Бақылау сұрақтары мен жаттығулар. 1. Тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы эквиваленттік фактор қалай анықталады?
1. Тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы эквиваленттік фактор қалай анықталады?
2. Тотығу-тотықсыздану титрлеуіндегі титрлеу қисығының секірмелі ауданы (эквивалентті бөлімі) қандай факторларға байланысты болады?
3. Перманганатометриялық титрлеу әдісі неге негізделген?
4. Перманганатометрия мен бихроматометрияның артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
5. Не себепті калий перманганатынан оның дәл массасы бойынша титрленген ерітіндісін дайындау мүмкін емес?
6. Екі валентті темірді калий бихроматымен титрлегенде ерітіндіге фосфор қышқылын қосудың себебі неде?
7. Иодометриялық титрлеуді қандай жағдайларда (температура, қышқылдық және т.б.) жүргізеді?
8. Ұзақ сақтау кезінде тиосульфат ерітіндісі титрінің өзгеруінің себебі неде?
9. Төмендегі реакцияларға қатысатын заттардың эквивалентті факторларын табыңдар:
1)
2)
3)
4)
5)
6)
7)
8)
10. Перманганатпен тотықтыру реакцияларының қышқыл және сілтілік не бейтарап ортада жүруінде қандай айырмашылық бар? Екі жағдайдағы KMO4-тің эквивалентті факторын табыңдар.
11. Тотығу-тотықсыздану титрлеу қисығының эквивалентті бөлімі алғашқы ерітінділердің концентрациясына, ерітіндінің pH-на, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың стандартты потенциалдарының айырымына қалай байланысты?
12. Келтірілген жағдайлардағы: 1) 0,100 М H2C2O4 0,02М KMnO4 (pH 0,0); 2) 0,100 М H2C2O4 0,020 М KBrO3 (pH 0,0) титрлеудің қайсысының эквивалентті бөлімі көп? Неге көп?
13. Fe2+ иондарын KMnO4 ерітіндісімен титрлегенде ерітіндіге , не иондарын қосса титрлеу қисығының эквивалентті бөлімі қалай өзгереді?
14. HNO2 ерітіндісін бірдей қышқылдықта 0,020 М KMnO4 не 0,020 М KClO3 –пен титрлегенде қай жағдайда титрлеудің эквивалентті бөлімі көп?
15. Cu2+/Cu+ және J2/2J- жұптарының тотығу-тотықсыздану стандартты потенциалдарына қайшы реакция неге солдан оңға қарай жүреді?
16. Тотығу-тотықсыздану әдістерінде эквивалентті нүктені қалай анықтайды? Нақтылы мысал келтіріндер.
17. Тотығу-тотықсыздану әдістерінде пайдаланылатын спецификалық индикаторлар мен тотығу-тотықсыздану индикаторларының айырмашылығы неде?
18. Тотығу-тотықсыздану индикаторларын қалай таңдап алады? Нақты мысал келтіріндер.
19. Системаның эквивалентті нүктесінің потенциалы 1,05 В. Эквивалентті нүктені анықтауға қандай индикатор сәйкес?
20. Қандай реакциялар автокатализді реакциялар деп аталады? Мысал келтіріңдер.
21. Неге қымыздық қышқылын перманганатпен титрлегенде оның алғашқы тамшысының бояуы өте баяу жойылады, ал KMnO4 – ті әрмен қарай қосқанда бояуы тез жойылады? KMnO4 – тің алғашқы тамшысы тез түссіздену үшін не жасау керек?
22. Қандай реакциялар индуцирленген деп аталады? Қатарласа тотығу реакциясын қалай түсіндіруге болады?
23. -ні перманганатпен тұзқышқылды ортада титрлегенде - иондарының тотығуын қалай түсіндіруге болады?
24. Титрлеуге пайдаланатын заттарды алдын-ала тотықсздандыру жолдары? Пайдаланатын тотықсыздандырғыштар қандай шарттарға жауап берулері керек?
25. Мына титрлеулердің титрлеу қисығын салып, индикаторын таңдап алыңыздар:
1) 0,100 М FeSO4 0,100 М Ce(SO4)2;
2) 0,100 М FeSO4 0,05 М NH4VO3 (pH 0,0);
3) 0,100 М FeSO4 0,020 М KBrO3 (pH 1,0);
4) 0,50 М FeSO4 0,010 М K2Cr2O7 (pH 1,0);
5) 0,050 М HNO2 0,020 М KClO3 (pH 0,0);
6) 0,030 М S8Cl3 0,050 М KBrO3 (pH 0,0);
7) 0,100 М K4[Fe(CN)6] 0,020 М KMnO4 (pH 1,0).
