,020М ЭДТА ерітіндісімен титрлеуге қолайлы NH3 концентрациясын есептеңдер

16. СdУ комплексінің 0,100М KCN қатысындағы шартты тұрақтылық константасын есептеңдер. Ерітінді рН=1,0.

17. 50,00 мл 0,010М SrCl2 ерітіндісін 0,010М ЭДТА ерітіндісімен титрлеу қисығын қорытып шығарыңдар. Ерітінді рН=11,0.

18. Төмендегі ерітінділердің қоспасындағы рМ мәнін анықтаңдар (рН 9): а) 50,00 мл 0,050 М MgCl2 + 40,00мл 0,050М ЭДТА; б) 25,00 мл 0,050 М ZnSO4 + 25,00 мл 0,050М ЭДТА; в) 20,00 мл 0,100М FeCl3 + 25,00 мл 0,100 М ЭДТА; г) 25,00 мл 0,100 М Pb(NO3)2 + 12,50 мл 0,200 М ЭДТА.

19. 25,00 мл 0,040 М Co(NO3)2 ерітіндісін 0,040 М ЭДТА ерітіндісімен титрлеу қисығын қорытып шығарыңдар. Ерітіндінің рН 9 тең етіп сақтауға аммиакты буфер пайдаланылған, NH3 концентрациясы 0,010М.

20. Mg2+ қатысында Zn2+ иондарын ЭДТА-мен қандай рН-та титрлеу қажет?

21. Сu2+, Pb2+ иондарын KCN қатысында, ал Ni2+, Fe3+ иондарын КҒ қатысында жеке титрлеудің негізі неде?

22. Т(ЭДТА/СаО) = 1,080000 мг/мл тең. Осы ерітіндінің а) эквивалентінің молярлы концентрациясын; б) Т(ЭДТА/MgO) ; в) Т(ЭДТА/Fe2O3) мәндерін есептеңдер.

23. 3,0 г ЭДТА 1 литрдей суда ерітілген. Оның 50,00 мл титрлеуге 0,004 M Mg2+ ерітіндісінің 32,20 мл жұмсалды. Осы ерітіндінің эквивалентінің молярлы концентрациясын есептеңдер.

24. 50,00 мл құрамында Fe(II) және Fe(III) иондары бар ерітіндіні титрлеуге рН 2,0-де 13,70 мл, рН 6,0-да 29,60 мл 0,012 М ЭДТА жұмсалды. Темірдің әр ионының мөлшері неге тең?

25. 10,00 мл 0,100 М ЭДТА-мен әрекеттесуге құрамында 7,00 % бейтарап қоспасы бар Co(NO3)2 × 6Н2О-нің қанша грамы қажет?

26. 10,00 мл ерітінді дайындауға қажет металл түріндегі мырыштың массасын есептеңіз. Осы ерітіндінің 15,00 мл титрлеуге 20,00 мл 0,200 М ЭДТА жұмсалуы керек.

27. 250,0 мл ерітіндідегі сынаптың массасын анықтау үшін осы ерітіндінің 50,00 мл-не 0,010 М ЭДТА қосылды, артық қалған ЭДТА-ны титрлеуге 10,50 мл 0,010 М MgSO4 жұмсалды. Сынаптың массасын табыңдар.

28. 20,00 мл висмуттың ерітіндісін титрлеуге 17,25 мл 0,070 М ЭДТА жұмсалды. Bi(NO3)3 ерітіндісінің концентрациясын (г/л) табыңдар.

29. Магний хлоридінің стандартты ерітіндісі 250,0 мл өлшем қолбасында 0,1065 г таза магний тотығын тұз қышқылында еріту арқылы дайындалды. Осы ерітіндінің 20,00 мл титрлеуге 19,70 мл ЭДТА жұмсалды. ЭДТА-ның концентрациясын (моль/л) есептеңдер.

30. 2,8850 г қорғасын құймасы 250,0 мл өлшем қолбасында ерітілді. Осы ерітіндінің 25,00 мл титрлеуге 12,30 мл 0,100 М ЭДТА жұмсалды. Құймадағы қорғасының массалық үлесін (%) табыңдар.

31. 0,7634 г Hg(NO3)2× nН2О тұзының 250,0 мл ерітіндісі дайындалды. Осы ерітіндінің 25,00 мл-не 50,00 мл 0,010 М ЭДТА құйылды. Артық қалған ЭДТА-ны титрлеуге 23,83 мл 0,012 М ZnSO4 жұмсалды. Үлгідегі Hg(NO3)2 массалық үлесі қандай?

32. 1,000 г құрамында СаСО3 мен MgСО3 бар үлгіден 100,00 мл ерітінді дайындалды. Осы ерітіндінің 20,00 мл рН 9,0 титрлеуге 19,25 мл, ал екінші 20,00 мл ерітіндіні рН 13 титрлеуге 6,25 мл 0,500 М ЭДТА жұмсалды. Осы қоспадағы СаСО3 мен MgСО3 массалық үлесін (%) есептеңдер.