26. Төмендегі қоспалардың ерітінділеріндегі потенциалды есептеңдер, керекті жағдайда ерітіндінің pH 0,0 деп алыңдар:
1) 50,00 мл 0,100 М TiCl3+25,00 мл 0,200 М SnCl2;
2) 25,00 мл 0,050 N KNO2+20,00 мл 0,050 М KMnO4;
3) 20,00 мл 0,020 N J2+22,00 мл 0,020 М Na2S2O3;
4) 20,00 мл 0,020 N KJO3+20,00 мл 0,020 М SnCl2.
27. Бір молярлы H2C2O4 және KMnO4 ерітнділерінің эквивалентінің молярлы концентрациясын есептеңдер.
28. а) 500,0 мл 0,050 N; б) 500,0 мл г/мл перманганаттың ерітінділерін дайындауға сәйкес KMnO4 массасын табыңдар.
29. ерітіндісін алу үшін 500,0 мл ерітіндісіне 0,500 М ( 1/5) KMnO4 – тің қандай көлемін құю керек?
30. ерітіндісін алу үшін 500,0 мл 0,100 М ( 1/6) K2Cr2O7 ерітіндісін қандай көлемге дейін сұйылту керек?
31. а) 500,0 мл 0,020 М; б) 200,0 мл г/мл тиосульфаттың ерітіндісін дайындау үшін тұзының қандай массасын алу керек?
32. Күкірт қышқылды ортада 20,00 мл FeSO4 ерітіндісін титрлеуге 22,50 мл 0,100 М ( 1/6) K2Cr2O7 жұмсалды. Дәл 0,050 М темір сульфаты ерітіндісін дайындау үшін 200,0 мл FeSO4 ерітіндісіне қанша су құю керек?
33. Құрамында 1,09% марганці бар 0,2548 г. болатты ерітіп, марганецті – ке дейін тотықтырды. Пайда болған ионын титрлеуге 18,50 мл ерітіндісі жұмсалды. ерітіндісінің эквивалентінің молярлы концентрациясын және оның марганец арқылы титрін есептеңдер.
34. Сәйкестік өңдеуден кейін темір(II) – ні титрлеуге 20,00 мл 0,100 М KMnO4 ерітіндісін жұмсау үшін құрамында 60,0% Fe2O3 бар руданың қандай массасын алу керек?
35. Қышқыл ортадағы Kl ерітіндісіне 20,00 мл 0,110 N KMnO4 ерітіндісі құйылды, бөлініп шыққан иод 25,90 мл Na2S2O3 ерітіндісімен титрленді. Na2S2O3 ерітіндісінің эквивалентінің молярлы концентрациясын есептеңдер.
36. 0,5600 г техникалық натрий сульфитінен 200,0 мл ерітінді дайындалды. Осы ерітіндінің 20,00 мл титрлеуге 16,20 мл иод жұмсалды . Үлгідегі Na2SO3 – тің массалық үлесін (%) табыңдар.
37. 0,1000 г. темір оксиді ерітіліп, темір Fe2+ – ке дейін тотықсыздандырылды, оны титрлеуге 12,61 мл 0,099 М ( 1/6) K2Cr2O7 ерітіндісі жұмсалады. Анализдеген заттың құрамында темірдің қай оксиді FeO, Fe2O3, Fe3O3 болғаны?
38. 0,1510 г. техникалық KClO3 еріген ерітіндіге 100,00 мл. 0,098 М (1/2) Na2C2O4 ерітіндісі құйылды, оның артық мөлшері 22,60 мл 0,114 М (1/5) KMnO4 – пен титрленді. Үлгідегі KClO3 – тің массалық үлесін (%) есептеңдер.
39. Пиролюзиттің массасы 0,4000 г. үлгісі құрамында 0,6000 г. H2C2O4×2H2O бар күкірт қышқылымен өңделді, қымыздық қышқылының артық мөлшерін титрлеуге 23,26 мл 0,113 М ( 1/5) KMnO4 жұмсылды. Үлгідегі MnO2 – нің массалық үлесін (%) есептеңдер.
40. Құрамында 65,00% MnO2 бар үлгіні 50,00 мл 0,100 М ( 1/2) H2C2O4 ерітіндісіменәрекеттестіргеннен кейін артық қалған қымыздық қышқылын 25,00 мл KMnO4 ерітіндісімен титрлеу үшін үлгінің қанша массасы қажет? 1,00 мл KMnO4 1,05 мл H2C2O4 – пен әрекеттеседі.