Тест тапсырмалары

1. Комплексон ІІІ дегеніміз бұл:

1) этилендиаминтетра сірке қышқылы;

2) этилендиаминтетра сірке қышқылының натрийлі тұзы;

3) этилендиаминтетра сірке қышқылының кальцийлі тұзы;

4) нитрилүшсірке қышқылы;

5) нитрилүшсірке қышқылының натрийлі тұзы.

2. Комплексонометриялық титрлеу неге негізделген?

1) кейбір метал катиондарының комплексондармен тұрақты аз диссоциацияланатын, суда жақсы еритін комплексті тұздар түзу реакциясына;

2) метал иондарының суда ерігіш комплекстүзгіштермен реакциясына;

3) метал иондарының комплексондармен тұрақтылығы нашар комплексті қосылыстар түзу реакциясына;

4) метал иондарының комплексондармен тұрақтылығы нашар және нашар еритін комплексті қосылыстар түзу реакциясына;

5) метал катиондарының комплекстүзгіштермен тұрақсыз және суда ерімейтін комплексті тұздар түзу реакциясына.

3. ЭДТА көптеген метал иондарымен:

1) суда еритін, берік, ішкікомплексті тұздар түзеді;

2) суда ерімейтін ішкікомплексті тұздар түзеді;

3) суда ерімейтін және берік емес ішкікомплексті тұздар түзеді;

4) тұрақсыз ішкікомплексті тұздар түзеді;

5) тұрақты комплексті тұздар түзеді.

4. ЭДТА металл иондарымен құрамы белгілі тұрақты комплекстер түзеді, ондағы металл мен лигандтың бір-біріне стехиометриялық қатынасы:

1) (1 : 1); 2) (1 : 2); 3) (1 : 4); 4) (2 : 1); 5) (4 : 1).

5. Метал иондарын ЭДТА-мен комплексонометриялық титрлеуде рН қандай роль атқарады?

1) үлкен роль атқарады, өйткені метал иондары ЭДТА ерітіндісімен әрекеттескенде Н+ иондары ығыстырылып шығарылады;

2) ешқандай роль атқармайды, себебі ерітінді рН титрлеуге әсер етпейді;

3) ерітінді рН белгілі бір интервалда ғана әсер етеді;

4) ЭДТА-мен тек қышқыл ерітінділерде ғана титрлеуге болады;

5) ЭДТА-мен титрлеуді "металл-ЭДТА" комплексінің тұрақтылық константасы тәуелді рН мәніне сәйкес буферлі ерітінділерден жүргізеді.

6. Комплексонаттарда рН-мәнінің өсуіне қарай металдың комплекске байланысуы қандай сипатта болады?

1) күшейеді;

2) кемиді;

3) рН-мәні оған әсер етпейді;

4) дұрыс жауап келтірілмеген;

5) комплекс бұзылады.

7. Комплексонометриялық титрлеу қисығының секірмелі ауытқу ауданы комплексті қосылыстың тұрақтылық константасының мәніне қалай байланысты?

1) комплекстің тұрақтылық константасының мәні кеміген сайын, секірмелі ауытқу ауданы да кіші болады;

2) комплекстің тұрақтылық константасының мәні кеміген сайын, секірмелі ауытқу ауданы үлкен болады;

3) секірмелі ауытқу ауданы комплекстің тұрақтылық константасының мәніне тәуелді емес;

4) секірмелі ауытқу ауданы комплекстің тұрақтылық константасының мәніне байланысты аз ғана өзгереді;

5) секірмелі ауытқу ауданы комплекстің тұрақтылық константасының мәніне белгілі бір жағдайларда ғана тәуелді болады.

8. Комплексонометриялық анализде титрленетін көпзарядты катиондардың эквиваленттік факторлары неге тең?

1) 1; 2) 1/2; 3) 1/4; 4) 1/3; 5) 2.

9. Ca2++Y4-↔CaY2- реакциясы бойынша түзілетін комплекстің тұрақтылық константасының теңдеуін көрсетіңіз:

1) Бақылау сұрақтары мен жаттығулар - student2.ru ; 2) Бақылау сұрақтары мен жаттығулар - student2.ru ; 3) Бақылау сұрақтары мен жаттығулар - student2.ru ;

4) Бақылау сұрақтары мен жаттығулар - student2.ru ; 5) Бақылау сұрақтары мен жаттығулар - student2.ru .

10. Me3+ ионы комплексонатының формуласын көрсетіңіз:

1) [MeY]; 2) [MeY]- ; 3) [Me2Y]2+ ; 4) [MeY2]- ; ) [Me3Y2]+ .

11. Комплексонометрияда қолданылатын реакцияларға қойылатын негізгі талаптар қандай? Толық жауапты көрсетіңіз.