41. Болаттың 1,2430 г. ерітілгеннен кейін хром – қа дейін тотықтырылды. Ерітіндіге 35,00 мл Мор тұзы құйылды, - тің артық мөлшері 16,12 мл KMnO4 ерітіндісімен титрленді. 20,00 мл Мор тұзы 42.10 мл KMnO4 –пен әрекеттеседі. Болаттағы хромның массалық үлесін (%) есептеңдер.
42. Құрамында мыс бар 0,6215 г. руда ерітілді (Сu2+). Осы ерітіндіге Kl қосылды, бөлініп шыққан иодты титрлеуге 18,23 мл натрий тиосульфаты жұмсалды . Рудадағы мыстың массалық үлесін есептеңдер.
43. Құрамында қорғасын бар ерітіндіден қорғасын PвCrO4 түрінде тұнбаға түсірілді. Тұнба сүзіліп, жуылып, қышқылда ерітілді және оған артық мөлшерде Kl қосылды. Бөлініп шыққан иодты титрлеуге 21,50 мл 0,101 M Na2S2O3 ерітіндісі жұмсалды. Алғашқы ерітіндіде неше грамм қорғасын болған?
44. Күкірт қышқыл ортасында (pH 0,0) V(III) ерітіндісін бихроматпен титрлеудің индикаторлық қатесін табыңдар: а) ферроин тұсінің ауысу аралығы ; б) дифениламин түсінің ауысу аралығы .
45. FeSO4 ерітіндісін 2M H2SO4 ортасында KMnO4 ерітіндісімен титрлеудің индикаторлық қатесін есептеңдер: а) ферроин түсінің ауысу аралығы б) дифениламин түсінің ауысу аралығы .
Тест тапсырмалары
1. Тотығу-тотықсыздану титрлеуінің эквивалентті нүктесінде жүйенің потенциалы төмендегі теңдікпен анықталады:
1) ; 2) ; 3) ;
4) ; 5) ;
2. Fe2+-иондарын перманганатометриялық әдіспен анықтауда Циммерман-Рейнгард қоспасы қолданылады. Оның құрамы қандай?
1) H2SO4; H3PO4.
2) H2SO4; H3PO4; MnSO4.
3) H3PO4; MnSO4.
4) H2SO4; MnSO4.
5) H2SO4; KMnO4; H3PO4.
3. Мыс (ІІ)-иондарын иодометриялық әдіспен анықтау қандай титрлеу тәсіліне жатады:
1) тура;
2) кері;
3) жанама;
4) орынбасу;
5) тұндыру.
4. Төмендегі қосылыстардың қайсысын KMnO4-ті стандарттауда бастапқы стандарт ретінде пайдалануға болмайды?
1) Na2C2O4;
2) H2C2O4.2H2O;
3) (NH4) 2C2O4.H2O;
4) K4[Fe(CN)6];
5)FeSO4.5H2O.
5. Төмендегі қосылыстардың қайсысын Na2S2O3 тұзын стандарттауда бастапқы стандарт ретінде пайдалануға болады?
1) CuSO4.5H2O;
2) KMnO4;
3) K2Cr2O7;
4) KNO3;
5) KNO2.
6. Темірді дифениламин индикаторын қолданып хроматометриялық анықтауда ерітіндіге фосфор қышқылын не үшін қосады?
1) үш валентті темір қосылыстарын түссіздендіру үшін;
2) үш валентті хром иондарын комплекске байланыстыру үшін;
3) хроматтың тотығу-тотықсыздану потенциалын жоғарылату үшін;
4) Fe(ІІІ)-Fe(ІІ) жүйесінің тотығу-тотықсыздану потенциалын төмендету үшін;
5) дұрыс жауабы жоқ.
7. Cl--ионының перманганатпен Fe(ІІ)-иондары қатысында тотығуы қосарланған (индуцирленген) реакцияға жатады. Берілген реакцияда қандай заттар актор, индуктор және акцептор рольдерін атқарады?
1) KMnO4 – индуктор, Fe (ІІ) – актор, Cl- – акцептор;
2) KMnO4 – акцептор, Fe – актор, Cl- – индуктор;
3) KMnO4 – актор, Fe – акцептор, Cl- – индуктор;
4) KMnO4 – акцептор, Fe (ІІ) – индуктор, Cl- – актор;
5) KMnO4 – актор, Fe (ІІ) – индуктор, Cl- – акцептор.
8. Тотығу-тотықсыздану индикаторы түсінің ауысу аралығы қайсы қатынаспен анықталады?
1) ; 2) ; 3) ;
4) ; 5) .
9. Fe(ІІ) ерітіндісі бихромат ерітіндісімен 90% титрленгенде жүйе потенциалын қайсы теңдеумен есептеуге болады?
1) ;
2) ;
3) ;
4) ;
5) .
10. Тотығу-тотықсыздану титрлеу қисығы қандай координаттарда салынады?
1) Е – С (С – титрант концентрациясы);
2) E – t (t – уақыт);
3) Е – Vтитрант;
4) Е0 – Vтотықтырғыш;
5) Е0 – Vтотықсыздандырғыш.
11. Қандай жағдайда тотығу-тотықсыздану титрлеу қисығы эквиваленттік нүктеге симметриялы болады?
1) n1 = n2 (n1, n2 – электрондар саны);
2) n1 > n2;
3) n1 < n2;
4) рН мәні потенциал шамасына әсер етпейтін болса;
5) тотығу-тотықсыздану титрлеу қисығы әрқашан да эквиваленттік нүктеге симметриялы.
12. Тотығу-тотықсыздану титрлеу қисығы ауытқу ауданының шамасы (биіктігі) немен анықталады?
1) тотығу-тотықсыздану жұптарының Е0 мәндері айырымымен;
2) тотығу-тотықсыздану жұптарының ЕТ мәндері айырымымен;
3) тотығу-тотықсыздану реакциясының жылдамдығымен;
4) жүйеде тепе-теңдік орнау жылдамдығымен;
5) дұрыс жауап келтірілмеген.
13. Егер де титрлеуде Red1 + Ox2 ↔ Red2 + Ox1 реакциясы орын алса, онда жүйенің эквивалентті нүктеге дейінгі потенциалын есептеуде қандай теңдеуді қолдану керек?
1) ; 2) ;
3) ; 4) ; 5) E = E0Ox E0Red.
14. Егер де титрлеуде Red1 + Ox2 ↔ Red2 + Ox1 реакциясы орын алса, онда жүйенің эквивалентті нүктеден кейінгі потенциалын есептеуде қандай теңдеуді қолдану керек?
1) ; 2) ;
3) ; 4) ; 5) E = E0Ox E0Red.
15. Индуктордың катализатордан айырмашылығы неде?
1) индуктор аралық қосылыстар түзілуге қатысады және бұл қатысу циклді сипатта болады;
2) индуктор бірінші (бастапқы) реакцияға қатысады және қайтадан бастапқы қалпына келмейді;
3) индуктор екінші реакцияға қатысады және қайтадан бастапқы қалпына келеді;
4) индуктор мен катализатор арасында айырмашылық жоқ;
5) дұрыс жауап келтірілмеген.
16. Темір(ІІ) ионын перманганатометрлік анықтауда Рейнгард-Циммерман қоспасы құрамындағы H2SO4 қандай роль атқарады?
1) қышқылдық орта жасайды;
2) Mn(ІІ)-ионын комплекске байланыстырады;
3) алғашқы реакцияны 5Fe2+ + MnO4- + 8H+ ↔ 5Fe3+ + Mn2+ + 4H2O жылдамдатады;
4) хлорид-иондарының тотығу жылдамдығын азайтады;
5) бөгде иондарды комплекске байланыстырады.
17. Бейтарап және әлсіз негізді орталарда жүретін реакциялар үшін калий перманганатының эквивалентті массасы қалай есептеледі?
1) ; 2) ; 3) ;
4) ; 5) .
18. Потенциалы шамасына сутек ионы концентрациясының өзгеруі әсер етпейтін тотығу-тотықсыздану жүйесін көрсетіңіз:
1) [Fe(CN)6]4- + MnO4- ↔ [Fe(CN)6]3- + Mn2+ + H2O;
2) BrO3- + HAsO2 ↔ Br- + 3H2AsO4;
3) Cr2O72- + 6І- ↔ 3І2 + 2Cr3+ + 7H2O;
4) 5H2O2 + 2MnO4- ↔ 5O2 + 2Mn2+ + 5H2O;
5) 2Fe3+ + 2І- ↔ 2Fe2+ + І2.
19. Fe(ІІ) ерітіндісі KMnO4 ерітіндісімен титрленгенде эквивалентті нүктедегі потенциалдың шамасы қай теңдеумен есептеледі?
1)
2)
3)
4)
5)
20. Перманганатометрлік әдіспен тура титрлеп анықтауға болатын қосылыстар қатарын белгілеңіз:
1) Fe3+, Sn2+, Cl-, Cu+, Cr2+.
2) Fe2+, Sn2+, S2-, J-, S2O32-.
3) Ce4+, Sn2+, S2-, Cl-, SO32-.
4) Ce3+, J-, NO3-, Cl-, SO32-.
5) Mo(VІ), NO3-, S2-, S2O32-, Sn2+.
Тарау