1) реакция сандық жағынан толық, үлкен жылдамдықпен және бөгде реакциялардың қатысуынсыз жүруі керек;

2) реакция үлкен жылдамдықпен, бөгде реакциялардың қатысуынсыз жүруі керек және реакцияның аяқталғанын анықтау мүмкіншілігі болуы керек;

3) реакция сандық жағынан толық, баяу жүруі керек және реакцияның аяқталғанын анықтау мүмкіншілігі болуы керек;

4) реакция үлкен жылдамдықпен, сандық жағынан толық, бөгде реакциялардың қатысуынсыз жүруі керек және реакцияның аяқталғанын анықтау мүмкіндігі болуы керек;

5) реакция баяу, сандық жағынан толық, бөгде реакциялардың қатысуынсыз жүруі керек және реакцияның аяқталғанын анықтау мүмкіншілігі болуы керек.

12. Комплексонның металл иондарымен әрекеттесуінің қандай ерекшелігі оның аналитикалық химияда кең қолданылуына түрткі болды?

1) комплексондардың полидентанттылығы;

2) металл комплексонаттарының жоғары тұрақтылығы және қарапайым стехиометриясы (Ме:Ү = 1:1);

3) металл комплексонаттарының әртүрлі жылдамдықпен түзілуі;

4) комплексонаттардың әртүрлі және ерекше боялуы;

5) реагенттердің оңай табылу мүмкіндігі.

13. Комплексонометриялық титрлеу қисығы қандай координаттарда салынады?

1) рМе – рН; 2) рМе – VЭДТА, мл; 3) lg β – рН;

4) lg β – VЭДТА, мл; 5) lg β – pMe

14. Төменде келтірілген формулалардың қайсысы металды ЭДТА ерітіндісімен титрлеуде оның эквивалентті нүктеден кейінгі тепе-теңдік концентрациясын есептеуде қолданылады?

1) Бақылау сұрақтары мен жаттығулар - student2.ru ; 2) Бақылау сұрақтары мен жаттығулар - student2.ru ; 3) Бақылау сұрақтары мен жаттығулар - student2.ru ;

4) Бақылау сұрақтары мен жаттығулар - student2.ru ; 5) [Me] = -lgCMe.

15. Комплексонометриялық титрлеудің эквиваленттік нүктесінде металдың тепе-теңдік концентрациясы βМеУ шамасына байланысты қалай өзгереді?

1) βМеУ шамасы артқан сайын өседі;

2) βМеУ шамасы артқан сайын кемиді;

3) βМеУ шамасына тәуелді емес;

4) βМеУ шамасы төмендеген сайын кемиді;

5) дұрыс жауап келтірілмеген.

16. "Хелаттар" дегеніміз не?

1) донорлы-акцепторлы байланысы бар метал-лиганд комплекстері;

2) орталық атомы циклды құрылымға кіретін комплекстер;

3) түзілгенде Н3О+ иондары бөлініп шығатын комплекстер;

4) органикалық реагенттермен түзілетін қосылыстар;

5) дұрыс жауабы жоқ.

17. Ca2+, Al3+ жқне Cr3+ иондарының ЭДТА-мен түзетін комплекстерінің стехиометриясы қандай?

1) Ca – 1:2, Al – 1:3, Cr – 1:3; 2) Ca – 1:2, Al – 1:1, Cr – 1:3;

3) Ca – 1:1, Al – 1:1, Cr – 1:1; 4) Ca – 1:1, Al – 1:3, Cr – 1:2;

5) Ca – 1:6; Al – 1:6; Cr – 1:6.

18. Төменде көрсетілген формулалардың қайсысы металды ЭДТА ерітіндісімен титрлеуде оның эквивалентті нүктедегі тепе-теңдік концентрациясын есептеу үшін қолданылады?

1) Бақылау сұрақтары мен жаттығулар - student2.ru ; 2) Бақылау сұрақтары мен жаттығулар - student2.ru ; 3) [Me] = -lgCMe;

4) Бақылау сұрақтары мен жаттығулар - student2.ru ; 5) Бақылау сұрақтары мен жаттығулар - student2.ru .

19. Төменде келтірілген факторлардың қайсысы комплексонометриялық титрлеу қисығының күрт өзгеретін (эквивалентті) бөлігіне әсер етеді?

1) металл комплексонатының тұрақтылық константасы;

2) металл катионыныœ бастапқы концентрациясы;

3) рН және ЭДТА-мен реакцияға түсе алатын басқа металдардың болуы;

4) температура және титрленетін металл ионы үшін лиганд бола алатын бөгде заттардың болуы;

5) барлық көрсетілген факторлар.

20. Металдарды комплексонометриялық титрлеуде индикатор ретінде қандай заттар пайдаланылады?

1) lgβMeІnd > lgβMeY болатын және металл ионымен боялған комплексті қосылыстар түзетін индикаторлар;

2) бояуы ерітіндінің рН-на байланысты өзгеретін индикаторлар;

3) lgβMeІnd < lgβMeY болатын, металл ионымен боялған комплексті қосылыстар түзетін және қышқылды-негіздік қасиет көрсететін индикаторлар;

4) металл ионымен боялған комплексті қосылыстар түзетін барлы индикаторлар;

5) дұрыс жауап келтірілмеген.

Тарау

Наши рекомендации